Главная / Русский язык и литература / Cөз өнері-өмір өрнегі 7 класс

Cөз өнері-өмір өрнегі 7 класс

Сайыс тақырыбы : «Сөз өнері - өмір өрнегі»

Сайыс мақсаты : Оқушылардың ана тіліміз арқылы сөз өнерінің құдіретін танытып, алған

білімдерін тиянақтау; тіл мәдениетіне, еркін сөйлеуге, ұшқыр ойлауға,

шапшаңдыққа тәрбиелеу; таным-түсініктерін кеңейту арқылы ой-өрістерін

өсіріп, дүниетанымын дамыту.

Мұғалім сөзі :

Қ.Р. «Тіл туралы» Заңында «Тіл – ұлттың асыл, ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи дамуы ретінде ұлттық қоғамның қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты» делінген.

Тілдің көмегімен өнер –білімді, ғылымды игереміз, өткенімізді саралап, сабақ аламыз.

Тіл – адам жанының тілмашы. Тілсіз жүрек түбіндегі бағалы сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тілдің құдіретімен ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұғына алады.

Сөз өнерін қайда қолданамыз. Сөз жоқ дүниеге шыр етіп түскеннен бергі өмірімізде тіліміздің шығуы былдырлап сөйлей бастауымыз –табиғаттың адамзатқа берген ерекше құдіретті сыйы. Сондықтан өмір өрнегі –сөз өнері арқылы өрнектеліп, бейнеленетінін , өрілетінін бәріміз де теріске шығара алмаймыз.

Ендеше бүгінгі «Сөз өнері -өмір өрнегі» атты сайысына хош келдіңіздер !.


Сайыс 5 шарттан тұрады.

  1. Ойлы сұрақ –жедел жауап.

  2. Сөз – ойдың айнасы.

3. Білімділік - тапқырлықта.

  1. Сөз өрнегі - мақал.

  2. Тіл –құдіреттің құдіреті.


  1. Ойлы сұрақ – жедел жауап.

1 – оқушы

1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар

2. Сөздің ауыспалы мағынасын түсіндір.

3. «Тарланым» қай ақынның өлеңі.

4. Анықтауыштың сұрағы.

5. Пен жалғау ма, жұрнақ па.

6. «Шеге» қай жырдың кейіпкері.

7. «Кірпіш үй» қай тіркеске жатады.

8. Абайдың неше қара сөзі бар.

9. «Үштөбе» қандай сөз.

10. «Сөз зергері» атанған жазушы.



2- оқушы

1. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар

2. Эвфемизм дегеніміз не

3. «Зілді бұйрық» өлеңінің авторы

4. Пысықтауыш мағыналық түріне қарай нешеге бөлінеді.

5. Болымсыз етістіктің жұрнақтары.

6. Құрмаш қай повесттен үзінді.

7. «Жүрек жұтқан» қандай тіркеске жатады.

8. Қысқа сөзінің синонимін тап.

9. Ертегілер нешеге бөлінеді.

10. М.Жұмабаевтың поэмасын ата.




3- оқушы

1. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар

2. «Қаған» сөзі қай сөз табына жатады.

3. «Өтеген батыр» дастанының авторы.

4. Толықтауыш сұрақтары.

5. Сүйіндік қай шығармада кездеседі.

6. Дидар, бет, келбет қай топқа жатады.

7. Жедел өткен шақтың жұрнағы.

8. Әдебиеттің тектерін ата.

9. Үндестік заңы нешеге бөлінеді.

10. «Тоқымқағар» қандай дәстүр.


4 – оқушы

1. Қазақ тіл білімі неше саладан тұрады.

2. Сөз мағынасын зерттейтін сала

3. Сағындым өлеңінің авторы.

4. Екеу сан есімнің қай түрі

5. Есеней қай романның кейіпкері.

6. Оқшау сөздер нешеге бөлінеді

7. Түн.қыс. Боран. қандай сөйлем.

8. Тұңғыш қазақ ғарышкері.

9. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша.

10. Жақсылық хабарды жеткізуде айтылатын сөз.


ІI. Сөз - ойдың айнасы.

1- оқушы

Бармақ


түсу.

Қармақ

Сырмақ

Қолғап

Қармаққа түсу - ұсталу.


2- оқушы

Түтін


түтету

Отын

Бүтін

Жалын

Түтін түтету – шаңырақ құру.


3 -оқушы

Бет


айту

Жол

Кеуде

Сәуле

Бетке айту – шындық айту.


4 –оқушы.

Аспан


болу

Жер

Көк

Су

Жер болу – ұялу.




ІІІ. Білімділік – тапқырлықта.


Тұлға.

1. 8 ғасыр Сыр бойындағы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған . / Қорқыт/

2.17-18 ғасырда өмір сүрген 1663 жылы Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулие ата маңындағы Жасаң жайлау деген жерде дүниеге келген. / Төле би/

3.Әрі лирик, әрі эпик ақын І.Жансүгіров «Әнші» өлеңінде қай әншінің өнерін шебер суреттеген

/ Әсет Найманбаев /


4. « Әке мен бала» , «Бақша ағаштары» , т.б. тәрбие тақырыбына көп қалам тербеген жазушы

/ Ыбырай Алтынсарин /


Салт – дәстүр.

  1. «Бесік жырына» үзінді келтір.

  2. «Асар» қандай салтқа жатады.

  3. « Сыбаға беру» дәстүрі.

  4. « Бауырына салу» дәстүрін қалай түсінесің.


Қазақ тілі.

1. Қазақ тілі түркі тілінің қай тобына жатады.

2. Көне түркі жазба ескерткіштерінің сырын ашқан турколог ғалым.

3. Қазақ тіл білімінде грамматика нешеге бөлінеді

4. Стильдің түрлерін ата. мысал келтір.


Автор

1.«Шығамын тірі болсам ,адам болып,

Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып ....» / С.Торайғыров /


2. Тұңғыш рет роман жазған жазушы / М.Дулатов /

3. «Жұмбақ – адамның дүниетану жолындағы ойының қиялының, шамасын білдіреді» авторын тап. / М.Әуезов/

4. Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт –санасы,тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі. / М.Шаханов/



ІV.Сөз өрнегі – мақал.

Берілген сөздерден мақал –мәтел құрастыр.

Абырой, артық, ел, сөз, сәлем, бұлбұл,

Ата, өтірік, айна, әдепті, отан,

әке, шындық, өсек, айла, әдемі, жер,

бала, жалған, өлең, арпа, ақылды, дос.

Ана, батыр,уеде, белең, алға, келбетті, халық.


  1. Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені.

  2. Өз елім -өлең төсегім.

  3. Отансыз адам –ормансыз бұлбұл.

  4. Батыр туса –ел ырыс,

Жаңбыр жауса - жер ырысы.



V.Тіл –ұлттық құдіреті.

Төмендегі тақырып бойынша ой қорытып, көркем тілмен сөйлеп, ойын ортаға салу.

Тіл -өлшеусіз құрал.

Сөз – ойдың айнасы.

Мәдениет сенен басталады.

Тіл – тәуелсіздік құдіреті.


Сайысты қорытындылау сөз әділқазыларға беріледі.

Көрермендермен ойын жүргізу.



Мұғалімнің қорытындылау сөзі :

Сөз тіл мәдениетінің басты белгісі. Осы тұрғыда М.Жұмабевтың «Сөз болмаса, сөз бен адамзаттың бірін-бірі ұғынуы болмаса, жер жүзіндегі осы күнгі адамзат тұрмысы деген тұрмыс та болмас еді. Қысқасы ,жан көріністерінің ең қымбаты –ой. Ой тілі – сөз» деп ой түйіндейді.

Сөз зергері Ғ.Мұстафин : «Сөз құдіреті ғажап : алтынды мыс, мысты алтын етіп көрсете алады..Тас жүректі қорғасындай балқытып, балқыған қорғасындай тас ете алады» деген пікірлерді ойымызға түйе отырып, бүгінгі «Сөз өрнегі -өмір өрнегі» сайысымызды аяқтаймыз, сайысқа қатысқан оқушыларды, жеңімпаздарды қошеметтеп қояйық.

Cөз өнері-өмір өрнегі 7 класс
  • Русский язык и литература
Описание:

қазақ тілі пәнінен сыныптан тыс жұмыс Ол қазақ тілі мұғалімдеріне арналған.

Сайыс тақырыбы : «Сөз өнері - өмір өрнегі»

Сайыс мақсаты : Оқушылардың ана тіліміз арқылы сөз өнерінің құдіретін танытып, алған

білімдерін тиянақтау; тіл мәдениетіне, еркін сөйлеуге, ұшқыр ойлауға,

шапшаңдыққа тәрбиелеу; таным-түсініктерін кеңейту арқылы ой-өрістерін

өсіріп, дүниетанымын дамыту.

Автор Бекбергенова Лаура Казбековна
Дата добавления 13.12.2015
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Другое
Просмотров 308
Номер материала MA-063181
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓