Инфоурок Информатика Другие методич. материалыБілім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Скачать материал

Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

 


             Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Білім берудің түрлі тәсілдері әртүрлі білім жетілдіру курстарында оқытылып отырады. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтарын Кембридж университетінің білім берудегі тәсілдерін үш деңгейлі курс арқылы жалпай оқыту қолға алынған.. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған жеті модуль туралы қысқаша тоқталайық.

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Бағдарлама жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4. Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларына сергіту сәтін жүргізуде жас ерекшеліктерді ескеріп отырып орындату қажет.
7. Білім беруді басқару және көшбасшылық
Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға саяды. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді.
Осы модульдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек. Құзыретті мұғалімнің міндеті оқушының жеке тұлғалық ерекшелігіне мән беру. Құзырлы білім беруде ұстанатын факторы оқушының өздігінен білімнің мәнін меңгеруі және бағалай білуі. Бағдарлама нәтижесінде - тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы
оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен еркін тіл табысатын, сандық технологияларда құзыреттілігін көрсететін оқушылар дайындалады.

 

 

 

 

«Исмаил Таиров атындағы орта мектеп мектепке

дейінгі шағын орталығымен»  КММ

информатика пән мұғалімі

Мусаева М.З.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Доклад на тему "Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды пайдалану"

             Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 158 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.11.2014 463
    • DOCX 41.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусаева Меймангуль Зайнидиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12610
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 494 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 525 человек

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе