Инфоурок Биология ПрезентацииБиология пәні Асқорыту мүшелерінің аурулары 8 cынып

Биология пәні Асқорыту мүшелерінің аурулары 8 cынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің аурулары.

Сабақтың мақсаты: Асқорыту мүшелерінің ауруларын алдын алу,пайда болған себептерін ашып көрсету,алған білімдерін өмірде  қолдану.

Сабақтың міндеттері: 1. Асқорыту мүшесінің ауруларының түрлерімен таныстыру.

2. Асқорыту мүшесінің ауруларын алдын алу шараларын, пайда болған себептерін түсіндіру.

3. Осы тақырыптан алған  білімдерін өмірде тиімді қолдану.

Сабақтың тәсілдері: «Топтастыру», БББ – кестесі, «Кластер», «фишбоун», «синквейн»

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, электронды оқулық, постерлер, ресурстар, маркерлер, суреттер тб.

Кіріктірілген модульдер: АКТ, Сыни тұрғыдан ойлау, Оқытудың жаңа тәсілдері, Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау. Көшбасшылық. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы

Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар асқорыту мүшелері ауруларымен танысады.

2. Асқорыту мүшелерінің ауруларының пайда болу себептерін біледі, аурулардың алдын алу шараларын меңгереді.

3. Асқорыту мүшелерінің аурулары туралы алған білімдерін өмірмен ұштастыра алады, қолданады.

Табыс критерийлері: 1. Оқушылар асқорыту мүшелері ауруларының түрлерін біледі.

2. Асқорыту мүшелері ауруларының пайда болу себептерін, алдын алу шараларын меңгереді.

3. Алған білімдерін өмірде қолданады, ауруларды бір - бірімен салыстырады, талдайды.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, физминутка, топтастыру (3мин)

ІІ Үй жұмысын тексеру (5мин)

Тапсырма №1 

 Әр топтың алдында дидактикалық карточкалар жатыр. Соларды толтырыңыздар. Дұрыс жауабын тақтадан көресіздер. Дидактикалық карточкалармен жұмыс.

Карточка №1

 Мына сандар нені білдіреді:    

32, 7-8 см, 2-3 л, 6-8 см, 4-6сағ.

аппендикс ұзындығы, тістің саны, жұтқыншақ,  асқазанның сыйымдылығы, тағамның асқазанда сақталу уақыты.

Карточка №2  Екінші топ

Тапсырма: төменде жазылған сөздерді қолданып схемада асқорыту мүшесін жанына сандарды келтіру.  

Банк данных: ауыз қуысы, өңеш, асқазан, тік ішек, бауыр, тоқ ішек, аш ішек.   

organ_pischi

 

 

 

 

Карточка №3   Үшінші топ

 Суретке қарап  тілдің дәм сезу зонасын анықта pic2

 

 

 

 

Оқушылар бір – бірінің үй жұмыстарын тексереді, жасыл сиямен баға қояды, топбасшы кестеге белгілейді.

 

Сәйкестілік тесті.

 

1. Тіл                                                          А. Шықшыт, тіл асты, жақ асты

 

2. Ерін                                                        Ә. Қозғалмалы бұлшық етті мүше

 

3. Сілекей бездері                                     Б. Астын ыстық-суығын тез сезеді

 

4. Эмаль                                                    В. Тіс ұяшықтарына цемент арқылы бекиді

 

5. Тіс мойны                                             Г. Тіс сауытының жылтыр кіреукесі

 

6. Дентин                                                  Д. Сілекей нәруызы

 

7. Тісжегі                                                  Е. Орталығы сопақша мида орналасқан

 

8. Жақ асты безі                                      Ж. Асты қозғалтады, жұтқыншаққа жылжытады

 

9. Муцин                                                 З. Дисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады

 

10. Жұтудың                                          И. Қоректік заттардың ас қорыту  жүйесінде

                                                     механикалық   және химиялық өзгеріске ұшырауы

 

11. Мальтаза                                           К. Сүйекке ұқсас тығыз зат

 

12. Лизоцим                                           Л. Микробтардың әсерінен дентиннің бұзылуы

 

13. Амилаза                                            М. Өзектері тіл астына ашылады

 

14. Сілекей                                              Н. Сілекей құрамын  зиянсыздандыратын

                                                                              қасиеті бар нәруыз                                                                                                                       

 

15. Ас қорыту                                        О. Тұтқыр, түссіз сұйықтық

 

                                                                П. Крахмалды мальтозаға  дейін    ыдыратады

 

 

1-Ә, Ж, 2-Б, 3-А, 4-Г, 5-В, 6-К, 7-Л, 8-М, 9-Д,10-Е, 11-З,12-Н, 13-П, 14-О, 15-И.

ІІІ     Жаңа сабақ (15мин)

Мына суреттерге қараңыздар! Не байқадыңыздар!

Оқушылардың жауабы ( көшеде тамақ ішу, ашық жерлерде су ішу, қолды жумай жеміс жеу).

Мұндай жағдайларды байқаған боларсыздар, бұл несімен қауіпті?

Оқушылар (аурулар туғызуы мүмкін).

Мұғалім сабақтың тақырыбын жазады. Cабақтың мақсатын оқушылармен бірлесіп жазады.  Мұндай ауруларды нелер тұғызады(паразиттер, бактериялар, вирустар тб). Бактериялар барлық жерде кездеседі, көзге көрінбейді сонысымен қорқынышты.

Проблемалық сұрақ:  бүгінгі сабағымызда асқорыту мүшелерінің аурулары туралы нені білгіміз келеді, олар қалай пайда болады, не  себептен, қалай күресеміз? Осы сұрақтарға жауап іздейміз.

  Сонымен асқорыту мүшелерінің аурулары төмендегідей үш топқа бөлінеді:

1.      Қарын – ішек аурулары

2.      Ішекте болатын құрт аурулары

3.      Тағамнан улану.

Осы аурулар туралы нені білгілерің келеді? Оқушылар өз бетінше топтасып жұмыс жүргізеді. Оқушылар топтық жұмыс жүргізеді, постерлерге ойларын түсіреді, жұмыстарын қорғайды. Басқа топтар жоғары дәрежелі сұрақтар қояды, формативті бағалайды «бағдаршам» тәсілімен. Әр топ төмендегі сұрақтарға жауап береді.

1.      Қарын – ішек аурулары

2.      Ішекте болатын құрт аурулары

І ші топқа: Дизентерия (синквейн)

ІІ топқа: Тырысқақ(кластер)

ІІІ топқа: Іш сүзегі(фишбоун)

Үш топ үш түрлі  тәсілмен жұмыстарын қорғайды.  

Ішек –қарын  аурулары .

Себептері, источник заражения

Қауіпті аурулары

Ауру белгілері

Ауру тудыратындар

Алдын алу

Жуылмаған қолдар.

Жуылмаған жеміс- жидектер.

Шикі су.

Кір ыдыс.

Холера.

Іш сүзегі.

Дизентерия.

Дене қызуы.

Диарея.

Құсу.

Шыбындар.

Тарақандар.

Ауру адам.

Қолды жуу.
Жеміс – жидектерді жуу.
Суды қайнатып ішу.
Табиғи суды қолданбау.
Бөлмені таза ұстау.
Шыбындармен, тарақандармен күресу.

Сабақтың келесі ІІ сатысында  «Астан улану»  тақырыбында  бейне материал көрсетіледі. Оқушылар ойланады, әр топ өз пікірін айтады.

Астан ұлану.

Себептері.

Жиі кездесетіні.

Ауру белгілері.

Алғашқы

көмек.

Алдын алу

Сапасыз тағам.

Бұзылған консервілер.

Ұлы саңырауқұлақтар,

кейбір өсімдіктер.

 

 

Ботулизм.

 

Сальмонеллез.

Жедел ішек инфекциялары.

Іші ауырады.

Дене қызуы.

Диарея.

Құсу.

Әлсіздену.

 

Асқазанды жуу.

 

Қызыл тәтті шәй.

Тыныштық.

Тағамның сақталу мерзімін үнемі қарау.

Тез бұзылатын тағамдарды дұрыс сақтау.

Білмейтін өсімдіктер және саңырауқұлақтарды пайдаланбау.

 

1.  Қаншалықты қуырылған тағам  қолданасыз?

А) күніге деп айтуға болады;

Б) аптасына 1-2 рет;

В) кейде немесе ешқашан.  

2. Асханада немесе кафеде қандай тағамға тапсырыс бересіз?  

A) ірімшік және шұжық қосылған пицца;   

Б)  ет  немесе тауық еті  майлы соуспен ;   

B) салат және томат соуысы қосылған  кеспе;   

3. Сіз қандай сүт ішесіз?

A) шикі сүт;

Б) жартылай майлы сүт;

B) майсыз немесе соя сүті;

4. Етті қаншалықты жиі жейсіз, етті нанға қосып;

А) күніне бір рет немесе одан да жиі;

Б) аптасына бірнеше рет;

В)  сирек немесе ешқашан.

5. Тәттінің қай түрін таңдар едініз?   

А) екі порция қаймақ қосылған  алма торты;     

Б)жеміс салаты және балмұздақ;

В) жаңа жемістер.   

6. Қандай бутербродты таңдайсыз?     

A) майлы ірімшік, шұжық, майонез;

Б) салқын ет, тауық еті, балық

B) салат, творог.

7. Дайын болған картопқа нені қосар едіңіз?    

А) сары май;

Б) қаймақ;

В) ірімшік, йогурт, сары май.    

8.Таңғы асқа төменде көрсетілген нұсқаның қайсысын таңдайсыз

A) жұмыртқа шұжықпенен;     

Б) сары май немесе маргарин қосылған  тостерлер;    

B) құрғақ таңғы ас.

9.Майлы етті қалай дайындайсыз?     

A) қуырамын;

Б) грильде қуырамын;

B) майлы ет жемеймін.

10. Көкөністің қандай түрін ұнатасыз?    

A) сары маймен бұқтырылған;   

Б) суда немесе бұда піскен азғана сары немесе зәйтүн майы қосылған күйінде;

B) суда немесе бұда піскен еш нәрсе қосылмаған.

Балл  санын есептеу.

Әр «А» деген жауапқа  0 балл, «Б»-1 балл; «В» - 2 балл. Баллдар санын қосыңыз.

15-20 – майды пайдалану мөлшері  дұрыс, майдың типіне және мөлшерін ескерініз

9-14 – майды пайдалану нормасынан сәл жоғары. Кішкене өзгеріс енгізуіңізге тура келеді.

8 немесе одан төмен майды көп қолданасыз ас мәзірін қайта қарау керек. Тәтті тағамдарды жеміс – жидектерге алмастыруға тура келеді.

Сабақтың ІІІ сатысында «Дұрыс тамақтану» ережелерін түзеді.

Әр топ постерлерін қорғайды әр спикерге 3 мин. Басқа топтар бағалайды(формативті бағалау: бағдаршаммен бағалайды). Сұрақтар қояды. Топбасшылар бағалау парағына бағаларын қойып отырады.

Қорытындылау:  Оқушылар  « БББ – кестесі бойынша үшінші бағанын толтырады.

Үйге тапсырма: 179 беттегі  кестені толтыру

Өмірлік ситуацияларды шешу:

1.      Үйдің иесі венегрет салатының дәмін көре тұрып сол қасықпен қонақтарға салатты салып берді. Сол дұрыс па? Неге?

2.      Консервіленген балық ыдысы тасымалдау кезінде қисайды десек, бірақ ашылмаған, сақтау мерзімі де дұрыс, оны қолдануға бола ма?

3.      Қоютылған консервіленген тәтті сүттің қақпағы көтеріліп, ісініп кеткен, бірақ өзі жабық тұр, оны жеуге бола ма неге?

4.      Ыдысты сүрткен дұрыс па жоқ кептірген бе, неге?

Рефлексия.

«Екі жұлдыз бір тілек» Стикерлерге оқушылар сабақтың ұнаған екі сәтін және мұғалімге бір тілегін жазады.

Кез келген сөз тіркестің басын таңдап жалғастырыңыз. Бірнеше сөзтіркесін жазсаңыз да болады.

-          Менің түсінгенім...

-          Мені таң қалдырғаны...

-          Сабақ мен үшін өмірге қажетті...

-          Маған түсініксіз болғаны...

 

    

 

 

Бағалау парағы

Аты-жөні

Теориялық тур

 

Үй жұмысы

Топтық жұмыс.

 

 

 

Бекіту

 

Тест

 

 

 

Қорытынды  баға

10-12балл – «5»                8-10 балл-«4»

5-6балл –«3»

Қосымша  баға

                                    Тапсырманы орындау формасы

Дидактикалық тапсырмалар          №1 -  №3

 

Сәйкестендіру тесті

1-2қате-«5»

3-4қате-«4»

5-8қате-«3»

 

 

 

 

 

Кестемен  жұмыс

 

 

Тест: « Қаншалықты майлы тағам қолданасыз

 

 

.

 

 1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау:  Оқушылар  « Кластер тәсілі» бойынша сабақты қорытындылаймыз.   Асқорыту мүшелерінің аурулары       қарын ішек аурулары            іш сүзегі

 

 


Ішек аурулары                        тағамнан улан

  Холера(тырысқақ)            дизентерия   ботулизм

   Іш сүзегі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.  Қаншалықты қуырылған тағам  қолданасыз?

А) күніге деп айтуға болады;

Б) аптасына 1-2 рет;

В) кейде немесе ешқашан.  

2. Асханада немесе кафеде қандай тағамға тапсырыс бересіз?  

A) ірімшік және шұжық қосылған пицца;   

Б)  ет  немесе тауық еті  майлы соуспен ;   

B) салат және томат соуысы қосылған  кеспе;   

3. Сіз қандай сүт ішесіз?

A) шикі сүт;

Б) жартылай майлы сүт;

B) майсыз немесе соя сүті;

4. Етті қаншалықты жиі жейсіз, етті нанға қосып;

А) күніне бір рет немесе одан да жиі;

Б) аптасына бірнеше рет;

В)  сирек немесе ешқашан.

5. Тәттінің қай түрін таңдар едініз?   

А) екі порция қаймақ қосылған  алма торты;     

Б)жеміс салаты және балмұздақ;

В) жаңа жемістер.   

6. Қандай бутербродты таңдайсыз?     

A) майлы ірімшік, шұжық, майонез;

Б) салқын ет, тауық еті, балық

B) салат, творог.

7. Дайын болған картопқа нені қосар едіңіз?    

А) сары май;

Б) қаймақ;

В) ірімшік, йогурт, сары май.    

8.Таңғы асқа төменде көрсетілген нұсқаның қайсысын таңдайсыз

A) жұмыртқа шұжықпенен;    

Б) сары май немесе маргарин қосылған  тостерлер;    

B) құрғақ таңғы ас.

9.Майлы етті қалай дайындайсыз?    

A) қуырамын;

Б) грильде қуырамын;

B) майлы ет жемеймін.

10. Көкөністің қандай түрін ұнатасыз?    

A) сары маймен бұқтырылған;   

Б) суда немесе бұда піскен азғана сары немесе зәйтүн майы қосылған күйінде;

B) суда немесе бұда піскен еш нәрсе қосылмаған.

Балл  санын есептеу.

Әр «А» деген жауапқа  0 балл, «Б»-1 балл; «В» - 2 балл. Баллдар санын қосыңыз.

15-20 – майды пайдалану мөлшері  дұрыс, майдың типіне және мөлшерін ескерініз

9-14 – майды пайдалану нормасынан сәл жоғары. Кішкене өзгеріс енгізуіңізге тура келеді.

8 немесе одан төмен майды көп қолданасыз ас мәзірін қайта қарау керек. Тәтті тағамдарды жеміс – жидектерге алмастыруға тура келеді.

 

 

 

 

Тірі ағзалар мен қоршаған орта арасында тұрақты түрде заттар мен энергияның алмасуы жүріп отырады. Заттар мен энергияның алмасуы -тірі ағзаларға тән касиеттердің бірі. Ағза мен сыртқы орта арасында жүретін барлық химиялық реакциялардың жиынтығы зат алмасу деп аталады. Мұны ғылыми тілде метаболизм (гр. metabole - өзгеру, алмасу) дейді. Заттар менэнергия алмасу арқылы ағзаның ішкі ортасының (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа) тұрақтылығы сақталады.

Ағза заттар мен энергия алмасу арқылы өседі, дамиды және тіршілігін жалғастырады. Заттар мен энергияның алмасуы 2 үдерістен тұрады. Біріншісі пластикалық алмасу (ассимиляция), екіншісі - энергетикалық алмасу (диссимиляция). Алмасудың бұл екі жолы өзара тығыз байланысты, әрі біріне-бірі тәуелді, біртұтас үдерістер.

Мазмұны

  [жасыру

·         1 Пластикалық алмасу

·         2 Нәруыздардын алмасуы

·         3 Майдың алмасуы

·         4 Көмірсулардың алмасуы

·         5 Пайдаланған әдебиеттер

Пластикалық алмасу[өңдеу]

Пластикалық (лат. plastik — құрылысының қайта қалпына келуі) алмасу кезінде тағамдық заттардан ағзаның өзіне тән ағзалық косылыстар түзіледі. Мұндай қосылыстар жасушадағы тіршілігін жойған құрылымдардың орнын басады, жаңа жасушалар пайда болады. Пластикалық алмасу (құрылымдық алмасу) кезінде түзілген ағзалық қосылыстар жасушааралық заттардың құрамына да кіреді. Пластикалық алмасуды екінші сөзбен ассимиляция (lang-la|asimilatio}} - өзі тектес) деп те атайды. Соңғы кезде осы ұғымға анаболизм (гр. anabole - көтерілу, өрлеу) атауы көбірек қолданылады. Тағамның құрамындағы ағзалық заттар асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамындағы ферменттердің әсерінен ыдырайды. Ферменттер ағзадағы химиялық реакциялардың] жүруін жылдамдататын ерекше нәруыздық заттарға жатады. Пластикалық алмасу кезінде биологиялық түзілістер үшін энергия жұмсалады.

Нәруыздардын алмасуы[өңдеу]

Адамның дене салмағының 25%-ын нәруыздар құрайды. Нәруыздар көптеген аминқышқылдарынан құралған. Ағзадағы аминқышкылдардың маңызына байланысты алмастыруға болатын және алмастыруға болмайтын деп 2 топқа бөледі. Алмастыруға болатын аминқышқылдар ағзаның өзінде түзіледі. Алмастыруға болмайтын аминқышқылдар ағзаға тағаммен бірге қабылдамады. Адам ағзасына қажетті барлық аминқышқылдары бар нәруыздық тағамдарды бағалы нәруыздар деп атайды. Бағалы нәруыздар сүт, жұмыртқа, ет және балықтағамдарының құрамында көптеп кездеседі. Нәруыздар цитоплазманың, гормондардың, ферменттердің, жасуша ядросының және т.б. заттардың құрамына кіреді. Нәруыз адам ағзасында қор заты ретінде жинақталмайды. Өсіп келе жатқан ағза үшін нәруыздың маңызы ерекше. Нәруыздың жетіспеушілігі балалардың өсуін баяулатып, жалпы дамуына әсер етеді. Ағзаға қажетті нәруыздар көмірсулардан, майлардан түзілмейді. Нәруыздар асқорыту мүшелерінде аминқышқылдарына ыдырап, қан арқылы жасушаларға таралады. Нәруыздар ағзада үнемі түзіліп, әрі бір мезгілде ыдырап отырады. Нәруыздардың ыдырауынан пайда болған су, көмірқышқыл газы, аммиак, зәр қышқылы бүйрек арқылы зәрмен сыртқа шығарылады. Нәруыз алмасуының қарқындылығы оның құрамындағы ағзаға түскен, ағзадан шығарылған азоттың мөлшерімен өлшенеді. Өсіп келе жатқан ағза үшін ағзаға түскен азотмөлшері ағзадан шығарылатын азоттан көбірек болуы тиіс.

Майдың алмасуы[өңдеу]

Адамның дене салмағының 10-20%-ын май құрайды. Майдың құрамында қаныққан және қанықпаған май қышқылдары болады. Қанықпаған май қышкылдары ағзаға тек тамақпен бірге түседі. Мұндай май қышқылдары өсімдіктен алынатын майлардың құрамында көбірек кездеседі. Май цитоплазманың, жасуша ядросы жарғақшасының, витаминдердің және т.б. құрамында болады. Май ыдыраған кезде басқа ағзалық заттардан екі есе көп энергия бөлінеді. Ағзада артық май тері астында, іште және т.б. жерлерде қор ретінде жиналады.

Көмірсулардың алмасуы[өңдеу]

Адамның дене салмағының 1%-ы көмірсулар. Табиғи тағамның құрамында көмірсулар көбіне моно және полисахаридтер күйінде кездеседі. Көмірсулар асқорыту мүшелерінде қантқа (глюкозаға) дейін ыдырап, ұлпаларға таралады. Көмірсулардың ыдырауы кезінде соңғы өнімдер ретінде су мен көмірқышқыл газы бөлінеді. Көмірсулар қанның құрамындағы қант мөлшерінің тұрақты болуын реттеуге катысады. Қанның құрамында қанттың мөлшері үнемі 0,12% қалпында тұрақты болады. Ағзаға түскен артық қант гликоген түрінде бұлшықеттерде және бауырда қор ретінде жиналады. Гликоген ағзаның қарқынды іс- әрекеті кезінде қажетті жұмыстарға жұмсалады. Көмірсулар тамақ құрамында аз болса, ол ағзадағы нәруыздардан, майлардан да түзіледі. Егер көмірсулар тағаммен ағзаға көп түссе, майға айналады. Су мен минералды тұздардың алмасуы. Адамның дене салмағының шамамен 60%-ы су. Балалардың ағзасында су ересектерге қарағанда едәуір көп. Адам ағзасындағы жеке мүшелердегі судың мөлшері де түрліше. Мысалы, бауырдың, бұлшыкеттердің, көкбауырдың салмағының 80%-ға жуығы су. Сүйек ұлпасында су - 20%-дай. Су тағамның құрамындағы ағзалық және бейағзалық заттарды ерітеді, дене температурасын реттейді. Ағзада жүретін химиялық реакциялардың барлығы да тікелей судың қатысуымен жүреді. Судың алмасуы минералды тұздардың алмасуымен байланысты.

Минералды тұздар жасушаның құрамына кіреді және нәруыздардың, ферменттердің, гормондардың түзілуіне әсер етеді. Қанның, ұлпа сұйықтығының қысымын реттейді. Жүйкенің козуы, бұлшыкеттердің жиырылуы, қанның ұюы минералды тұздарға байланысты. Адамның дене салмағының шамамен 4%-ы минералды тұздар. Адам ағзасына көбірек қажетті элементтерге Na, К, Са, Мg, Сl, Р жатады. Бұл элементтер минералды тұздардың құрамына кіреді. Кейбір минералды тұздар өте аз мөлшерде болса да, ағза үшін маңызды рөл аткарады. Минералды тұздардың жетіспеуі зат алмасудың бұзылуына әсер етеді. Балаларда минералды заттардың алмасуының бұзылуы өсу мен дамуына өсер етеді. Қорыта айтканда, заттардың алмасуы ағзаның өсуіне, дамуына және тіршілігін жалғастыруда маңызды рөл аткарады. Пластикалық алмасуға фотосинтез үдерісі, нәруыздардың, майлардың, көмірсулардың және нуклеин қышқылдарының түзілуі жатады

Жоғарыға көтеріліңіз↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008.

 

 

 

Іш сүзегі

A.

Бактерия.

A.A.A.

Іш сүзегі

Salmonella typhi және salmonella paratephi А және В қоздырғышымен шақырылатын, фекальді-оральді жолмен берілетін, ішектің лимфа аппаратының зақымдалуымен, бактериемиямен, айқын интоксикациямен бауыр мен көк бауырдың ұлғаюымен және розеолезді бөртпемен сипатталтын антропанозды жедел инфекция. Іш сүзегін алғаш сипаттап жазған француз дәрігерлері Ф.Бретанно (1813) және Ш.Луи (1829).

Этиологиясы

Қоздырғышы Salmonella typhi, salmonella para typhi А және В. Туысы – Salmonella, тұқымдасы-Enterobacteriaceal Құрамында:- термотұрақты самтоикалық О-АГ

Қоздырғышқа тән: сыртқы ортада тұрақты

·         топырақты және суда 1-5 айдай сақталады

·         нәжісте 25 күнге дейін

·         тағамдық азықты бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін

·         киімде 2 аптаға дейін сақталады

Аурудың қоздырғышы – бактериялар су және топырақта 2 аптадай, жемістер мен көкөністерде 5 – 10 күндей, сары май мен етте С-қа дейін өз тіршілігін жоймайды. Тек қайнатқанда ғана өледі.°1 – 3 айға, қыздырғанда 50

Эпидемиологиясы

Іш сүзегі кең таралған. Инфекция көзі және резервуарі:

·         ауру адам

·         транзиторлы бактерия тасымалдаушылар (1-3 апта бойы)

·         реконвалесцентті тасымалдаушы

Созылмалы бактериятасымалдаушылар- аурудың негізгі көзі болады. Тарау жолдары:

·         су арқылы

·         тұрмыстық-қатынас арқылы

Ауру науқас адамнан, сондай-ақ бактерия тасушылар арқылы жұғады. Аурудың қоздырғышы қоршаған ортаға науқас адамның немесе бактерия тасушының зәрімен таралады. Адамның осы ауруды қабылдау мүмкіншілігі жоғары. Мерзімділігі жаз-күз айлары. Иммунитет: көбінде аурудан кейін ұзақ тұрақты иммунитет қалыптасады.

Патогенезі

Аурудың дамуы келесі кезеңдермен өтеді:

·         қоздырғыштың ауыз қуысынан, асқазанның қышқылды барьерімен өтіп, ащы ішектің пейер бляшкаларына және сопитарлы фолликуларына еніп көбеюі (бірінші көбею)

·         қанға өтіп, бактеремия токсинемия шақырады

·         паренхиматозды диссеминация (сүзектифозды граниулемалар түзілуі)

·         қоздырғыштың сыртқы ортаға шығуы (нәжіспен, зәрмен, қақырықпен, термен т.б.)

·         өт жолдары арқылы қоздырғыштың ащы ішекке қайталап келуі

·         аллергиялық реакциялар

·         иммунитет қалыптасуы мен аурудың соңы

·         сауығу

Патанатомиясы

Aйқын түрдегі өзгерістер мықын ішектің дистальді бөлігінде байқалады. Олар циклдық түрде өтуі:

1.     ми тәрізді ісіну (инкубациялық кезеңнің аяғынан басталып сырқаттың 1 аптасында қалыптасады)

2.     некроздану (сырқаттың 1 аптасының аяғын 2 апта бойы)

3.     ойық жаралардың қалыптасуы (сырқаттың 3-ші аптасында)

4.     ойық жаралардың тазалануы (4-ші аптада)

5.     ойық жаралардың жазылуы (тыртық қалдырмай,сырқаттың 5-6 аптасында)

Клиникалық көрінісі: Инкубациялық кезеңі 3-28 күнге дейін, орташа алғанда 9-14 күн. Типті түрінде инфекция біртендеп басталады. Негізгі клиникалық көріністері:

·         Қызба 39-40С-ке дейін көтеріледі, көбінесе тұрақты түрде (кейде дұрыс емес немесе ремиттирленген), ұзақтығы 2-3 аптаға дейін

Қызбаның 3 түрі байқалады:

·         Вундирлик қызба сызығы (трапеция тәрізді, тұрақты түрі)

·         Боткин қызба сызығы (толқын тәрізді)

·         Кюльдишевский қызба сызығы (баспағыш тәрізді)

·         Интоксикация: басының нақты ауруы, ұйқысының бұзылуы, адинамия, апатия, сананың тұмандануы, енжарлық. Орталық нерв жүйесі жағынан әртүрлі дәрежедегі тифозды статус белгілері (тежелу, көңілсіздік, мимикасының азаюы, кейде сандырақтау, елестету, ориентациялық бұзылуы)

·         Тері өзгерістері:

- бозару, бөртпе (аурудың 8-12 күндері, розеолезді бөртпе түрінде, аз мөлшерлі, көбінесе ішіне, кеуденің төменгі жағына шығу, 2-3 күн себелеп шығуы тән)

·         Ас қорыту жүйе бұзылыстары:

·         тәбетінің төмендеуі

·         тілдің ісінуі (шеттерінде тіс іздері айқын байқалады), ортасы қалың жабындымен басылуы

·         бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы

·         пальпация кезінде іштің оң жақ мықынында ішектің шұрылдауы

·         Падалка белгінің оң болуы (оң жақ мықын аймағында дыбыстың тұйықталуы)

·         нәжісі қалыпты, кейде ботқа тәрізді (тәулігіне 2-3 реттен аспайды)

·         Жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстары:

·         салыстырмалы брадикардия

·         АҚ төмендеуі (гипотония)

·         пульстің дикротиясы (реттік жұптап соғу)

·         Перифериялық қанның өзгерістері: 1-ай аптада шамалы лейкоцитоз, одан кейін лейкопения қалыптасады. Салыстырмалы лимфомоноцитоз, анэзлофилин тән

Асқынулары

·         спецификалық

·         ішектен қан кету (0,5-8,9%)

·         ішек перфорациясы (1,0-8,0%)

·         инфекциялы-токсикалық шок (0,5-0,7%)

·         спецификалық емес

·         пневмония

·         паротит

·         холецистит

·         отит т.б. қабынулар

Емі  Тек қана ауруханада жүргізіледі:

1.     Күн тәртібі-қатаң төсектік. Қызба түскенге дейін 10-11 күнге дейін

2.     Диета 13 немесе 1-ші (асқынған кезде)

3.     Дезинтоксикациялық ем ( гемодез, реополиглюкин т.б. сұйықтықтар 30-50 мл/кг салмаққа

4.     Витаминді препараттар

5.     Иммунды коррекция

6.     Клиникалық көрсеткіштеріне байланысты ем

 

 

Дизентерия және оның алдын алу

Дизентерия-тоқ ішектің ішкі қабатын зақымдап қанды ірің аралас болып ішті өткізетін жалпы инфекциялық ауру.

 Қоздырғышы-шигелдер класына жататын микробтар тобы. Кең ттараған түрлері Зонне, Флекснер, Нюкестл, Григорьев штаммдары. Шигелдер тіке түскен күн сәулесінің әсерінен 30 минут арасында, 60*С ыстық ортада 10-20минут;ал 5% фенол ерңтіндісінде 1-2 минут ішінде өленді, суда 5-6 күн, топырақта бірнеше ай бойы тіршілік ете алады.

  Эпидемиологиясы: 1. Ауру көзі-ауру адам және қоздырғыш тасымалдаушы.

     2. Таралу жолдар-су, тамақ арқылы және жуылмаған қол арқылы, жуылмаған жеміс-жидектер арқылы.3. Сезімталдық-3 жасқа дейінгі балалар.

 4. Маусымдылық-жаз,күз айлары(июль-октябрь).

    5. Иммунитет-тұрақсыз, әр-түрлі микробтарға бөлек.

Клиникалық белгілері: Жасырын кезеңі 1-7 күн. Ауру тез басталады, баланың дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болады, тәбеті төмендейді, басы ауырады, жүрегй айнып құсады, іші бүріп ауырады, тәлігіне 10-15 ретке дейін қанды іріңді, содан кейін қиы аз сулы, кеінірек тек ірің бөлінуі мүмкін. Ішектің түйілуіне байланысты аурудың әлсін-әлсін үлкен дәретке отырғысы келе береді, оны тенезмдер дейді.

 2  Жасқа дейінгі балалардағы дизентерияның ерекшеліктері:

 1.      Ауру өте ауыр түрде өтеді.

 2.      Баланың дәретіне көбіне қан араласпайды.

 3.      Дәретке отырған кезде баланың беті қызарып ктеді, бұл тенезмнің эквиваленті.

 4.      Жиі құсып және іші өтуі организмнің су, минералды тұздар жоғалтуына әкеліп соғады. Осының салдарынан баланың дене салмағы тез азайып, көзі үңірейіп, терісі және шырышты қабаттары құрғап, ерні кезеріп жарылады. Организмнің суды жоғалтуын-эксикоз дейді. Оның үстіне организмгеқан арқылы тараған улы заттардың әсерінен жүректің қызметі нашарлап,тамыры жиі соғады, қан қысымы төмендейді, денесінің бұлшық еттері құрысып-тырысуы мүмкін. Бұны токсикоз дейді.

 Асқынуы-өкпенің, құлақтың, бүйректің қабынуы.

 Диагноз қою: 1. Эпидемиологиялық анамнез жинау.

    2. Аурудың клиникалық белгілері.

    3. Лабораториялық зерттеулердің нәтижелері:

 а) үлкен дәреттің копралогиялық зерттеуінде көп мөлшерде лейкоциттер айқындалады.

 Б) үлкен дәреттің бактериялық анализі-антибиотиктер тағайындалмастан бұрын іріңді шырыш бар жерлерінен төсектің қасында алынып жылыдай консерванты бар пробиркаға салынып бактериялық лабороторияға жіберіледі.

 В) қанның серологиялық анализі.

  4. Тік ішектің ректороскопиясы.

 Ол адамнан - адамға тез жұғып, тарайды. Әсіресе жаз айларында дендеп кетеді. Кесел ауру қоздырғыштары бар тамақтардан, ішетін судан, кір ыдыс - аяқтан, лас ойыншықтардан, көбіне тазаланбаған жеміс -жидектерден, қауын - қарбыздан, көбірек тұрып қалған қолдан жасалған салаттардан, қаймақ және сүзбелерден жұғады. Сондай-ақ әр адамның жеке басының гигиеналық тазалығын дұрыс сақтамауынан да болады.
Ауру аяқ астынан басталады. Ең бірінші белгісі – үлкен дәреттің сұйық түрінде бірнеше рет өтуі.Сонымен қатар дене ыстығы 38-39 градус шамасына дейін көтеріледі. Алғашқы кезде әлсіздік пайда болып, асқа тәбеті төмендейді, онан соң аздап іші ауыра бастайды. Аурудың ішінің өтуі 3-5 рет,кей жағдайда 8-10 ретке дейін болады. Науқас 2-3 күн емделмесе, ұлы дәреті ірің және қан аралас болады. Іштің ауырғаны кіндіктің айналасы, қуықтың сол жағында байқалады және әрбір үлкен дәретке отырған сайын сол жер оқтын - оқтын бүріп ауырады.Үлкен дәретке отырып болғаннан кейін іштің ауырғаны қоймайды. Науқас кідірмей дәрігерге көрінгені және ауруханада емделгені жөн. 
Алдын-алу шаралары
Тамақ ішердің алдында және әжетханадан кейін қолды сабындап жуу керек. Көкөністерді, жеміс-жидектерді пайдаланар алдында мұқият тазалап жуған дұрыс. Тоңазытқышта сақталмаған кеше кешкілік дайындалған тағамдарды ертеңіне ішпегеніңіз жөн. Жаз айларында қайнатылған суды ішу керек.
Ауруды емдеу жолдары
Егер ауру жеңіл түрінде болса, науқас үйінде емделеді. Диета сақтауы керек, майы көп, қуырылған, тұздалған тағамдарды пайдаланбағаны жөн. Күріш көжесінің суы, кисель, газсыз минералды су, қант салған шәй тиімді. Егер адам денесі белгілі мөлшерде су жоғалтса, онда регидрон, тұзды қоспа суларды пайдаланған жөн. Оны әрбір он минут сайын 1 қасықтан ішіп отыру керек. Егер науқастың жағдайы өте нашар болса, онда оны міндетті түрде ауруханаға жатқызған дұрыс. Науқас өз бетімен емделсе, көп жағдайда ауру асқынып, созылмалы іш ауруына шалдықтырады немесе ішіне ас тұрмайтын күйге ұшырайды. Сондықтан науқас кідірмей дәрігерге көрініп, емханада немесе ауруханада дәрігердің бақылауымен жөнді ем алғаны дұрыс.

 

 

Тырысқақ

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/9d/Cholera_bacteria_SEM.jpg/300px-Cholera_bacteria_SEM.jpg

Тырысқақ (лат. cholera) – антропонозды жіті ішек жұқпасы, Халықаралық медициналық – санитарлық ережелерге сәйкес карантинді жұқпаларға жатқызылады. Жұқпа таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш. Мұндай жұғу жолы – ауыз – нәжістік деп аталады. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады.

Vibrio cholerae бактериялары ас қорыту органдарына түсе салысымен сұйық, ауырсындырмайтын, жиі іш өтуге әкелетін токсин бөледі. Ал жалпы улану тоқтаусыз құсуға әкеледі. Адам өзінен көп көлемде сұйықтық шығара бастайды, нәтижесінде ағза сусызданып, адам өліп кетуі де мүмкін.

Тырысқақтың жасырын мерзімі қысқа – бір күннен бес күнге дейін.

Ауру таралуының негізгі себебі қауіпсіз судың тапшылығы не жоқтығы, санитариялық құралдардың болмауы, бұған қоса, қоршаған ортаның нашар жағдайы, жеке бас гигиенасының сақталмауы болып табылады.

Тырысқақ өте жұқпалы, және оған балалар да, ересектер де шалдығады. Басқа ішек ауруларынан ерекшелігі ол бірнеше сағат ішінде дені сау ересек адамның өзін өлімге душар етеді. Иммунитеті төмен тұлғалар, дұрыс тамақтанбайтын балаларға және АҚТҚ жұқпасына шалдыққан адамдарға тырысқақ жұққанда өлім қаупі өте жоғары. Емдеу жасалмаса, өлім коэффициенті 30-50 пайызға дейін жетеді.

Медициналық көмекке дер кезінде жүгінсе, және емдеу дұрыс жүргізілсе, аурудың соңы, көп жағдайда сауығумен аяқталады.Әлемдегі жағдай

Көптеген елдерде тырысқақ адамдардың денсаулығына төнген қауіп болып отыр. 2010 жылғы шілде айының басына жер шарында тырысқақтың 9655 жағдайы тіркелген. Тырысқақтың бұрқ етуінің ең жоғарғы қаупі көшпелі қоғамдарда және қашқындар лагерлерінде сақталуда, көп жағдайда, себеп - санитария деңгейінің төмен болуы және қауіпті ауыз судың жоқтығы. Сіз баруға жоспарлаған елде тырысқақ ауруы бойынша жағдай туралы ақпаратты алу үшін денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына баруға болады. ДДҰ мәліметтері бойынша 2010 жылғы 30 маусымға дейінгі жағдай бойынша келесі елдерде тырысқақ тіреклген:

·         Африка: Ангола, Замбия, Зимбабве, Кения, Мозамбик, Нигерия, Судан, Уганда, Ангола;

·         Азия: Бангладеш, Вьетнам, Гонконг, Индия, Камбоджа, Республика Корея, Папуа-Новая Гвинея, Тайланд.

Тырысқақтың алдын алу іс-шаралары:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктерінде тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден келген тұлғаларға санитарлық-карантиндік бақылау қамтамасыз етілген, аймаққа АҚЖ әкелінуін мүлдем болдырмау мүмкін емес, себебі, аурудың жұққаннан кейін, бірнеше сағаттан немесе 7 күнге дейін белгілері білінбеуіі мүмкін. Дәл осы уақытта адам шекарадан өтіп кетуі мүмкін, және елдімекенге келгеннен кейін, біраз уақыт өткен соң аурушаңдықтың белгілері шыға бастайды. Осы уақытта дер кезінде диагноз қойылу және ем алу үшін медициналық көмекке жүгіну қажет, тек осының нәтижесінде дерттен сауығуға және басқа адамдарға жұқтырмауға болады.

Жіті ішек аурулары мен тырысқақ бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына орай, тырысқақтың әкелінуін, таралуын болдырмау мақсатында облыста келесі алдын алу іс-шаралары жасалуда:

·         эпидемиологиялық (жаз) маусымда судың беткі қабаттарындағы суға және сыртқы орта нысандарына тырысқақ вибриондарына үнемі зерттеулер жүргізіледі,

·         емдеу–алдын алу мекемелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің облыс көлемінде тырысқаққа күдікті адамды анықтау бойынша дайындығы қамтамасыз етілген,

·         арнайы тәртіптік мекемелерге, әлеуметтік оңалдандыру мекемелеріне түскен,, шетелден келген адамдарды тырысқаққа тексеру жүргізіледі, сонымен қатар, ішек ауруына шалдыққан адамдардың материалдарына зертханалық зерттеу жасалады,

·         этиологиясы белгісіз жұқпалы аурудан көз жұмған адамдардың мәйітінен алынған материалдар зерттеледі,

·         халық арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс жасалады.

Жеке қорғаныс шаралары:Аурушаңдықтың қаупі жоғары аудандарда тұратын немесе сапарға шығатын адамдар өздерін жіті ішек ауруларынан, соның ішінде тырысқақтан гигиена мен тамақты дұрыс дайындаудың мына ережелерін орындай отырып, сақтана алады:

·         Қолыңызды мұқият жуыңыз, әсіресе, тамақ дайындар және тамақтанар алдында.

·         Тек қайнатылған суды ғана ішіңіз. Ыстық шай не кофе, шарап, сыра, газдалған су немесе алкогольсіз сусындар, және бөтелкедегі не пакеттегі жеміс шырындары сияқты сусындар әдетте қауіпсіз саналады.

·         Егер қауіпсіз судан жасалғанына күмәніңіз болса, мұзды пайдаланудан бас тартыңыз.

·         Термикалық өңдеуден мұқият өткізілген өнімдерді пайдаланыңыз (қайнатылған, пісірілген/қуырылған, ыстық сумен жуылған (жеміс, көкеніс) немесе қабығынан аршылған, т.б.).Шикі теңіз өнімдерін пайдаланбаңыз.

·         Алдын ала дайындалған тамақты жақсылап ысытыңыз.

·         Пастерленбеген сүтті ішер алдында, оны қайнатыңыз.

·         Егер сізде диарея болса, әсіресе, ауыр түрі, немесе жиі құссаңыз, шұғыл арада медицианлық көмекке жүгініңіз. Медициналық көмекті күтіп отырғанда, қайнатылған су немесе тәтті емес, мысалы, сорпа ішкен жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І  -  топ

 

 

 

 

 

 

 

Энергетикалық алмасу және оның кезеңдері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тағамның құрамындағы күрделі ағзалық заттар ыдыраған кезде едәуір мөлшерде энергия бөлінеді. Ферменттердің қатысуымен күрделі ағзалық қосылыстардың ыдырауы кезіндеэнергия бөлінетін реакциялардың жиынтығы энергетикалық алмасу дейді. Энергетикалық алмасуды кейде диссимиляция (лат. dissimilis - бөліну) деп те атайды. Соңғы кездекатаболизм (гр. katabole - төменге карай құлдырау) сөзі жиірек қолданылады.

Энергетикалық алмасу кезінде бөлінген энергияның 30%-ы қоршаған ортаға жылу күйінде таралады. 60-70%-ы жасушадағы митохондрияларда қор ретінде жиналады. Ағзаның жұмсаған энергиясының мөлшері белгілі бір уақыт аралығында бөлінген жылудың мөлшерімен есептеледі. Жұмсалған энергия джоульмен, калориямен өлшенеді. 1 ккал 4,19 кДж-ға тең. 1 калория дегеніміз — 1 грамм суды 1°С көтеруге қажетті жылу мөлшері. Энергияны өлшеу бірлігі - джоуль (Дж).

Энергетикалық алмасу кезіндегі ағзалық қосылыстардың ыдырауы тамақтың қорытылуы және тынысалу арқылы жүзеге асады. Тамақтың қорытылуы кезінде күрделі ағзалық қосылыстарқарапайым қосылыстарға дейін ыдырайды. Тынысалу кезінде қарапайым қосылыстар оттегінің қатысуымен тотығып, одан химиялық энергия бөлінеді. Бөлінген энергия дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, бұлшыкеттердің жиырылуына, ішкі мүшелердің жұмысына жұмсалады. Энергетикалық алмасу кезінде ағзадағы барлық қимыл-әрекет, ой еңбегі және т.б. жұмыстар жүзеге асады. Сондықтан да ағза өзінің тіршілігін жалғастыру үшін оқтын-оқтын тамақтанып тұруы қажет.

Ересек адамдар орташа есеппен тәулігіне 7117 кДж энергия жұмсайды. Олай болса, ағзаға тәулігіне 7117 кДж энергия бөлінетін құрамында ағзалық заттары бар тағам пайдаланылғаны дұрыс. Адамның энергия жұмсауы орындайтын жұмысына, көңіл күйіне, мамандығына және т.б. жағдайларға байланысты. 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін 1 кг дене салмағына тәулігіне орташа 210- 270 кДж энергия жұмсалады.

Энергетикалық алмасудың кезеңдері[өңдеу]

Энергетикалық алмасу үш кезеңнен тұрады. Бірінші - дайындық, екінші - оттексіз, үшінші - оттекті кезең.

Энергетикалыц алмасудың дайындық кезеңі адамның асқорыту мүшелеріндегі жасушалардың цитоплазмасында (лизосомаларда) жүреді. Бұл кезеңде күрделі ағзалық қосылыстар асқорыту ферменттерінің әсерінен қарапайым қосылыстарға ыдырайды. Бұл кезеңде аз мөлшерде бөлінген энергия қоршаған ортаға жылу күйінде таралады.

Энергетикалық алмасудың оттексіз (анаэробты) кезеңі жасушалардың цитоплазмасында жүреді. Дайындық кезеңде түзілген карамайым ағзалық қосылыстардың одан әрі ыдырауына оттегі қатыспайды. Энергетикалық алмасудың бұл сатысын кейде ашу кезеңі деп те атайды.

Энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі (гр. аеr- «ауа») жасушалардағы митохондрияларда жүреді. Ферменттер мен оттектің қатысуымен өте күрделі химиялық реакциялар тізбегі жүреді де, энергия едәуір көп мөлшерде бөлінеді. Мысалы, энергетикалық алмасудың оттексіз кезеңінде қант молекулалары ыдыраған кезде 27 ккал, оттекті кезеңінде 674 ккал энергиябөлінеді. Сондықтан ағза үшін энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі өте тиімді.

1 г көмірсулар және нәруыздар ыдыраған кезде 17,2 кДж энергия бөлінеді. Ал 1 г май ыдыраған кезде 39,1 кДж энергия бөлінеді. Адам қаншалықты көп энергия жұмсаса, оның ағзасында соншалықты ағзалық заттар көп ыдырайды. Сондықтан адам көп жұмыс атқарса, тынысалуы да жиілейді, көп тамақ ішеді. Адам жұмсаған энергиясының орнын осылай толықтырады.[1]

§49. Энергетикалық алмасу және оның кезеңдері

 

Тағамның құрамындағы күрделі органикалық заттар ыдыраған кезде едәуір мөлшерде энергия бөлінеді. Ферменттердің қатысуымен күрделі органикалық қосылыстардың ыдырауы кезінде энергия бөлінетін реакциялардың жиынтығын энергетикалық алмасу дейді. Энергетикалық алмасуды кейде диссимиляция (латынша «dіssіmіlіs» – бөліну) деп те атайды. Соңғы кезде катаболизм(грекше – «katavole» – төменге қарай құлдырау) сөзі жиірек қолданылады.

Энергетикалық алмасу кезінде бөлінген энергияның 30%-ы қоршаған ортаға жылу күйінде таралады. 60–70%-ы жасушадағы митохондрияларда қор ретінде жиналады.

Ағзаның жұмсаған энергиясының мөлшері белгілі бір уақыт аралығында бөлінген жылудың мөлшерімен есептелінеді. Жұмсалған энергия джоульмен, калориямен өлшенеді. 1 ккал 4,19 кДж-ға тең. 1 калория дегеніміз – 1 грамм суды 1°С көтеруге қажетті жылу мөлшері. Энергияны өлшеу бірлігі – джоуль (Дж).

Энергетикалық алмасу кезіндегі органикалық қосылыстардың ыдырауы тамақтың қорытылуы және тыныс алу арқылы жүзеге асады. Тамақтың қорытылуы кезінде күрделі органикалық қосылыстар қарапайым қосылыстарға дейін ыдырайды. Тыныс алу кезінде қарапайым қосылыстар оттегінің қатысуымен тотығып, одан химиялық энергия бөлінеді. Бөлінген энергия дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, бұлшықеттердің жиырылуына, ішкі мүшелердің жұмысына жұмсалады. Энергетикалық алмасу кезінде ағзадағы барлық қимыл-әрекет, ой еңбегі және т.б. жұмыстар жүзеге асады. Сондықтан да ағза өзінің тіршілігін жалғастыру үшін оқтын-оқтын тамақтанып тұруы қажет.

Ересек адамдар орташа есеппен тәулігіне 7117 кДж энергия жұмсайды. Олай болса, ағзаға тәулігіне 7117 кДж энергия бөлінетін құрамында органикалық заттары бар тағамды пайдаланғаны дұрыс. Адамның энергия жұмсауы орындайтын жұмысына, көңіл күйіне, мамандығына және т.б. жағдайларға байланысты. 14–17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін 1 кг дене салмағына тәулігіне орташа 210–270 кДж энергия жұмсалады (қосымша 211-бет).

Энергетикалық алмасудың кезеңдері. Энергетикалық алмасу үш кезеңнен тұрады. Бірінші – дайындық, екінші – оттексіз, үшінші – оттекті кезең.

Энергетикалық алмасудың дайындық кезеңі адамның асқорыту мүшелеріндегі жасушалардың цитоплазмасында (лизосомаларда) жүреді. Бұл кезеңде күрделі органикалық қосылыстар асқорыту ферменттерінің әсерінен қарапайым қосылыстарға ыдырайды. Бұл кезеңде аз мөлшерде бөлінген энергия қоршаған ортаға жылу күйінде таралады.

Энергетикалық алмасудың оттексіз (анаэробты) кезеңі жасушалардың цитоплазмасында жүреді. Дайындық кезеңде түзілген қарапайым органикалық қосылыстардың одан әрі қарай ыдырауында оттегі қатыспайды. Энергетикалық алмасудың бұл кезеңін кейде ашу деп те атайды.

Энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі (аэробты грекше «аer» – «ауа») жасушалардағы митохондрияларда жүреді. Ферменттер мен оттегінің қатысуымен өте күрделі химиялық реакциялар тізбегі жүреді де, энергия едәуір көп мөлшерде бөлінеді. Мысалы, энергетикалық алмасудың оттексіз кезеңінде қант молекулалары ыдыраған кезде 27 кал, оттекті кезеңінде 674 кал энергия бөлінеді. Сондықтан ағза үшін энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі өте тиімді.

1 г көмірсулар және нәруыздар ыдыраған кезде 17,2 кДж энергия бөлінеді. Ал, 1 г май ыдыраған кезде 39,1 кДж энергия бөлінеді.

Адам қаншалықты көп энергия жұмсаса, оның ағзасында соншалықты органикалық заттар көп ыдырайды. Сондықтан адам көп жұмыс атқарса, тыныс алуы да жиілейді, көп тамақ ішеді. Осылайша адам жұмсаған энергиясының орнын толықтырады.

 

Зат алмасуды негізгі және жалпы алмасу деп екіге бөледі.

Негізгі алмасу деп ұйықтамай тыныш жатқан адамдағы зат алмасуды айтады. Жалпы алмасу негізгі алмасумен қоса қосымша қимыл-әрекеттерді, атқарған жұмыстардың барлық түрін қамтиды.

Негізгі алмасу кезінде энергияның 25% бауырдың жұмысына, 25% бұлшықеттердің жиырылып босаңсуына жұмсалады. Сол энергияның 18% мидың, 9% жүректің, 7% бүйректің, қалған энергия басқа барлық мүшелердің жұмысына жұмсалады.

Жасөспірімдерде ересектерге қарағанда энергияның негізгі алмасуының мөлшері көп болады. Мысалы, ересек адам 1 кг дене салмағына 100,56 кДж энергия жұмсайды. Жасөспірімдер дәл сондай дене салмағына шамамен 142,6 кДж энергия жұмсайды. Жасөспірімдер жалпы алмасуда тәулігіне 1 кг дене салмағына шамамен 210–270 кДж энергия жұмсайды.

Энергия қаншалықты көп жұмсалса, тотығу және ыдырау өнімдерін сыртқа шығару процестері де соншалықты жылдамдайды. Мүшелер жүйесінің қызметтері де қарқынды жүреді.

Энергетикалық алмасу кезінде бөлінген энергия негізінен, жасушаларда жүретін жаңа нәруыздардың түзілуіне жұмсалады. Қанттың ыдырауы белгілі реттілікпен жүретін бірнеше кезеңнен тұрады. Оның әр кезеңінде белгілі мөлшерде энергия бөлінеді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Биология пәні Асқорыту мүшелерінің аурулары 8 cынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 802 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.10.2020 1550
    • DOCX 1.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Очирова Зоя Бадмаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Очирова Зоя Бадмаевна
    Очирова Зоя Бадмаевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 78294
    • Всего материалов: 248

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 809 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Биология")

Учитель биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе