Инфоурок Биология Научные работыТақырыбы :"Буынаяқтылартипі, бунақденелілер класы."

Тақырыбы :"Буынаяқтылартипі, бунақденелілер класы."

Скачать материал

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылартипі, бунақденелілер класы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Буынаяқтылар типі және бунақденелілер класы туралы білімдерін дамыту, олардың тіршілік әрекеттері, таралуының ерекшеліктері,табиғатта және адам өмірінде алатын орны туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін арттыру, оқушылардың білім-біліктігін дамыту. Тәрбиелік:Оқушыларды қоршаған ортаны, табиғатты аялауға,мейірімділікке,инабаттылыққа,білгендерін көңілге тоқып, іс-әрекетінде пайдалана білуге,табиғатқа қамқор бола білуге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кесте, тест, оқулық.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,талдау,түсіндіру,көрнекілік,баяндау.

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Буынаяқтылар типі- аяғы бунақталған, екі жақты симметриялы, көпжасушалы жәндіктер. Денесінің сырты тығыз хитинмен қапталған. Осы типке жататын жәндіктердің барлығының аяқтары буын-буын бунақтармен жалғасқандықтан, буынаяқты жәндіктер деп иаталған. Буынаяқтылар типінің негізгі 3 типі бар: шаянтәріздестер, өрмекшітәріздестер, бунақденелілер класы. Буынаяқтылардың сыртқы хитинді жабыны өте жеңіл. Сондықтан буынаяқтылар салмағы ауыр бақалшақты ұлулардан әлдеқайда оңтайлы қимылдайды. Хитин берік болғандықтан созылмайды. Буынаяқтылар денесі өскенде хитинді жабын мезгіл-мезгіл денеден сыпырылып, түлейді. Хитинді жабынның қалың-жұқалығы барлық жәндіктерде біркелкі емес. Өзен шаяны, таңқышаян жабыны, қоңыздың қатты қанаты және жабыны жұқа болады.

 Бунақденелілерді зерттейтін ғылым –энтомология (гректің «нентома»-бунақдене+ «логос»-ғылым) Ол зоология ғылымының бір саласы Бунақденелілердің табиғатта және адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Егер олар өсімдіктерд тозаңдандырмаса ,табиғат аясынан сан құбылып ,көздің жауын алатын түрлі өсімдіктерді кездестіре аларма едік.Ағаш жапырағында жорғалап жүрген құртқа ұқсас жәндікті көреміз.Бұл көбелектің дернәсілі жұлдызқұрт. Оның  5-жұп жалғанаяқтары бар.Ересек көбелекте 3-жұп аяқтары бар.Ересек көбелектің ауыз мүшесі –түтік тәрізді ұзын иірілген тұмсықша. Бұл тұмсықшамен ол гүл шырынын сорады. Көбелектің дернәсілін  жұлдызқұрт деп атайды. Жұлдызқұрт өсімдіктің жапырақтары мен қоректенеді және тез өседі, бірнеше рет түлейді.ең соңғы түлеудің алдында ағаш діңіне өрмелеп шығып қуыршаққа айналады.Ол бұл кезде ешбір қозғалыссыз қалады,қоректенбейді.Дегенмен хитинмен қапталған қуыршақта өте күрделі өзгерістер жүріп жатады. Онда ересек көбелектің дене мүшелері қалыптасады. Қыстап шыққан қуыршақтан көктемде бірден көбелек шығады. Көбелектің даму сатыларын тізіп көрсетелік:жұмыртқа,дернәсіл, қуыршақ, ересек көбелек. Жұмыртқа салу мерізімі ,орны, даму мерізімі әр түрлі бунақденелілердің түріне қарай әрқалай болады. Мысалы зауза қыңызы жұмыртқаларын топыраққа ,шыбын ластанған жергелерге, көбелектер өсімдік жапырақтарына ,ағаш жемісіне т.б.жерлерге салады. Зауза қыңыз дернәсілінің дамуы4 жылға,шыбын дернәсілінің дамуы бірнеше тәулікке созылады.Түрленіп дамудың маңызы бунақденелілердің табиғатта кеңінен таралып ,өз түрлерін сақтауға едәуір мүмкіндігі бар. Дернәсілі ересек жәндіктің қорегіне «ортақтаспайды»,әрі тұрағы да басқа болады. Мысалы,зауза не картоп қоңызының дернәсілі топырақта тіршілік етеді,өсімдік тамырларын ,жер асты бөліктерін жеп қоректенеді.Ал,ересек қоңыздар ағаш жапырақтарын қорек етеді.Химикаттан жер бетіндегі бунақденелілер қырылады да,топырақ арасында жүрген немес еәлі қуыршақ күйінде жатқан дернәсілдер аман қалады.Сонымен түрленіп даму тәсілі де-бунақденелілерді жойылып кетуден сақтайтын бейімділіктің бірі. Олардың табиғаттағы пайдасы мыс.көңқоңыз топырақты қопсытады,қанқыз, құмырсқа ауыл шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды.Баларалар адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады. Көбелектер өсімдіктерді тозаңдандыруда маңызды өызмет атқарады, алайда олар дүниеге әкелетін жұлдызқұрттар ауылшаруашылығы үшін нағыз зиянкестер санатында. Жібек көбелектері жібек жіп алу үшін өсіріледі. Тұт көбелегі 5 мың жыл  бұрын Қытайда қолға үйретілген. Оның пілләлары тарқалады, алынған жіптен жібек маталарын тігеді. Бір пілләдан 1,5 мың метр жіп қолға  тиеді.  Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді. Кейбір елдерде бунақденелілерді тағам ретінде пайдаланады.Ал, табиғатта тіршілік ететін зиянды бунақденелілерде кездеседі мыс. бүйі,қарақұрт,құршаян улылығымен, паразиттік тіршілігімен ауру таратқыштығымен ,омыртқалы жануарларға және адамдарға зиянды. Паразит бунақденелілерге маса,қандала, бит, бүрге,тарақан көптеген қауіпті ауруларды таратып,адамдарға зиянын тигізеді.Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденеліге –Азиялық шегіртке жатады.Жәндіктердің санына және шоғырлануына байланысты шегірткелердің үйірлі және саяқ түрлері болады. Үйірлі шегірткелер дернәсілдерінің тығыз топтасуынан –жаушоғыл (кулига),ересектерінің жиналуынан үйір түзеді. Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшеді. Саяқ шегірткелер ұзақ ұшпайды-көшпенді емес.Азиялық шегіртке (көкқасқа шегіртке)өте қауіпті,зиянкес жәндік. Көкқасқа шегірткенің аналығынан өрбіген ұрпақтары екі қойды тойдыратын азықты жояды.Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1-2 сағатта жүздеген гектар егістікті тып-типыл етеді. Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяушегіртке деп аталады. Жаяушегірткеден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды.Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшеді.

Бунақденелілерге қоңыздаршыбындармасалар, көбелектер, баларалар, құмырсқалар, инеліктер жатады. Бұлар жер бетінде жорғалап, ауада ұшып жүріп тіршілік етеді. Кейбіреулері -суаршынсуқандаласушалқақзуламат суда өмір сүреді. Адам мен жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін бүрге, бит, қандала және топырақ астында тіршілік ететін бұзаубас түрлері бар.

Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылымы да сан түрлі. Мысалы: сүзіп жалаушы (шыбын); шаншып-сорушы (маса, орман қандаласы ) ; кеміруші (тарақан, қоңыздар); кеміріп-жалаушы (балара); түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек)

Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі - денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: баскөкірек және құрсақ бөлімдері деп аталады. Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері - алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады. Көбею мүшелері құрсағында болады. Бунақденелілер демтүтік (трахея) арқылы тыныс алады.

Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді.Олар:тура даму,(қанатсыз бунақденелілер)шала түрленіп даму,(инелік,дәуіт, шегіртке,бұзаубас, бит, қандала) және толық түрленіп даму(қоңыз, көбелек, бүрге, шыбын, маса, құмырсқа, балара)

Тура даму дегеніміз-ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсасжас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан толысып дамиды.

Толық түрленіп даму  деп-дамуы 4 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсамайтын бунақденелілерді айтамыз.

Шала түрленіп даму деп -дамуы 3 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсайтын бунақденелілерді айтамыз.

Дамудың сызбанұсқасын былай кескіндей аламыз:тура даму:жұмыртқа—имаго; шала түрленіп даму:жұмыртқа –дернәсіл---имаго;толық түрленіп даму: жұмыртқа—дернәсіл—қуыршақ-имаго.Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.Имаго(латынша имаго- ересек жәндік)

ІІІ. Сабақты бекіту

Тест сұрақтары
1. Жарғаққанаттылар отрядына жататын жәндік

А) қосқанаттылар
В) дәуіт
С) шегіртке
D) балара
Е) көбелек.
2. Бунақденлілер қандай класс тармақтарына жіктеледі:
А) өрмекшітәріздестер, шаянтәріздестер
В) буынаяқтылар, өрмекшітәріздестер
С) бауыраяқтылар, қанаттылар
Д) басаяқтылар, қосжақтаулылар
Е) туақанатсыздар, қанаттылар
3. Бунақденелілердің қан тарату жүйесі?
А) тұйық жүйелі
В) ашық жүйелі
4. Бунақденелілердің барлығы неше аяқты?
А) 8 С)4 Е) 2
В) 10 Д) 6
5. Адам мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін бунақденелі
А) шыбын Д) бит
В) қоңыз Е) инелік
С) бұзаубас
6. Латын тілінен аударғанда имаго сөзі
А) тура даму С) дернәсіл Е) итшабақ
В) ересек жәндік Д) қуыршақ
7. Бунақденелілердізерттейтінғылымсаласы
А) герпетология
В) гельминтология
С) энтомология
Д) бриология
Е) вирусология
8. Толықтүрленіп даму:
А) жұмыртқа - дернәсіл - қуыршақ – имаго
В) жұмыртқа - дернәсіл – имаго
С) жұмыртқа – имаго
Д) имаго – қуыршақЕ) имаго
9. Толықтүрленіпдамитынбунақденелілер.
А) Алабұға, сазан. С) Шұбалшаң, гидра.
D) Шегіртке, тарақан, дәуіттер.
В) Кесіртке, жылан.
С) Шұбалшаң, гидра.
D) Шегіртке, тарақан, дәуіттер.
Е) Қоңыз, шыбын, маса
10. Зәршығарумүшесі

А) демтүтікВ) бүйрекС) мальпигийтүтігіД) өкпеЕ) нимфа
ІҮ. Үйге тапсырма: Буынаяқтылар типі. Буынаяқтылар класы.

Ү. Қорытынды.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы :"Буынаяқтылартипі, бунақденелілер класы.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 820 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.02.2016 2193
    • DOCX 21.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Усманова Гаухар Октябровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Усманова Гаухар Октябровна
    Усманова Гаухар Октябровна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2294
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 325 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 490 человек

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек