Главная / Информатика / Corel Draw бағдарламасында жұмыс істеу

Corel Draw бағдарламасында жұмыс істеу

Сабақтың тақырыбы: CorelDraw бағдарламасында жұмыс істей білу

Сабақтың мақсаты:

  1. Corel Draw бағдарламасы бойынша алған білімдерін бекіту

және практика жүзінде қолдана білуге үйрету;

  1. оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;

шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  1. оқушыларды ақпараттық технология саласындағы мамандыққа

қарай бейімдеу.


Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: Интерактивті тақта арқылы, тапсырмалар

Көрнекілік: Интерактивті тақта, Corel Draw программасы, флипчарт

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Өткен ақпаратты қайталау

3.Кітаппен жұмыс

4.Компьютерде жұмыс

5.Бағалау

6. Сабақты бекіту

7. Үйге тапсырма


І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу

Бүгінгі сабақтың мақсаты өткен сабақтарда алған білімдерімізді пысықтап, оны практика жүзінде қолдана білуге үйренеміз. Ал енді сонымен

ІІ. Қойылатын сұрақтар

  1. Графика деген не? Графиканың түрлері?

2) Қайда қолданылады?

3) Растрлық графикаға жататын бағдарлама

4) Векторлық графикаға жататын бағдарлама?

5) Растрлық графикамен векторлық графиканың негізгі элементі?

6) Растрлық және векторлық графиканы салыстыру / тақтада/

  1. Corel draw бағдарламасы қай елде құрастырылған? Ол программамен не жасауға болады?

  2. 2. Графикалық пакет Corel-ге қандай графикалық бағдарламалары кіреді?

3. CorelDraw бағдарламасының көмегімен не істеуге болады? /

Енді осы бағдарламаның терезесінің элементтерін көрсету керек.

hello_html_m6884eeb5.jpg

Меню жолы, Стандартты құралдар панелі, атрибуттар панелі, құралдар, палитра, басып шығаратын бет, жұмыс үстелі, қалып-күй қатары

Сендердің бағдарламаны қалай меңгергенін анықтау мақсатында мынадай «Сиқырлы фигуралар» ойын тапсырмасын орындайық

  1. Программада обьект деген не? Олармен не істеуге болады?

  2. Программада қанша құралдар бар? Интерактивтілік деген не?

  3. Corel draw-да жазудың неше түрі бар? Оны қалай орындайсың?

  4. Құю құралының түрлері

  5. PowerClip командасының қызметі? Контейнер деген не?

ІІ. практика

Тақтада берілген геометриялық фигуралармен жұмыс

  1. Фигураларды беттестіру арқылы кескін салу

  2. Әр түрлі фигуралардан «искажение» құралы арқылы эффектілер жасау

  3. Суретті PowerClip командасы арқылы жазуға кірістіру

  4. СD дискіге наклейка жасау.

ІІІ. Кітаппен жұмыс

1.Оқулықтағы берілген 5.1 суреттегі векторлық примитивтер қай программада қолданылады?

2. CorelDraw бағдарламасының қандай кеңейтулері бар?


/Әр оқушыға тапсырма/


ІV. Қорытындылау

V. Енді сабақтардан алған білімдерімізді, практикалық дағдыларымызды пайдалана отырып осы тапсырысты орындайық.

Сендердің әрқайсысың берілген тақырып бойынша осы бағдарламаны қолдана отырып буклет, плакат, визитка, открытка, күнтізбе /календарь/ жобаларын жасайсыңдар. /Берілетін уақыт 10 минут/. Тапсырмаға қойылатын талаптар:( тақтада)

  • Мазмұнды болуы қажет

  • көркемдеу дизайны қазіргі заман талаптарына сай болуы қажет

  • Тапсырманың өзіндік стильдік ерекшелігі болуы қажет

  • Тапсырмада қолданылған суреттер, сызбалар бір·бірімен үйлесімді болуы керек

  • Және тапсырма толық орындалуы қажет


Кімнің жұмысы ұнады? Кім өз пікірін айтқысы келеді?

Оқушылар шығармашылығын өздері бағалайды.


VІІ. Activote құрылғысы арқылы жауап беру

Оқушыларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма : Біз келесі сабақта осы Corel пакетінің бағдарламасы Corel R.A.V.E. бойынша келесі кезең анимация жасау, яғни суретке жан бітірумен айналысамыз. Сондықтан үйде Жыл мезгілдері тақырыбына ауа райы құбылыстары: жаңбыр тамшысының, қар жауу, боран соғу, жапырақ түсу бейнеленген суреттердің электрондық эскизін жасап келу.







Corel Draw бағдарламасында жұмыс істеу
  • Информатика
Описание:

Бұл сабақта оқушылар  CorelDraw графикалық программамен жұмыс жасау принциптерін практикалық жұмыстар орындау арқылы білімдерін тиянақтауға арналған. Онда

1. Corel Draw Х4 программасының интерфейсімен жұмыс
2. векторлық форматтағы суреттің құрылымы
3. Жай геометриялық  объектілерді салу
4. Тік төртбұрыш, квадрат, элипс, шеңбер, көпбұрыштар, сызықтар, қисық сызықтар салу
5. Оларды редакциялау
6. Обьектілерді ерекшелеу және өшіру
7. Құю түстері, контур түстері
8. Обьектілерді көшіру, орын ауыстыру, өлшемін өзгерту, бұру

9. Обьектілерді беттестіру, біріктіру

 10. Эффектілер

Автор Максутова Гульжахан Кашебдиновна
Дата добавления 26.11.2014
Раздел Информатика
Подраздел Планирования
Просмотров 1702
Номер материала 5513
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓