Инфоурок Биология Другие методич. материалыБунақ денелілердің көптүрлілігі және маңызы

Бунақ денелілердің көптүрлілігі және маңызы

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің көптүрлілігі және маңызы

Сабақтың мақсаты:

      білімділігі бунақденелілер көптүрлілігін айқындау, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

    дамытушылығы оқушылардың  ойлау, есте сақтау, өз бетінше іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

   тәрбиелілігі оқушылардың тірі ағзаларға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортадағы тіршілік иелерін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:   аралас                                                                   

Сабақтың түрі:   дәстүрлі

Сабақтың әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап, пікірлесу, іздендіру, сәйкестендіру.

Технология:         сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық – коммуникациялық

                                технологиясының элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, тірек-сызба, бунақденелілердің суреттері

Пәнаралық байланыс: география

                                                Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

ә) сабаққа психологиялық даярлық жасау;

б) сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырыбы Бунақденелілер класы

«Сұрақ менен, жауап сізден»

1. Бунақденелілердің сыртқы құрылысында қандай ерекшеліктер бар?

2. Бунақденелілердің аяқтарының құрылысы қандай?

3. Бунақденелілерде қандай қанаттар болады?

4. Бунақденелілердің жүйке жүйесі мен сезім мүшелері қалай құралған?

5. Бунақденелілердің көзіне сипаттама беріңдер.

6. Бунақденелілердің қанайналым және тыныс алу жүйесін түсіндір?

7. Бунақденелілердің асқорыту жүйесі мен зәр шығару жүйесі қандай?

8. Бунақденелілердің ауыз аппараты мен даму жолын сипатта.

ІІІ.Өтілген сабақты қорытындылау

«Артығын тап» (интерактивті тапсырма)

Мақсаты:бунақденелілердің арасынан басқа буынаяқтыларды ажырату.

VІ. Жаңа сабақты талдау

1.Бунақденелілер класының көптүрлілігі:

·   алғашқы қанатсыздар

·   қанатты бунақденелілер

 

2. Бунақденелілердің маңызы

 

Бунақденел ілер класы

Алғашқы қанатсыздар

класс тармағы: камподия, аяққұйрық, қанатты қабыршақ

 

 

Қанаттылар

класстармағы: көбелек, ара, шыбын, инеліктер және т.б

 

 

  Бунақденелілер класы — жануарлар әлеміндегі ең алуан түрге бай, көп таралған жәндіктер тобы. Сондықтан бұл класс екі класс тармағына бөлінеді: біріншісі — алғашқы қанатсыздар, екіншісі — қанаттылар.

Алғашқы қанатсыздар класс тармағы ең қарапайым құрылысты бунақденелілер, оларда ешқашан қанат болмаған. Бұлар жай көзді, тура дамитын жәндіктер. Алғашқы қанатсыздар класс тармағына камподия, аяққұйрық, қанатты қабыршақ жатады. Олар жер шарының барлық бөліктерінде кең тараған. Терісінің жұқа болуына байланысты күн сәулесі түспейтін ылғалды жерлерді – топырақ астын, орман төсенішін, шіріген өсімдіктердің, мүктердің арасын мекендейді. Дене тұрқы 1-3 мм болады, ең ірілері  50 мм-ге жетеді. Көкірегінде аяқ жұрнақтары сақталған. Алғашқы қанатсыз жәндіктер көбінесе шіріген органикалық қалдықтармен қоректеніп, топырақ түзу процесіне қатысады. Ал қанаттылар – жоғары деңгейде дамыған жәндіктер. Көпшілігінде қанат болады. Кейбіреулерінде қанат болмайды. Бұл паразитті тіршілік қалпына көшуіне байланысты пайда болған екінші реттік белгі. Қанаттылар класс тармағының саны өте көп. Сондықтан қанатты бунақденелілер класс тармағына тоқталу қажет. Жалпы бунақденелілер класының 35 отряды бар. Олардың ішінен өз жерімізде тіршілік ететін түрлерімен танысамыз.

Қанаттылар отряды:

         турақанаттылар – шегіртке, шекшек, бұзаубас

         қатқылқанаттылар – қоңыздар

         қабыршаққанаттылар –  көбелектер

         қосқанаттылар – маса, құмыты, шіркей,  шыбын

         жарғаққанаттылар – құмырсқа, балара, шаншар

         теңқанаттылар – бітелер.

Турақанаттылардың алдыңғы қанаты қатқылдау денеге тура орналасқан.

Турақанаттың астында жалпақтау келген екінші жұбы  жарғаққанаты бар.

Ауыз мүшесі кеміруші, артқы аяғы ұзын  болғандықтан ұзаққа секіре алады.

Қоңыздардың үстіңгі жұбы-қатқыл, дөңестеу, хитинді тақташадан құралған. Сондықтын қатқылқанаттылар деп аталған.

 

Көбелектердің қанаттарын хитинді ұсақ қабыршақ қаптайды. Сондықтын қабыршаққанаттылар деп аталған. Қосқанаттылар ең ұшқыр жәндіктер. Бұларда тек алдыңғы екі қанат болады. Соңғы екі қанаты өзгеріп ызылдауыққа айналған.  Жарғаққанаттылардың мөлдір жарғақ тәрізді екі жұп қанаттары болады. Бұлар қоғам болып тіршілік ететін бунақденелілер. Семьяда атқаратын қызметіне байланысты полиморфизм (сыртқы айырмашылықтар)   жақсы көрінеді. Мысалы, бал аралардың семьясында аналық араны, жұмысшы араны және аталық араны ажыратады. Аналық ара ұрықтанған соң ұшу қабілетін жояды, көп мөлшерде жұмыртқа салады. Өзін қоректендіріп, күтетін жұмысшы араларға тәуелді болады.  Денесі қампиған өсімдік шырынымен қоректенетін ұсақ жәндіктер. Ерекшелігі аталықтарында көлденең жүйкелі қанаты болады, аналықтары қанатын жойған.

2. Бунақденелілердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы

(Бунақденелілердің маңызы мен қиқоңыздың тіршілігі туралы видеоролик көрсетіледі)

Бунақденелілердің табиғаттағы, адам өміріндегі қандай пайда-зиянын білдіңдер? Қиқоңыздың қандай пайдасы бар?

Бунақденелілердің пайдасы:

         өсімдіктерді тозаңдандырады

         топырақты қопсытады, топырақ түзуге қатысады

         зиянкестерді жояды

         бал және балауыз береді

         жібек алу үшін өсіріледі

         санитарлық қызмет атқарады

         тағам ретінде пайдаланылады.

3. Бунақденелілердің зияны:

         ауру таратады

         ауыл шаруашылығының зиянкесі

         жеміс - жидектерге, көкөніс дақылдарына зиян

         үй жиһаздарына, азық - түлікке зиян

V. Бекіту.

1-тапсырма.«Жүйелеуге кім жүйрік?»

 Бунақденелілер систематикасын құру. Алдымен бунақденелілер систематикасын құрмас бұрын өткенді еске түсіре отырып, мына сұрақтарға жауап береміз.

1. Патшалық нешеге бөлінеді? Бунақденелілер қандай патшалыққа жатады?

2. Бунақденелілер қандай типке біріктіріледі?

3. Буынаяқтылар класы нешеге бөлінеді?

4. Бунақденелілер неше класс тармағына бөлінеді?

5. Бунақденелілер қандай белгілеріне қарай отрядқа бөлінеді?

6. Ұқсас түрлер неге біріктіріледі?

7. Жүйелеудегі ең кіші өлшем бірлікті ата.

Мына бунақденелілерді жүйелейміз: бал ара, бөлме шыбыны, шалғындық инелік, зауза қоңызы және т.б.

 

Патшалық: жануарлар

Типі: буынаяқтылар

Класы: бунақденелілер

Класс тармағы: қанаттылар

Отряды:жарғаққанаттылар

Туысы: аралар

Түрі: бал арасы

2-апсырма: Сәйкестендіру тесті

Отряды

Түрлері

1. Турақанаттылар отряды

2. Жарғаққанаттылар отряды

3. Теңқанаттылар отряды

4. Қатқылқанаттылар отряды

5. Қосқанаттылар отряды

6. Қабыршаққанаттылар отряды

а) қоңыздар          

ә) шегіртке, шекшек, бұзаубас

б) құмырсқа, балара, шаншар

в) бітелер

г) көбелектер                         

д) маса, құмыты, шіркей,  шыбын

Жауабы: 1-ә; 2-б; 3-в; 4-а; 5-д; 6-г

VІ. Өтілген сабақты қорытындылау

Жәндіктерсіз өмір не болар еді? (пікірлесу)

Егер жер бетінде барлық жәндік атауы жойылып кетсе не болар еді?

(Оқушылардың пікірін тыңдау)

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Егер жер бетінде барлық жәндік атауы жойылып кетсе далалар мен ормандар, гүлге тұнған шалғындықтар адам танымастай өзгереді.Сөйтіп, біртіндеп барлық гүл атаулы жоғалып, біздің көзіміз ондай құлпырған әр түрлі әсем гүлдерді көріп, қуана алмай қалады. Көптеген құстар жоғалып, орман – тоғай өлі, қараңғы түнекке айналар еді. Жер беті біртүрлі гүлсіз, иіссіз өсімдіктердің шөліне айналар еді. Ал тіршілік иесі – адамзат болса қуанышсыз, мардымсыз өмір кешері анық. Сондықтан біздің тілегіміз, жер бетіндегі барлық жәндіктер, мейлі, ол жақсы болсын, жаман болсын тіршілігін жоймасын. Оларды қорғау біздің міндетіміз.

 

Рефлексия

1. Бүгін мен білдім…

2. Қызықты болды…

3. Қиын болды…

5. Мен үйрендім…

6. Мен өміріме қажетімді алдым…

VІІ. Үйге тапсырма беру

Мәтінді оқу,  202 – беттегі жаттығуларды орындау.

VІІІ. Бағалау.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бунақ денелілердің көптүрлілігі және маңызы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

      білімділігі бунақденелілер көптүрлілігін айқындау, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

    дамытушылығы оқушылардың  ойлау, есте сақтау, өз бетінше іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

   тәрбиелілігі оқушылардың тірі ағзаларға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортадағы тіршілік иелерін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:   аралас                                                                   

Сабақтың түрі:   дәстүрлі

Сабақтың әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап, пікірлесу, іздендіру, сәйкестендіру.

Технология:         сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық – коммуникациялық

                                технологиясының элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, тірек-сызба, бунақденелілердің суреттері

 

Пәнаралық байланыс: география

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 563 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2015 691
    • DOCX 29.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Актамбердинова Лейла Мухаметкалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 103650
    • Всего материалов: 31

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 395 человек

Курс повышения квалификации

Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 273 человека

Курс повышения квалификации

Методика подготовки к ЕГЭ по биологии в соответствии с новой структурой и содержанием КИМ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 140 человек

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 416 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе