Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Біз осындай баламыз"

"Біз осындай баламыз"

Скачать материал

Пәннің  мазмұны

 

                                                    КІРІСПЕ

Пәннің  мақсаты –  қазақ,  орыс  және  шетел  әдебиетінің  қазіргі  тарихымен  байланысты әдебиеттанудағы жаңа  бағыттарымен  таныстыру,  білім  жүйесін  қалыптастыру.

Пәннің  міндеті – жас  мамандарға  қазіргі  әдебиеттану  дамуының  жалпы  көрінісінен  хабардар  ету,  әдебиеттанудың  қазіргі  мектептері  мен  бағыттарынан мәлімет  беру, осы  білімдерін  көркем  шығарманы  талдауда  нақты  басшылыққа  ала  білуге  үйрету.

Зерттеу  обьектісіне  тарихи  және  қазіргі  әдебиеттанудағы  мектептер  мен  бағыттар жатады.

Зерттеу  әдісі – тарихи – типологиялық  әдіс.

 

                           

                               НЕГІЗГІ  МАЗМҰНЫ

 

     Тарихи - әдеби  контекстегі  әдебиеттану  мектептері  (XIX – XXғғ.)

Әлемнің  жалпы  дүниетанымдық  көрінісіндегі  әдебиеттің  ғылым  ретіндегі  рөлі. Әдебиеттердің  өзара  қарым – қатынасы  күшеюінің  бүкіләлемдік  көрінісі. Отандық  және  әлемдік  әдебиеттану.

       19ғ. әдебиеттану  әдістерінің  әдеби  мектептермен  байланысы. Әдебиетті  зерттеудің  бұрынғы  әдістері  мен  әдебиеттің  қазіргі  әдістері. Әдеби  процестің  тарихи  өзгерістерге  ұшырау  жолындағы  әдеби  мектептер: мифологиялық,  биографиялық, тарихи – салыстырмалы,  мәдени – тарихи, филолгиялық,  психологиялық,  психоаналитикалық,  әлеуметтік, әлеуметтік – тарихи.

     Әдебиеттану ғылымының  әдістемелік    принциптері.

А. Лосев,  С. Аверинцев, С. Артановский,  В. Топоров,  Д. Лихачев  жұмыстарындағы  әдебиет  зерттеу  әдістемелерінің  теориялық  негіздері.  Әдебиеттану  мектептерінің  әдістемелік  негізі. Тарихи  тұрғыда әдебиет  зерттеулерінің  әдістемелері. Адам  мен  әдебиеттің  кешенді  зерттеулерінің  қағидалары.

     Биографиялық  және психологиялық  әдебиеттанудың  әдістемесі.

Әдеби  процеске  деген тарихи  көзқарастың   қалыптасып,  тууы. Сент – Бев  және  Брандестің биографиялық  әдістері, өнер  жайлы романтикалық  теорияның   рухты  қалыптастырудағы  әсері (Ш. О. Сент – Бев, «Литературно- критические портреты», т. 1-5, 1836-39). 19 ғ аяғы  мен  20 ғғ  басындағы  шығармалардағы  биографиялық  әдіс  пен  психологиялық  теориялар.

     Потебняның  психологиялық  әдісі. Көркем  шығармадағы  образ  теориясының  біртұтастығы – А. А. Потебня.  Сөздің  «ішкі формасы»  жайындағы  Потебняның  идеясы.   Психологиялық  мектептердің  туып,  қалыптасуы:  В. Вундт,  И. Фолкельт,  Р. Мюллер – Фрейенфельс, Россияда – Потебня,  Д. Н. Овсянико – Куликовский). З. Фрейдтің  психоаналитикалық  әдебиеттануы. К. Юнг пен  оның  мектебінің  психоаналитикалық  концепциялары.

     Синкреттік дәстүрлер және оның мектептері. Шығармашылық пен мәтіннің негізі мифодіни, әмбебаптық деп қарауды мақсат ету. Модернистік және  постмодернистік мектептерді XIX ғасырдағы классикалық мектептердің көшірмесі деп қарау.  (А. Белый, Вяч. Иванов, А. Лосев, И. Ильин, К. Мочульский, Б. Гаспаров, В. Бычков, Л. Карасев, Деррида, Рикер, Барт). Бір рухани көзді әмбебаптау және ең жоғары деп тану (миф, құдай, сөз, тіл, қуат) – мәтінді талдау және эстетикалық акт. Көркем образ–кейіпкерді түрлі аспектілерде зерттеу және пайымдау. Көркем шығармадағы автор –адамның қатысуы. Имагология ұлттық ортада өзге ұлттық образдардың өмір сүру жүйесі және теориясы.

Қазақстан және Ресей ғалымдары еңбектерінде көркем  антропология мен имагологияның көрініс табуы: (А. Потебня, М. Эпштейн, В. Палиевский, Г. Гачев, Ш. Елеукенов, К. Киреева-Канафиева, Ө. Күмісбаев, А. Жақсылықов, В. Савельева, Б. Жетпісбаева, С. Сагалович),

 

 Тарихи  поэтика  мен  салыстырмалы – тарихи  әдебиеттанудың әдістемелері.  

Салыстырмалы әдебиетті зерттеудің пәні. Зерттеудің мақсаты. Салыстырмалы әдебиеттану теориясының міндеттері (А.Веселовский, Ф.Ноэль, Ж.Ампер, К.Пишуа, А.Руссо). Дрюшин концепциясы бойынша әдебиетті салыстырмалы түрде зерттеудің мақсаты мен міндеті. Жирмунский мен Конрад еңбектеріндегі Батыс пен Шығыс байланыстары. Неупокаева концепциясындағы әлем әдебиеті тарихы. КСРО-ға  ӘӘИ басылып шыққан әлем әдебиеті тарихы. Веселовский, Бахтин, Алексеевтердің салыстырмалы-тарихи зерттеулері.

Әдебиеттердің тең екендігі туралы принцип. Қабылданатын әдеби құбылыстар. Қабылдаушы әдебиет. Қабылдаушы құбылыстардың таңдалуы. Әсер ету теориясының көнелігі. Әлемдік әдеби үдерістегі әдебиеттегі еуроцентристік, шығысценстристік басымдықты сынау. Қазіргі салыстырмалы әдебиеттанудағы контактілі -типологиялық байланыстар (Дюришин, Дюма, Жирмунский, Алексеев). Генетикалық-контактілік байланыстар. Әлемдік әдебиеттанудағы сыртқы байланыстар.

Типологиялық байланыстар. Әдеби байланыстардың шарттылығы. Қоғамдық типологиялық ұқсастықтары. Әдеби типологиялық байла-ныстар. Психологиялық типологиялық өз ара байланыстары. Рецепция түрлері. Үн қосудың рецепцияның бір түрі екендігі. Рецепцияның пайдалы және зиянды түрлері. Рецепцияның интегральды түрлері. (аллюзия, алмасу, стильдеу, филиация, плагиат, бейімделу, аударма) Рецепцияның диференциалды түрлері. (полемика, пародия, травести, бурлеск)

Формальды,  құрылымдық – семиотикалық  мектептер  әдістемесі.

Морфологиялық дәстүр және оның мектептері.  Мәтін құрылымы мен мазмұнына назар аудару оның басты мақсаттарының бірі.Орыс морфологиялық мектебі: формалистер (Якобсон, Шкловский, Эйхенбаум, Тынянов, Пропп), структуралистер (Лотман, Щеглов, Смирнов, Жолковский, Левин). Шет ел мектебі: (Греймас, Леви-Строс, Тодоров, Мукаржовский). Қоғамдық ғылымдар басқа ғылымдардың баспалдағы. Әдебиеттану мен лингвистиканың интеграциясы. Семиотика таңбалар жүйесі жөніндегі ғылым, ХХ ғасырдағы өз өзгешелігі бар пәнаралық ғылым. ХХ ғасырдағы семиотиканың лингвистикалық сипаты.  1960 – 1970 жылдары семиотиканың екі мектебінің құрылуы, француздық  (Клод Леви-Строс, Альгирдас Греймас, Цветан Тодоров, Ролан Барт, Юлия Кристева) және тарту-мәскеулік (Ю. М. Лотман, З. Г. Минц, И. А.  Чернов - Тарту; В. Н. Топоров, Вяч. Вс. Иванов, Б. А. Успенский, И. И. Ревзин - Мәскеу).

Әлеуметтік бағыттағы әдебиеттану.

Салыстырмалы және әлеуметтік-тарихи әдебиеттанудың арақатынасы. Каузальдық дәстүр және әдеби мектептер. Субъект шығармашылығы себептерін оның эстетикалық актісін қалыптан тыс мақсат ретінде орнықтыру. ХХ ғасырдағы мектептер: (Сакулин, Переверзев, Луначарский, Бердяев, Френденберг, Поспелов т.б.) Әдебиеттегі зерттеу әдіснамасының теориялық негіздері. Тарихи жарияланымдардағы әдебиетті зерттеу әдістері. Әдебиетті зерттеу әдіснамасының салыстырмалы-типологиялық және әлеуметтік сипаттамасы. Жалпы және салыстырмалы әдебиеттануды теориялық және тарихи поэтика ретінде қарастыру.

Салыстырмалы әдебиеттану әдебиет туралы ғылымдағы жаңа бағыт.

Қазақстанда салыстырмалы әдебиеттанудың дамуы. Әлемдік әдеби үдеріс контексінде ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің типологиялық байланысы. ХХ ғасырдағы қазақ және орыс  әдебиеттері реализміндегі типологиялық ұқсастықтар. Қазіргі қазақ салыстырмалы әдебиеттану-ындағы мәселелер. Қазақстандағы салыстырмалы әдебиеттанудағы бағыттар. Қазіргі қазақ салыстырмалы әдебиеттануының негізгі даму тенденциялары. (Г.Потанин, Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, Ш. Айтматов, Е. Ысмайлов,                        Ж. Дәдебаев, Н. Жуанышбеков, М. Маданова, Ж. Тілепов, Б. Толмачев,                    С. Әшімханова, К. Рүстемова-Нұргали, А. Ишанова, Ф. Исмайлова).

    Философиялық-эстетикалық әдебиеттану

Адам мен әдебиетті кешенді зерттеу принциптері. В. Казначеев,                     Е. Спирин ілімдеріндегі адамның космоғарыштық және әлеуметтік мәдени феномен ретіндегі сипаты. Ноосфергенез және адамның ғылыми адамгершілік тұрғыда дамуы. Бахтин поэтикасының принциптері. Әдеби құбылыстарға ғалымдардың өз еңбектерінде философиялық эстетикалық тұрғыдан келу негіздері. (Г. Гегель, И. Гердер, И. Тэн, С. Кьеркегор,                       Х. Ортега –и Гассет, Э. Баллер, У. Эко).

А. Лосев, С. Аверинцев, С. Артановский,  В. Топоров, Д. Лихачев еңбектеріндегі орыс космизмі мен философиясының бірлігі идеясы. О.Сүлейменов шығармашылығындағы мәдениет пен өнердің философиялық негіздері.

 

 

 Мәдени – тарихи  дәстүрлер  мектебі.

         Мәдени–  тарихи дәстүр және оның мектептері. Мәтіндегі күрделі және көпфакторлы байланыстарды зерттеу және субект еркімен туған мәтінді мақсатты мәдниетті уақыт жағынан «үлкен» және «кіші» деп тану. И.Тэннің мәдени тарихи- мектебіндегі орта, уақыт, нәсіл үштік бірлігі туралы ілім, бұл мектеп дәстүрінің Батыс Еуропада дамуы  (Де Санктис, В. Шерер,                          М. Мендес-и- Пелайо), Ресейде: Н. С. Тихонравов, А. Н. Пыпин. ХХ ғасыр мектептері: (Бахтин, Виноградов, Бройтман, Топоров, Михайлов, Манн, Чудаков, Аверинцев, Мелетинский). М. Эпштейннің әдебиеттанудағы гуманистік мектебі.

А.В.Липатов әдебиеттануындағы тойымдылықтың холистикалық балама теориясы. Қазіргі әдебиеттанудағы бахтиншілдік. В.Хализев пен В.Рудневтің мәдениеттанушылық көзқарастары. В.Рудневтің Набоковтың «Ақ жалын» және М.Булгаковтың «Шебер мен Маргарита» шығармаларын талдауы. Әдебиеттанудағы қазіргі философиялық мәдениеттанушылық концепциялар (феноменологиялық, герменевтикалық, рецептивті эстетика, ақпараттық теория, семиотика, құрылымдық лингвистика, философиялық (көркем) антропология, футурология,мәдениеттану).

    М. Хасенов, Ж. Қаракөзова, М. Барманқұлов, В. Бадиков, К. Оразаева,                М. Әуезов, А. Қайржанов сиқты Қазақстан ғалымдарының мәдениеттанушылық-әдебиеттанушылық концепциялары.

Мәтінтану  мектебі.

Мәтінтану  дәстүрі және  оның  мектептері. Мәтінді  мақсатты  түрде  жазу  және  сақтау. Г. Пауль  мен  В. Перетцтің  филологиялық  мектебі, мәтінтанудың  тууы. Қазіргі  мектептері: Д.Лихачев, Н. Пиксанов.

Герменевтика дәстүрі  мектебі.

Герменевтикалық дәстүр және оның мектептері. Мәтінді түсінуді мақсатты түрде санадан деп қабылдау. Гуссерльдің философиялық тұжырымы. ХХ ғасырдағы батыс мектептері. (Дильтей, Яусс, Гадамер).                 ХХ ғасырдағы орыс мектептері (Подорога, Линецкий). Рецептор (оқушы).

Әдебиеттануды қабылдау. Восприятие литературы. Герменевтика тарихы. Герменевтика принциптері. Түсіну. Пайымдау. Мазмұны. Мәні.  Диалогты герменевтика деп түсіну. Дәстүрлі емес герменевтика. Герменевтика Қазақстан, Ресей, шет ел ғалымдары еңбектерінде .(В. Асмус, А. Белецкий, Ф. Шлейермахер, П. Гайденко, Г. Гадамер, М. Фуко, Г. Шпет,        Г. Ишук, М. Кедрова, В. Кривонос, М. Науман, В. Прозорова, Л. Чернец,               Г. Мучник).

 

 Неомифологизм және мифопоэтика

Архайкалық және классикалық мифтерді оқытудың өзектілігі. Мифопоэтикалық сананы зерттеудің жолдары: психоаналитикалық, юнгтік, дәстүрлі-мифологиялық (Б. Малиновский, Дж. Фрейзер), символдық (Э. Кассирер), этнографиялық (Л. Леви-Брюль), структуралистік (К. Леви-Строс, М. Элиаде, В. Тернер), постструктуралистік (Р. Барт, М.  Фуко) т.б.      Мифопоэтика орыс ғалымдарының еңбектерінде (В. Я.  Пропп и                          О. М. Фрейденберг). Мифологиялық сюжеттер мен сарындарды көркем шығармаларда пайдалану. Неомифологизмнің негізгі белгілері. Неомифологиялық поэтиканы дамытудағы Қазақстан ғалымдарының зерттеулері. (С. Қасқабасов, Р. Бердібаев, Б. Байтанаев, Н. Келімбетов, Е. Тұрсұнов). Салт-жоралғы-мифологиялық мектептер Р. Смит, Дж. Фрейзер, «кембридж» мектебі және оны ұстанушылар школа (Н. Фрай, М. Бодкин), Анри Бергсонның интуитивті мектебі, Б. Кроче, Ф. Ницшенің мәдени- философиялық мектебі, Р. Унгердің, В. Дильтейдің рухани -тарихи мектебі, Л. Гольдманның, П. Машердің әлеуметтік мектебі.

 

Рецептивті эстетика. Автор танымы туралы мәселе. Оқу көкжиектері. Қалың оқырман, нағыз оқырман, сүйікті оқырман. Бұқаралық әдебиет. Көркем мәтін иерахиясы. Х. Р. Яссус, В. Изер, Қ. Әбдезұлы, Р. Тұрысбек, З. Бисенгали, Н. Сагындықовалардың зерттеу еңбектеріндегі рецептивті эстетика мәселелері.

 

Структурализм және постструктурализм.

Структурализм қоғамтану ғылымдарындағы жаңа бағыт (лингвистика, әдебиеттану, этнография, тарих т.б.). Құрылымды табу тұрақты жиынтық қатынастар ретінде. Мәдениет таңбалар жүйесі жиынтығы ретінде. Алпысыншы жылдары Францияда таралуы  (К. Леви-Стросс,                М. Фуко, Р. Барт, Ж. Деррида); Әдеби құбылыстар мен мәтінді құрылым, семиотикалық жүйе ретінде қарастыратын әдебиеттанудағы бағыт. (Р. Барт, Ж. Деррида, Ж. Лакан, М. Фуко, И. Ильин, В. Некрасов, К. Бұзаубағарова, С. Әбішева).

Постструктурализм -  философиялық және әлеуметтік қоғамтану саласындағы 1970-1980 жылдардағы структурализмді сынау мен жеңуге арналған жалпы атау. Құрылымдағыны құрылымдағысыз пайымдау. Тілдік құрылымдар көмегімен адам мен қоғамда пайда болған қайшылықтарды тануға тырысу. Лингвистикалық редукциянизмді жеңу, постструктуализмнің мақсаты ретінде жаңа тәжірибелік оқу құрылымын қою. 

 

Әдебиеттанудағы  феминистік бағыт

Қазіргі батысеуропалық феминистік таным. Мәдениетті ерлер құндылығы жүйесіне бағыттау. Дәстүрлі көзқарастарды феминистік жүйеде қайта қарау. Әйелдер әдебиеті тарихын қалыптастыруға ұмтылу,  әйелдер образының бостандығын қорғау, мейірімділік пен басқа да ерекшеліктердің  әйелден бастау алғанын қуаттау. Феминистік қозғалыстарды әлеуметтік сынау бағыттары. Феминистік әдебиеттанудың міндеттері, әлемді екіге жарып әділ қарауды орнықтыру, гендерлік бағыттағы әдебиет теориясын жасауға ұмтылу.  Қазақстандағы әйелдер әдебиеттануы. Э. Шоре,                    Ю. Кристева, Э. Сиксу, Л. Иригарай, С. Кофман, Э. Шоуолтер және                        Ф. Исмаилованың «Феминистік имагология» еңбектеріндегі феминистік әдебиеттану мәселелері.

 

Ойын  поэтикасы.

Ойын  адам  қызметінің  бір  түрі.  Өнер  және  ойын.   Л. фон  Витгенштейн  бойынша  тілдік  ойындар.  Й. Хейзинги  ойындарының  концепциясы.  Р. Кайо  ойындарының  типологиясы. Ойын поэтикасының  жолдары  мен  ұстанымдары,  әдебиеттегі  ойындық  сюжеттер.  А. К. Ишанованың  «Әдеби  ойындар  типологиясы. Бароккодан  постмодернизмге  дейін»  кітабы  бойынша  әдеби  ойындар  типологиясы мен  әдеби  бағыттардағы  әдеби  қаһармандар  классификациясын  жасау.

Постмодернистік әдебиеттану

Қазіргі философиядағы, өнердегі, әдебиеттану мен басқа да қоғамдық ғылымдардағы негізгі бағыттардың бірі. Постмодернизмнің объектісі негізінен мәтін. Постмодернизм қазіргі өнердің, философияның, ғылым мен саясаттың, экономиканың, сексенінші жылдардағы моданың теориялық қондырмасы секілді. Постмодернизмдегі жалпыға тән плюрализм. «мәдени ортақтық» немесе үзінді алу постмодернизмнің бір принципті белгісі. Морфологиялық дәстүр және оның мектептері.  Мәтін құрылымы мен мазмұнына назар аудару оның басты мақсаттарының бірі.Орыс морфологиялық мектебі: формалистер (Якобсон, Шкловский, Эйхенбаум, Тынянов, Пропп), структуралистер (Лотман, Щеглов, Смирнов, Жолковский, Левин). Шет ел мектебі: (Греймас, Леви-Строс, Тодоров, Мукаржовский).

Интермәтіндік поэтика. Мәтін түсінігінің мазмұны. Мәтін филологиялық ұғым ретінде. Мәтін семиотика мен мәдениеттану ұғымы ретінде. Постмодернистік концепциялардағы мәтін. Мәтіндегі мәтін интертекстің бір түрі ретінде. Подтекст және  контекст. Интертекстің философиялық негізі. ХХ ғасыр прозасындағы интертекст принциптері. Деконструкция-интертексті зерттеу стратегиясы. Авторлық емес «Бөтен сөз». Прозадағы интертекст поэтикасы. Сөз актілірі мен тіл ойындары теориясы. Мәтін – автор, оқырман, мәдени контекст арасындағы диалог.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Біз осындай баламыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңi. 5Т қайталауТыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.03.2020 1503
    • DOCX 24.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кирилина Марина Анатольевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кирилина Марина Анатольевна
    Кирилина Марина Анатольевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 125495
    • Всего материалов: 226

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек