Главная / Классному руководителю / Cынып сағаты: Ғасыр індеті

Cынып сағаты: Ғасыр індеті

#Admin##################################################A#d#m#i#n#############################################��+#ӝ##�##���##########�##�c##��>##########;-#####
Cынып сағаты: Ғасыр індеті
  • Классному руководителю
Описание:

Классный час на тему:" Чума XXI века" Сынып сағаты : " XXI ғасыр індеті"    

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «АҚТҚ дегеніміз не, АҚТҚ қандай жолдармен жұғады, қандай жағдайда жұқпайды, ауру қалай асқынады, адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады?» деген тақырыптар арқылы түсініктерін ашып көрсету.

                 

Сабақтың түрі: пікірталас (дөңгелек үстел).

 

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, қағаз парақтары, бор (электронды оқулық).

 

Әдебиеттер: АҚТҚ және ЖҚТБ-ның алдын алу үшін қажетті білімдер мен дағдылар. Салауаттану және табиғат.

 

І. ЖҚТБ мен АҚТҚ бойынша шағын дәріс.

 

 

Енді мен ЖҚТБ-мен (СПИД, ЖИТС) жыныстық қатынастың қалай байланысатынын және олар жайлы таралған кейбір көзқарастар туралы айтқым келеді. ЖҚТБ туралы сөз қозғалса болғаны, елдің бәрі эксперт-маман бола аламыз деп ойлайды. Ең алдымен ЖҚТБ-ның қайдан шыққаны туралы пікір алысады. Шынында мұны ешкім де білмейді. Біз АҚТҚ-ның (ВИЧ, АИТВ) жануарлар арасында тараған кәдімгі вирус түрлері сияқты, әлемнің кейбір бөліктерінде өткен ғасырдың 60-жылдарында бар болғандығына күмәнсізбіз. Ол, мүмкін, қандай да бір қалыпта немесе түрде ғасырлар бойы бар болған шығар.

 

Көптеген ғалымдар вирустың алғашқыда Африкадағы жануарлардан жұқтырылғандығы ықтимал деп топшылайтындықтан, жұрт бұған қалайда Африка кінәлі деп ойлайды. Бұл мүлдем теріс пікір. Болашақта қандай деректердің ашылары әзірге беймәлім. Десек те ауру әйтеуір бір жерден басталуға тиіс екені және оның дәл сол тұстан шыққанына ешкім де кінәлі болмауы тиіс.

 

 

 

АҚТҚ төмендегі жолдармен жұғады

 

1.АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.

 

2.Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен щприцтерді бірге қолданғанда.

 

3.Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.

 

4.Бөтен адамның тіс щеткасы мен ұстарасын қолданғанда.

 

 

 

АҚТҚ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды.

 

Қол алысып, құшақтасқанда.

 

Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан.

 

Төсек жабдықтары мен киімнен.

 

Темір және қағаз ақшадан

 

Су мен ауадан.

 

Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан.

 

Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан.

 

Жәндіктердің шағуынан.

 

Моншада, саунада, бассейінде.

 

Бой жазу.

 

Менің саған берер кеңестерім

 

-Бөтен адамның қаны көзіңе, әсіресе жарақаттанған теріге жағылып кетуінен сақ бол.

 

-Көшеде жатқан шприц пен инелерге тиме.

 

-Есіңде болсын, барлық медициналық дәрі егу (укол) бір реттік пайдаланатын құралдармен жасалуы тиіс

 

«Миға шабуыл»

 

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады?

 

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғандығын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған қарсы ендірілген антидене пайда болғанда анықталады. Антиденелер – ағзаға қоздырғыш енгенде, оған қарсы пайда болатын арнайы ақуыздар.

 

ІІ. Сұрақ-жауап.

 

1-оқушы.

 

АҚТҚ мен ЖҚТБ-дан қалай сақтану керек екенін білесің бе?

 

ЖҚТБ-дертінен сақтану іс-шаралары:

 

1-рет пайдалануға арналған шприцтерді, стерильденген медициналық инструменттерді қолдану, кездейсоқ жаныстық қатынастан, нашақорлық, алкаголь, темекіден аулақ болу.

 

2-оқушы.

 

ЖҚТБ-мен ауырған адамды не мазалайды?

 

Дененің қызуы (бір айдан аса);

 

Жүдеп, салмақтың азаюы (дене салмағының 10%-нан аса);

 

Іштің өтуі (бір айдан аса);

 

3-оқушы.

 

Ауру қалай асқынады?

 

АҚТҚ жұқпасы – бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5 – 7 жыл ішінде білінеді. Аурудың алғашқы белгілері қандай? Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғандығын білдірмейді. Алайда, арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.

 

ІІІ. ЖҚТБ дертіне әкелетін зиянды заттардың түрлері:

 

Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Есірткіні қан тамыры арқылы тұтынғанда, ЖҚТБ жұқтыру қаупі пайда болады. Есірткіге деген әуестік өмір бойы сақталуы мүмкін. Нашақорлықты емдеу ауру адамның және туған туыстарының зор күш-жігерін, дәрігерлердің биік кәсіби дәрежесін, қаражат шығындарын қажет ететін, ұзақ та күрделі, қиын процесс.

 

Нашақорлық – есірткі заттарына деген тәуелділіктен туындайтын, ағзаның тәндік және психикалық функцияларының аса ауыр қалпына келместей бұзылуына апаратын, соңы өлімге әкелетін дерт.

 

 

 

Алкаголь – қан құрамындағы алкаголь-мастықтың деңгейін анықтайтын, миға қан келетін алкагольдің саны. Алкаголь – бұл қосындыларды ашытудан алынатын есірткі. Алкаголь әдетте қанға араласады, одан ары миға шабады. Алкаголь адам ағзасы үшін улы. Ол уды тазартқанда адам бауырына зор күш түседі. Ішімдік адам өмірінде туындаған проблеманы уақытша ғана шешеді. Спиртті ішімдіктерді шамадан тыс ішетін адамдар жасының ұзақтығы халықтың орташа жас мөлшерінен 15-20 жасқа төмен. Жас организм өсіп, жетіліп келе жатқан кезеңінде алкагольді ішумен байланысты қауіпке ұрынуға бейім тұрады. Оны тұрақты пайдалану – салынып ішуге ұрындырады.

 

Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі түтінінде 30-дан астам улы заттар бар (никотин, көмірқышқыл газы, көміртек тотығы). Темекіден ауаға 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384мың тонна аммиак, 550 мың тоннадай иісті газ тарайды. Шылым шегудің зияны өте көп. Ол – нағыз нашақорлық. Көпшіліктің соған мән бере бермейтіндігі аса қауіпті.

 

Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегуден 4 млн адам қайтыс болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекіні шегеді екен.

 

Оқушылардың жеңіл жүрісті жастар туралы КВН-і. Абдіжамилов Ақылбектің осы тақырыптағы шығармашылық жұмысы

 

 

 

ІV. Пікір-талас.

 

1-оқушы.

 

Алкаголь ем бе? Әлдекімдер айтқандай жүрек ауруына пайдалы ма? Жоқ. Бұл пікірді тартушылар көбіне-көп арақ зауытының иелері. Олар өз өнімдерін көбірек таратып, пайдаға батуды көздейді. Ал шындығына келгенде, арақ ішушінің инфаркт алуы аз ұшыраспайды. Бұл ішілген алкагольдің белгілі бір бөлігінің денеден шығу реакциясы кезінде қан қысымының жоғарылауынан тамыр кеңейеді. Тамыр терілерінің кеңеюі жасушалардың оттегі алуын күрт кемітіп , мұның өзі тамырдың бітелу қаупін күшейтеді.

 

2-оқушы:

 

Алкоголь тамаққа тәбетті ашып, асқазанның қорытылуына көмектеседі ме? Зерттеу барысында арақтың асқазанға пайдасын былай жиыстырып қойып, қайта қорытылуын кешіктіріп, ұзаққа соза түсетінін көрсетеді. Себебі алкоголь өзекті өртейді, гидрохлория қышқылы күшейіп, ас қорытуға кері әсер етеді. Ал, мұндай жағдайда адамның тәбеті ашыла ма, жегені оңайлықпен сіңе ме? Алкогольдің қай түрі болсын қанша мөлшерде ішілгеніне қарамастан ас қорытуға зияннан өзге пайдасы жоқ. Бұл араққа ғана емес, шарап пен сыраға да тікелей қатысы деп қабылдаған жөн.

 

3-оқушы:

 

Алкоголь суықта тоңдырмайды дейді. Оның қаншалықты шындығы бар? Қыста аязда жаурап қалмас үшін бой қыздыруға деп сілтеп алатындардың сылтауы да құр әурешілік. Арақ дене қызуын жоғарылатпақ тұрмақ, керісінше сол бар қызудың өзін түсіріп алуға ықпал етеді. Арақ ішкенде қан тамырларының кеңейтіні туралы айтылады. Ол дене қызуының жоғарылауына емес, қайтуына себепші. Мас адамның өзін-өзі сезінуі әлсіреуінен жаурағанын сезінбей, түптің түбінде аязда үсіп, серейіп қатып қалуы да кездесіп тұратыны ақиқат қой.

 

Қорытынды жасау.

 

ЖИТС-тің алдын алу шаралары: бір рет пайдалануға арналған шприцтерді, стерильденген медициналық инструменттерді қолдану, кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу.

 

Бекіту сұрағы.

 

ЖИТС ауруының негізгі себептерінің бірі – өнегесіз тәрбие, жеңілтек жүріс-тұрыс. Бұл деген не? Өлімге себепші осы аурудан қалай сақтануға болады?

Автор Ахметбекова Бакыт Сериковна
Дата добавления 25.11.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Планирования
Просмотров 1356
Номер материала 5337
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓