Главная / Другое / «Біз тәуелсіз ел ұланы,болашаққа үн қосқан»

«Біз тәуелсіз ел ұланы,болашаққа үн қосқан»

«Біз- тәуелсіз ел ұланы болашаққа үн қосқан» атты Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиынының маршруты

  1. Ашылуы-фанфары, жүргізушілер сөзі.

2. «Жас қыран» қатарына қабылданушы 98 оқушы шақырылады.

3 Ұланбасы сөзі жас ұлан ұйымының туы кіргізіледі.

4. ҚР Әнұраны орындалады.

5. Ұланбасы Нұрғали Ғазиздың сөзі.

6 . Сәлемдесу, 4Б сынып оқушылары шығады.

7. Аға-тәлімгерге рапорт тапсыру

8 «Жас Ұлан» ұйымына қабылданушылар ант береді.

9. Гимназия директоы Қ.Көмекбайдың құттықтау сөзі, галстук төсбелгі

тағу рәсімі.

10.Ұланбасы Нұрғали Ғазиздың сөзі.

11.Жас ұландықтардың арнауы 7А сынып оқушылары.

12.«Жас Ұлан» ұйымының әнұраны.

13.Салтанатты шараның жабылуы.

\«Біз тәуелсіз ел ұланы,болашаққа үн қосқан» атты Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушылардың қабылдану салтанатының сценарийі

Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

Өтілетін орны: 3-қабат ҚР Мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі.

«Жас Ұлан» ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп ілінеді, өтетін орынға салтанатты әуен ойнатылады.

Уақыты: 9 желтоқсан сағ 16-00 де

Шақырылатын қонақтар: Мектеп әкімшілігі, ұстаздар!

Қабылданатын оқушылар: 2А,2Б, 2В, 2Г.

Фонфары

Жүргізушілердің ортаға шығуы.

Алихан:

Армысыздар салтанатты жиынымыздың қонақтары және жас ұланшылар!

Дильназ:

Қайырлы күн ,қымбатты достар! Мектеп әкімшілігі! және ұстаздар!

«Біз тәуелсіз ел ұланы болашаққа үн қосқан» атты Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

Алихан:

Тәуелсіздік-елдің ерен еңбегі,

Тәуелсіздік-барша ұлттың теңдігі.

Тәуелсіздік-байтақ елдің кеңдігі

Тәуелсіздік-еліміздің елдігі!

Дильназ:

Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған, сондай-ақ жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар,білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Алихан:

Жасұлан-жігерлі де жайдарлы ұйым

Төл мерекең жыл сайын тойлайды ұйым!

Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға

Жасұлан-жалынды ұйым, айбарлы ұйым.

Дильназ:

Салтанатты жиынға қатысушылар! Бүгін мектебіміз үшін ерекше күн! Дәл бүгіндей «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдануға арналған салтанатты шаралар республикамыздың түкпір-түкпірінде ұйымдастырылуда. Бүгін салтанатты түрде 2 сынып оқушыларын «Жас қыран» қатарына қабылдаймыз. Осындай атаулы күні мектеп оқушылары республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына сап түзеді.

Алихан:

Ақ туымыз желбіреп

Биіктен көз тартады

Жас Ұлан ол ер жүрек

Болашақтың қорғаны

Дильназ:

Тамсандырған әнұраны ұйымның,

Сый секілді, бізге берген ғажап тым

Тектілігін кең әлемге танытып,

Жырымыз бұл, ән ғып салар азатпын.

Ұланбасы Ғазиз: Жас Ұланның намысы мен бірлігінің символы, жас ұлан ұйымының Туы кіргізілсін. Жас Ұлан! Түзел! Тік тұр!

Ту ұстаушы:Орақ Жаңалық

Ассистенттер: Толыбай Әйгерім, Құдайберген Шынарым.

ҚР Әнұраны ойналады.

Алихан:

«Жас ұлан» ұйымы қанатын кеңге жаюда. Бүгінгі салтанатты жиында белсенді оқушыларымыздың қатары тағы бір мәрте көбеймек. Ұйым қатарына мектебіміздің 2 сынып оқушыларынан 98 оқушы қабылданады.

Ұланбасы сөзі: Елдің болашағын баянды ететін жастар. Олар әрқашанда қоғаммен біте қайнасып әр бала өзін сан алуан қырынан танытады. Сонымен қатар өзіндік орнымен ерекшеленеді. Алайда осы жастарды бір арнаға тоғыстырар бұлақ көзі болу қажет. Осы бір күні сол арна біздің қоғамда бар. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Елбасының тікелей жолдауымен Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылған болатын. Біз бақытты жастар осылайша тәуелсіз Қазақстанда тұрып жатқанымызға бақыттымыз. Осы бір айтулы мереке қарсаңында бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрылуы біздің патриоттық сезімімізді арттыра түспек.

Дильназ:

Құрметті қонақтар бүгінгі елбасының тікелей бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» балалар ұйымы халықтар арасындағы, балалар арасындағы шынайы достықты, ынтымақты нығайтуда атсалысуда. Ендеше өздеріңізбен сәлемдесу үшін алдарыңызға жас ұландарды шақырамын. ( ортаға 4А сынып оқушылары жас қырандар шығады)

Ғазиз сөзі: Жас Ұлан! Біздің ұранымыз:

«Уақыт босқа кетпесін, бірде-бір күн мейрімсіз өтпесін!»

Жас ұлан ұйымының шапалағы

Нұрәділ:

Жас Ұлан!

Жарқылдаңдар, күліңдер!

Бақытты өмір сүріңдер!

Бар жақсылық-Бейбітшілік, білімде

Ұлы Отанды ардақ тұтып жүріңдер

Нұрәділ:

Біз- жақсылыққа жақынбыз

Біз- батыр елдің ұрпағымыз

Біз –ұлағаттың ұланымыз

Біз-Тәуелсіз елдің қыранымыз

Болашақ біздің қолымызда!

Замира:

Бұл ұйым бізге не береді?

Хормен : Жаңа достар, асқақ арман, айқын бағыт

Жас Ұлан ұйымы бізді біріктіреді.

Жақсы істерге шақырады.

Өмірге бейімдейді

Әлеуметтік қызметтерге араластырады.

Тұлға етіп қалыптастырады

Армандарымызды іске асыруға көмектеседі.

Қоғамдағы кері әсерлерден қорғайды.

Сондықтан да Жас Ұлан ұйымы бізге қымбат.

Шұғыла:

Жас ұландықтарды не біріктіреді?

Ортақ оймен әсем ән!

Отанға, атамекенге деген махаббат

Өмірді жақсатруға, мейірімділік жасауға, адамдарды бақытты етуге деген ұмтылыс. Бір-бірімізді тыңдап, түсіне білуді және бірге жұмыс жасауды үйренуге деген құштарлық, Білетінімізден артық білуге, қолымыздан келетін іс жасауға деген қажеттілік.

Дильназ:

Жас ұландықтарға не қымбат?

Ойларымен, қуаныш, қайғыларымен адам қымбат.

Әрбір адамның денсаулығы қымбат

Халықтар арасындағы бейбітшілік пен достық қымбат

Халықтың тағдыры мен мәдениеті қымбат.

Туған табиғатымыз қымбат.

Жаннұр:

Біз кімге қамқорлық жасаймыз?

Бізден кіші және әлсіздерге

Қарттар мен жалғысбастыларға

Өз туғандарымыз бен жақындарымызға

Бір-бірімізге және қайғыға душар болғандарға.

Хормен:

Жас Ұланды ел танысын,

Көтерейік оң қолды!

Жас ұланда дос көбейсін

Көтерейік сол қолды.

Көрсін әлемі

Есітсін әлем

Өскелең елдің Жас ұланын!

Ұланбасы Ғазиз:

Топ басшылары бүгінгі «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы рапорт тапсыруға дайындал.

Рапорт мәтіні:Аға тәлімгер 2А сыныбының «Жас қыран» мүшелері бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайын!

Рапорт тапсырушы топ басшысы ____________________

Тәлімгер сөзі: рапорт қабылданды!

Барлық топ осылай рапорт тапсырып шығады.

Туған елім –Қазақстан Отаным,

Мақтанышпен атыңды әркез атадым.

Тыныс алып дараланған саяңда,

Болашақтың жарқын үнін қатамын.

Алихан:

Қымбатты қонақтар және «Жас қыран» мүшелері!

«Жас ұлан» ұйымына мүше болуға ынта білдірген оқушылардан салтанатты Ант қабылдау рәсімін бастаймыз!

Жас қыранның 1 мүшесі ант береді, қалғандары Ант етеміз, Ант етеміз, Ант етеміз 3 рет қайталайды.

Ұланбасы Ғазиз: Қабылдауға жас қырандар дайын!

Дильназ:

Құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Жас Ұлан ұйымына өтуге тілек білдіруші ұландарға галстук пен төсбелгі тағу құрметі және құттықтау сөз гимназия директоры Қуаныш Есқараұлына беріледі.

Директордың орынбасарларына сөз беріледі.

Барлық қонақтар, ұстаздар, сынып жетекшілер сіздерді «Жас ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

Алихан:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата-баба руғына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағатты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

Ұланбасы Ғазиз: «Жас қыран» ұйымының арнайы төс белгісін кеуделеріне алғаш болып тағушы ұландарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

«Жас ұлан» ұйымының жаңа мүшелері өз бірлестіктеріңнің қатарына қосылсын!

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан-елім менің!

Құрметті достар! «Жас ұландықтардың» басты мақсаты қажет нәрселердің бәрін үйрену, денсаулығы мықты және күшті болу, қиыншылыққа мойымауға тырысу. Біз Жас ұлан ұйымының мүшелері Республикамыздың өсіп өркендеуіне, көркейіп гүлденуіне ат салысып, үлес қосып, келе жатқан жастармыз!

Дильназ:

Барлық ұлтты бауырыңа басасың

Көкте туым желбіреген аса тым

Тарихымда өшпес дағы ізі бар.

Егеменді елім менің жасасын!

Алихан: Жас Ұлан!

Қатысушылар: Ел ертеңі!

Дильназ: Жас Ұлан!

Қатысушылар: Күн сәулесі!

Алихан: Жас Ұлан!

Қатысушылар: Жеңіс қанаты!

Хормен:

Бір , екі – Жас Ұлан!
Екі, үште- Жас қыран!
Қанаттары талмасын,
Биіктерге самғасын,
Жас Ұланға сенде кел,
Еш оқушы қалмасын.
Жат қылықтан аулақ боп,
Түзу бұрсын арнасын,
Жас Қыранға қамқор боп,
Жас Ұландар қорғасын!

Ғазиз:

Біз Жас ұлан өнегеміз,

Ұл-қызына әлемнің

Бізден ізгі үлгі алады,

Балалары бар елдің!

Айда:

Жас Ұлан Жарқыра, Жалында

Ұмытылып тек алға адымда

Болашақ көшбасшы ұрпақпыз,

Жалғассын игі істер ғасырға!

Мереке:

Жас ұлан өзгерпейді шешімін,

Жас ұлан өзгертпейді кесімін

Болашақтың туын ұстап қолыңа,

Нық қадам бас тәуелсіздік жолында!

Айниза

Мен елімнің ертеңімін-Жас ұлан,

Жаралғанмын қазақ деген асылдан!

Елім үшін, жерім үшін аянбай

Тұрғызамын асыл күмбез ғасырдан!

Гулфайруз;

Туған елім-Қазақстан Отаным,

Мақтанышпен таңды әркез атамын!

Тыныс алып ұлағатты саяңда,

Болашақтың жарқын үнін қатамын!

Шолпан:

Парызымыз-Ұлы Отанға адалдық,

Бойымызда бар өскіндік балалық

Барша жанға үлгі-өнеге боламыз,

Біз Жас ұлан адалдықтан жаралдық!

Диас:

Айтылғандай біздерге жырда аңыз,

Өсиетінен тарихтың үлгі аламыз!

Сенім артқан қазағым ақ ниетпен

Ұлағатты Жас ұлан біз боламыз!

Данияр:

Егеменді еліміздің тірегі

Мектептің болашағы жігері

Достықпен татулық тілегі

«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі

Жас Ұлан ұйымының әнұраны орындалады!

Ұланбасы Ғазиз: ортаға ұланбасы шығады, барабан дробы ойнайды.

Жас Ұлан! Түзел! Тік тұр!

Ту шығарылады.

Дильназ:

Бүгінгі республикалық «Жас ұлан» ұйымына қабылдау салтанаты мектеп тарихында, ант қабылдаушылардың есінде мәңгі қалары анық. Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау-баршамыздың абыройлы боршымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын.

Алихан:

Салтанатты жиынға қатысушылар, құрметті қонақтар, «Жас ұландықтар»! Патриоттық сезімге толы салтанатты жиынымыз өз мәресіне жетті, ендеше республикалық «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатын жабық деп жариялаймыз!

Алихан Дильназ

Бірге: Сау болыңыздар!

«Біз тәуелсіз ел ұланы,болашаққа үн қосқан»
  • Другое
Описание:

«Біз- тәуелсіз ел ұланы болашаққа үн қосқан» атты Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиынының маршруты

1.     Ашылуы-фанфары, жүргізушілер сөзі.

2.  «Жас қыран» қатарына қабылданушы 98 оқушы шақырылады.

3    Ұланбасы сөзі жас ұлан ұйымының туы кіргізіледі.

4.   ҚР Әнұраны орындалады.

5.  Ұланбасы Нұрғали Ғазиздың сөзі.

6 . Сәлемдесу, 4Б сынып оқушылары шығады.

7.  Аға-тәлімгерге рапорт тапсыру

8  «Жас Ұлан» ұйымына қабылданушылар ант береді.

9.  Гимназия директоы Қ.Көмекбайдың құттықтау сөзі, галстук төсбелгі

тағу рәсімі.

10.Ұланбасы Нұрғали Ғазиздың сөзі.

11.Жас ұландықтардың арнауы 7А сынып оқушылары.

12.«Жас Ұлан» ұйымының әнұраны.

13.Салтанатты шараның жабылуы.

«Біз тәуелсіз ел ұланы,болашаққа үн қосқан» атты Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушылардың қабылдану  салтанатының сценарийі

Автор Сержан Гульбаршын Умирбаевна
Дата добавления 14.01.2015
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 2134
Номер материала 54014
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓

Похожие материалы