Инфоурок Информатика Другие методич. материалыБілім беру жүйесін модернизациялаудағы проблемалар мен шешімдер

Білім беру жүйесін модернизациялаудағы проблемалар мен шешімдер

Скачать материал

№ 51 жалпы орта мектебі

 

 

 

Баяндама

 

Тақырыбы: Білім беру жүйесін модернизациялаудағы  проблемалар мен шешімдер

 

 

 

Информатика пәні мұғалімі: Пернеева А.А.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент қаласы

   Білім беру жүйесін модернизациялаудағы  проблемалар мен шешімдер

Қазақстан Республикасы жоғарғы білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетілгендей, қоғамымыздың жаңа әлеументтік тапсырыстары, өз кезегінде оқу бағдарламаларын өзгертуді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді.

       Технология идеясы жаңа ұғым емес. Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан, яғни оның пікірінше оқыту “технологиялық” болуы қажет. Оның мағынасы   нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз болмауы керек. Мұндай оқыту механизмін Я.А.Коменский “дидактикалық машина” деп атады. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды.  Соған байланысты, мақсат - құрал   оның қолдану ережелері  нәтиже модулі шықты. Бұның өзі   білім берудегі кез  -келген технологияның өзегі.

       Оқыту технологиясы   оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады.   Оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, соған байланысты қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен  қойылған  педагогикалық  міндетке сәйкес іріктей  білу мұғалімнің педагогикалық  шеберлігіне  байланысты.  Берілген  анықтамалардан “технология”   technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң,  яғни технология дегеніміз   шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.

         Еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңі – оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысатын өтпелі кезең. Дарынымен ерекшеленіп тұрған балаларға неғұрлым жайлы орта жасайтын және әр баланың даму мүмкіндігінің оқыту жүйесін құруға берік негіз болатын технологияларды басты тірек етіп алу керек. Сондай-ақ, жаңа педагогикалық технологияларды дамыту мен қолдану – дербес компьютерлер мен телебайланыс жүйелерінің мүмкіндігімен байланысты. Сондықтан да жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеуде білім жүйесін жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы беру міндет

        Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар саны жетерліктей. Оларды пайдалану барысында адам, оның өмірі,  құқығы мен бостандығын – ең жоғарғы құндылық ретiнде анықтайтын  Қазақстан  Республикасының  негізгі заңын  басшылыққа  алу  керек. «Мұғалім дайын  ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың «миына құйғанмен», ойлау мен сөйлеу негіздеріне  жақындауға да мүмкіндік бермей,  шығармашылық, арман, қиял қанатын байлап қояды.  Көптеген  жағдайда  бала өзiнiң  ой  еңбегін  әлi ойлап  та үлгермеген, санасына ерекше әсер етпеген  түрiнде,  жаттап  алуына  тура  келедi.  Соның  нәтижесінде  құбылыстың мәнін ойлау және бақылау  қабілеті  дамымай,  жаттауға  негізделген  есте  сақтау  дамиды.  Бұл – баланы  топастыққа әкелетін, ақырында оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік болып табылады. Баланы  білім,  ақиқат,  ереже  мен  формулалар  қоймасына  айналдырмау  үшін, оны ойлауға үйрету керек» (В.А.Сухомлинский). Сабақта,  жалпы  мектепте оқушыға жайлы және ыңғайлы  болу керек, сонда ғана оқудан  жақсы  нәтиже шығады, ол тұлға ретінде жан-жақты дамитын  болады. Қазіргі  заманғы  мектеп  бала үшін  қызмет ету  керек, ол білімдi өмірде қолдана білетін,  көпшілікпен  араласа  алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам  дайындау  керек. Мақсаты –  мектеп  бітірушінің  барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті  білімді  өзі біліп, iздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда  шешіп, іс- әрекет жасай  алатын  болу керек.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.

Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;

- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

- мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену  нысаны  ретінде,  сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді   диагностикалау   құралы  ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар  білім, білік, дағдыны игеру үшін  қажетті ресурс  болып  табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім  алуына жағдай жасайды, ал  екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Бүгінгі таңда мектептің білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орын  алып отырғанын айту қажет. Мәселен, мектептерде әлі де болса компьютерлердің саны  жеткіліксіз, барлық пән мұғалімдерінің бағдарламашылармен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі  шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, оларды көбейту мәселесі нақты  шешімін таппаған, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы  информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десе де болады.

Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

- оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

- нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;

- материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.

Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді және мектеп тәжірибесін оқып-үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды мектептің оқу үрдісіне енгізу үшін кешенді ақпараттық білім беру жүйесін құру қажеттілігі туындады. Бұл жүйенің негізін ақпараттық технологиялар құрайды. Енді оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік.

1. Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылың ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.

2. Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу үрдісінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді.

Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.

Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:

- шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;

- дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;

- гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;

- қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т.с.с. (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді);

- әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;

-  белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.

3. Моделдеу. Моделдеу идеясы оқыту үрдісінде жаңа мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, оқу үрдісінде компьютерлік моделдеуді қолдану ойға негізделген болжамдарды тексеруге, сонымен қатар оқушының қоршаған ортамен байланысын анықтап, адамзат санасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді, компьютерлік графика адамның айтар ойын белгілі бір графикалық жүйеге келтіріп, адамның шығармашылық болжамын шыңдауға көмектеседі. Бұл моделдеу әдістемесі оқу бағдарламасының сапасын бағалау жолымен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін және ғылыми зердесін дамытудың құралы болып табылады.

Компьютер ақпаратпен жұмыс істейді, нысандық жағдайлар жөніндегі мәліметтер модел ретінде оның сөздік, сандық "сипаттамасы" қаралады. Сондықтан да ақпараттық моделді күрделі жүйе ақпаратының көзі ретінде қарауға болады.

4. Компьютерлік оқыту бағдарламалары. Олар интерактивті тәртіппен компьютер арқылы қандай да болсын пәнді оқып-үйренуді көздейтін бағдарламалар болып табылады. Бұл бағдарламаларда теориялық материал мен блоктар болады, олар оқушылардың берілген білім көлемін меңгеруінің сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

Біріншіден, жалпы білім берудің информатиканы оқытудағы басты мақсаты ойлаудың операциялық стилін қалыптастыру болса, ол орындалды.

Екіншіден, бастауыш мектепте информатика курсын өткізу көптеген пәндер бойынша мектептің оқу бағдарламасын айтарлықтаи өзгертуге алып келеді. Бұл жерде мынаны ұққан жөн: "информатика" мектеп пәндерінің бірде-бірін алмастыра, мектеп пәндері жалпы жүйесіндегі оқулықтарының бірде-біреуінің рөлін атқара, мектептегі гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің ара қатынасын қайта бөліске сала алмайды. Ол тек қана мектепте оқытылатын әрбір пәнге жаңа, әрі жетілдірілген сипат беріп, мұғалімнің қолына кілт ұстатады. Осы кілтті дұрыс пайдалана білген мұғалім оқушыларының алдында өз пәнінің мәнін терең әрі тиімді түрде аша түседі.

Информатиканы ерте жастан оқытудың мүмкіндігі мен мақсаткерлігі әлемдік эксперимент, зерттеу нәтижелерімен де нақтылана түседі. Осыны назарға алған В.Буциктің зерттеулерінде ерте жас кезеңіндегі оқушыларға компьютерлік сауаттың алғашқы элементтерін беріп қана қою жеткіліксіз, оларға компьютер негізінен бастауыш білім және түбірлі түсініктер, іс-әрекет әдіс-тәсілдері жөнінде нақты сауат беру жайы айтылады. Атап айтқанда, В.Буцик кіші мектеп жасындағыларға бастауыш компьютерлік сауат берудің мынадай әдістемесін ұсынады: бірінші және төртінші сынып аралығында сызбалық және мәтіндік редакторлардың көмектері арқылы орындалатын тапсырмаларды біртіндеп күрделендіріп беру, яғни, ақпаратты өңдеу (компьютер сурет салады, есептейді, жазады); ақпаратты сақтау (компьютер суретті, сандарды, мәтінді есте ұстайды); ақпаратты беру (адамнан компьютерге, компьютерден адамға) салаларынан компьютердің мүмкіндіктері жөнінде түсінік пен сауат қалыптастыру.

Қазір компьютер заманы, әрине, көпшіліктің үйінде бұл техника бар, әсіресе балалар оны өте тез үйренеді. Мектепте үйінде компьютер бар және жоқ баланың айырмашылығы кәдімгідей білінеді. Кішкентайынан компьютерде істеп, ойнап өскен баланың көңіл-күйі, ойлауы мен білім қабылдауы сергек екені бірден көрінеді. Ал басқа бала ауырлау қабылдайды, ойлау-сөйлеуі де баяулау.

            Компьютермен өскен бала қатты білімдар болып кетпейді, тек білім алуға, яғни оқу-тәрбие процесіне ыңғайланды және оған дайын деген сөз. Оқу-білім алуға ең қажетті алғашқы бейімділіктер - сергек ойлау, ақыл-парасатпен әрекет істеу, ақпарат қабылдау, шыдамдылық пен сабырлылық - компьютер арқылы тез қалыптасады.

            Жалпы, бала мектеп қабырғасында 1-2-ден бастап 6-7 сыныптарға дейін-ақ компьютер сыныптарында өз дағдыларын жылдам қалыптастырып алады. Бұл осы жастағы балалардың тез үйренгіштігінің арқасында. Олардың неге болса да қызығып, қағып алып тұратын кезі. Ал жоғары сыныптарға келгенде балалардың көңілі әр саққа түсе бастайды, айналадағы өмір-тірішілікке қарайды, адамдарды тыңдайды, ойынға беріледі, неге болсын қызығушылығы күрт төмендейді. Қызығады, бірақ бір нәрсеге тиянақтап, тоқтап, соңына түспейді. Тереңдеуге мұршасы жетпейді. Сондықтан информатиканың да күрделі мәселелеріне, теориясына көбіне жасөспірімдерде зауық жоқ. Тіпті компьютерді жақсы меңгерген деген баланың өзі күнделікті практикада ғана мықты, яғни компьютерді ортан қол қолданушы деңгейінде қалып қояды. Ал информатика саласының маманы болу үшін өте терең білім керек, өте үлкен ізденіс пен ой еңбегі қажет. Қазіргі замандағы ақыл-ой еңбегін ең көп талап ететін сала бұл, ең жылдам дамып, күнделікті ақпарат-білім көлемі еселеп өсіп отырған ғылыми-технологиялық сала бұл.

            Білім алу процесі, түбінде, жеке тұлғалық құбылыс. Тарихтан білуімізше ғұламалардың әрбірі дерлік білім алумен жекедара, оңаша тыныштықта шұғылданған. Өзіміз де бір мәселені тереңірек білгіміз келгенде еріксіз өзімізбен-өзіміз ғана қалуға ұмтыламыз. Өйткені білімге тереңдеудің бір-ақ жолы бар:  ол  өзіңе-өзің тереңдеуің керек. Міне, сондықтан - білімді тұлғалық деңгейде ұйымдастыру керек. Өмір бойғы ұстаздық тәжірибем мені осындай берік сенімге алып келді. Ол дегеніңіз, оқушыларды баяғы топтап, сынып түрінде оқыту деген таза формальды тәсіл. Мұндай жүйе кезінде қажет те болған шығар, ол өзінің негізгі мақсаттары мен функцияларын орындаған да шығар. Мақсаты - жалпы сауаттылыққа жету. Және тез арада.

            Электрондық оқыту жүйесі ең алдымен оқытушы мен оқушыға үлкен еркіндік береді. Бұл екеуінің де тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына қолайлы. Тұлға болып қалыптасуына қолайлы. Тұлға деген өз-өзіне нақты мақсат қойып, өздігінен жүйелі әрекет ете алатын, өз тірлігіне өзі жауап бере алатын адам. Тұлға деген адами да, кәсіби де деңгейі өте жоғары, толыққанды өмір сүретін адам.

            Электрондық оқыту оқу процесіне ешқандай шектеу қоймайды. Бұл процесс оқытушы мен оқушының кеңістіктегі орнына да, уақыттық мүмкіндіктеріне де, көңіл-күйіне де байланысты емес. Оқу барынша объективті құбылыс ретінде өтеді. Қазіргідей мұғалімнің оқушыларды қорғаштап, басқарып, жетектеп, ізін кесіп жүруі қажет емес. Олармен тек адам сияқты қарым-қатынас жасау керек. Бала сияқты емес, кәдімгі ақыл-есі бүтін адам сияқты құрметпен және тең сөйлесу керек. Оқу-тәрбие жауапкершілігін ең алдымен оқушының өзіне жүктеу керек. "Қалаған уақытыңда, қалаған жерден, қалағаныңша оқы, өз әрекеттеріңе өзің ғана жауап бер". Ал оқытушы бағыт-бағдар береді, қажет кезінде кеңес береді, қажет кезінде сүйеу болады. Күнделікті сенің өміріңді басқармайды, тірішілігіңе жөнсіз араласпайды. Өз мүмкіндіктеріңмен өмір сүр, ішкі мүмкіндіктеріңді және өз мінез-құлқыңды жүзеге асыр. Міне, осындай қағида.

Қазiр бiлiм жүйесiндегi кез келген мәселе арнайы зерттеу арқылы, әлемдiк тәжiрибемен салыстыру арқылы жүзеге асады. Заманауи ақпараттық жүйе заманында бiлiм мен ақпаратты оқулықпен ғана емес, интернетпен де игеруге болады. Бiр мезетте жан-жақтан келген ақпарат ағыны қарапайым оқушыға да әсер етуi мүмкiн. Ақпараттың агрессивтi түрiнен қорқу керек. Сондықтан да оқушының виртуалды кеңiстiкте де бiлiм алуына жағдай жасау үшiн жұмыс iстеп келемiз.
             Бүгiнде тәрбие жұмысы адамгершiлiк тұрғыда жүзеге асу керек. Бұрын жастар компьютер пайда болған кезде тек ойынмен отыратын едi. Қазiр интернет арқылы бiлiмiн жетiлдiрiп, әлеуметтiк желiлерге енiп, арнайы пiкiрталастарға қатыса алады.

Әрине, электрондық оқыту барлық қиындықтан құтқарады десек жалған айтармыз. Көп мәселе адамға келіп тіреледі. Адам тұлғасын өсіру одан да маңызды шаруа. Бальзактың "қоғамның шексіз дамуына емес, адамның шексіз дамуына сенемін" деген сөзі есіме таңба болып басылып қалыпты. Ең алдымен оқытушының тұлғасын биіктету керек. Қай оқу жүйесінде болсын, оқу ресурстарында болсын, ең алдымен оқытушы тұлғасының биіктігі, адами рухы, кәсіби шеберлігі айқын білініп, алға жетелеп тұруы маңызды. Ұстаз тұлғасы, менің ұғымымда, өзіндік адами, өмірге жалпы адамзаттық биіктен қарайтын нық дүниетанымы бар, орнықты кәсіби стилі қалыптасқан, үнемі жан-жақты ізденісте өмір сүретін, өмір мен адамды терең түсінетін, өзіндік ой-пікірі және үлкен азаматтық жауапкершілігі бар, өз ісіне шын берілген адам.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мұғалім имиджін көтеру, оның жағымды бейнесін қалыптастыру және тұрақтандыру өзекті мәселе ретінде қарастырылған. Мемлекет тарапынан мұғалім мәртебесін арттыруға қатысты көптеген шаралар атқарылып жатқанымен, оны дамыту мен жетілдіру педагогтік қауымдастықтың үлесінде екендігі сөзсіз. Сол себепті мұғалім мәртебесін көтеру үшін ең алдымен мұғалім имиджін қалыптастыру шараларын жоспарлау, оның нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында озат педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, тарату және насихаттау жұмыстарын күшейту қажет. Мұғалім бейнесінің кәсіби сипаты мен қызметінің қажеттілігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қамтамасыз ету, халықаралық баспа беттерінде жарияланымдар жасау қызметтерін жүйелеу жұмыстары аса маңызды. Электронды оқулықтарды, ақпараттық технологияны  пайдалану заманның талабы екенін ұмытпауымыз тиіс.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Кобдикова Ж.У. Теория и практика модернизации методической системы обучения на основе технологического подхода, докт.дисс. –Туркестан, 2008. –376с. Караев Ж.А.- Кобдикова Ж.У. технологиясы 

2.    Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы, /Егемен Қазақстан, 26.12.2003/

3.   Таубаева Ш.Т. «Жалпы білім беретін мектеп мұғалімінің зерттеушілік мәденитін қалыптастырудың ғылыми негіздері». п.ғ.д....автореферат 2001, Алматы.

4.      Кушибарулы Б. Тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесіндегі мұғалім тұлғасы ustaz.jimdo.com 


№ 51 жалпы орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

Білім беру жүйесін модернизациялаудағы  проблемалар мен шешімдер

 

 

 

Информатика пәні мұғалімі Пернеева А.А.

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент -2012 ж.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім беру жүйесін модернизациялаудағы проблемалар мен шешімдер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білім беру жүйесін модернизациялаудағы  проблемалар мен шешімдер

Еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңі – оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысатын өтпелі кезең. Дарынымен ерекшеленіп тұрған балаларға неғұрлым жайлы орта жасайтын және әр баланың даму мүмкіндігінің оқыту жүйесін құруға берік негіз болатын технологияларды басты тірек етіп алу керек. Сондай-ақ, жаңа педагогикалық технологияларды дамыту мен қолдану – дербес компьютерлер мен телебайланыс жүйелерінің мүмкіндігімен байланысты.Сондықтан да жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеуде білім жүйесін жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы беру міндет

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 989 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация по информатике "Перевод десятичных чисел в другие СС" (10 класс)
  • Учебник: «Информатика (углублённый уровень) (в 2 частях)», Семакин И.Г., Шеина Т.Ю., Шестакова Л.В.
  • Тема: 1.3.2. Перевод десятичных чисел в другие системы счисления
  • 01.10.2020
  • 1535
  • 66
«Информатика (углублённый уровень) (в 2 частях)», Семакин И.Г., Шеина Т.Ю., Шестакова Л.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2015 1002
    • DOCX 85.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Perneeva Aijamal Amangeldievna. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Perneeva Aijamal Amangeldievna
    Perneeva Aijamal Amangeldievna
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19669
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 154 человека из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 714 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов