Инфоурок Биология Другие методич. материалыБиология пәнінен сыныптан тыс сабақ «Алтын пырақ» интеллектуалдық-танымдық сайысы.

Биология пәнінен сыныптан тыс сабақ «Алтын пырақ» интеллектуалдық-танымдық сайысы.

Скачать материал

Сайыстың тақырыбы: «Алтын пырақ» интеллектуалдық-танымдық сайысы.

Сайыстың мақсаты:

-Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы алғыр және тапқыр оқушыны анықтау.

-Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау қабілетін арттыру.

- Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интелектуалды сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта/ слайд-презентация/, қара жәшік, картоп, плакат.

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Сайыс кезеңдері:

1. «БӘЙГЕ»

(Мұғалім қорытындысы)

2. «СИҚЫРЛЫ ҰЯШЫҚТАР»

(Мұғалім қорытындысы)

3. «ТҰЛҒАНЫ ТАНЫ»

(Мұғалім қорытындысы)

4. «ҚАРА ЖӘШІК»

(Мұғалім қорытындысы)

III. Қорытындылау.

 

Сайыстың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Табиғаттың құпиясы тұңғиық» атты жаратылыстану апталығында өткелі отырған «Алтын пырақ» интеллектуалдық - танымдық сайысына қош келдіңіздер.

       Бүгінгі жастар-еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, таным қызығушылықтарын дамытатын, шығармашылыққа шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын интеллектуалды ойынды бастаймыз.

Сайысқа қатысқалы отырған ойыншылармен таныс болып, ортаға шақырайық.

 


8 «А» - Амангелді Әділет

8 «Г» - Жақсылықова Ұлдана

8 «Г» - Жорабек Арнат

8 «А» - Аманқұлова Айдана

 

8 «Г» - Адимов Төремұрат

8 «Г» - Қасым Айсұлу

8 «Г» - Бескемпіров Еділ

8 «Г» - Жолынбетов Әлішер


Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ-бағасын беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:

1. Директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: Г.О.Мухамедкулова

2.  ______________________________________________________________________

 

    Тапқыр, білгір, дарынды,

Жарыс бар бүгін тартысты,

Биология пәнін сүйсен сен

Ортаға сал барыңды

деп, сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін  бастайық.

 



І кезең – «БӘЙГЕ»

Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады, жауап беруге 5 секунд уақыт беріледі, сұрақ қойылған кезде жауап беру үшін жасыл, қызыл, сары түстерді пайдаланады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпаймен бағаланады.

Ескерту: кезең соңында ұпайы аз екі оқушыны сайыстан шығарамыз

 

1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы: Ихтиология
2. Денесінің түсін тез өзгерете алатын қабыршақтылар отрядының өкілі: Құбылғы

3. Адам денесіндегі буындар саны: 230
4. Пішіні үрмебұршақ тәрізді без: Гипофиз
5. Инсулин жетіспегенде болатын ауру: Қант ауруы
6. Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды: Дальтонизм
7. 1665 жылы алғаш рет өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен көрген: Р. Гук
8. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым: К. А. Тимирязев

9. Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер: Пластид
10. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді: Лизосома
11. Жасушадағы органикалық қосылыстар: Нәруыздар, май,көмірсулар

12. Ұйқы безінен бөлінетін гармон: (инсулин)

13. Қысқа сүйектерді ата: (омыртқа,  алақан, табан, саусақ сүйектері)

14. Паразит құрттарды зерттейтін зоология саласы: (гельминтология)

15.Қол басы сүйектерін ата: (білезік, алақан, саусақ)

16. Ортаңғы ми қайда орналасқан:  (артқы ми мен аралық мидың ортасында)

 

Ұпайы аз 2 ойыншыны ойыннан шығарамыз.

Ұпайлары бірдей болып қалған жағдайда қойылатын сұрақтар:

1.    Көкеттің пішіні қандай:  (күмбез тәрізді)

2. Аяқ басы сүйектерінің дұрыс қалыптасуынан қандай ауру пайда болады: (жалпақтабандылық)

3. Құлақ қалқанының қызметі: (ауадағы дыбыс тербелісін құлақтың ішіне бағыттайды)

4. Мишық қайда орналасқан: (сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында)  

 

 

ІІ кезең – «СИҚЫРЛЫ ҰЯШЫҚТАР»

            Сайыскерлерге бұл не, қызықты сұрақтар, сенесің бе, сенбейсің бе тақырыптарынан 10, 20, 30 ұпайдан тұратын ұяшықтар жасырылады, әр ұяшықта сұрақтар жасырылған. Дұрыс жауапқа 10, 20, 30 ұпай. Егер сайыскер өзіне берілген уақыт ішінде жауап бере алмаса, кезек келесі ойыншыға беріледі. Жауап беруге 30 секунд.

Ескерту: кезең соңында ұпайы аз екі оқушымен қоштасамыз

 

Бұл не?

10

20

30

Қызықты сұрақтар

10

20

30

Сенесің бе, сенбейсің бе?

10

20

30

 

Тәжірибе 10 – өте ұсақ заттарды 100-ден 2000 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал. (микроскоп)

Тәжірибе 20 – сыйлық

Тәжірибе 30 – Мидың жұмысын және ондағы өзгерістердің ырғағын жазып алатын аспаб.

(электроэнцефалограф)

Қызықты сұрақтар 10 – Алманың жартысы неге ұқсайды? (екінші жартысына)

Қызықты сұрақтар 20 - Жаңбыр құйып тұр. Қарлығаш қандай ағашқа қонады? (Су ағашқа)

Қызықты сұрақтар 30 – Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр, әр мысықтың қасында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар? (4)

Сенесің бе, сенбейсің бе 10 - Сенесіз бе, сенбейсіз бе жануар жасушасында пластидтер кездеседі.

Сенесің бе, сенбейсің бе 20 - Сенесіз бе, сенбейсіз бе паразитті саңырауқұлақпен нан ашытуға болады.

Сенесің бе, сенбейсің бе 30 - Сенесіз бе, сенбейсіз бе дүниедегі ең кішкентай құс каллибрий.

 

Ұпайы аз 2 ойыншыны ойыннан шығарамыз.


        Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.
«Суреттерді сөйлететін» сайыста,

 Кім табады ғалымдардың бейнесін?

ІІІ кезең – «ТҰЛҒАНЫ ТАНЫ»

            Сайыскерлерге асық таратылады, асықта реттік нөмерлер көрсетілген сол реттік нөмірге сәйкес оларға сұрақтар қойылады. Егер дұрыс жауап берсе 30 ұпай беріледі. Дұрыс жауап берілмесе келесі ойыншыларға жауап беруге мүмкіндік бар.

Ескерту: кезең соңында ұпайы аз екі оқушымен қоштасамыз

 

1.      Жұмбақта жасырынған ғалымның есімі?

Сұрақ: Қан жасушасының қызметін зерттеген

             Фагоцитоз процесін енгізген

             Атақты ғалым-биолог

             Бұл ....

Жауабы: Илья Ильич Мечников

2.      Ғалымның атын жеңілдік арқылы табу:

Сұрақ:

-          Маймыл мәйітін өз тәжірибелерінде қолданған ғалым

-          «Адамның дене бөліктерінің міндеті» атты еңбектің авторы

Жауабы: Клавдий Гален

3.      Ғалымды суретті арқылы тану:

Сұрақ: Бұл кім? Оның қандай еңбегін білесін? Ол еңбегінде адамның қай мүшесі жайлы жазды?

      Жауабы: Әбу Насыр әл-Фараби

  1. Жұмбақта жасырынған ғалымның есімі?

Сұрақ: Тазалықтың өмірдегі маңызын,

             Әр мүшенің саулығының пайдасын,

             Біле білген ғалым кім?

Жауабы: Халел Досмұхамедов

 

Осы екі ойынның қорытындысы бойынша аз ұпай жинаған  2 ойыншыны ойыннан шығарамыз.

Ұпайлары бірдей болып қалған жағдайда қойылатын сұрақтар:

1.      Ғалымның атын жеңілдік арқылы табу:

      Сұрақ: 1904 жылы шартты рефлексті ашқаны үшін Нобель сыйлығына ие болған ғалым?

     Жауабы: Иван Павлов

2.      Ғалымның атын жеңілдік арқылы табу:

Сұрақ: Анатомия ғылымының негізін салушы?

Жауабы: Андреас Везалий

ІV кезең – «ҚАРА ЖӘШІК»

Екі оқушыға да ортақ сұрақ. Жауаптарын алдарында тұрған ақ параққа жазады. Екеуі уақыт аяқталғанда жауаптарын көтереді. Дұрыс жауап берген оқушыға 40 ұпай беріледі. Жауап беруге бір ғана мүмкіндік беріледі. Берілетін уақыт 1 минут

Ескерту: кезең соңында ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз

 

«XVI ғасырдың бас кезінде Педро Де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді. Ол мұнда жергілікті адамдардың осымен тамақтанатынын байқайды. Перуліктер оны папа деп атайды екен. Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды. Ал француздар оны жер алмасы деп, итальяндықтар әуелі тартуфоль деп атапты. Ресейде XVIII ғасырдан бастап тарай бастады. Оның мұнда таруына III Петрдің еңбегі зор. Қара жәшікте қандай өсімдік жасырылған?» (Картоп)

 

Ұпайы аз 1 оқушымен қоштасамыз.

Ұпайлары бірдей болып қалған жағдайда қойылатын сұрақтар:

Мен Азияда тудым, бірақ Еуропа мен Африкада тұрамын. Орта ғасырларда мен батырлар кеуделеріне тұмар етіп жүрген, өйткені мен әр түрлі оқтан, садақтың оғынан қорғап жүргенмін. Тіс ауырғанда пайдаланады мені.Өзіме тән иісім бар. С дәруменінің көзімін, сондықтан тұмаумен ауырғанда пайдаланған жөн. (Сарымсақ)

 

 

Бүгінгі білімділер сайысы өз мәресіне жетті.

Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз
Білім мен тәрбиені егіз дейміз
Әдемі мен тәлімі үндесетін
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір күрес, жеткіземе мұратың
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын – дей келе жеңімпазды және ойынға қатысушы сайыскерлерімізді құттықтау үшін сөзді әділ-қазыларға береміз.

Бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше қош сау болыңыздар!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Биология пәнінен сыныптан тыс сабақ «Алтын пырақ» интеллектуалдық-танымдық сайысы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақ жоспары 8 сынып оқушыларына арналған. «Алтын пырақ» интеллектуалдық-танымдық сайысы:-Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы алғыр және тапқыр оқушыны анықтау.-Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау қабілетін арттыру.- Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 842 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2020 798
    • DOCX 32.4 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Насыров Руслан Рифович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Насыров Руслан Рифович
    Насыров Руслан Рифович
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 76421
    • Всего материалов: 223

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Биология")

Учитель биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель анатомии и физиологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе