Главная / Другое / Бухгалтерлік құжаттар және олардың мақсаттары

Бухгалтерлік құжаттар және олардың мақсаттары

hello_html_m1fca5737.gifhello_html_m771435c2.gifhello_html_m771435c2.gifhello_html_m771435c2.gifhello_html_550ab736.gifӨткізілу мерзімі: 17.10.14 ж.

Өткізілу уақыты: 1 ауысым, 3-пара 11.00-де

Өткізілу орны: № 306 кабинет

Ашық сабақты өткізетін топ: Е-32-1

Топ саны: 24

Оқытушы Қалдыбаева Ардақ Сапаргалиевна



Сабақтың құрылымдық-логикалық схемасы









Ұйымдастыру кезеңі-3 мин







Үй тапсырмасы-20 мин.





Негізгі бөлім-20 мин.





Қорытындылау(бағалау,үй тапсырмасын беру):-7 мин















Күні : 17.10.14 ж

Пәннң аты: Бухгалтерлік есеп негіздері

Сабақтың тақырыбы: Бухгалтерлік құжаттар және олардың мақсаттары

Сабақтың мақсаты: Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуімен және оның түрлерімен таныстыру.

Сабақ міндеттері:

  1. Сабақ барысында тақырыпқа сәйкес құжаттар толтыра отырып, олардың ойлау қабілетін арттыру.

  2. Таңдалған мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, ұқыптылыққа , жауапкершілікке, өзара қарым – қатынас этикасына тәрбиелеу.

  3. Ойлау және таңдау қабілеттерін, құжатпен және шоттарымен жұмыс жасау дағдасын қалыптастыру.

Техникалық құрал-жабдықтар: Проектор, слайдтар топтамасы

Көрнектілігі: Есеп шот жоспары, 1 С Бухгалтерия бағдарламасы, құжат толтыруға арналған тәжірибиелік тапсырмалар.

Сабақ түрі: Іскерлік ойын технологиясы

Сабақтың әдісі:Алдын-ала тапсырма орындау.

Жұмыс формасы:Топтық.

Пәнаралық байланыс: Бухгалтерлік есеп негіздері , ақша , қаржы және несие, экономика негіздері, статистика.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру

2. Үй тапсырмасын тексеру:

Жұмыс түрлері:

  1. Іскерлік ойын сайыс «Мамандар сайысы»(12 мин) (шартымен таныстыру)

Топты 4 кәсіпорынға бөлеміз.

Тапсырма:

1.Әр топ бір кәсіпорын деп есептелінеді, оның атын, қызметкерлерінің міндеттерін, жұмыс істеу обьектілерінің сипаттамаларын жазып келу.

2. Балансын құру және өтілген тақырыптар бойынша құжаттарды толтыру тапсырмасы берілген.

2. Іскерлік ойын «Шотты тап» (3мин)

Өткен тақырыптар бойынша негізгі құралдардың шоттардың атауын табу ойынымен ойналады. Әр топ өзіне берілген бухгалтерлік есеп шоттары бойынша жасырылған шоттарды жұмбақ-сурет арқылы табады. Әр топқа 10 шоттан беріледі.Қай топ шоттарды көп табады ,сол топ жеңімпаз болып табылады.

3. Өткен тақырып бойынша үлестірмелі карта арқылы сұрақтарға жауап беру(5 мин)

1-топқа берілген сұрақтар

1.Бухгалтерлік баланста қолданатын өлшем бірлік:

А)мың теңге;

В)жүз мың теңге

С)теңге

Д)он мың теңге;

Е)миллион теңге;

2.Баланстық құн-

А)тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы құны;

В)негізгі құралдардың сатып алу құны;

С)негізгі құралдардың сату құны;

Д)негізгі құралдардың жою құны;

Е)негізгі құралдардың сату құнынан жою құнын алып тастағандағы құн;

3.Бухгалтерлік баланс мына құжат негізінде құрылады:

А)түсініктеме хат;

В)талдау шоттары бойынша айналым тізімдемесі;

С)мемориалды ордерлер;

Д)журнал-ордер;

Е)бас кітап

4.Балансты оны жасаудың қайнар көздері бойынша нешеге бөлінеді және оларды ата?

А)инвентарлық,кітаптық,бас.

В)кітаптық,бас.

С)біртекті,жинақ.

Д)топтастырылған жинақ,кітаптық,бас,біртекті.

Е)таратылу баланс,бөлу баланы.

5.Кіріспе баланс дегеніміз не?

А)Кәсіпорын алғаш рет құрылған кезде жасайды.

В)Текқана ағымдағы бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде оларды тексермей-ақ жүргізу.

С)Кәсіпорының барлық қызмет ету уақыты бойында жасалады.

Д)Кәсіпорын таратылған және жабылған кезде жасалады.

Е)Бірнеше кәсіпорындарды біріктірген кезде жасайды.


2-топқа берілген сұрақтар

1.Қызметінің сипатына байланысты баланстар нешеге бөлінеді?

А)2

В)4

С)3

Д)5

Е)6

2. .Ұйымдар жылдық қаржылық есеп берулерін есепті кезеңді қай күні тапсырады?

А)25-наурыз

В)30-сәуір

С)12-мамыр

Д)18-желтоқсан

Е)31-ақпан

3 .Кәсіпорының бағытына және оның жарғысына сәйкес жасалған баланы қалай аталады?

А)Негізгі қызмет

В)Негізгі қызмет емес

С)Дербес

Д)Баланы-брутто

Е)Баланс-нетто

4 .Бейнелеу көлемі бойынша баланс қалай бөлінеді?

А)дербес,жеке

В)негізгі,негізгі емес

С)баланс-брутто,баланс-нетто

Д)жинақ,топтастырылған

Е)кітаптық,бас

5.Баланс-брутто дегеніміз не?

А)реттеуші баптардың қосатын бухгалтерлік баланс

В)реттеуші баптарсыз жасалған бухгалтерлік баланс

С)заңды тұлғалар болып табылатын кәсіпорындарда болады

Д)кәсіпорындардың құрлымдық бөлімшелері

Е)кәсіпорының бағытына және оның жарғысына сәйкес жасалған баланс



3-топқа берілген сұрақтары

1.Бухгалтерлік баланс дегеніміз не?

А) белгілі бір мерзімге және ақшалай бағалаумен көрсетілген кәсіпорынның шаруашылық құралдарын экономикалық топтастыру және жалпылау әдісі болып табылады. Бухгалтерлік баланс екі бөлімнен, яғни актив және пассивтен тұрады.

В) шығындарды топтастыру, өнімдердің жеке бір түрлерінің және өндіріліп дайындалған материалдық құндылықтардың өзіндік құнын анықтау.

С) шаруашылық әрекеттерді бір мезгілде бірдей сомада екі шотта көрсету, яғни әрбір шаруашылық әрекетін екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазу әдісі.

Д) есепті кезеңге кәсіпорынның шаруашылық құралдары, міндеттемелерінің қозғалысын және қаржылық жағдайын сипаттайтын әрі белгілі бір кесте нысанында көрсетілген бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің жиынтығы.

Е) жалпы кәсіпорын бойынша ағымдағы немесе есепті кезеңге жалпылама мәліметтерді алу үшін шаруашылық құралдарын, міндеттемелерді және шаруашылық әрекеттерін ақшалай түрде көрсету әдісі.

2.Кәсіпорын босатылған немесе жойылған кезде баланс қалай аталады?

А)Таратылу баланс

В)Бөлу баланс

С)Біріктіру баланс

Д)Кіріспе баланс

Е)Ағымдағы баланс

3.Бастапқы баланс есепті кезеңнің қай кезінде құрылады?

А) басында

В) ортасында

С) соңында

Д) аяғында

Е) жыл жартысында

4.Баланстар ақпараттар көлеміне байланысты нешеге бөлінеді?

А)5

В)6

С)4

Д)3

Е)2

5.Біртекті баланс дегеніміз не?

А) тек бір ғана кәсіпорынның қызметін көрсетеді және ағымдағы бухгылтерлік есеп мәліметтерінің негізінде құрылады

В) бірнеше біртекті баланс баптарында есепте тұрған сомаларды механикалық түрде қосу жолымен алады.

С) кәсіпорын жойылған және жабылған кезде құрылады.

Д) бірнеше кәсіпорындарды біріктерген кезде құрады.

Е) ірі кәсіпорынның бірнеше кіші-гірім құрылымдық бірліктерге, немесе құрылымдық бөлімшелерді басқа бір кәсіпорынға берген кезінде құрылатын баланс, бұл жағдайда балансты беру балансы деп те атауымызға болады

4 топқа берілген сұрақтары

1.Тазарту тәсілі бойынша баланстар қалай бөлінеді?

А) баланс-брутто және баланс-нетто

В) дербес,жеке.

С) негізгі, негізгі емес қызмет баланстар

Д) инвентарлық,кітаптық,бас

Е) біртекті,жинақ.

2. Баланстар ақпараттар көлеміне байланысты қалай бөлінеді?

А) біртекті,жинақ, топтастырылған жинақ

В)біртекті,жинақ

С)кітаптық,бас

Д)инвентарлық,біртекті

Е)бас,жинақ

3. Есеп мәліметтерінің және түгендеужүргізу деректерінің негізінде құрылады.

А) Бас баланс

В) Біртекті баланс

С) Жинақ баланс

Д) Кітаптық баланс

Е) Жинақ - консолидацияланған баланс

4 .Жылдық қаржылық есеп берудің есепті кезеңі қай айлар аралығнда күнтізбелік жыл табылады.

А) 1 қаңтардан 31 желтоқсанға

В)1 қаңтардан 15 сәуір

С)25 наурыз 31желтоқсан

Д) 31 желтоқсан 1 қаңтар

Е)24 ақпан 16 желтоқсан

5.Ірі кәсіпорының бірнеше шағын құрлымдық бөліктерге немесе құрлымдық бөлімшелерді басқа ірі кәсіпорынға берген кезде жасалатын баланс қалай аталады?

А)Бөлу баланс

В)Ағымдағы баланс

С)Таратылу баланс

Д)Біріктіру баланс

Е)Кіріспе баланс


3. Жаңа сабақты түсіндіру: (Орындалу тәсілі тірек сызба)(20 мин)

Бухгалтерлік құжаттар және олардың мақсаттары


Бухгалтерлік құжат (лат. documentum – дәлелдеу, куәлік) дегеніміз шаруашылық әрекеттерді орындау фактісін, оларды орындауға құқықты растайтын немесе жұмысшылардың оларға сеніп берілген құндылықтарға материалды жауапкершілігін бекітетін жазбаша куәлік.

Кәсіпорындардың шаруашылық және есеп жұмыстарындағы құжаттардың маңыздылығы:

  1. Құжаттар есеп жазбаларын негіздеу құралы қызметін атқарады. Құжаттардың сапасынан айтарлықтай шамада дерлік бухгалтерлік есептің де сапасы байланысты болады. Дұрыс бухгалтерлік есеп ақпараттарын қажетті кезде тек кәсіпорынның барлық шаруашылық әрекеттерін уақытында және нақты ресімдеу жағдайында ғана алуға болады. Құжаттар есеп деректерінің дұрыстылығы мен туралығын растайды және бухгалтерлік жазбалардағы мүмкін болатын қателерді анықтауға көмек береді.

  2. Бухгалтерлік құжаттардың үлкен оперативті мағынасы бар. Олар үкімдерді беруге, сонымен қатар шаруашылық әрекеттердің дұрыстығын растауға қызмет етеді, яғни кәсіпорынды оралымды басқаруға қолданылады.

  3. Бухгалтерлік құжаттар бақылау-талдау қызметін атқарады. Құжаттардың көмегімен орындалған әрекеттердің дұрыстылығы бақыланады, жүргізілетін жұмыстың ағымдағы талдауы жасалады, яғни кәсіпорынды алдын-ала, ағымдағы және кезекті басқару үшін пайдаланылады.

Алдын-ала бақылау кәсіпорын басшысының құжаттарға қол қоюы кезінде жүзеге асырылады, өйткені олар орындалған әрекеттер үшңн құжаттарды толтырған жұмысшының жеке жауапкершілігін алады.

Ағымдғы бақылау алғашқы құжаттардың мәліметтері бойынша қаржы-шаруашылық қызметі есебі мен талдауы процесінде жүргізіледі.

Кезекті бақылау көбінесе құжатты тексеру, аудит нысанында, сонымен қатар есеп қызметкерлерімен бухгалтерлік есепте шаруашылық әрекеттерін бейнелеу кезінде құжаттарды тексеру жолымен жүзеге асырылады.

Құжаттармен құжаттандыру, унификация, стандартизация және құжат айналымы сияқты үғымдары тығыз байланысты.

Құжаттандыру шаруашылық құралдарын, міндеттемелер мен шаруашылық әрекеттерін бухгалтерлік құжаттармен ресімдеу әдісі. Әрекет есепте оның растайтын сәйкес құжаттарсыз көрсетілуі мүмкін емес. Сондықтан барлық шаруашылық әрекеттерін дұрыс және уақытында ресімдеу бухгалтерлік есептің алғашқы кезеңі болып табылады.

Құжаттардың унификациясы – бұл меншік нысанынан және ведомстволық қатыстылығынан байланыссыз әр түрлі кәсіпорындарда ұқсас әрекеттерді ресімдеу кезінде пайдалану үшін құжаттардың үлгі нысандарын дайындау. Унификация құжаттарды шағымды етіп және қысқартады, сонымен қатар оларды автоматты өңдеуге дайындайды: бірреттік құжаттарды жинақтау құжаттарымен алмастыру, құжаттарда бар артық көрсеткіштерді жою, бірнеше жеке құжаттарды біріктіру және т.б.

Құжаттардың стандартизациясы – бұл құжаттарды басу кезінде қағазды тиімді пайдалану үшін мүмкіндік беретін бір типті құжаттар бланкілерінің бірдей (стандартты) мөлшерлерін жасау. Одан басқа стандартизация құжаттардың бухгалтерлік өңдеуін және олардың архивте сақталуын жеңілдетеді.

Құжаттарды неғұрлым тереңірек игеру және пайдалану үшін құжаттар бухгалтерлік есепте құжаттардың мақсатын сипаттайтын айтарлықтай мәнді белгілері бойынша жіктеледі:

  • Мақсаты бойынша;

  • Құрылу тәртібі бойынша;

  • Шаруашылық әрекеттердің мазмұны бойынша;

  • Әрекеттерді бейнелеу әдісі бойынша;

  • Толтыру жері бойынша;

  • Толтыру әдісі бойынша

«Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» көмегімен бірнеше ұйымдардың шаруашылық қызметінің бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізуге болады. Сонымен бірге жалпыға бірдей ақпараттық базаны бірнеше ұйымдардың-заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу үшін «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» қолдануға мүмкіндік береді. Егер олардың шаруашылық қызметі өзара берік байланысқан болса, онда ол өте ыңғайлы: жалпыға бірдей тауар тізімдерін, контрагенттерді (іскерлік серіктестер), жұмыскерлерді, қоймаларды (сақтау орындарын) және т.б қолдануға болады, ал міндетті есептілікті бөлек қалыптастыру керек. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» үшін салықтың әр түріне байланысты салық төлеушілерді анықтауға жұмыс істеу мүмкіншілігі бар.

5. Оқушылардың өздік жұмысы (3 мин)

Берілген тапсырманы орындау

6. Сабақты қортындылау (3 мин)

Қорытындылау өтілген тақырып бойынша тест сұрақтары арқылы алынады. 4 топ құжаттар бойынша берілген сұрақтарға жауап беру қажет

  1. Құжаттар дегеніміз–бұл:

а) Операцияның жасалу фактісі туралы жазбаша куәлік;

ә) Орындаушы адамдар қызметі туралы ақпарат;

б) Есеп жазбалары үшін арнаулы таблицалар;

в) шаруашылық операцияларын тіркейтін журнал;

  1. Құжаттар бухгалтерлік есеп жүргізудің негізі деп не есептеледі?

а) Құжаттар шаруашылық операциялар туралы алғашқы

ақпараттар жетекшісі;

ә) Құжаттарсыз есеп шоттарда жазу жүргізілмейді;

б) Құжаттар есеп жазбаларына заңдық күш береді;

в) Бұлай болып табылмайды;

  1. Құжаттар жасалған жері мен пайдаланылуы бойынша

қалай сараланады?

а) Бастапқы және жинақтаушы;

ә) Бір жолғы және құрама;

б) Атқарушы және нұсқаушы;

в) Ішкі және сыртқы;

  1. Ақпарат ауқымы бойынша құжаттар былай сараланады:

а) Бастапқы және құрама;

ә) Нұсқаулар және кәләндырушы;

б) Сыртқы және ішкі;

в) Бір жолғы және жинақтаушы;

  1. Құжаттар міндеттері бойынша қалай сараланады?

а) Бастапқы және жинақтаушы;

ә) Бір жолғы және құрама;

б) Нұсқаулар;

в) Нұсқаулар, аналитикалық және атқарушы,

  1. Құжатар құрылу тәсілі бойынша былай бөлінеді:

а) Бір жолғы және жинақтаушы;

ә) Машиналы және қолдан жасалған;

б) Бастапқы және құрама;

в) Ішкі және сыртқы;

  1. Құжаттағы ақпараттың дұрыстығы үшін кім жауап береді?

а) Бас бухгалтер;

ә) Басшы мен бас бухгалтер;

б) Құжатарды жасап, бекітуші адамдар;

в) Құжаттарды тексеріп, қабылдауға жауапты адамдар;

  1. Құжаттарды тексеру кезінде формальды жақтан анықталады:

а) Құжаттың барлық реквизиттерінің толық әрі дұрыс

толтырылуы;

ә) Құжаттардың уаұытылы жасалынуын сақтау;

б) Құжаттарды толтыру кезінде заң актілерінің бұзылмауы;

в) Құжатты жасау мен бекітуге жауапты адам қолының болуы;

  1. Құжатты бухгалтерлік өңдеу деген не?

а) Тексеру мен қабылдау;

ә) Бекіту;

б) Бухгалтерлік есеп шотына жазу;

в) Есеп шоттар қатынас қағаздарын қою.

7. Бағалау (2мин)

4 топтың басшылары шығып , өз кәсіпорынның қызметкерлерін бағалайды және оқытушы белсенді қатысқан студенттерді бағалау.

8.Үй тапсырмасы: Өткен тақырып бойынша кәсіпорынның құжаттарын жіктеу арқылы топтарға бөліп келу. Түгендеу түсінігі және түгендеу принципін оқып келу және түгендеу описьі құжатын алып келу..


Бухгалтерлік құжаттар және олардың мақсаттары
  • Другое
Описание:

Күні  : 17.10.14 ж

Пәннің аты:       Бухгалтерлік есеп негіздері

Сабақтың тақырыбы: Бухгалтерлік құжаттар және олардың мақсаттары

Сабақтың мақсаты:  Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуімен  және оның түрлерімен таныстыру.

Сабақ міндеттері:

1.     Сабақ  барысында тақырыпқа сәйкес құжаттар  толтыра  отырып, олардың ойлау қабілетін арттыру.

2.     Таңдалған мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, ұқыптылыққа , жауапкершілікке, өзара қарым – қатынас этикасына тәрбиелеу.

3.     Ойлау және таңдау қабілеттерін, құжатпен және шоттарымен жұмыс жасау дағдасын қалыптастыру.

Техникалық құрал-жабдықтар: Проектор, слайдтар топтамасы

Көрнектілігі: Есеп шот жоспары, 1 С Бухгалтерия бағдарламасы, құжат  толтыруға арналған тәжірибиелік тапсырмалар.

Сабақ түрі: Іскерлік ойын технологиясы

Сабақтың әдісі:Алдын-ала тапсырма орындау.

 Жұмыс формасы:Топтық.

 

Пәнаралық байланыс:  Бухгалтерлік есеп негіздері , ақша , қаржы және несие, экономика негіздері, статистика.

Автор Қалдыбаева Ардақ Сапаргалиевна
Дата добавления 27.11.2014
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 1082
Номер материала 5782
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓