Главная / Биология / Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы. Кластың жалпы сипаттамасы.

Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы. Кластың жалпы сипаттамасы.

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы. Класстың жалпы сипаттамасы. Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы.

Сабақтың мақсаты:Буынаяқтылардыңкөптүрлілігін, жәндіктердіңнегізгі ерешеліктерін ұғындыру, шаянтектестердің
тіршілігі және сыртқы, ішкі мүшелерінің қызметін толық меңгерту.
Дамытушылық: Сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс - әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, білім – білікітілігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, суреттер, электронды оқулықтан үзінді, кестелер

Сабақтың түрі: Топтастыра іздестіру сабағы, сайыс.

Сабақтың әдісі: талдау, қорыту, топтау.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, өнер.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, таблицалар, муляж.

Барысы:

Ұйымдасытыру бөлімі: Амандасу; Сабаққа дайындығы.

Үй тапсырамасы:

Жүзім ұлуы, айқұлақ, сегізақтың құрастырма кеспе қағаздар бойынша 3 топқа бөлу.

І. Жұмбақ шешу

Аяғы, тұлға, басы бар,

Сыртында сауыт тасы бар..

Тағамға ұқсас атауы,

Шешуін оның табыңдар.

(Ұлу)


Аяғы бар басы жоқ,

Тұлғасы бар қарны тоқ

Екі жақтау қорғаны,

Ол болмаса сорлады.

(Айқұлақ)


Бақалшағы жоқ сыртында,

Үккісі бар ұртында.

Қорегін ұстар таяғы,

Арқанға ұқсас аяғы (Сегізаяқ)


ІІ. "Кім жылдам?"

"Мен бастаймын, жауап кімнен?"

1) Ұлулар денесі (ерекшелігі)- жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер.

2) Олардың денесі бастан - тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады.

3) Ұлулар типінде - 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі.

4) Ұлулар типі бөлінеді: Бауыраяқтылар, Қосжақтаулылар, Басаяқтылар

5) Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді.

6) Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі.

7) Тұлға мен шапанша аралығында - шапанша қуысы болады.

8) Ал шапаншаның үстіңгі бетінен - бақалшақ қалыптасады.

9) Асқорыту жүйесі - күрделі.

10) Дененің алдыңғы бөлігіндегі - ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады.

11) Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без ұлулардан бірінші рет байқаймыз- бауырды.

12) Қантарату жүйесі - ашық.

13) Көптеген ұлулардың қаны - түссіз. (Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар.)

14) Жүрегі - бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.

15) Құрлықта тіршілік ететін ұлулар тыныс алады - өкпемен .

16) Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы - шапанша астында орналасқан желбезектер.

17) Ұлулардың зәршығару жүйесі - бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.

18) Бауыраяқты ұлулар класы тіршілік етеді – теңізде және құрлықта. жәндіктер. (Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады.)

19) Жүзімдіктен, бау – бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіруге болады - жүзім ұлуын, жалаңаш шырышты .

20) Паразиттік жолмен тіршілік ететін - тоспаұлуы.

ІІІ. Тест (оқуышылардың өзі құрастырадыалдын ала)

Актуалдау:

hello_html_26ae4ea1.gif

Хитин сөзінің мағынасын ашу.

Жаңа сабақ: Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы. Класстың жалпы сипаттамасы. Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы.

Видео (Буынаяқтылар)

hello_html_m567e536d.png

Буынаяқтылар (Arthropoda) — омыртқасыз жануарлар типі. Олар теңіз, мұхит суларында, өзен мен көлдерде, топырақта, үңгірлерде, орманда, ашық далада, шөлді жерлерде тіршілік етеді. 1,5 млн-нан аса түрлері белгілі. Бұлардың дене құрылысы айқын сақиналарға жіктелген, 2 жақтаулы симметриялы. Аяқтары буын-буынға жіктелгендіктен Буынаяқтылар болып аталған. Денесі бас, көкірек және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Дене сыртын хитин қабығы (кутикула) жабады. Ол қорғаныш әрі сыртқы қаңқа қызметін атқарады, оған бұлшық еттері жабысып бекиді. Буынаяқтылардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы ганглиядан және құрсақ тізбегінен тұрады. Сезім органдары — иіс, дәм сезу мүшелері жақсы жетілген. Буынаяқтылардың өздігінен көре алатын фасетті көздері және тек жарықты сезе алатын көзшелері болады. Аяқтарының буындардан тұруы олардың жүрісін бағыттап отыруға, алуан түрлі күрделі қимылдар жасауға мүмкіндік береді.

hello_html_28cdbc9b.png


Бекіту:

Қабырға газеті арқылы;(3 топ тусінгені бойынша қорытындылайды.)

Аквариумдағы алтын шаян. ( Өз еркімен дарындымын дейтін оқушы шығады, бүгінгі өткен тақырып бойынша қорытындылайды.)

Қорытындылау: Жеңіске жеткен топты анықтау; бағалау.

Үйге: Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы. Класстың жалпы сипаттамасы. Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы түсінік айту.
























Шаянтектестер : өзен шаяны, асшаяны, қыршаяны.

Өрмекшітектестер: өрмекші, бүйі, қарақұрт, мизан

Бунақденелілер: тарақан, көбелек, маса, шегіртке, инелік, қоңыз, дәуіт, т.б.

Топшамалармен жұмыс:

1. Өрмекшінің құрылысын айт.

2. Өрмекшітектестер мен бунақденелілердің дене құрылыстарын салыстыр. 

Терминдерді анықта: Егер осы терминдер анықтасаңдар, өз топтарыңыздағы ыдыстарыңызды таза сумен толтырасыз. Қай топтың ыдысында су көп болса, сол топ жеңімпаз.

1-топқа:               2-топқа:     

Хитин                  Сорғыш қыран

Көкірек                Баскөкірек

Бас                        Тұтаяқ

Құсақ                    Кене

Имаго                    Өрмек бездер

Энтомология        Қуыршақ

1-топқа.              

Мынадай тапсырма: Жасырылған жәндікті табу.

Кенелер ұқсас жәндік. Олар топырақта, орман төсемінде, індерде, өсімдіктерде, теңіздерде, тұщы суларда тіршілік етеді. Олардың жиырмадан астам түрі бар. Тұрқы 00,5-13 мм. шамасынан аспайды, тек қанға тойғанда ғана көлемінің 30 мм ге жетуі мүмкін. Олар бірқатар қауіпті ауруларды жануарлардан адамға тасымалдауға бейімделген.

    2-топқа.

Шегіртке өте қауіпті зиянкес жәндік. Бір аналықтан бір жазда өрбіген ұрпақтары екі қойды тойдыратын азықты жояды. Олардың үйірлері бір екі сағатта жүздеген, типті мыңдаған гектар егістікті тып типыл етеді. Олар өсімдік атаулыны жайпайды. Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшеді.

Әр топқа кез келген жәндіктердің пантомимосын көрсетуге және қызықты сұрақтарға жауап беруге тапсырма беріледі.

Қызықты сұрақтар. «Кім жылдам?»

1. Көл шаянының неше аяғы бар? (бес жұп аяқ)

2. Дәуіттің құлағы қай жерде орналасқан? (алдыңғы аяғында)

3. Дәуіт ненің көмегімен шырылдайды? (алдыңғы аяқтарының көмегімен)

4. Бал аралары бір бірін қалай ұғысады? (билері арқылы)

5. Құмырсқаның илеуі неліктен күмбез тәріздес болады? (күннің шуағын күні бойы жан жағынан қыздыру үшін)

6. Жұмысшы құмырсқалар неліктен көбеюге қатыспайды? (аналық құмырсқа жұмысшы құмырсқа мен араның жыныс бездерінің дамуына зиянды заттар бөліп шағарады)

7. Бунақденелілердің пайдасы мен зияны қандай? (Зиянды кенелер адамның терісіне, жабайы және үй жануарларына зиянды, орамжапырақ құрты және колорад қоңызы. Пайдасы бал арасы өсімдіктерді тозаңдандырады, бунақденелілердің кейбір түрлері тазалықшы, қураған ағаштардың бұтақтары мен өлі жануарлардың денелерін қарашіріндіге айналдыралдырады.)

Адам денсаулығына зиянды: маса, бит, бүрге, шегіртке.

Денесіне кене түскен мал арық, азымтал болады. Қой малын кенеден сақтандыру үшін, олардың жүндерін қырқып, әдейі әзірленген ерітіндіде тоғытады.

8. Шнгірткелердің үйірімен ұшуының қандай зияны бар? (бір, екі сағатта жүздеген, типті мыңдаған гектар егістікті тып типыл етеді )

Дегенмен кейбір бунақденелілер «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ақтеңбіл дәуіт ең қомағай дәуіт. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың дернәсілі 85 күн дамығанда бір кг үш жүз грамм бунақденелілермен қоректенеді. Аналық ақ теңбіл дәуіттің қомағайлығы ерекше, олар аталық ақтеңбіл дәуітті  де жеп қояды.

Білімпаздарға сұрақтар.

1. Мамыр қоңызының қандай сезім мүшелері бар, қай жерінде орналасқан және қандай маңызы бар?

2. Шаянның көздері бар ма, көздерінің қандай ерекшеліктері бар? (өзінің айналасын да түгел көре алмайды)

3. Шыбындар неге ызылдайды? (тепе теңдікті сақтау үшін)

4. Шыбын бір жазда қанша жұмыртқа салады? (алты жүз)

5. Масалардың қайсысы қансорғыш, қай түрі шағады аталығы ма әлде аналығы ма? (аналығы шағады)

6. Бал арасы қандай түстерді айыра алады, қандай түстерді айыра алмайды? (жасыл және көк түстерді көреді, ал қызыл түсті көрмейді)

Қорытынды:

Биологиялық білімді меңгерту өмірлік тәжірибеде пайдаға асады, ұсақ түйек тіршілік иелері туралы білген табиғатты қорғауға, сонымен қатар өзіңді қоршаған ортаға деген сезімталдықты қалыптастыруға көмектеседі





 Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылар типі

Сабақтың мақсатында оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеріп, жетілдіру, буынаяқтылар типін түсіндіріп, жәндіктерді ажырата білуге үйрету.Ойларын, тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту, есте сақтау қабілетін арттыру, адамгершілікке, ұқыптыллыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Түрі: шығармашылық бағыттағы білім беру сабағы

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,талдау,түсіндіру,көрнекілік,баяндау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, жәндіктердің

суреттері, кесте

Пәнаралық байланысы: дүниетану,жаратылыстану,

 

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

1.Топтастыру тақтасын толтыру. ( конверттің ішіне жәндіктерді

әр оқушы салады )

 

Бауыраяқтылар

Қосжақтаулылар

Басаяқтылар




 

2.Біліміңді сынап көр. (сұрақ-жауапоқушыларға ауызша сұрақтар

қоямын,олар жауап береді)

1.Ұлулар типінің кластарын атаңдар?

( бауыраяқтылар,басаяқтылар,қосжақтаулылар)

2.Тип неге «ұлулар» деп аталған? (бұл топтағы жәндіктер денесі буылтықсыз, өте жұмсақ және дене құрылысы ұқсас болғандықтан, ұлулар типіне жатады)

3.Ұлуларда жаңадан пайда болған қандай мүшелер жүйесі бар, олар қандай қызмет атқарады? (тіс орнына үккі, асқа қатысты без бауыр мүшелері дамыған)

4.Ұлулар қалай тыныс алады? (құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпе арқылы тыныс алады, ал суда тіршілік ететіндер шапанша астында орналасқан желбезек арқылы жүзеге асады)

5.Ұлулар қалай қозғалады? (аяқтары арқылы қозғалады)

3.Мына кестені толтырып, дұрысына (+) белгісін, дұрыс келмегеніне (-) таңбасын қойыңдар: ( 3оқушыларды шығарып (+)

(-) таңбасын маркер мен

қойдыртамын )

Ұлулар типі

Дене қуысы

Асқорыту жүйесі

Артқы ішек

Аналь тесігі

Тынысалу

жүйесі

Қантарату жүйесі

Сорғыштар

1.Жүзімдік ұлу








2.Айқұлақ








3.Кальмар








4. Үй тапсырмасын қортындылау

1.Ұлу туралы ( жалпы ұлу туралы 1 оқушыдан сұраймын )

2.Ұлу туралы қызықты қосымша материал жөнінде сөйлеу.

( 1 оқушыдан сұраймын )

5. Жаңа сабақ (оқушыларды тақтаға қаратып,слайдттағы суреттерді

көрсетіп, олардан қай жәндік қай типке жататынын қор мен

жауап беру керек тек бір ғана типті

буынаяқтыларды айтпауы керек )

1.Жалпақ құрттар типі

2.Жұмыр құрттар типі

3.Буылтық құрттар типі

4.Ұлулар типі

5.Буынаяқтылар типі

1

Цепень (жармасқақ)

Сұлама

2

Қылтыңбас

Зымырақ

3

Шұбалшаң

Сүлік

4

Жүзім ұлуы

Сегізаяқ

5

Өзеншаян Бұғықоңыз

Сергіту сәті

Балалар жануарлар өзі нешеге бөлінеді,екіге омыртқалылар және омыртқассыздар.

Омыртқалыларға құстар, бақалар ал, омыртқасыздарға құрттар,жыландар жатады.Кәнекей балалар орнымыздан тұрамыз, бақалар алға ұмтылады, құстар ұшады сондықтан қолымызды былғайық.Құрттарды толқындатып қолымызбен жасайық.Жыландар денемізбен ирелендейік.

6. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:

Буынаяқтылар типі

Б у ы н а я қ т ы л а р т и п і

↓ ↓ ↓

Шаянтәріздестер Өрмекшітәріздестер Бунақденелілер

7. Топтастыру тақтасын толтыру (конверттің ішіне жәндіктерді

салады әр оқушы)

Шаянтәріздестер

Өрмекшітәріздестер

Бунақденелілер




 

8.Оқушыларға өзім түсіндіріп өтемін. (қысқа ғана)

Кестеден кейін 3 типін балалар неге буынаяқтылар типіне жатқызып

тұрмыз.

Себебі шаянтәріздестер: олар суда тіршілік ететіндіктен, желбезек арқылы тыныс алады.Асшаян, өзен шаян, таңқышаяндар денесінің бас пен көкірек бөлігі тұтасқан.Ол баскөкірек және құрсақ бөліктерінен құралады.Жүрегі және қан тамырлары қанды дене қуысына айдайды.Сондықтан, қантарату жүйесі тұйықталмаған – ашық жүйелі.Зәр шығару жүйесі бездер арқылы жүзеге асады.Көру, сипап сезу, иіс сезу және тепе-теңдік сақтау мүшелері едәір дамыған.Шаянтәріздестердің басым бөлігі жынысты жолмен көбейеді.Шаянтәріздестер құрттарды, ұлуларды, балықтарды, өсімдіктерді қорек етеді.Сонымен бірге балықтардың, бақалардың, басқа да су жануарының өлексесін жеп, табиғатта санитарлық рөл атқарады.Ұсақ шаянтәріздестер циклоп өте ұсақ қоректік бөлшектерді, ұсақ ағзаларды қорек етеді.Өздері балықтарға жем болады.

Өрмекшітәріздестер олар құрлықта тіршілік ететін буынаятылар.Бұл топқа жататын жәндікткрдің денесі екі бөліктен:баскөкірек және құрсақ бөлімінен тұрады.Бұларда мұртша болмайды.Жабыны үш қабатты.Ол жәндіктің денесін судың булануынан қорғайды.Бұлардың дене қуысы аралас қуысты, сондықтан қантарату жүйесі ашық жүйелі.Өрмекшітәріздестердің баскөкірек бөлігінде 6 жұп аяқ орналасады.Бірінші жұбы – күйісаяқ; екінші жұбы – тұтқыаяқ; қалған 4 жұбы –жүруге арналған аяқтар.Сөйтіп, өрмекшітәріздестерде жүретін 8 аяқ болады.Ал құрсағында ешбір аяқ орналаспайды және көпшілігінде буылтықсыз, тегіс болып келеді.Өрмекшітәріздестердің көпшілігі сатанбез және мальпигий тамырлары арқылы қажетсіз заттарды бөледі.Өкпе қапшығы және демтүтік тыныс алу мүшелері болып табылады.Демтүтік – жәндіктің құрлықта өмір сүруге бейімделуінің нәтижесінде пайда болған жаңа түзіліс.Өкпе – желбезектер туындысы.Өрмекшітәріздестер тек қоймалжың күйдегі қоректі ғана пайдалана алады.Сондықтан олжалаған жәндігінің денесінде нәруызды ыдырататын бауыр мен сілекей безінің сөлін енгізеді.Қоймалжыңданған қоректі жұтқыншағымен сорады.Тамақтың денеден тысқары қоймалжың күйге ауысып қорытылуы астың ішектен тыс қорытылуы деп аталады.Өрмекшітәріздестерде құрсақ жүйке тізбекшесіндегі жүйке түйіндерінің іріленуін түйінді жүйке жүйесі түзіледі.Сезім мүшелері жақсы дамыған.Өрмекшітәріздестер дара жынысты, іштей ұрықтанады.Аналықтары жұмыртқа салып, жұмыртқадан ұрпақтары тікелей дамиды.Өрмекшітәріздестер – жыртқыш, паразит.Кейбіреулері қан сорады кене.Көпшілігі өсімдік және бунақденелілермен қоректеніп, олардың табиғаттағы санын реттейді.

Енді біреулері шағып бүйі, қарақұрт, адам мен үй хайуанаттарына үлкен қауіп төндіреді.Өрмекшітәріздестер –құрлықта өмір сүретін жәндіктер.Терісі- үш қабатты.Жабынында улы және өрмек тоқитын безі болады.Жұмыртқа арқылы көбейеді,тірілей туатын түрлері де бар.(жайылым кенелері,тайгалық кене, қышыма кене, тері кенелері, нәзікбас кенелері оқушылардан сұраймын).

Бунақденелілер– буынаятылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер.Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі.Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы.Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі – денесі айқын үш бөліктен құралады.Олар:бас, көкірек және құрсақ бөлімдері.Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты.Басым бөлігінде қанаттары болады.Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады.Көкірек бөлігіне қимыл- қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады.Көбею мүшелері құрсағында болады.Бунақденелілер демтүтік арқылы тыныс алады.Бунақденелілерге:қоңыздар, шыбындар, масалар, инеліктер, көбелектер, баларалары, құмырсқалар жатады.Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылысы да сан алуан түрлі.Мысалы: сүзіп жалаушы шыбын, шаншып – сорушы маса, кеміруші –тарақан, қоңыздар.

9.Технологиялық карта (оқушыларға тапсырма, осы бойынша

сөйлейді)

Шянтәріздестер

Өрмекшітәріздестер

Бунақденелілер

1.Шаянтәріздестерге

жалпы сипаттама

1.Өрмекшітәріздестерге

жалпы сипаттама

1.Бунақденелілерге

жалпы сипаттама

2.Шаянтәріздестердің

ең ірісі -таңқышаян

2.Кенелер –нағыз

паразит жәндіктер.

2. Дәуіт туралы

түсінік

3.Ең кішкене

шаянтәріздестер –

алонелла туыстас су

бүргесі.

3.119 –суретті талдау.

3.125 –суретті талдау.

11.Жаңа сабағымызды бекітейік:

Биологиялық диктант

  1. Буынаяқтылар типі шаянтәріздестер, өрмекшітәріздестер, бунақденелілер деп бөлінеді.

  2. Хитин дегеніміз – жасуныққа ұқсас ағзалық зат.

  3. Франция табиғат зерртеушісі Р. Реомюр 1712 жылы ең алғаш өзен шаянның түлеу үдерісін сипаттап жазды.

  4. 1931-1934 жылдары Қаратеңізден Каспий теңізіне балыққа ілесіп, ірі асшаян-адсперус және ұсақ шаян-элегапс тап болды.

  5. Шаянтәріздес жәндіктер желбезектер арқылы тыныс алады.

  6. Бунақденелілер класы екіге туақанатсыздар және қанаттылар

деп бөлінеді.

12.Бағалау: (3,4,5 арифметикалық ортасын табайық кәнекей балалар).

13.Үйге тапсырма: §46 мазмұндау, 5 сұраққа жауап беру 118- кестені

орындау, жәндіктерге байланысты мақал-

мәтелдерді жазып келу.





Бунақденелерді зерттейтін ғылым саласы-Энтомалогия
Өрмекшілерді зерттейтін ғылым саласы-Арахнология
Шаяндарды зерттейтін ғылым саласы-Карцинология
Сабақты қорытындылау:
(V) –жаңа ақпарат 
(?)-маған жұмбақ 
(-)- түсніксіз
(+)-түсінікті 
(Инсерт әдісі) арқылы

























Жұмбақ шешу

Аяғы, тұлға, басы бар,

Сыртында сауыт тасы бар..

Тағамға ұқсас атауы,

Шешуін оның табыңдар.

(Ұлу)


Аяғы бар басы жоқ,

Тұлғасы бар қарны тоқ

Екі жақтау қорғаны,

Ол болмаса сорлады.

(Айқұлақ)


Бақалшағы жоқ сыртында,

Үккісі бар ұртында.

Қорегін ұстар таяғы,

Арқанға ұқсас аяғы (Сегізаяқ)





Тіршілігі мен сыртқы құрылысы[өңдеу]

Өзен шаяны өзен-көлдер мен ағынды тоғандарда мекендейді. Бұл-судың тазалығын қажет ететін өсімдік. Шаянның денесі екі бөліктен: баскөкірек және құрсақтан құралады. Баскөкірек бөлігінде бірі- ұзын, бірі-құсқа екі жұп бунақтанған мұртшалары, екі көзі мен ауыз мүшелері алдыңғы жағында болады. Бұлардан сәл төменірек бес жұп бунақтанған аяқтар көрінеді, олардың алдыңғы екеуінің ұшында үлкен қысқышы бар, ал қалған төрт жұбы жүретін аяқтар болып есептеледі.

Шаянның баскөкірегі алты бунақты құрсақпен жалғасып, бунақтардың әрқайсысында екі-екіден екі тармақты қысқа аяқшалар болады. Шаянның құрсағы жалпақтау келген қатты тақташадан тұратын құйрық жүзбеқанатымен аяталады. Құрсақтың соңғыбунағында аналь тесігі болады.

Шаян денесін қатты хитинді жабын қаптағандықтан, сілемейлі қабықшамен қапталған денені шұбалшаң тәрізді соза немесе жиыра алмайды. Сондықтан ол су түбінде бунақтанған жүру аяқтары арқылы жүреді , суда бунақтанған құрсағын лезде бүгіп, құйрық жүзбеқанатын қатты серпу арқылы жүзеді. Су түбінде қозғалғанда- алға қарай, суда жүзген кезде артқа қарай қозғалады. Бұд кезде хитинді жабынмен қапталған аяқ немесе құрсақ бунақтары сауыттың ішкі жағындағы бұлшықеттер арқылы қимылдайды.Шаянның сауыты қорғаныш жабын болады, ішкі қаңқа тәрізді бұлшықеттер арқылыбуындасқан сүйектерді қимылға келтіріп, қызмет атқарады.

Тыныс алуы[өңдеу]

Шаян баскөкіректің екі бүйіріндегі екі желбезек қуысындағы нәзік өскіншелер - желбезектер арқылы тыныс алады. Баскөкіректің астыңғы жағындағы саңылаудан су дене қуысына өтіп, желбезекке дейін барады. Желбезек арқылы қанға оттегі өтіп, қаннан көмірқышқыл газы суға бөлінеді.

Қан айналымы[өңдеу]

Шаянның қан айналымы арқа жағын ала орналасқан жүрек пен қантамырлар - салатамыр арқылы жүзеге асады. Тамырлардағы қаннан жүрек қимылға келеді, сөйтіп, қантамырлар соғады. Жүрек-пішіні бесбұрышты кішкене қалта, оған дене қуысындағы түссіз қан тікелей келіп тұрады. Жүрек жиырылған кезде қанды салатамырға айдайды да, қан салатамырдан ішкі мүшелер аралығына барады. Қан ішекте қорытылған қоректі, сондай-ақ желбезек арқылы оттегін қабылдап, зәршығару мүшелерін сүзіп өтіп, оларға оттегі мен қорек жеткізеді, мүшелердегі көмірқышқыл газды және бөлінген сұйық өнімді алып кетеді.

Зәр шығаруы[өңдеу]

Шаян екі жасыл без арқылы зәр шығарады. Жасыл бездер- сыртқа шығаратын өзекшелері бар дөңгелек қалташалар. Осы бездерден бөлінген сұйық өнім қанға барып, тамыр қабырғаларынан сүзіледі , еріген заттар сыртқа төгіледі.



Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы. Кластың жалпы сипаттамасы.
  • Биология
Описание:

Сабақтың тақырыбы:Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы. Класстың  жалпы сипаттамасы. Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы.

Сабақтың мақсаты:Буынаяқтылардыңкөптүрлілігін, жәндіктердіңнегізгі ерешеліктерін ұғындыру, шаянтектестердің
тіршілігі және сыртқы, ішкі мүшелерінің қызметін толық меңгерту.
Дамытушылық: Сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс - әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, білім – білікітілігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, суреттер, электронды оқулықтан
үзінді, кестелер

Сабақтың түрі: Топтастыра іздестіру сабағы, сайыс.

Сабақтың әдісі: талдау, қорыту, топтау.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, өнер.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, таблицалар, муляж.

Барысы:

Ұйымдасытыру бөлімі

Автор Елубаева Гульсезим Курмангазиевна
Дата добавления 19.12.2014
Раздел Биология
Подраздел
Просмотров 3495
Номер материала 8346
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓