Инфоурок Биология ПрезентацииБиология пәнінен 8 сыныпқа "Организмдегі зат және энергия алмасудың маңызы" тақырыбында презентация

Биология пәнінен 8 сыныпқа "Организмдегі зат және энергия алмасудың маңызы" тақырыбында презентация

Скачать материал

8 сынып

Биология пәні

Сабақтың тақырыбы:  Организмдегі зат және энергия алмасудың маңызы.

Сабақтың мақсаты: Организмдегі зат және энергия алмасу процесінің маңызын ашу, алған білімдерін өмірде қолдануға дағдыландыру.

Сабақтың міндеттері: 1. Оқушыларға пластикалық алмасу, энергетикалық алмасу туралы түсінік беру.

2. Органикалық заттардың алмасуы атап айтқанда нәруыздардың, көмірсулардің, майлардың алмасуын және бейорганикалық заттардың- минералды тұздардың алмасуын салыстыру.

3.  Зат, энергия алмасудың маңызы туралы алған білімдерін өмірмен ұштастыру,қолдану.

Сабақтың тәсілі: ЖИГСО тәсілі, эссе.

Табыс критерийлері: 1. Нәруыздар, көмірсулар, майлар,судың, минералды тұздардың алмасуын біледі.

2. Пластикалық және энергетикалық кезеңдерді салыстырады, ажыратады.

3. Алған білімдерін өмірде қолданады.

Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылардың пластикалық алмасу, знергетикалық алмасу мағынасын түсінуі.

2. Оқушылар органикалық және бейорганикалық  заттардың алмасудын айырады, салыстырады.

3. Зат және энергетикалық алмасудың маңызын талдайды, өмірде қолдана алады.

Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, постерлер, ресурстар, электронды оқулық.

Дерек көздер: Биология -8 сынып, бейнеролик, интернет.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты түгендеу. Сергіту сәтін өткізу. Топқа бөлу.

ІІ Үй жұмысын сұрау:

1.      Сандар сөйлейді

2.      Сәйкестігін тап

Жаңа сабақ

Қазақ халқы әрқашанда «Ас адамның арқауы», «Ас тұрған жерде ауру тұрмайды» деген.

Кез – келген тірі ағзаның негізгі қасиеті- оқушылар ( зат алмасу). Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: 1 слайд

Сынып төрт топқа бөлінеді. Әр топ өз топ басшысын сайлайды. Әр топқа постер, ресурстар таратылады. Топ мүшелері номерленеді, ресурстағы мәліметтерді бөліп алады да әр оқушы өзінің тапсырмасына дайындалады. Ресурс номері бойынша топтасады, талқылайды. Жанұя тобына барады әр топ мұшесі өзінің оқығанын түсіндіреді.

Зат және энергия алмасу.

Зат алмасуы туралы жалпы түсініктеме.  Астың маңыздылығы мен сіңімділігі оның құрамына байланысты. Нанның, ет пен сүттің сіңімділігі мен маңыздылығы олардағы белок, май, көмірсу және витаминдерге байланысты анықталады. Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының өздеріне бейімделген заттар жасалады. Бұл ассимиляция, яғни организмге енген заттарды оздеріне бейімдеп өзгерту. Мұнымен  бірге организмде клеткалар мен олардың бөлшектері ескіреді, олар ыдырайды, яғни диссимиляция байқалады. Ассимиляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организм ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызметіне қажетті қуат алады.

Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті болады. Бұл адамның жас ерекшелігінің ауқымды бір көрсеткіші. Балаларда ассимиляция диссимиляциядан басым болады, олар тек ересек адамда ғана теңеседі. Бала кезінде ассимимляция басым болса, қартайғанда, керісінше диссимиляция басым болады. Бұл заңдылық түрлі ауруларға, сыртқы ортаның қауырт жағдайларының әсеріне байланысты бұзылады.

Адам организміндегі клеткалардың құрамында  көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганыкалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұздары  жатады. Дені саулығы бар ересек, 70 кг салмағы бар, адамның организмінде шамамен 40-45 л су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар , 0,5-0,8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы біркелкі тұрақты  болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажетті заттармен ұдайы дұрыс  және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті «құрылыс  материалдары» денеге тамақтану арқылы жеткізіледі.

Белоктың алмасуы. Азықтың ең құнды  бөлігі белок. Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін   б е локтік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді. Қарапайым белоктың құрамында  4 зат қана бар: оттегі, сутегі, көмірсу және азот, ал күрделі белоктарда (мысалы мидың белогында) Бұлар дан басқа күкірт, фосфор, темір т. б. бар. Белоктар мономерлі амин қышқылдарынан тұрады.

Амин қышқылдарының 10% организмнің өзінде өндірілмейді, сондықтан оларды таптырмайтын қышқылдар дейді. Бұлар ға аргинин, триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин мен фенилаланин жатады. Өсіп, дамып жатқан бала организміне Бұларға қоса 10-қышқыл — гистидин аса қажет. Осы аталған ауыстырылмайтын амин қышқылдары жейтін астың құрамында жеткіліксіз болғанда адам денесінде, әсіресе балалар мен жас өспірімдердің организмінде айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Денеде белоктың қоры онша көп емес, сондықтан ашығу баланың өсуін мүлде тоқтатады, кейде ұзақ қа созылған жағдайда ақыл кемшілігі пайда болуы мүмкін, баланың жұқпалы ауруларға қарсы тұру  қабілеті нашарлайды.  Өмірге жаңа келген нәресте тек қана ана сүтімен қоректенеді. Сүт табиғаттың нәресте үшін арнап жасаған дайын тағамы. Нәресте тәулігіне 600 мл сүтті анасының емшегінен сорып алады. 3-6 айлығында оған 700-800 мл сүт керек. Ана сүтінің құрамында  белок, май, қант, минерал заттары, витаминдер т. б. бала тірлігіне қажетті заттардың бәрі бар және олар сапалы болады. Әсіресе биологиялық өте құнды  — альбумин, гамма-глобулин, т. б. — белоктың түрлері, ферменттер, гормондар, иммунды денешіктер жеткілікті мөлшерде болғаны баланың дұрыс  өсуіне өте қажет. Белокты бала ана сүтінен ғана ала алады. 1-3 жасар баланың жейтін тамағының белоктың 75 % жануар текті, ал 25 % өсімдік текті болуы қажет. 5 жасар балалар үшін Бұлар  тең мөлшерде қажет болса, жас оспірімдер үшін өсімдік белогының мөлшерін көбейте түсу қажет.

Май мен көмірсуының алмасуы, жас ерекшеліктері.  Май мен көмірсудың құрамдары белоктан гөрі қарапайым, Бұлар  химиялық үш заттан түзіледі: көмірсутегі, оттегі және сутегі. Бұл екеуінің құрылыс ының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орынына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсуден май оңай түзіледі. Орта есеппен алғанда денедегі майдың мөлшері 10-20 %, ал көмірсудың мөлшері 1% шамасында. Майдың көбі май ұлпасындағы организмнің қуат қоры. Аздаған мөлшері жаңа клетканың мембранасының құрылысына және соларды ауыстыруға пайдаланылады. Дененің кейбір клеткалары өз құрамында  майды өте көп мөлшерде жинайды да, организмнің жылу және механикалық изоляторы ретінде пайдаланылады, яғни ол қорғану қызметін атқарады.

Дені сау ересек адамның тамағында 30 %-дай май болуы тиіс. Олай болса, адам күніне 80-100 г май жейді. Тамақтың құрамында  жануар майы да, өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы шамамен 2:1 қатынасындай болуы керек. Өсімдік майының линоль, линолен, арахидон іспетті кейбір май қышқылдарының түрлері организмде ондірілмейді. Бұлар дың жейтін тамақта жеткіліксіз болуы зат алмасуын бұзады және жүрек-қан тамырлар жүйесінде атеросклерозды дамытады. Көмірсулары адам организмінде глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза т. б. іспетті моносахаридтерге дейін ыдырайды. Глюкозаның мөлшері адам қанында шамамен тұрақты  0,1 %. Глюкозаның қандағы мөлшері 0,11-0,12 %-ға дейін көбейгенде ол қаннан бауырға және бұлшық  еттерге тасылады да, онда жануар крахмалы деп аталатын зат -гликогенге айналады. Егер 0,12 %-дан асып кетсе, артық қантты денеден шығаруға бүйрек кіріседі. Мұны    глюкозурия   деп атайды. Бұл ауру ұйқы  безінің Лангерганс аралшаларының ішкі секрециялық қызметі бүзылып инсулин гормоны жетіспегенде байқалады.

Су мен тұздардың организмдегі маңызы мен молшері, жас ерекшеліктері. Тұздар  адам тамағына қажетті. Бірақ олар қуат көзіне жатпайды, клеткалар мен организмнің Сұйық ортасының құрамына кіреді, сөйтіп шкі ортаның тұрақтылығын және тіршілікті сақтауға қажет. Олар барлық ұлпаларда, әсіресе сүйекте жеткілікті болуы тиіс. Тұзсыз нервтің, еттің қозу белсенділігі мүмкін емес. Организмдегі ұлпалардың құрамында  3,45 % калыдий, 1,58 % фосфор, 0,65 % калий, 0,45 % хлор, 0,1% магний болады. Бұларға қосымша иод, темір, бром, мыс, цинк сияқты микроэлементтер бар. Олар қан өндіруге, гормондардың түзілуіне қатысады. Тұздар  денедегі осмостық қысымды реттейді, қанның сілтілі-қышқылды реакциясын бір қалыпта сақтауға қатысады, катализаторлық қызмет атқарады, сүйек, шеміршек т. б. ұлпалардың құрамына кіріп, олардың беріктілігін қамтамасыз етеді. Фосфор мен күкірт мидың құрамына кіреді, натрий мен калий жүйке жүйесінің қызметінде маңызды орын алып, электрофизиологиялық жағдайын қалыптастырады. Темір гемоглобиннің құрамына қажет. Фосфор, күкірт, натрий калий, кальций т. б. организмге айтарлықтай шамада қажет.Молибден, мыс, кобальт қан өндіру қызметіне қатысады, йод қалқанша безінің гормонының құрамына кіреді, фтор тіс ұлпасы ның, әсіресе эмалінің дұрыс  қалыптасуына қажет. Бұлар  организмге аз мөлшерде қажет болады, сондықтан микроэл ементтер деп аталады.

Жалпы алғанда микроэлементтер зат алмасуды реттейді. Көптеген микроэлементтер белокпе н қосылып ферменттер, гормондар мен витаминдердің түзілуіне қатысады.

Әр топтан спикер тақтаға шығып қорғайды. Қарсы топтар сұрақтар қояды, бағалайды.

Қорытынды: Оқушылар эссе жазады: Мына сұрақтарға жауап береді: Осы сабақтан нені білдің?, Тағы не білгің келеді?

1. Пластикалық алмасу – биосинтез реакцияларының жиынтығы екенін білдік.

2. Нәруыздар негізгі құрылыс материалы, ыдыраған кезде 17,6 кДж энергия бөлінеді.

3. Нәруыздар  және майлар негізгі энергия көзі.

Бекіту:  Топтар сұрақтар қояды.

Үй тапсырмасы: 184 бе ттегі №1,2 кестені толтыру.  Ол үшін тақырыпты конспектілеу және түсініп оқу.

 

Сабақтың тақырыбы: Энергетикалық алмасу және оның кезеңдері

Сабақтың мақсаты: Энергетикалық алмасудың фазаларын ажырату, зат алмасудың маңызын анықтап, өмірде қолдану.

Сабақтың міндеттері: 1. Энергетикалық алмасудың мәнін, маңызын түсіндіру.2. Энергетикалық алмасудың кезеңдерін бір-бірінен салыстыру, талдау жасау.

3.     Осы сабақта алған білімдерін өмірде қолдануға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын тәсілдер: Топтастыру, Ойлаудың алты қалпағы, Венн диаграммасы.

Құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, бейнеролик, қосымша ғаламтор мәліметтері, постерлер, ресурстар, маркерлер тб.

Күтілетін нәтиже:1. Оқушылар энергетикалық алмасу кезеңдерін менгеруге қызығушылығы артады.

2. Оқушылардың танымдық белсенділігі артады.

3.Оқушылар өз білімдерін бағалауға дағдыланады.

Бағалау критерийлері: 1. Энергетикалық алмасудың кезеңдерін біледі.

2. Энергетикалық алмасудың кезеңдерін ажыратады, толық  сипаттама береді.

3. Энергетикалық алмасудың маңызын бағалайды, заттар алмасуы бұзылған жағдайда пайда болатын ауруларды болжайды, өмірмен байластырады.

Сабақ жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі(топтастыру, сергіту сәті).

І. Үй жұмысын сұрау

1.Аурулар (1-10)  және олардың сипаттамасы (1-12) бойынша сәйкестендіріңдер:


1. Цинга.                                            6. Семіздік.
2. Кариес.                                          7
Іш сүзегі.
3.Дизентерия.                                   8.Гастрит.
4.
Құрт аурулары.                             9. Асқазан жарасы.
5.
Тырысқақ.                                     10. Тәбеттің болмауы.


I.   
Ішектің инфекциялық аурулары.
II.   
Дұрыс қуырылмаған және пісірілмеген ет немесе балықтан пайда    болады.

III.    Жуылмаған ыдыс, қол, жеміс- жидектер, шикі судан пайда болуы мүмкін.

 IV.   Алдын алу – ол екпелер жасау.
V.    Алдын алу – ыдыс-табақ,судың, жеміс-жидектер, қолдардың тазалығы.  VI.    Ауыз қуысының тазалығын сақтамау салдары.

VII.    Дұрыс тамақтанбау және күн тәртібінің бұзылуы және пісіру. IX.    Алдын алу – бұл ұйықтар алдында тісті жуу.
X.    Мазасыздану немесе дастархан мәзірінің дұрыс болмауы.
XI.    Ішімдік ішу, темекі шегу зардабы.
XII.    Гиподинамия зардабы.

Жаңа сабақ

Өткен сабақпен байланыстыра отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашу, оқушылармен Венн диаграммасын құру арқылы постерлерге идеяларын түсіріп қорғайды 10 мин: қарсы топтар формативті бағалайды.

1 Пластикалық алмасу

2 Энергетикалық алмасу кезеңдеріне мақсат қою және бағалау критерийлерін құрастырады.

 Топтар  деңгейлік тапсырмалар орындайды.

Оқушыларға «Ойлаудың алты қалпағы» туралы түсіндіріп, әр топқа екі қалпақтан беріледі. Оқушылар дайындалып екі оқушыдан әр топтан шығып энергетикалық алмасу туралы қалпақтар түсі бойынша сөйлейді.

Қорытындылау: Көк қалпақтың сөйлеуі бойынша сабақты қорытындылаймыз.

Үйге тапсырма: 227-228 беттегі сұрақтарға жауап беру, сілтеме ретінде 226 беттегі кестені пайдаланыңдар.

 

                                                                           

 

Тақырыбы: Қан топтары. Резус-фактор. Қан құю.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қан топтары және резус-фактор туралы білімдерін толықтыру
.
Міндеттері:1. Оқушыларға қан топтары, резус – фактор ұғымын түсіндіру.

2. Оқушылар қан топтарын бір – бірінен ажыратуы, салыстыруы.

3. Қан топтары, резус фактор білік, дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ тұрі: Ашық сабақ
Әдіс – тәсілі: БББ кестесі
Құрал-жабдықтар: Ғалымдардың суреттері. Тұқымқуалаушылық кестесі. Ақылды тақта. Қосымша мәліметтер, әдебиеттер. Деңгейлік тапсырмалар.
Сабақ валеология, тарих пәндерімен байланыстырыла өтеді.

Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылардың қан топтары, резус – фактор ұғымын түсінуі

2.Баланың танымдық қабілеті артады.

3. Оқушылар алған білімдерін қолдануға дайын болады.

Бағалау критерийлері: 1.Қан жасушаларының пішінін, құрылысын біледі.

2. Қан жасушаларын ажыратады, қасиеттерін, қызметін толық сипаттайды.

3. Қан жасушаларының қызметін, қасиетін бағалайды, қызметі бұзылған жағдайда қандай аурулар пайда болатынын болжайды, өмірмен байланыстырады.
Сабақ жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй жұмысын тексеру.
III.БББ кестесі.
IV. Бекіту.
V. Бағалау
VI. Үй тапсырмасын беру.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу.
II. Үй жұмысын тексеру:

1.       Таны мені?
1. сурет,бұл туралыне білесің?
(қызыл түсті ортасы қысыңқы,табақша тәрізді, жиегі қалың) ядросыз,өздігінен қозғалалмайды.

2.       Лейкоциттер.
Қанның түссіз ядросы,амеба тәрізді қозғалғыш жасушалары.

3.       Тромбоциттер.Қан пластинкалары түссіз,домалақ немесе сопақша пішінді ядросыз жасуша.

4.       Биологиялық диктант өткізіледі.
Адам ағзасының ішкі ортасына ..., ..., ..., жатады.Ағзаның ішкі ортасының физикалық және химиялық тұрақтылығын ... және эндокриндік жүйе арқылы сақтау ... деп аталады. Қан бұл ... мен қан жасушалары: ..., ..., ...  тұрады. Плазма ... судан тұрады. Қан адам дене бұл ... мен қан жасушалары: ..., ..., ...  тұрады. Плазма ... судан тұрады. Қан адам дене салмағының 7,7% құрап, ... денеде ... қан болады.1м3 қанда ... эритроцит, ... лейкоцит, ... тромбацит бар. Адам организімінде қан басты ... , ..., ..., .... міндеттерді атқарады. 
Кесте 6 
Ағзаның ішкі ортасының ерекшеліктерін анықтау.

Қан жасушалары және олардың ерекшеліктері

 

Ерекшеліктері

эритроциттер

лейкоциттер

тромбоциттер

Пішіні мен құрылысы

7-10мкм,диск тәрізді

Ядролы,ақ,қозғалады

2-4мкм, ядросыз,түссіз

1 мм қандағы мөлшері

4,5-5млн

6-8 мың

180-350 мың

Тіршілік ұзақтығы

120 күн

2-4күн

7 күн

қызметі

тасымалдау

қорғаныштық

Қанды ұйытады

 

III. Жаңа сабақ түсіндіру
Сынып оқушылары 5 топқа бөлінеді.
Олар: Дәрігерлер, тарихшылар, биологтар, генетиктер. Әрбір топқа өткен сабақта берілген тапсырма бойышна, оқушылар сабақ түсіндіреді.
Жоспар: 1. Ой қозғау
2. Қан топтары мен резус-фактордың шығу тарихы.
3. Қан құю.
4. Қан топтары бойынша тұқым қуалау.
5. Қан топтары бойынша адамдардың мінез-құлық топологиясы.
6. Қорытындылау.
1. Ой қозғау.
Біз адам ағзасының қаннан тұратынын білеміз.
1. Қан неден тұрады? (плазма және
формалы элементтерден)
2. Формалы элементтер дегеніміз не? (эротроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер)

 3. Олардың қызметтері қандай? (Эротроциттер қанға қызыл түс береді, лейкоциттер – микроорганизмдерді жояды, тромбоиттер – қанның ұюын қамтамасыз етеді.)
4. Қанда олар қанша тіршілік етеді? (э-120күн, т -7-10 күн, л – 4-2-4 күн)
5. Қан неге қызыл? (Себебі онда темір атомдары бар.)
6. Гемоглобин дегеніміз не? ( қанда оттегін тасымалдайды)
2. Біз қанның құрамымен танысып болдық. Енді біз қанды топтарға бөлетінін білеміз. Ал оны кім және қашан ашқан деген сұрақтарға біздің тарихшылар жауап береді.
Тарихшылар. Портрет Ян Янск
ий және К Ландштейнер

1901 ж австриялық ғалым К. Ландштейнер қанның үйлеспеушілігін зерттеу кезінде кейбір жағдайда бір адамның қанының плазмасының эритроциттерін басқа адамның эритроциттерімен бірігіп қалатынын байқады. Өзінің зерттеулерінің нәтижесінде қан топтарын ашты. 1930ж Нобель сыйлығын алды. Эритроциттердің бірігіп қалуын агглютинация деп атайды.
3. Өмірде біз жиі естиміз: «Адамның қанын басқа бір адамға құйыпты» дегенді. Ал қан беруші және қан алушы адамдар туралы бізге дәрігерлер әңгімелеп береді.
Дәрігерлер.
Донор дегеніміз –
Реципиент дегеніміз -
Кесте бойынша қан құю.

Тұқым қуалау кезінде қан топтары ұрпақтан ұрпаққа беріледі ме? Ол жайлы бізге генетиктар айтып береді:
АНАСЫ + ӘКЕСІ БАЛАНЫҢ ҚАН ТОБЫ: МҮМКІН НҰСҚАЛАРЫ ( % )
I + I I ( 100 % ) — - -
I + II I ( 50 % ) II ( 50 % ) — -
I + III I ( 50 % ) — III ( 50 % ) -
I + IV — II ( 50 % ) III ( 50 % ) -
II + II I (25 % ) II ( 75 % ) — -
II + III I ( 25 % ) II ( 25 % ) III ( 25 % ) IV ( 25 % )
II + IV — II ( 50 % ) III ( 25 % ) IV ( 25 % )
III + III I ( 25 % ) — III ( 75 % ) -
III + IV — I ( 25 % ) III ( 50 % ) IV ( 25 % )
IV + IV — II ( 25 % ) III ( 25 % ) IV ( 50 % ) 5. Психологтар зерттей келе әрбір қан топтарының иелерінде өздеріне тән мінез – құлықтары бар екенін анықтаған болатын. Ол жайлы бізге Психолог мамандар не айтады екен?
6. Келесі диетологтар бізге қан топтарына сәйкес қалай тмақтану керек екендігі жайлы баяндап береді.
7. Қорытындылау. Биолог.
Сонымен қан топтарының адам өміріндегі маңызы өте зор екенін біз білдік.
Тірек конспектілерімізді толтыруды ұмытпаймыз.
I ( 0 ) –А және В антигені болмайды
II ( А ) –А антигені болады
III ( В ) –В антигені болады;
IV( АВ ) –А и В антигені болады
IV. Бекіту.
1. Есептер шығару. Әр топқа бір-бір карточкадан.
Тапсырма№1
Ауруханада екі баланы шатастырып алды. (Мысалға Ж
анар жәнне Нұрай) Бірінші ата-ананың қан топтары I және IV, ал екінші ата-ананың қан топтары I және III. Анализ нәтижесі бойынша Ж-да I қан тобы, ал Н-да II қан тобы екені анықталды. Балалардың ата – анасын табыңдар.
Жауабы: қан топтары I және IV ата-ананың баласы –Ж. Ал қан топтары I және III ата-ананың баласы –Н.
Тапсырма №2
Ата – анасының қан топтары II және III. Олардың баласында I топты қан болуы мүмкін бе?
Жауабы: ия, болуы мүмкін.
Тапсырма №3
Анасының қан тобы I, ал баласының қан тобы II . Әкесінің қан тобы қандай?
Жауабы: II немесе IV топ
Тапсырма №4
Баланың қан тобы I, ал оның қарындасыныкі IV. Ата – анасының қан тобы жайлы не айтасын?
Жауабы. Ата-анасының қан топтары II және III.
Тапсырма №5
IV топты қаны бар баланың ата-анасын іздеуге салды. екі отбасын тексере келгенде Бірінші отбасында әкесінің қан тобы II ,ал анасының қан тобы III екені анықталды.Екінші отбасында әкесінің қан тобы I, ал анасының қан тобы IV екенін дәлелдеді. Баланың ата-анасы қай отбасы?
Жауабы: Бірінші отбасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қуаттың алмасуы мен негізгі зат алмасуы. Ұлпадағы клеткаларда белок, май, көмірсу оттегінің қатысуымен тотығып ыдырайды және осы заттар денеге бейімделіп қайтадан өндіріледі. Қоректік заттардың тотығу нәтижесінде бөлініп шығатын қуаттың мөлшері бірдей емес. Белгілі бір қоректік заттың 1 г тотыққанда шығаратын қуаттың мөлшерін сол заттың калориялық коэффициенті деп атайды. Бұл мөлшер калориямен (кал), килокалориямен (ккал) немесе джоульмен (Дж), килоджоульмен (кДж) өлшенеді. 1 кдж = 4,187 ккал. 1 г белок = 4,1 ккал (17,17 кДж), 1 г май = 9,3 ккал (38,39кДж), 1 г. көмірсу = 4,1 ккал (17,17 кДж).

Тәуліктегі жұмсалатын қуат мөлшері адамның жасына, денсаулығына, азығына және іс-қимылына байланысты. Жеңіл дене еңбегінде тәулігіне 2000-2300 ккал қуат жұмсалады, ал ауыр жұмыс  кезінде Бұл мөлшер істеген жұмыс қа сай 2-3 есе артады. Атқарған жұмыстың ауыр-жеңілдігіне, күрделілігіне, денеге түсетін жүктеменің салмағына қарай қуат мөлшері әр деңгейде өзгеріп отырады (2-кесте). Ми еңбегінде дене еңбегінен гөрі қуат аз жұмсалады. Мамандығына сай адамдардың қуат жұмсау  мөлшері әркелкі болады.

Адамның жасына сай тәуліктік қуат жұмсау мөлшері әртүрлі, жас ұлғайған сайын азаяды. Ер балалардың тәуліктік қуат жұмсау  мөлшері қыздардан жоғары.

Өсуге жүмсалатын қуат молшері неғүрлым бала жас болса, солғүрлым жоғары болады. Мысалы, бұл мөлшер азық қуатының 3 айда — 36 %, 6 айда — 26%, 9 айда — 21%-ына тең болады.

Гликолиз және аэробты тотығуы кезінде, яғни қуатқа бай фосфорлы заттар түзілген кезде сутегінің атомдары және құрамында  азоты бар заттар да босайды. Олар амин қышқылдарының синтезінде пайдаланылады, сондықтан балалардың қуат алмасуы ересек кісілерден анағүрлым жогары болады.

Адам толық тыныштықта болғанның өзінде белгілі мөлшерде қуат жұмсайды. Денедегі физиологиялық қызметтерге тынымсыз үнемі қуат жүмсалып жатады. Қалыпты жағдайда адам организміндегі ең төменгі деңгейлі зат алмасуы мен қуаттың жүмсалуын негізгі зат алмасуы дейді. Негізгі зат алмасуы кезіндегі қуат тыныштық жағдайдағы тіршілікті сақтайтын жүрек-қан тамырлар, бүйрек, бауыр сияқты мүшелердің үздіксіз қызметі үшін, клеткалардағы зат алмасуын қамтамасыз етуі үшін жұмсалады.

2-ші кесте.  Дененің 1 кг массасына жұмсалатын тәуліктік қуаттың мөлшері

 

Жұмсалатын қуаттың

Жасы

тәуліктік мөлшері,

кДж/кг

1-3 ай

462-504

3-6 ай

420-462

6-12 ай

378-420

2-6 жас

294-315

7-11 жас

252-294

11-15 жас

189-281

Ересек адам

147-168

Витамиңдер туралы жалпы түсініктеме. (лат. вита - өмір + аминдер — құрамында  азоты бар химиялық заттар). Витаминдер — аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар. Олар тіршілікке өте қажетті. Витаминдерді латын әрпімен А, В, С, Д, Е, К, Р, РР деп белгілейді және химиялық қүрамдарына сай атайды (Мысалы, аскорбин қышқылы немесе С витамині). Барлық витаминдерді екі топқа бөледі: майда еритіндер және суда еритіндер. Майда еритіндер тобына А, Д, Е витаминдері, ал суда еритіндер тобына басқа қалған витаминдер (В, ВІ2, С, Р т. б.) жатады. Витаминдердің біразы гормондардың, ферменттердің т. б. биологиялық белсенді заттардың құрамына кіреді. Ал біразы (Е, С, Р витаминдері) клетка мембранасының құрамына кіріп қорғаныс, яғни антиоксиданттық қызмет атқарады.

Көптеген витаминдер адам денесінде өндірілмейді. Олар ішкен, жеген тамақтың құрамында  провитамин (витамин алды) түрінде болады. Провитаминдер витаминдердің белсенді түрі емес, Бұлар  адам организмінде ғана белсенді түрге ауысады. Кейбір витаминдер организмде химиялық жолмен түзіледі. Инозит, пангам қышқылы, убихинон, холин т.б. витамин тәрізді органикалық қосындылар да витаминдердің ролін атқарады.

Ұзақ  мерзім бойы жеген тамақтың құрамында  витаминдер мүлде болмаса, онда авитаминоз, ал жеткіліксіз болса гиповитаминоз, мөлшерден артық болса гипервитаминоз деп аталатын сырқаттар пайда болады. Гипервитаминоз көбінесе майда еритін витаминдердің денеде көп болуына байланысты туады. Витаминдердің мөлшеріне байланысты сырқаттар көпке созылса, адам өліп те кетуі мүмкін. Ал жетіспеген витаминдерді тағамдарға қосып немесе жеке өзін қабылдаған жағдайда адам ауруынан сауығады.

Өсіп келе жатқан бала организміне витаминдер оте қажет, сондықтан баланың жасына лайық витаминдердің молшері ішіп-жейтін тамақтың құрамында  болуы тиіс. Қазіргі кезде баланың жасына лайық витаминдердің қажетті молшері толық анықталған.

А витамині (аксерофтол) майда ериді, қыздырғанда ыдырамайды, тек оттегі мен күннің күлгін сәулесінің әсерінен ыдырайды. Сырт көрінісі сары май түсті зат. Сәбіздің құрамында  к а р о т и н түрінде болады.

А витамині жетіспесе, онда баланың өсуі тежеледі және көзінің өткірлігі нашарлайды халық арасында «соқыр тауық» деп аталатын, яғни іңірде көрмеушілік пайда болады. Оған қоса қуықтың, жатырдың, ішектің, өкпенің  кілегей қабығы бұзылады. Балалардың жұқпалы ауруларға төзімділігі төмендейді. Бұлар  құрамында  А витаминдері бар балық майын, жұмыртқаны, сәбізді жесе біртіндеп жойылады.

В витамині (тиамин). Ас қорыту, жүрек, жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. Ол белок, май, көмірсу алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді, өсу мен даму, жүрек, қан тамырларының т. б. ішкі мүшелердің қызметінің нервтік реттелуіне қатысады. Бұл витамин ішкен тамақта болмаса, не жеткіліксіз болса адам «бери-бери» (аяғын сүйретіп басу) немесе полинефрит деген сырқатқа үшырайды.

В2 витамині (рибофлавин) - сары түсті кристал зат. Суда жақсы ериді.  Рибофлавин авитаминозы кезінде адамның көзі ауырып катаракта, анемия, яғни қан аздылық, өкпе сырқаты және әлсіздік пайда болады.

Рибофлавин жануарлар текті тамақта көп болады. Әсіресе бауыр, бүйрек, ми және бұлшық  еттерде көбірек. Оның адамға қажетті тәулік мөлшері 2-3 мг.

В6 (пиридоксин) витамині табиғатта пиридоксаль және пиридоксамин түрінде болады. Олар тотықтырғыш ферменттердің құрамында  болады және зат алмасуына қатысады. Пиридоксин жануар текті және өсімдік текті азықтың құрамында  жиі кездеседі: бауырда, бұлшық  етте, балықта, бидайда, картопта, капустада, күріште, сәбізде және ашытқыда мол болады.

Бұл витаминнің қажетті мөлшері тәулігіне 1,5 мг.

В12 витамині (цианкобаламин). Бұл витаминді антианемиялық витамин деп те атайды, себебі оның организмде жетіспеуінен анемия, яғни қан аздылық пайда болады.

Бұл витаминді тағаммен бірге әдеттегідей қабылдағанда оның витаминдік қасиеті азаяды, өйткені ішек-қарындағы микроорганизмдер оны бойына сіңіріп, адамға пайдасы болмайды, сондықтан оны таза қарын сөлімен бірге ішкізу керек, сонда қарын сөліндегі апоеритеинмен қосылып, оны микробтардан сақтайды да қанға өтіп, қан өндіру мүшелеріне барып, өз қызметін атқарады. Адамның Бұл витаминге тәуліктік қажеттілігі 10-20 мкг. Мөлшері аз болғанымен, оның тіршіліктегі маңызы зор.

С витаминін (аскорбин қышқылын) антицингалық фактор деп те атайды. Бұл организмде жетіспесе, құрқұлақ (цинга) ауруы пайда болады және қан тамырларының, әсіресе капилляр тамырларының серпімділігі төмендейді. Сондықтан қүрқүлақпен ауырған кісі қансырайды, алдымен қызыл иектері қанағыш болады. Мұның нәтижесінде тіс босап, түсіп қалады және терінің қан тамырларының серпімділігі бүзылып, бетінде қоңыр дақтар пайда болады. Ең қиыны сүйек ұлпасы ның белок коллагені бүзылып, сүйек сынғыш болады. С гиповитаминоз қыста, көктемде азық-түліктің қүнарлығы азайғанда пайда болуы мүмкін, сондықтан оның алдын алу үшін жылдың бұл мезгілінде қосымша аскорбин кышқылын ішу қажет.

Д витамині (кальциферол) организмде жетіспеуінен мешел немесе рахит (грек. рахис - омыртқа) ауруы пайда болады. Мешелмен ауырған балада кальцидің және фосфордың алмасуы бұзылады, сондықтан олардың сүйектері дұрыс  өсіп жетілмейді. Сүйектері жұмсарып, борпылдақ болады, дене салмағының ауырлығынан аяқ сүйектері қисаяды, бас сүйегі мөлшерден тыс үлкен болып, тістері  кешігіп өседі.

Бұл витаминнің тәуліктік қажетті мөлшері 25 мкг.

Е витамині (токоферол).   Токоферол жыныс мүшелерінің өсіп, дамуы үшін қажет. Ер азаматтарда оның мөлшері азайғанда сперматогенез, яғни ерлердің ұрық  клеткасының өндірілуі тежеледі, сперматозоидтардың жіпшелері жоғалып, қозғалу қабілеті жойылады.  Жүкті әйелдің Е авитаминозы пайда болса, дұрыс  бала табуы мүмкін, бірақ сүті болмайды және аналық мейірімі дамымайды. Тәуліктік қажет мөлшері 1 — 1,5 мг

К витаминінің филлохинон (К) және фарнохинон (К) деген екі түрі бар. Екеуі де қанның үюына қатысады. Бұл витамин денеде аз болғанда протромбиннің өндірілуі тежеледі, қанның үю қабілеті мен белоктың түзілуі нашарлайды, адам қансырайды. К витамині азық-түліктің бәрінде дерлік бар, әсіресе шпинатта, капустада көп болады.

Р витамині (флавин, цитрин) С витамині іспетті қан тамырларының беріктігін сақтайды. Р авитаминозы кезінде қан тамырларының серпімділігі төмендеп, қан айналысы бұзылады. Бұл витаминнің молекулалық құрамы флавонға негізделген, сондықтан оның флавон және полифенол түрлері де бар. Бұлар  эвкалипт ағашының, қышаның, шайдың жапырақтарында, т. б. өсімдіктерде көп болады.

Тамақтану. Тамақтану мөлшері. Тамақтану мөлшері астың қуаттылығына негізделеді. Бірақ тіршілік үшін бұл жеткіліксіз. Организмнің қажеттілігін толық қамтамасыз етуге белок, май, көмірсу, су, витаминдер және минерал тұздары  міндетті түрде жеткілікті мөлшерде болу керек. Олардың қатынас мөлшері де есте болуы керек, әсіресе бұл балалардың тәулік мәзірінде ескеріледі (3-ші кесте). Бастауыш сынып оқушылары үшін органикалық заттардың қатынас мөлшері мынадай: белок — 1, май — 1, көмірсу — 6 есе. Ал мектепке дейінгі балаларда Бұл көрсеткіштер 1:2:3.

3-ші кесте. Органикалық заттардың тәулік мөлшері, г

Жасы

Белок

Май

Көмірсу

2-3 ай

8-10

25-30

55-55

5-6 ай

12-15

30-40

60-75

1-1,5 жас

34-38

40-50

90-120

3-4 жас

42-46

60-70

180-230

5-7 жас

45-48

75-80

250-300

8-11 жас

55-57

80-95

350-380

12-14 жас

61-63

90-110

380-400

15-16 жас

66-70

90-110

420-450

Балалардың тәулік азығында витаминдер мен амин қышқылдары мол болғаны жақсы. Тәуліктік азықтың барлық мөлшері жасына қарай 2000-2600 г шамасында болуы шарт. Піскен ас буы шығып, иісі аңқып, дәмді және көрер көзге жағымды болса, сілекей шұбырып, қарын сөлі көбірек бөлініп, тағам жағымды болып, бойға жақсы сіңеді.

Тәуліктік азықта минерал тұздары, әсіресе кальций мен фосфор тұздары ның мөлшері жеткілікті болуы тиіс, себебі балалардың сүйегінің өсіп жетілуіне Бұл минералдар аса қажетті. Егер кальций, фосфор және Д витамині жеткіліксіз болса, сүйек ұлпасы ның өсіп, жетілуі нашарлайды да, баланың бойы еркін өспейді, нәрестелер ауруға шалдығады. Кальций мен фосфордың өзара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1,5, бастауыш сыныптағыларға 1:1,7 жоғары сынып оқушыларына 1:1,4 болуы керек.

Тамақтану тәртібі сақталмай, қалыпты жағдайдан бұзылса, гастрит, қарын мен ішектің жаралы науқасы, атеросклероз, дененің мөлшерден тыс толуы және т. б. сырқаттар пайда болуы мүмкін. Мұндай  сәтсіздік ересектерде де, балаларда да байқалады, әсіресе жұмыс  істемей, қозғалмай бір жерде отыратын адамдарда сырқат өршіп кетеді.

Күндіз тамақ ішу арасы 4-5 сағат болуы тиіс. Түнде тамақ ішпей, ас қорыту мүшелерінің демалуы 8-10 сағатқа созылады. Әрине, бұл тәртіп, жұмыс  істеу уақыты мен жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Тамақтанудың ертеден қалыптасқан тәртібі бойынша таңертеңгі ас тамақтың тәуліктік мөлшерінің 20-25 %, 2 сағаттан кейінгі жеңіл тамақ 10-15 %, түскі тамақтану 40-45 %, ал кешкі 20-25 % болу керек. Ал 3 мезгіл тамақтанғанда таңертеңі ас 25-30, түскі — 45-50, ал кешкі 20-25 % болады.

Өсіп, дамуына байланысты балалардың тамақтану тәртібі ерекше. Олардың тамағының тәуліктік мөлшерінің құрамында  белоктың үлесі жасына лайық болуы тиіс: 1-3 жаста — 55 г, 4-6 жаста — 72 г, 7-9 жаста — 89 г, 10-15 жаста -100-106 г.

Балалар бақшасында тамақтану әрбір 3-3,5 сағаттан кейін, ал мектеп жасындағыларда 3,5-4 сағатта, жас өспірімдерде тәулігіне 4 рет болады. Тәулік тәртібі мен тамақтану үлесі балалардың жасына байланысты.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Биология пәнінен 8 сыныпқа "Организмдегі зат және энергия алмасудың маңызы" тақырыбында презентация"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

8 сынып Биология пәні Сабақтың тақырыбы: Организмдегі зат және энергия алмасудың маңызы. Сабақтың мақсаты: Организмдегі зат және энергия алмасу процесінің маңызын ашу, алған білімдерін өмірде қолдануға дағдыландыру. Сабақтың міндеттері: 1. Оқушыларға пластикалық алмасу, энергетикалық алмасу туралы түсінік беру. 2. Органикалық заттардың алмасуы атап айтқанда нәруыздардың, көмірсулардің, майлардың алмасуын және бейорганикалық заттардың- минералды тұздардың алмасуын салыстыру. 3. Зат, энергия алмасудың маңызы туралы алған білімдерін өмірмен ұштастыру,қолдану. Сабақтың тәсілі: ЖИГСО тәсілі, эссе. Табыс критерийлері: 1. Нәруыздар, көмірсулар, майлар,судың, минералды тұздардың алмасуын біледі. 2. Пластикалық және энергетикалық кезеңдерді салыстырады, ажыратады. 3. Алған білімдерін өмірде қолданады. Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылардың пластикалық алмасу, знергетикалық алмасу мағынасын түсінуі. 2. Оқушылар органикалық және бейорганикалық заттардың алмасудын айырады, салыстырады. 3. Зат және энергетикалық алмасудың маңызын талдайды, өмірде қолдана алады. Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, постерлер, ресурстар, электронды оқулық. Дерек көздер: Биология -8 сынып, бейнеролик, интернет. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты түгендеу. Сергіту сәтін өткізу. Топқа бөлу. ІІ Үй жұмысын сұрау: 1. Сандар сөйлейді 2. Сәйкестігін тап Жаңа сабақ Қазақ халқы әрқашанда «Ас адамның арқауы», «Ас тұрған жерде ауру тұрмайды» деген. Кез – келген тірі ағзаның негізгі қасиеті- оқушылар ( зат алмасу). Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: 1 слайд Сынып төрт топқа бөлінеді. Әр топ өз топ басшысын сайлайды. Әр топқа постер, ресурстар таратылады. Топ мүшелері номерленеді, ресурстағы мәліметтерді бөліп алады да әр оқушы өзінің тапсырмасына дайындалады. Ресурс номері бойынша топтасады, талқылайды. Жанұя тобына барады әр топ мұшесі өзінің оқығанын түсіндіреді. Зат және энергия алмасу. Зат алмасуы туралы жалпы түсініктеме. Астың маңыздылығы мен сіңімділігі оның құрамына байланысты. Нанның, ет пен сүттің сіңімділігі мен маңыздылығы олардағы белок, май, көмірсу және витаминдерге байланысты анықталады. Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының өздеріне бейімделген заттар жасалады. Бұл ассимиляция, яғни организмге енген заттарды оздеріне бейімдеп өзгерту. Мұнымен бірге организмде клеткалар мен олардың бөлшектері ескіреді, олар ыдырайды, яғни диссимиляция байқалады. Ассимиляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организм ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызметіне қажетті қуат алады. Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті болады. Бұл адамның жас ерекшелігінің ауқымды бір көрсеткіші. Балаларда ассимиляция диссимиляциядан басым болады, олар тек ересек адамда ғана теңеседі. Бала кезінде ассимимляция басым болса, қартайғанда, керісінше диссимиляция басым болады. Бұл заңдылық түрлі ауруларға, сыртқы ортаның қауырт жағдайларының әсеріне байланысты бұзылады. Адам организміндегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганыкалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұздары жатады. Дені саулығы бар ересек, 70 кг салмағы бар, адамның организмінде шамамен 40-45 л су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар , 0,5-0,8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы біркелкі тұрақты болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажетті заттармен ұдайы дұрыс және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті «құрылыс материалдары» денеге тамақтану арқылы жеткізіледі. Белоктың алмасуы. Азықтың ең құнды бөлігі белок. Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін б е локтік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді. Қарапайым белоктың құрамында 4 зат қана бар: оттегі, сутегі, көмірсу және азот, ал күрделі белоктарда (мысалы мидың белогында) Бұлар дан басқа күкірт, фосфор, темір т. б. бар. Белоктар мономерлі амин қышқылдарынан тұрады. Амин қышқылдарының 10% организмнің өзінде өндірілмейді, сондықтан оларды таптырмайтын қышқылдар дейді. Бұлар ға аргинин, триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин мен фенилаланин жатады. Өсіп, дамып жатқан бала организміне Бұларға қоса 10-қышқыл — гистидин аса қажет. Осы аталған ауыстырылмайтын амин қышқылдары жейтін астың құрамында жеткіліксіз болғанда адам денесінде, әсіресе балалар мен жас өспірімдердің организмінде айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Денеде белоктың қоры онша көп емес, сондықтан ашығу баланың өсуін мүлде тоқтатады, кейде ұзақ қа созылған жағдайда ақыл кемшілігі пайда болуы мүмкін, баланың жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Өмірге жаңа келген нәресте тек қана ана сүтімен қоректенеді. Сүт табиғаттың нәресте үшін арнап жасаған дайын тағамы. Нәресте тәулігіне 600 мл сүтті анасының емшегінен сорып алады. 3-6 айлығында оған 700-800 мл сүт керек. Ана сүтінің құрамында белок, май, қант, минерал заттары, витаминдер т. б. бала тірлігіне қажетті заттардың бәрі бар және олар сапалы болады. Әсіресе биологиялық өте құнды — альбумин, гамма-глобулин, т. б. — белоктың түрлері, ферменттер, гормондар, иммунды денешіктер жеткілікті мөлшерде болғаны баланың дұрыс өсуіне өте қажет. Белокты бала ана сүтінен ғана ала алады. 1-3 жасар баланың жейтін тамағының белоктың 75 % жануар текті, ал 25 % өсімдік текті болуы қажет. 5 жасар балалар үшін Бұлар тең мөлшерде қажет болса, жас оспірімдер үшін өсімдік белогының мөлшерін көбейте түсу қажет. Май мен көмірсуының алмасуы, жас ерекшеліктері. Май мен көмірсудың құрамдары белоктан гөрі қарапайым, Бұлар химиялық үш заттан түзіледі: көмірсутегі, оттегі және сутегі. Бұл екеуінің құрылыс ының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орынына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсуден май оңай түзіледі. Орта есеппен алғанда денедегі майдың мөлшері 10-20 %, ал көмірсудың мөлшері 1% шамасында. Майдың көбі май ұлпасындағы организмнің қуат қоры. Аздаған мөлшері жаңа клетканың мембранасының құрылысына және соларды ауыстыруға пайдаланылады. Дененің кейбір клеткалары өз құрамында майды өте көп мөлшерде жинайды да, организмнің жылу және механикалық изоляторы ретінде пайдаланылады, яғни ол қорғану қызметін атқарады. Дені сау ересек адамның тамағында 30 %-дай май болуы тиіс. Олай болса, адам күніне 80-100 г май жейді. Тамақтың құрамында жануар майы да, өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы шамамен 2:1 қатынасындай болуы керек. Өсімдік майының линоль, линолен, арахидон іспетті кейбір май қышқылдарының түрлері организмде ондірілмейді. Бұлар дың жейтін тамақта жеткіліксіз болуы зат алмасуын бұзады және жүрек-қан тамырлар жүйесінде атеросклерозды дамытады. Көмірсулары адам организмінде глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза т. б. іспетті моносахаридтерге дейін ыдырайды. Глюкозаның мөлшері адам қанында шамамен тұрақты 0,1 %. Глюкозаның қандағы мөлшері 0,11-0,12 %-ға дейін көбейгенде ол қаннан бауырға және бұлшық еттерге тасылады да, онда жануар крахмалы деп аталатын зат -гликогенге айналады. Егер 0,12 %-дан асып кетсе, артық қантты денеден шығаруға бүйрек кіріседі. Мұны глюкозурия деп атайды. Бұл ауру ұйқы безінің Лангерганс аралшаларының ішкі секрециялық қызметі бүзылып инсулин гормоны жетіспегенде байқалады. Су мен тұздардың организмдегі маңызы мен молшері, жас ерекшеліктері. Тұздар адам тамағына қажетті. Бірақ олар қуат көзіне жатпайды, клеткалар мен организмнің Сұйық ортасының құрамына кіреді, сөйтіп шкі ортаның тұрақтылығын және тіршілікті сақтауға қажет. Олар барлық ұлпаларда, әсіресе сүйекте жеткілікті болуы тиіс. Тұзсыз нервтің, еттің қозу белсенділігі мүмкін емес. Организмдегі ұлпалардың құрамында 3,45 % калыдий, 1,58 % фосфор, 0,65 % калий, 0,45 % хлор, 0,1% магний болады. Бұларға қосымша иод, темір, бром, мыс, цинк сияқты микроэлементтер бар. Олар қан өндіруге, гормондардың түзілуіне қатысады. Тұздар денедегі осмостық қысымды реттейді, қанның сілтілі-қышқылды реакциясын бір қалыпта сақтауға қатысады, катализаторлық қызмет атқарады, сүйек, шеміршек т. б. ұлпалардың құрамына кіріп, олардың беріктілігін қамтамасыз етеді. Фосфор мен күкірт мидың құрамына кіреді, натрий мен калий жүйке жүйесінің қызметінде маңызды орын алып, электрофизиологиялық жағдайын қалыптастырады. Темір гемоглобиннің құрамына қажет. Фосфор, күкірт, натрий калий, кальций т. б. организмге айтарлықтай шамада қажет.Молибден, мыс, кобальт қан өндіру қызметіне қатысады, йод қалқанша безінің гормонының құрамына кіреді, фтор тіс ұлпасы ның, әсіресе эмалінің дұрыс қалыптасуына қажет. Бұлар организмге аз мөлшерде қажет болады, сондықтан микроэл ементтер деп аталады. Жалпы алғанда микроэлементтер зат алмасуды реттейді. Көптеген микроэлементтер белокпе н қосылып ферменттер, гормондар мен витаминдердің түзілуіне қатысады. Әр топтан спикер тақтаға шығып қорғайды. Қарсы топтар сұрақтар қояды, бағалайды. Қорытынды: Оқушылар эссе жазады: Мына сұрақтарға жауап береді: Осы сабақтан нені білдің?, Тағы не білгің келеді? 1. Пластикалық алмасу – биосинтез реакцияларының жиынтығы екенін білдік. 2. Нәруыздар негізгі құрылыс материалы, ыдыраған кезде 17,6 кДж энергия бөлінеді. 3. Нәруыздар және майлар негізгі энергия көзі. Бекіту: Топтар сұрақтар қояды. Үй тапсырмасы: 184 бе ттегі №1,2 кестені толтыру. Ол үшін тақырыпты конспектілеу және түсініп оқу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 052 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.12.2020 815
    • DOCX 45.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Стебнева Галина Анатольевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Стебнева Галина Анатольевна
    Стебнева Галина Анатольевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 77598
    • Всего материалов: 256

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 490 человек

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта «Точки роста»: преподавание генетики на углублённом уровне ООО и СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 365 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 286 человек