Главная / Технология / Дакумент по технология на тему "Ши тоқу технологиясы"

Дакумент по технология на тему "Ши тоқу технологиясы"

Сабақтың тақырыбы:Ши тоқу.

Сабақтың мақсаты :

1.Оқушыларды сәндік қолданбалы ұлттық өнерге баулу, ұлтымыздың мәдениетін қастерлеуге баулу және оқушыларды ұшқыр ой, әсемдік талғам, белсенді білікті, шеберлікке,ши тоқу өнерін үйрету.

2. Оқушыларды ұқыптылыққа, шеберлікке баули отырып, еңбекке деген қабілетін дамыту.

3. Еңбек іскерлігін, икемділігін дамыту, оқушының кәсіптік бейімділігін қалыптастыра отырып ұлттық дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.

Методикалық әдісі:түсіндіру, сұрақ- жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдпен жұмыс,суреттер, тоқылған шилер,шиден жасалған шығармашылық жұмыстар, сабаққа қажетті құрал жабдықтар.

Сабақтың пән аралық байланысы: тарих,бейнелеу өнері,әдебиет.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушыларды түгендеу

б) еңбек қауіпсіздік ережесін сақтау.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

а) Шиді қай мезгілде жинайды ?

ә) Шиді тұрмыста не үшін қолданады.?

III.Жаңа сабақ :Ши

Ши тоқу өнері халқымыздың қол өнерінің ішіндегі көрнекті өнерінің бірі шиді орап және тоқу.Бұл өте ерте заманнан келе жатқан өнер мұрасы.Ши тоқу өнерінің мәні өте зор болған. Себебі шиді күнделікті тұрмыс тіршілікте көп пайдаланған. Мысалы : әдемі об-өрнектермен оралып тоқылған шым шиді киіз үйдің керегесі мен туырлығының арасына ұстаған.

Бұл, біріншіден,сәндік көрініс берсе, екіншіден, суықта жылылық үшін, ыстық күндері киізді көтеріп қойса салқындық үшін керек болған.Осылай шым ши ақбоз үйдің сәнін келтіріп, салтанатын асырып тұрумен қатар, сырттан ит, мысық, жылан, тышқан секілді жан- жануарлардың бас сұғып ішке кіре алмауына, керегенің көгі киізді тоздырмауына да үлкен ықпал етеді.

Шидің сыртындағы жұмсақ үн дыбысты жұтады.Сондықтан үйдің ішіндегі адамдардың сөзін сыртқа естіртпейді.Ақ шиді орамай құр өзі тоқылатын болғандықтан еттің астына салуға, сырғауыл салынған үйдің төбесіне жабуға пайдаланды.аяқ -табақ, қазанның бетіне жабу үшін тоқылған шағын түрін шыпта дейді.

Өн бойы тұтас емес, әр жерінен аралатып оралған шиді ораулы ши дейді.Ораулы шиді қабырғаға әдемілеп ілуге және ыдыс- аяқ тұрған жерді бөліп қоршауға пайдаланады.

Шиді таңертең кешке немесе жаңбырдан кейінгі немесе шық кетпей тұрғанда немесе тұманды күндері трту керек (суыру ).F:\DCIM\100PHOTO\SAM_3208.JPG

F:\DCIM\100PHOTO\SAM_3209.JPG



F:\DCIM\100PHOTO\SAM_3210.JPG



hello_html_5800a1bf.png

hello_html_m1fedefb0.png

IV. Практикалық жұмыс.

-Үлгі таңдау. Жасалған бұйымның үлгісін , суретін салу;

-Матетиалдармен керекті құрал- жабдықтар дайындау;

-Жұмыс орынын ұйымдастыру.

V.Жаңа сабақты бекіту.

  • Шым ши деп қандай шиді айтады

  • Ақ ши деп қандай шиді айтады.

  • Шыпта деп қандай шиді айтады.

VI.Бағалау.

VII.Үйге тапсырма.Ши тоқуды жалғастыру.





















Дакумент по технология на тему "Ши тоқу технологиясы"
  • Технология
Описание:

Ши тоқу өнері халқымыздың қол өнерінің ішіндегі көрнекті өнерінің бірі шиді орап және тоқу.Бұл өте ерте заманнан келе жатқан өнер мұрасы.Ши тоқу өнерінің мәні өте зор болған. Себебі шиді күнделікті тұрмыс тіршілікте көп пайдаланған. Мысалы : әдемі об-өрнектермен оралып тоқылған шым шиді киіз үйдің керегесі мен туырлығының арасына ұстаған.

Бұл, біріншіден,сәндік көрініс берсе, екіншіден, суықта жылылық үшін, ыстық күндері киізді көтеріп қойса салқындық үшін керек болған.Осылай шым ши ақбоз үйдің сәнін келтіріп, салтанатын асырып тұрумен қатар, сырттан ит, мысық, жылан, тышқан секілді жан- жануарлардың бас сұғып ішке кіре алмауына, керегенің көгі киізді тоздырмауына да үлкен ықпал етеді.

Автор Асхар Рысгул
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров 549
Номер материала MA-064319
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓