Главная / Технология / Бисерден майлық тоқу

Бисерден майлық тоқу

Пән аты: «Қолөнер» үйірмесі.

Сыныбы: 5 сынып.

Мұғалімнің аты – жөні: Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, «Өнер мектебі» қолөнер курсы мұғалімі - Аштеуова Нурила Жабайқызы.

Сабақтың тақырыбы: Бисерден майлық тоқу.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға сәндік қолданбалы өнердің бір түрі –

тоқыма өнерінің түрлерімен таныстырып, үйрету.

ә) Оқушылардың шыдамдылық қасиетін қалыптастыру,

шеберлік деңгейін арттыру, сұлулыққа тәрбиелеу.

б) Оқушылардың ой – өрісін дамытып, болашаққа

бағыт – бағдар беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, практикалық

Көрнекі құралдар: Дайын тоқылған майлық түрлері, слайд (интерактивтік тақтада), бисер, ине, қайшы, «лезка» жібі.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

-​ Саламатсыздар ма оқушылар?

-​ Сыныпта кім жоқ? Кім кезекші?

-​ Сабаққа дайындаламыз, жұмыс орнымызды реттейміз.

-​ Сабақты бастаймыз.

Үй тапсырмасы: Өткен сабақты сұрақ-жауап әдісімен тексереміз және дайындаған жұмыстарын демонстрациялау арқылы бағалаймыз.

Жаңа сабақ: Майлықтың шығу тарихы

Баршамызға танымал бұл қарапайым, әрі тұрмысқа қажет бұйымның шығу тарихы нақты қай кезеңге жататыны белгісіз. Алғашқы майлықтар ежелгі Рим елінде, қарапайым халықтың қалтасы көтермейтін, қымбат алебастр талшықтарынан жасалған. Шығыс елдерінде майлық орнына жазу қағаздарын пайдаланған. Европа елдерінде майлықты ойлап табуға тамақ ішу кезінде қиналатын сақалы мен мұрты бар ер кісілер себепкер болған деген дерек бар. Ал Ресейде Петр І кезінде пайда болған. Ол кезеңге дейін халық тамақ ішіп болғаннан кейін, ауыздарын киімдерінің жеңімен немесе дастархан етегімен сүрткен. Қазіргі кезде бір рет ғана пайдалануға арналған майлықтар жасалады. Олар гигиеналық талаптарға сай, жұмсақ әрі пайдалануға ыңғайлы. Майлықты тоқып та, кестелеп те, макраме түрінде, бисер-моншақтардан да жасауға болады.

Әрине, моншақтан тоқылған майлықтарды тамақ ішу кезінде қолдана алмаймыз. Бірақ қазіргі заманда асханалық майлықтан бөлек декоративтік, яғни үйді сәндеуге арналған түрлері де бар.

Ендеше балалар, осындай көркем сән үлгісін бүгінгі сабақта біз жасап үйренеміз. Ол үшін түрлі бисерлер пайдаланамыз. Инемен жұмыс жасағанда техника қауіпсіздік ережесін қадағалаймыз. Біз бүгін үш түспен өңделген майлық тоқимыз.

http://bestbiser.com/assets/files/2013/05/Izobrazhenie41.jpg

Салфетка из бисераСалфетка из бисерасалфетка из бисера,салфетки из бисера схемы, плоские схемы из бисера

1-схема 2-схема 3-схема

Алдымен 6 бисерді бекітеміз. Кейін схема бойынша осы алты бисерді айналдыра отырып,келесі қатарды жалғастыра тоқимыз. Жұмыс соңында қалған жіпті кері қарай қайтара кіргізіп тастаймыз.

Сабақты бекіту: Оқушылардың жаңа сабақты түсінгенін сұрақ-жауап арқылы және демонстрациялау, яғни жасап жатқан жұмыстарын көрсету арқылы бекітеміз.

Бағалау: Жасап жатқан жұмыстарының сапасына қарай бағалаймыз.

Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтап келу.



Бисерден майлық тоқу
  • Технология
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Бисерден майлық тоқу.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға сәндік қолданбалы өнердің бір түрі –

тоқыма өнерінің түрлерімен таныстырып, үйрету.

ә) Оқушылардың шыдамдылық қасиетін қалыптастыру,

шеберлік деңгейін арттыру, сұлулыққа тәрбиелеу.

б) Оқушылардың ой – өрісін дамытып, болашаққа

бағыт – бағдар беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, практикалық

Көрнекі құралдар: Дайын тоқылған майлық түрлері, слайд (интерактивтік тақтада), бисер, ине, қайшы, «лезка» жібі.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

- Саламатсыздар ма оқушылар?

- Сыныпта кім жоқ? Кім кезекші?

- Сабаққа дайындаламыз, жұмыс орнымызды реттейміз.

- Сабақты бастаймыз.

Автор Ким Елена Михайловна
Дата добавления 08.04.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров 247
Номер материала MA-066263
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓