Главная / Другое / Біржан сал. Сыныптан тыс іс-шара

Біржан сал. Сыныптан тыс іс-шара

Үш жүзді сайран қылған Біржан едім


Жукушева Күлтай Амангелдиновна


Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Лобанов орта мектебі

Айыртау ауданы


Мақсаты:

Білімділік – оқушыларға қазақ әншісі, ақын Біржан сал өмірінен мәлімет бере отырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру, шығармашылықпен ізденуге, тақырып ішіндегі ең негізгісіне, маңызды мәселелерге көңіл бөлу;
Тәрбиелік – оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, өзін – өзі басқаруға, өнер адамдарын құрметтеуге баулу; 
Дамытушылық – оқушылардың ой – қабілетін шыңдау, шешен де ғылыми тілде сөйлей білуге баулу, жеке тұлға қалыптастыру. 
Қатысушылар: 10,11 сынып оқушылары

Өту барысы

Жүргізуші: Құрметті жиналған мұғалімдер, оқушылар, бүгін «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» тақырыбында өткелі тұрған сыныптан тыс іс-шарамызға Қош келдіңіздер!

Ән: «Ләйлім шырақ» Ж.Р.Жұматаевтың орындауында

Бүгінгі іс-шарамызға 3 топ қатысады.

  Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылатанды да - осы тіл. Ең ащы да-тіл, ең тәтті де –тіл. Қазақ тілі -дүние жүзіндегі бай, бейнелі тілдердің бірі. Ал қазақ тілінде шырқалатын ән бар өнер ішінде үлкен орынға ие. Ал сол құдіретті күші бар ән мен күй иелерін халқымыз пір тұтқандықтан бүгінгі ойын көбіне сол төңірекке арналған.

(№1 слайд)

Беташарын додамыздың бастайық, Көпшілікті бір серпілтіп тастайық. Ортамызды сайыскермен толтырып, Қошеметпен шақырайық қол соғып.

1-топ ойыншылары: Сыздықова Гүлзира, Жукушева Нұргүл, Армия Алматы 2-топ ойыншылары: Бейбітхан Құралай,Казистаев Арсен, Нұржау Жеңіс 3-топ ойыншылары: Харани Айбахыт, Мырзатаева Толғанай, Сермаханов Ақжайып

Ал енді осы топтың қайсысы оза шабатынын, қайсысы  ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ-қазыларымызбен танысайық.

Тарих пәнінің оқытушысы Каримова Алия Акылбекқызы Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Шегенова Таттігүл Амангелдіқызы Оқу ісінің меңгерушісі Орынбаева Дана Шыңғысқызы

Жүргізуші:( №3 слайд) Бүгінгі сайыс тақырыбы айтып тұрғандай қазақ халқының дара ұлдарының бірі Біржан Қожағұлұлына арналғандықтан, сайысты бастамас бұрын шамалы мәлімет беруді жөн көрдік.

«Біржан сал Қожағұлұлы - әлеуметтік өмір жыршысы»- деп халқымыз әділ баға берген, бүгінгі күні әнші-орындаушылар, сазгер-ақындар арасынан тарих төрінен тиісті орынға әділ ие болған, елінің сал-серісі туралы Есмағамбет Ысмайлов ағамыз былай деген: «Біржан – қазақтың сал-сері ақындарының ағасы, ұстазы, жанашыр өнерпазы. Өнер дамыған сайын Біржан мұрасы мәңгі бірге жасамақ»

Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі тұлғаның бірі XIX ғасырдағы қазақ ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағұлұлы. Ол 1834 жылы қазіргі Аңмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жағасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата қонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертіс-тен Ақшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқұл, Қожағұл, Қожағұлдан Тұрлыбай, Нұралы, Ералы туады. Біржан Тұрлыбайдың баласы Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке Біржан «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын» деп жар салатыны содан. Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан тұрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді. Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен ән салуға, өлең сөз қиыстыруға бейімдігін байқатады. Өлеңге құмар жас тар аяда қалмай, ошақ басы, от қасы әңгімелерінен биік тұрып, ел тамсандырар серілер өміріне қызығып, өзі де салдық, серілік құра бастайды. Осы әншілігінің, ақындығының арқасында Біржан алты алашқа оңай танылып, кейінгіге ертегідей жетіп, қазақтың ерекше салт-дәстүрі серілік дәстүрін шыңға шығарған жанға айналады. Ол тек Көкшетау аймағы ғана емес, бүкіл Сарыарқаға танылып, кейін қазақ әдебиетінің биік түлғасына айналады. Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ секілді әнші-ақындар Біржан жолын жалғастырушы болып, соның жолымен жүрген жандар еді. Біржанның әр әні ерекше жағдайларда, ерекше жайларда туады. Мәжіліс қүрып отырған шақтарда, я болмаса көңілінде қалған бір түйткіл жайларға байланысты Біржан ән шығара береді.

Ендігі кезекті сайыстарға берейік. Сайыс бастамастан бұрын тәртіппен таныстырып кетейік. әр кезеңнен кейін әділқазылар алқасы топтардың жұмысына баға беріп отырады. Бағалау парақтары мен жауап кілттер алдарыңызға қойылған. 5 балдық жүйемен бағалайсыздар. Бағалау парағы:

Топтар

I кезең «Сәлем-сөздің атасы»

ІІ кезең «Біржанның өмір жолы»

IІI кезең «Мықты болсаң тауып көр»

IҮ кезең «Озық болсаң озып көр»

Ү кезең «Ой толғау»

Қорытынды баға

І топ







ІІ топ







ІІІ топ







I кезең «Сәлем-сөздің атасы» (№4 слайд)

Үш топ өздерінің аттарын, ұрандарын, төсбелгілерін таныстырып өтуі керек.

ІІ кезең «Біржанның өмір жолы» (№5 слайд)

Халқымыздың өнері мен мәдениетінің асыл қазынасын құрайтын ұлы тұлғалардың бірі Біржан сал бойында ақындық пен әншілік, сазгерлік пен орындаушылық қабілет, шешендік пен жыршылдық табылған. Өз шығармаларында албырт жастық пен таза сезімді, мөлдір махаббатты, әділетсіздік пен теңсіздікті жырлаған. Ал оның өмірі, өміріндегі кей жайттар, өмірінің мәні болған жандар туралы не білеміз? Соны бір саралап көрелік.

(Біржан салдың өмірі мен өмір жолына байланысты сұрақтарға кезекпен жауап береді.)

Сұрақтар:

1.Біржанның туған жерін атаңыздар (Көкшетау облысы, Еңбекші ауданы, Ермол жері) 2.Кімнің тәрбиесінде болған? (атасы Қожағұлдың) 3.Оның алғашқы мектебі (қазақ елі) 4.Біржанның қалай әнші атанғаны белгілі ме? (жоқ белгісіз) 5.Өзі Сарыарқада сайрандап күн кешкен кезін қалай атаған? (Алаш басындағы тәтті кездер) 6.Біржан өміріндегі үлкен, маңызды оқиға –қай оқиға? (Абай ауылына баруы, Абаймен жолығуы) 7.Неше жасында қайтыс болды? (64жасында) 8.Асыл, Ақық, Теміртас кімдер? (Біржанның балалары) 9.Әпіш кім? (Ақынның жары) 10.Немересінің аты кім? (Мұхаметқали) 11.Нешеге жуық өлең шығарған? (70-тен астам) 12. Біржан қандай тілдерді білген? (араб, парсы, шағатай тілдерін)

IІI кезең «Мықты болсаң тауып көр» (№6 слайд)

Сарыарқада сайрандап күн кеш-кен, аққуға үн қосқан сол кездегі Алаштың басындағы бір тәтті кездер, Біржанның өнінен естіледі. Соның ішіндегі «Аққуым» деп аталатын ән:

Қызы едің Ақтентектің Ажар атың,

Ешкімнен кейін емес салтанатың.

Кез келіп ұшырастық сәті түсіл,

Аман бола, жолыққанша перизатым, - деп жай басталып келіп, ойнақшып келіп одан әрі қарай дауысын жоғары көтеріп әкететін әдемі ән Біржанның алғашқы туындыларының бірі деуге болады. Біржанның әр әнінің өз шығу тарихы бар. Ендігі сайысымыз Біржан сал әндерінің шығу тарихына арналады. 

  • «Ләйлім шырақ» әнінің шығу тарихы. (Көлбай мен Жанбайдың қарындастары Ләйлім туралы. Біржан сал Ләйлім атты қызы бар өзімен тұстас, замандас Көлбай, Жанбай еліне келеді. Біржанның әнші екенін, жүртқа қадірлі екенін біліп түрып, Көлбай мен Жанбай Біржан салға өзі қалағандай қүрмет көрсетпейді. Жұрт алаңанға салған серіні менсінбегендей сипат көрсетеді. Осыны байқап таңертеңінде «Ләйлім шырақ» атты бір ғажап әнді туғызады. Бүл бір қарағанда қызға еркелеп, сол ауылдағы әдемі аруға айтқан назындай болып көрінгенімен, екінші жағынан Көлбай мен Жанбайға да тиетіні байқалады.

  • «Жанбота» әнінің шығу тарихы. (1865 жылы Омбының генерал-губернаторын қарсы алу тойында болған оқиғаға байланысты. Ақсарының болысы Жанбота мен Қоңырқожаның Азнабайы арасындағы тартыс. Біржанның әнін тыңдауға жиналғандардың көзінше өзінің сөзін өткізе алмағандықтан әншінің басынан салып қалады. Отырғандар айырып алады. Мұндайға душар болған әнші Жанбота отырған үйге келіп, ашу ызамен болған істі баяндайды.)

  • «Жамбас сипар» әнінің шығу тарихы.(жастық шағын еске алып, кәріліктің көңілсіз тұстарын ашу мақсатында шығарған әні. Туыстары қартайған шағында науқас жанның ішкі сырын түсінбей қамауда ұстаған уақытында туған ән)

  • «Айтбай» әнінің шығу тарихы. (Айтбай -бұл қыздың аты. Қазақ келесі туатын бала ұл болсын деп ырымдап, қыз балаға кейде ер адамның есімін қоятын әдеті бар.

Мамекем Айтбай десем күлімдейді,

Сұр жорға астындағы сүрінбейді.

Аққудай аспандағы жүз құбылып,

Сал Біржан ән салуға ерінбейді, - дейтұғын тұстарында Айтбайдың әдемілігі, Айтбайдың сүлулығы айтылады)


IҮ кезең «Озық болсаң озып көр» (№7 слайд)

Біржан жолын жалғастырушы, өнерін халыққа таратушылар туралы.

  1. «Біржан сал» фильмінде Біржан бейнесін сомдаған кім? (режисер Досхан Жолжасқынов)

  2. Қали Байжанов кім? (әнші, «Жанбота» әнін орындаушы)

  3. М.Төлебаев шығармашылығында Біржан сал туралы туынды бар ма? («Біржан-Сара» операсы)

  4. «Біржан-Сара» операсында бас рольдерді кімдер сомдады? (Біржан партиясын -Ә.Үмбетбаев, Сара партиясын –К.Байсеитова орындаған)

Ү кезең «Ой толғау» (№8 слайд)

Ана тілім, өзгелерден бөлексің, Бала жүрек саған арнап жыр төксін. Қай асылға теңесем де жарасар, Ана тілім баға жетпес өнерсің   дегендей

«Сайраған орта жүздің бұлбұлы» -тақырыбында ой толғау жазу.(5 минут)

Сайыскерлер ойтолғауларын жазғанша, көрермендер қауімімен біраз тапсырма орындайық. Біржан қандай адам болған? Осы сауалға сөздік портрет жасау арқылы жауап беру керек.

Бойы –орта Кебеті –сұлу Тынысы –кең Дауысы –зор Жүзі –қызыл шырайлы Киімі -өте сұлу киінген

Ал енді қатысушылардың ұпай санын анықтап, жеңімпаз топты анықтайтын кез келді. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Марапаттау кезеңі

Жүргізуші: Міне,осымен Біржан сал Қожағұлұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» тақырыбында өткелі тұрған сыныптан тыс іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Біржанның өмірі, Біржанның әндері - қазақ музыкасының биік белесі. Біржан сонысымен қымбат, сонысымен керек. Ендеше бойына бір емес, бірнеше өнерді біріктіре, тоғыстыра білген Біржан мұрасы мәңгі жасамақ. Ал біз Біржан бабамыздың асыл қазынасын мына жаһандау заманында жоғалтпай, құндылығын арттыра берейік!



Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық –Алматы: «Аруана Ltd». ЖШС, 2008.-656б.

  2. Райымбеков Қ.Ж., Байғабылова Қ.Т. «Сен білесің бе?» Энциклопедиясы. –Алматы: «Аруна» баспасы.-700б.

  3. АсылҰ., Жұмажанова Т. Қазақ әдебиеті. 10-сыныбына арналған оқулық. –Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006ж. -248б.

  4. Тұрсынғалиева С.Ч. Қазақ әдебиеті. 10-сыныбының жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық.-Астана: «Арман-ПВ» баспасы,2010.-416б

  5. Қ.Алпысбаев,Ж.Сәметова, А.Далабаева .-өңделеліп толықтырылған 2 басылым. Қазақ әдебиеті:Хрестоматия: 10-сыныбына арналған оқу құралы.-Алматы: Мектеп,2010.-336б.

Аннотация


«Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» атты сыныптан тыс іс-шара қазақ халқының қайталанбас тұлғасы Біржан Сал Қожағұлұлының 180 жылдық мерейтойына арналады. Көздеген мақсатым: оқушыларға әнші-ақын өмірің және шығармашылығының белгісіз жақтарын аша отырып, оның идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру. Сонымен қатар топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық таныту, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру. Қазақтың ұлттық өнерін, ән-күйді қастерлей білуге тәрбиелеу.


Внеклассное мероприятие «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» посвящается к 180 летнему юбилею акына, композитора и певца казахского народа Биржан Сала. Цель мероприятия: раскрывая неведомые стороны жизни и творчества поэта-певца, помочь понять его идею. Привить навыки самостоятельно анализировать и изучать новый материал. Наряду с этим привить находчивость в групповой работе, способность работать в темпе. Воспитать уважение к казахской национальной культуре и искусству.

Annotation

The Lays of extracurricular event of " Үш жүзді сайран қылған Біржан едім " is dedicated to a 180 summer anniversary of akyn, composer and singer of the Kazakh people Birzhan. Aim of event : exposing unknown parties of life and work of poet - singer, to help to understand his idea. To instil skills independently to analyse and study new material. Side by side with this to instil a resourcefulness in group work, ability to work in a rate. To bring up respect to the Kazakh national culture and art.


5


Біржан сал. Сыныптан тыс іс-шара
  • Другое
Описание:

Үш жүзді сайран қылған Біржан едім

 

Жукушева Күлтай Амангелдиновна

 

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Лобанов орта мектебі

Айыртау ауданы

 

Мақсаты:

Білімділік – оқушыларға қазақ әншісі, ақын Біржан сал өмірінен мәлімет бере отырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру, шығармашылықпен ізденуге, тақырып ішіндегі ең негізгісіне, маңызды мәселелерге көңіл бөлу;
Тәрбиелік – оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, өзін – өзі басқаруға, өнер адамдарын құрметтеуге баулу; 
Дамытушылық – оқушылардың ой – қабілетін шыңдау, шешен де ғылыми тілде сөйлей білуге баулу, жеке тұлға қалыптастыру. 
Қатысушылар: 10,11 сынып оқушылары

Өту барысы

Жүргізуші: Құрметті жиналған мұғалімдер, оқушылар, бүгін «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» тақырыбында  өткелі тұрған  сыныптан  тыс іс-шарамызға Қош келдіңіздер!

Ән: «Ләйлім шырақ»                                                                                                           Ж.Р.Жұматаевтың орындауында

Бүгінгі  іс-шарамызға 3 топ қатысады.

  Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылатанды да - осы тіл. Ең ащы да-тіл, ең тәтті де –тіл. Қазақ тілі -дүние жүзіндегі бай, бейнелі тілдердің бірі. Ал қазақ тілінде шырқалатын ән бар өнер ішінде  үлкен орынға ие.  Ал сол құдіретті күші бар ән мен күй иелерін халқымыз пір тұтқандықтан  бүгінгі ойын көбіне сол төңірекке арналған.

(№1 слайд)

Беташарын додамыздың бастайық,                                                                                        Көпшілікті бір серпілтіп тастайық.                                                                                        Ортамызды сайыскермен толтырып,                                                                                       Қошеметпен шақырайық қол соғып.

1-топ ойыншылары: Сыздықова Гүлзира, Жукушева Нұргүл, Армия Алматы                                2-топ ойыншылары: Бейбітхан Құралай,Казистаев Арсен, Нұржау Жеңіс                                  3-топ ойыншылары: Харани Айбахыт, Мырзатаева Толғанай, Сермаханов Ақжайып

Ал енді осы топтың қайсысы оза шабатынын, қайсысы  ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ-қазыларымызбен танысайық.

Тарих пәнінің оқытушысы Каримова Алия Акылбекқызы                                                     Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Шегенова Таттігүл Амангелдіқызы                      Оқу ісінің меңгерушісі  Орынбаева Дана Шыңғысқызы

Жүргізуші:( №3 слайд) Бүгінгі сайыс тақырыбы айтып тұрғандай қазақ халқының дара ұлдарының бірі Біржан Қожағұлұлына арналғандықтан, сайысты бастамас бұрын шамалы мәлімет беруді жөн көрдік.

   «Біржан сал Қожағұлұлы  -  әлеуметтік өмір жыршысы»- деп халқымыз әділ баға берген, бүгінгі күні әнші-орындаушылар, сазгер-ақындар арасынан тарих төрінен тиісті орынға әділ ие болған, елінің сал-серісі туралы Есмағамбет Ысмайлов ағамыз былай деген: «Біржан –   қазақтың сал-сері ақындарының ағасы, ұстазы, жанашыр өнерпазы. Өнер дамыған сайын Біржан мұрасы мәңгі бірге жасамақ»

   Қазақ әдебитінде,  мәдениетінде аса ірі тұлғаның бірі XIX ғасырдағы қазақ ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағұлұлы. Ол 1834 жылы қазіргі Аңмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің   жағасында   дүниеге   келген.   Біржанның   ескі   ата қонысы  Обаған  болған.   Біржанның  арғы  атасы  Бертіс-тен Ақшолақ, Айшуақ, Жаншуақ,  Қожамқұл, Қожағұл, Қожағұлдан  Тұрлыбай,   Нұралы,   Ералы   туады.   Біржан Тұрлыбайдың баласы Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке   Біржан    «Баласы   Қожағұлдың   Біржан   салмын» деп жар салатыны содан.  Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан тұрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді.  Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен  ән  салуға,  өлең сөз  қиыстыруға  бейімдігін байқатады.   Өлеңге  құмар  жас   тар  аяда  қалмай,   ошақ басы, от қасы әңгімелерінен биік тұрып, ел тамсандырар серілер өміріне қызығып, өзі де салдық, серілік құра бастайды. Осы әншілігінің, ақындығының арқасында Біржан алты  алашқа  оңай  танылып,  кейінгіге ертегідей  жетіп, қазақтың   ерекше   салт-дәстүрі   серілік   дәстүрін   шыңға шығарған   жанға   айналады.   Ол   тек   Көкшетау   аймағы ғана емес,  бүкіл  Сарыарқаға  танылып,  кейін  қазақ әдебиетінің биік түлғасына айналады. Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай,   Балуан   Шолақ   секілді   әнші-ақындар   Біржан жолын   жалғастырушы  болып,   соның  жолымен   жүрген жандар еді. Біржанның әр әні ерекше жағдайларда, ерекше жайларда туады.  Мәжіліс қүрып отырған шақтарда, я болмаса көңілінде қалған бір түйткіл жайларға байланысты Біржан ән шығара береді.

Ендігі кезекті сайыстарға берейік. Сайыс бастамастан бұрын тәртіппен таныстырып кетейік. әр кезеңнен кейін әділқазылар алқасы топтардың жұмысына баға беріп отырады. Бағалау парақтары мен жауап кілттер алдарыңызға қойылған. 5 балдық жүйемен бағалайсыздар.                  Бағалау парағы:

Топтар

I кезең  «Сәлем-сөздің атасы» 

ІІ кезең «Біржанның өмір жолы»

IІI кезең «Мықты болсаң тауып көр»

IҮ кезең «Озық болсаң озып көр»

Ү кезең «Ой толғау»

Қорытынды баға

І топ

 

 

 

 

 

 

ІІ топ

 

 

 

 

 

 

ІІІ топ

 

 

 

 

 

 

I кезең  «Сәлем-сөздің атасы»  (№4 слайд)

Үш топ өздерінің аттарын, ұрандарын, төсбелгілерін таныстырып өтуі керек.

ІІ кезең «Біржанның өмір жолы»  (№5 слайд)

Халқымыздың өнері мен мәдениетінің асыл қазынасын құрайтын ұлы тұлғалардың бірі Біржан сал бойында ақындық пен әншілік, сазгерлік пен орындаушылық қабілет, шешендік пен жыршылдық табылған. Өз шығармаларында албырт жастық пен таза сезімді, мөлдір махаббатты, әділетсіздік пен теңсіздікті жырлаған. Ал оның өмірі, өміріндегі кей жайттар, өмірінің мәні болған жандар туралы не білеміз? Соны бір саралап көрелік.

(Біржан салдың өмірі мен өмір жолына байланысты сұрақтарға кезекпен жауап береді.)

Сұрақтар:

1.Біржанның туған жерін атаңыздар (Көкшетау облысы, Еңбекші ауданы, Ермол жері)                                2.Кімнің тәрбиесінде болған? (атасы Қожағұлдың)                                                                                            3.Оның алғашқы мектебі (қазақ елі)                                                                                                                   4.Біржанның қалай әнші атанғаны белгілі ме? (жоқ белгісіз)                                                                          5.Өзі Сарыарқада сайрандап күн кешкен кезін қалай атаған? (Алаш басындағы тәтті кездер)                    6.Біржан өміріндегі үлкен, маңызды оқиға –қай оқиға? (Абай ауылына баруы, Абаймен жолығуы)                                                                                                                                                               7.Неше жасында қайтыс болды? (64жасында)                                                                                                    8.Асыл, Ақық, Теміртас кімдер? (Біржанның балалары)                                                                                  9.Әпіш кім? (Ақынның жары)                                                                                                                         10.Немересінің аты кім?  (Мұхаметқали)                                                                                                       11.Нешеге жуық өлең шығарған? (70-тен астам)                                                                                           12. Біржан қандай тілдерді білген? (араб, парсы, шағатай тілдерін)

IІI кезең «Мықты болсаң тауып көр» (№6 слайд)

Сарыарқада сайрандап күн кеш-кен, аққуға үн қосқан сол кездегі Алаштың басындағы бір тәтті  кездер,   Біржанның  өнінен  естіледі.   Соның  ішіндегі «Аққуым» деп аталатын ән:

 Қызы едің Ақтентектің Ажар атың, 

 Ешкімнен кейін емес салтанатың.

 Кез келіп ұшырастық сәті түсіл, 

 Аман бола, жолыққанша перизатым, -  деп жай басталып келіп, ойнақшып келіп одан әрі қарай дауысын   жоғары   көтеріп   әкететін  әдемі  ән  Біржанның алғашқы туындыларының бірі деуге болады. Біржанның әр әнінің өз шығу тарихы бар. Ендігі сайысымыз Біржан сал әндерінің шығу тарихына арналады. 

·         «Ләйлім шырақ» әнінің шығу тарихы. (Көлбай мен Жанбайдың қарындастары Ләйлім туралы. Біржан сал Ләйлім атты қызы бар өзімен тұстас, замандас Көлбай, Жанбай еліне келеді. Біржанның әнші екенін, жүртқа қадірлі екенін біліп түрып, Көлбай мен Жанбай Біржан салға өзі қалағандай қүрмет көрсетпейді. Жұрт алаңанға салған серіні менсінбегендей сипат көрсетеді. Осыны байқап таңертеңінде «Ләйлім шырақ» атты бір ғажап әнді туғызады. Бүл бір қарағанда қызға еркелеп, сол ауылдағы әдемі аруға айтқан назындай болып көрінгенімен, екінші жағынан Көлбай мен  Жанбайға да тиетіні байқалады.

·         «Жанбота» әнінің шығу тарихы. (1865 жылы Омбының генерал-губернаторын қарсы алу тойында болған оқиғаға байланысты. Ақсарының болысы Жанбота мен Қоңырқожаның Азнабайы арасындағы тартыс. Біржанның әнін тыңдауға жиналғандардың көзінше өзінің сөзін өткізе алмағандықтан әншінің басынан салып қалады. Отырғандар айырып алады. Мұндайға душар болған әнші Жанбота отырған үйге келіп, ашу ызамен болған істі баяндайды.)

·         «Жамбас сипар» әнінің шығу тарихы.(жастық шағын еске алып, кәріліктің көңілсіз тұстарын ашу мақсатында шығарған әні. Туыстары қартайған шағында науқас жанның ішкі сырын түсінбей қамауда ұстаған уақытында туған ән)

·         «Айтбай» әнінің шығу тарихы. (Айтбай -бұл қыздың аты. Қазақ келесі туатын бала ұл болсын деп ырымдап, қыз балаға кейде ер адамның есімін қоятын әдеті бар.

 Мамекем Айтбай десем күлімдейді, 

 Сұр жорға астындағы сүрінбейді. 

 Аққудай аспандағы жүз құбылып, 

 Сал Біржан ән салуға ерінбейді, -  дейтұғын   тұстарында   Айтбайдың   әдемілігі,   Айтбайдың сүлулығы айтылады)

 

IҮ кезең «Озық болсаң озып көр» (№7 слайд)

Біржан жолын жалғастырушы, өнерін халыққа таратушылар туралы.

  1. «Біржан сал» фильмінде Біржан бейнесін сомдаған кім? (режисер Досхан Жолжасқынов)
  2. Қали Байжанов кім? (әнші, «Жанбота» әнін орындаушы)
  3. М.Төлебаев шығармашылығында Біржан сал туралы туынды бар ма? («Біржан-Сара» операсы)
  4. «Біржан-Сара» операсында бас рольдерді кімдер сомдады? (Біржан партиясын -Ә.Үмбетбаев, Сара партиясын –К.Байсеитова орындаған)

Ү кезең «Ой толғау» (№8 слайд)

Ана тілім, өзгелерден бөлексің,                                                                                                                 Бала жүрек саған арнап жыр төксін.                                                                                                        Қай асылға теңесем де жарасар,                                                                                                           Ана тілім баға жетпес өнерсің   дегендей

 «Сайраған орта жүздің бұлбұлы» -тақырыбында ой толғау жазу.(5 минут)

Сайыскерлер ойтолғауларын жазғанша, көрермендер қауімімен біраз тапсырма орындайық.  Біржан қандай адам болған? Осы сауалға сөздік портрет жасау арқылы жауап беру керек.

Бойы –орта                                                                                                                                          Кебеті –сұлу                                                                                                                                     Тынысы –кең                                                                                                                                        Дауысы –зор                                                                                                                                      Жүзі –қызыл шырайлы                                                                                                                      Киімі -өте сұлу киінген

Ал енді қатысушылардың ұпай санын анықтап, жеңімпаз топты анықтайтын кез келді.           Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Марапаттау кезеңі

Жүргізуші: Міне,осымен Біржан сал Қожағұлұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» тақырыбында  өткелі тұрған  сыныптан  тыс іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Біржанның өмірі, Біржанның әндері - қазақ музыкасының биік белесі. Біржан сонысымен қымбат, сонысымен керек. Ендеше бойына бір емес, бірнеше өнерді біріктіре, тоғыстыра білген Біржан мұрасы мәңгі жасамақ. Ал біз Біржан бабамыздың асыл қазынасын мына жаһандау заманында жоғалтпай, құндылығын арттыра берейік!

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық –Алматы: «Аруана Ltd». ЖШС, 2008.-656б.
  2. Райымбеков Қ.Ж., Байғабылова Қ.Т. «Сен білесің бе?» Энциклопедиясы. –Алматы: «Аруна» баспасы.-700б.
  3. АсылҰ., Жұмажанова Т. Қазақ әдебиеті. 10-сыныбына арналған оқулық. –Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006ж. -248б.
  4. Тұрсынғалиева С.Ч. Қазақ әдебиеті. 10-сыныбының жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық.-Астана: «Арман-ПВ» баспасы,2010.-416б
  5. Қ.Алпысбаев,Ж.Сәметова, А.Далабаева .-өңделеліп толықтырылған 2 басылым. Қазақ әдебиеті:Хрестоматия: 10-сыныбына арналған оқу құралы.-Алматы: Мектеп,2010.-336б.

Аннотация

 

«Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» атты сыныптан тыс іс-шара қазақ халқының қайталанбас тұлғасы Біржан Сал Қожағұлұлының 180 жылдық мерейтойына арналады. Көздеген мақсатым: оқушыларға әнші-ақын өмірің  және шығармашылығының  белгісіз жақтарын аша отырып, оныңидеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру. Сонымен қатар топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық таныту, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру. Қазақтың   ұлттық өнерін, ән-күйді қастерлей білуге тәрбиелеу.

 

Внеклассное мероприятие «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім»  посвящается  к 180 летнему юбилею   акына, композитора  и певца казахского народа Биржан Сала. Цель мероприятия: раскрывая  неведомые стороны жизни и творчества поэта-певца, помочь понять его идею. Привить навыки самостоятельно анализировать и изучать новый материал. Наряду с этим привить находчивость в групповой работе, способность  работать в темпе. Воспитать  уважение к казахской национальной культуре и искусству.

Annotation

The Lays of extracurricular event of " Үш жүзді сайран қылған Біржан едім "  is dedicated  to a 180 summer anniversary   of akyn, composer  and singer of the Kazakh people Birzhan. Aim of event : exposing  unknown parties of life and work of poet - singer, to help to understand his idea. To instil skills independently to analyse and study new material. Side by side with this to instil a resourcefulness in group work, ability  to work in a rate. To bring  up respect to the Kazakh national culture and art.

 

 

Автор Жукушева Культай Амангельдиновна
Дата добавления 06.01.2015
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 1124
Номер материала 36231
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓