Инфоурок Директору, завучу КонспектыБілім беру ұйымдарында мониторинг жүргізудің маңызы

Білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізудің маңызы

Скачать материал

Білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізудің маңызы

 

Кіріспе

Әлемдік өркениеттің қарыштап алға дамуы білім беру саласының барлық деңгейіне әсер етіп, балаға тәрбиесінің жаңа саласы педагогикалық инновацияны дүниеге әкелді. Педагогика ғылымының бұл бағыты ғылым жетістіктерін мектеп практикасына ендіру барысында білім беру процесін тұтастай ғылыми негіздеуді, оқу-тәрбие жұмыстарының барлық буындарын технологияландыруды қажет етеді.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру» қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек деп атап көрсетті.
Сапалы білім беру қызметін көрсету – білім мекемелері мен педагогтар алдында тұрған міндет. Білім сапасы ең алдымен мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық іс - әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Осындай сапалылықты қамтамасыз ететін сапалы мұғалімдер шығармашыл болуы керек.
Білім беру сапасын басқарудың оқу үрдісіндегі негізгі тетіктері: бақылау, талдау, бағалау, бағдарлау және нәтижелердің динамикалық үрдістерін салыстыру болып табылады. Бүл үрдісте оқу - тәрбие сапасына жасалатын жүйелі бағалаудың бірден - бір көзі – мониторинг.
Мониторинг дегеніміз белгілі бір нәрсенің жай - күйін бақылау, бағалау, талдау және болжау жүйесі, белгілі параметрлерді анықтаудағы бақылау құралы. Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикалық іс - әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді.
Педагогикалық мониторинг — жасалған жұмыс нәтижесі және баспа құралдары монографиялар, диссертациялар, журналдағы мақала және жарияланымдар арқылы педагогикалық объектінің, құбылыстың күй жайын зерттеу.
Мониторинг не үшін қажет?
Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен осы тұстағы алған білімнің кем тұстары, жетістіктері айқын көрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап білім деңгейін оқушы өзі бақылап отырады. Бағалаудағы әділетсіздік мәселесі шешіледі.
Мониторингінің ерекшеліктері:
1. Оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенің, аздау алғанын байқап, білімдегі олқылықтарды жою мақсатында тапсырмалар жүйесі ұсынылады.
2. Шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз қатарласынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады.
3. Өз зейінін тәрбиелейді.
4. Білім жүйелігі мен тізбекті байқайды.
5. Ойланып оқуға дағдыланады.
Білімділік мониторинг көп деңгейлі жүйе..
1 - деңгей (жеке, дара және дербес) оны мұғалім жүзеге асырады.
2 - деңгей – мектепішілік. Мұнда оқушы білімінің дамуын мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады. Сыныптардың даму динамикасы бақыланады. Тоқсан, жартыжылдық, жыл бойында анықталған критерий бойынша бақылау жүргізіледі.
3 - деңгей. Білім мекемесінің даму динамикасын байқау.
Мұғалімнің педагогикалық іс - әрекетінің мониторингі оқу процесінің негізі болып табылады.
Мұғалімнің іс - әрекетін бағалаудағы мониторингінің негізгі мақсаты: педагог кадрлардың шеберлік біліктілігінің артуы, инновациялық тапсырмаларды іске асыру жолдарын меңгеру көрсеткіштері..
Педагогикалық іс - әрекетті бағалаудағы мониторингтің 3 кезеңі бар:
1 - кезең. Дайындық кезең..
Мақсат қойылады. Бақылау объектісі таңдап алынады. Бақылау жоспарланады.
2 - кезең. Практикалық кезең. Ақпараттар жинақталады:.
- нормативті құжаттар таңдау;.
- сабаққа қатысу;.
- білім, білік дағдыларын бақылау;.
- сауалнама жүргізу;.
- тест алу;.
- өзін - өзі бағалау..
3 - кезең – талдау, яғни алынған мәліметтерді өңдеу:.
- ақпараттарды талдау, жинау;.
- бақылаудың қорытындысын шығару, ұсыныстар енгізу..
Мониторинг жүргізу не береді?.
- Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін нақтылайды..
- Мұғалімнің педагогикалық мүмкіндігін анықтайды..
- Мұғалімге нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді..
- Мектепішілік басқару процесін жүзеге асырады..
Сонымен бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашылық адамы. Ол өздігінен қаншалық ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалімнің күш - қуаты, көңіл - күйі жоғары болуы керек, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.

Білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізудің маңызы

Кез келген білім мекемесі оку үдерісінің дұрыс жүруіне, мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім деңгейіне жетуге оқу себептілігін арттыруға, оқушының денсаулығы мен жеке тұлға ретінде дамуына талпынады. Мектепте баскару жүйесінің  қаншалықты дұрыс бағытта екенін білу үшін басқарудың сараптамалық бағдарламасын жасау керек. Бұл үдеріс жіберілген кемшіліктерге түзетулер енгізуге және білім сапасын көтеруге септілігін тигізеді. Мектептің басқару жүйесі оқу мониторингінің  нәтижелеріне сүйенеді. Мониторинг қандай да бір үдеріске ұйымдастырылған бақылау, нақты нәтижелерді салыстыру арқылы болашақта оларды жақсартуға бағыттылған шаралар ұйымдастыру үшін жасалады. Мониторинг жүргізу қазіргі таңда барлық мекемелерде, өндірістің барлық салаларында жүзеге асып жатыр. Мектеп - білім мекемесі болғандықтан, оның негізгі мақсаты - сапалы білім беру. Сондықтан, мектеп мониторингінің негізгі зерттелетін объектісі - білім сапасы. Оқу мониторингісін жасау – мектеп үдерісіндегі шарттардың және білім сапасының өсу (кему) динамикасын жүйелі түрде бақылау, сараптау, бағалау. Білім сапасы туралы мәліметтерді жинау арқылы мәліметтер қоры жасақталады, оларды өңдеп, сақтау арқылы кез келген уақытта білім сапасының қазіргі деңгейін көрсетуге болады. Оқу мониторингінің нақты мақсат-міндеттері, жасалу принциптері, бағдарламасы және зерттелген нәтижелерге қарап, кемшіліктердің жою жолдары айкындалу керек.

Оқу мониторингісінің мақсат-міндеттері:

- Ұжымның жұмысын мониторингке шоғырландыру;

- Мәліметтер қорын жинау;

- Оқушылардың үлгерімі және білім сапасын көтеру;

- Педагогтардың шеберлігін арттыру, баскару жүйесінің сапасын арттыру;

- Мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін педагогикалық кеңесте ортаға салу:

- Мониторинг бағдарламасын бекіту.

Мониторинг жасаудың бағдарламасы:

1.      Зерттеу бағыттарын анықтау.

2.      Мониторинг көрсеткіштерін анықтау.

3.      Алынған мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ететін әдістерді анықтау.

4.      Әр бағыт бойынша мәліметтер жинау және оларды өңдеу, сараптау және сақтау технологиясын анықтау.

5.      Берілген бағыттар бойынша мониторингке қатысатын мұғалімдердің атқаратын қызметін белгілеу.

Мониторинг жасауда белгілі бір талаптар қойылады, оларды мониторинг жасаудың принциптері деуге де болады:

1)      Мәліметтердің дұрыстығы. Керек мәліметтер нақты және мектеп әкімшілігіне пайдалы болу керек.

2)      Мәліметтерді салыстыратын мүмкіндіктің болуы. Кез келген үдерістің тек қазіргі деңгейі ғана емес, ондағы өзгерістердің себептерін зерттеу керек болады.

3)       Болжамдық. Нәтижелерге сүйене отырып, болуы мүмкін өзгерістерге болжам жасау.

  Оқу мониторингісі болғандықтан, басты назар білім сапасында болмақ. Білім сапасын көтеруге әсерін тигізетін бірнеше факторларды атауға болады:

1. Оқушылардың денсаулық жағдайы.

2.  Мектептің материалдық базасы.

3.  Педагогтардың шеберлігі.

4.  Үйірмелер, спорт секцияларының жұмысы.

5.  Оқушылардың сабаққа қатысымы.

6.  Тәрбие жұмысы.

7. Оқушылардың дұрыс тамақтануы.

8. Баланың отбасындағы жағдайы және т.с.с.

  Аталған факторлардың ішінен оқушылардың денсаулық жағдайын, педагогтардың шеберлігін зерттей келе, біз білім сапасының қазіргі деңгейін көруімізге болады. Сонымен,  мектеп мониторингісін құрудың негізгі бағыттары анықталды.

Оқушылардың денсаулық жағдайы     Педагогтардың шеберлігі    Білім сапасы

Бала толыққанды сапалы білім алу үшін оның денсаулығы жақсы болу керек. Ал денсаулығында ақау болған жағдайда, ол балаға ерекше көңіл бөлу қажет болады.

Бірінші бағыт бойынша топта медбике, класс жетекшілер, дене тәрбиесі мұғалімдері, психологтар жұмыс жасайды. Мектеп медбикесінде әрбір оқушының денсаулығы туралы мәлімет болу керек. Бұл мәліметтерден оқушының класс жетекшісі, дене тәрбиесі мұғалімдері хабардар болу керек. Аурудың белгілі бір түрімен, мысалы, қаназдықпен ауыратын балаларды жинап, оның ата-анасымен және класс жетекшісінің қатысуымен мектеп медбикесі осы ауру туралы толық мағлұмат, онымен күресу, денсаулықты нығайту жолдарын көрсетеді. Дене шынықтыру сабағынан денсаулығына байланысты босатылған балаларға қосымша сабақтар ұйымдастыру арқылы дене тәрбиесі мұғалімі жеңілдетілген түрде сабақ өткізеді. Денсаулығында ақауы бар бала басқа дені сау баладан гөрі өзін төмен ұстап, өзіне сенімсіздікпен қарауы мүмкін. Сондықтан, мұндай кезде мектеп психологы жұмыс жасайды.

Екінші бағыт бойынша топта директор, оқу ісінің меңгерушілері, әдістемелік бірлестік жетекшілері жұмыс жасайды. Педкадрларды қайта даярлау, олардың шеберлігін арттыру, біліктілік санаттарын көтеру, әдістемелік көмек көрсету аталған адамдардың тікелей қатысуымен жүзеге асады.

Үшінші бағыт бойынша, яғни білім сапасын зерттеуге оқу ісінің меңгерушілері, класс жетекшілер, пән мұғалімдері қатысады. Білім сапасы 3 буын бойынша зерттеуге алынады:

- Бастауыш буында 1-4 кластар;

- Орта буында 5-9 кластар;

- Жоғары буында 10-11 кластар.

Бұл бағытта оқушылардың білім сапасы қаралатындықтан, тоқсан сайынғы қорытындылар, әкімшілік бақылау жұмыстары, жыл сайынғы білім сапасы толық бақыланып, оның өсу немесе кему динамикасын анықтап, кемшіліктерді жою технологиясы құрастырылып, оң тұстарын одан әрі жалғастыру көзделеді.

            Білім беруді модернизациялау жағдайында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және оны жетілдіру жолдарын іздестіру – қазіргі күннің бірден бір талабы. Педагог кадрлардың кәсіби деңгейінің өзгеруін, оқытудың нәтижелерінің өзгеруін анықтау мақсатында білім мекемелерінде мониторинг жүргізу қажеттілігі туындады. Сондықтан, педагогтың қызметіне мониторинг жасау арқылы кадрлардың кәсіби дайындығының қазіргі таңдағы жағдайын анықтауға болады.  Ол үшін мұғалімнің педагогтық қызметіне диагностикалық карта жасалынады. Картада келтірілген бағалау критерийлерін және бағалау шкаласын  әр мектеп өзіне ыңғайлы етіп өзгертуіне болады.

 

Мұғалімнің диагностикалық картасы _______________________________________

__________________________пәні _____________кластары.  20...-20... о.ж.

 

Бағалау өлшемдері

Бағаланатын іс-әрекеттерінің мазмұны

Өз бағасы

ӘБ баласы

Әкімшілік бағасы

Орташа баға

1

Пән бойынша білім сапасының көрсеткіші

Оқушыларының білім сапасының көрсеткіші ( 50% жоғары)

 

 

 

 

2

Өзара сабақтарға қатысуы

Тәжірибе алмасу мақсатында әріптестерінің сабақтарына қатысуы

 

 

 

 

3

Кл. журналын толтыру талаптарының сақталуы

Журналдарды уақытында толтыруы, бағалардың дұрыс қойылуы

 

 

 

 

4

Кабинетті жабдықтау талаптарының орындалуы

Кабинеттегі көрнекіліктердің сәйкестігі, толымдылығы, сан.-гигиен.талаптардың сақталуы (кабинет меңгерушілері үшін)

 

 

 

 

5

Мұғалімнің шығармашылық жұмысы

Шығармашылық жұмысын жоспарлауы және есебі, дарынды балалармен қосымша сабақ, үйірмелер жүргізуі

 

 

 

 

6

Пән бойынша семинарларға қатысуы

Семинарға қатысуы,  баяндамамен шығуы (қатысуы-2,5б,  баяндамамен шығуы -5б)

 

 

 

 

7.

Пән бойынша ашық сабақ беруі

Пед.шеберлігін шыңдау мақсатында ашық сабақтар беруі,  сабағында оқытудың жаңа технологияларын қолдануы

 

 

 

 

8.

Дәптер тексеру, жүргізу талаптарының орындалуы

Оқушылардың дәптерлерін уақытында тексеруі,жұмыс дәптерлерінің эстетикалық нормаларға сай болуы

 

 

 

 

9.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Оқушылардың үлгерімін жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізуі

 

 

 

 

10.

 «Дарын» бағытында жұмысы

Оқушыларының түрлі интелл. сайыстарға қатысу белсенділігі

 

 

 

 

11

Тәжірибе тарату(жаңашылдық)

Тәжірибесін жинақтау және таратуы, зерттеушілік жұмыстар

 

 

 

 

12

Оқытудың дидакт. және техникалық құралдарын тиімді қолдануы

Оқытудың дидактикалық және техникалық құралдарын тиімді қолдануы

 

 

 

 

13

Пән бойынша сайыстарға, педоқуларға қатысуы

Қалалық (2,5б) ,  облыстық, республикалық (5б)  деңгейдегі  түрлі олимпиада, сайыстарға қатысуы

 

 

 

 

14.

Баспалық қызметі

Қалалық (2,5б) , облыстық, республикалық  (5б)  баспаларға материалдар ұсынуы

 

 

 

 

15.

Пәндік олимпиадаға оқушыларын ұсынуы

Мектепішілік  (0,5б), қалалық (2,5б), облыстық (5б)олимпиадаға оқушыларын қатыстыруы

 

 

 

 

16

ДК меңгеруі, интернет желісімен жұмысы

ДК меңгеру, интернет желісімен жұмыс жасау деңгейі

 

 

 

 

17

Сабаққа дайындық деңгейі, күнделікті сабақ жоспарының дұрыс рәсімделуі

Күнделікті сабақ жоспарында оқушылармен жұмыс жасауда жоғары нәтижеге жету үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануын, мәселелерді шешу жолдарын іздеу, оқытудың түрлі формаларын қолдануын көрсетуі

 

 

 

 

18

Мұғалімнің еңбек тәртібін орындауы

Мектепте кезекшілік міндетін атқаруы, сабаққа кешігу, себепсіз келмеу деректерінің болмауы, әріптестерімен қарым-қатынаста этика және мәдениет сақтауы

 

 

 

 

19

Оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынасы

Оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынаста әдеп сақтауы, мәдениеттілігі

 

 

 

 

20.

Класс жетекшілік қызметі

Тәрбиелік жұмыс жасау деңгейі  (5б, 2,5б, 0,5б)

 

 

 

 

 

 

 

Орташа ұпай, қолы , аты-жөні

 

 

 

 

Ескерту : бағалау шкаласы -5 (жоғары деңгей), 2,5 (орташа деңгей), 0,5 (төмен деңгей)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Мониторинг жүргізудің нәтижесінде білім беру ұйымдарындағы көп мәселелерді талдап, сараптап, оқушымен жұмыс, педкадрлармен жұмыс сапасын арттыруға болады. Жүйелі талдаудың арқасында сабаққа қатысу деңгейі жақсарады, маңызды себептерсіз сабаққа келмеушілік қысқарады.

Болашақта мониторингтік зерттеу жүргізуіне байланысты тәжірибені ескере отырып, жұмыста тек сандық деректер ғана қолданылады. Сонымен қатар дұрыс бағытта жүргізілген педагогикалық талдау мен жоспарлы жүйе оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктерге жетуіне ынталандырып, мектептің рейтингілік бағасының жоғарылауына себепкер болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.      Попова Г.П. Мониторинг качества учебного процесса. В.2007.

2.      Диагностика успешности учителя. М.2001.

3.      Настольная книга завуча. Ростов на Дону.2005.

4.      Құдайбергенова Г.С. Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми-теориялық негізі. Алматы.2008.

5.      Педагог кадрлардың кәсіби деңгейін анықтау мониторингі. С.М.Шаштығарина. Ақтөбе .2010.

6.      Жайтапова А.А. Творческая педагогика. 2004. .№2.

7.      Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы, №8 (80) 2013.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізудің маңызы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізудің маңызыКіріспеӘлемдік өркениеттің қарыштап алға дамуы білім беру саласының барлық деңгейіне әсер етіп, балаға тәрбиесінің жаңа саласы педагогикалық инновацияны дүниеге әкелді. Педагогика ғылымының бұл бағыты ғылым жетістіктерін мектеп практикасына ендіру барысында білім беру процесін тұтастай ғылыми негіздеуді, оқу-тәрбие жұмыстарының барлық буындарын технологияландыруды қажет етеді. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру» қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек деп атап көрсетті. Сапалы білім беру қызметін көрсету – білім мекемелері мен педагогтар алдында тұрған міндет. Білім сапасы ең алдымен мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық іс - әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Осындай сапалылықты қамтамасыз ететін сапалы мұғалімдер шығармашыл болуы керек. Білім беру сапасын басқарудың оқу үрдісіндегі негізгі тетіктері: бақылау, талдау, бағалау, бағдарлау және нәтижелердің динамикалық үрдістерін салыстыру болып табылады. Бүл үрдісте оқу - тәрбие сапасына жасалатын жүйелі бағалаудың бірден - бір көзі – мониторинг. Мониторинг дегеніміз белгілі бір нәрсенің жай - күйін бақылау, бағалау, талдау және болжау жүйесі, белгілі параметрлерді анықтаудағы бақылау құралы. Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикалық іс - әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді. Педагогикалық мониторинг — жасалған жұмыс нәтижесі және баспа құралдары монографиялар, диссертациялар, журналдағы мақала және жарияланымдар арқылы педагогикалық объектінің, құбылыстың күй жайын зерттеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 976 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2020 9898
    • DOCX 35.5 кбайт
    • 407 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тарасова Алена Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тарасова Алена Сергеевна
    Тарасова Алена Сергеевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 110954
    • Всего материалов: 206

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организационные аспекты управления разработкой продуктов, услуг и решений на основе больших данных

Руководитель отдела цифровых технологий

300 ч. — 1200 ч.

от 3250 руб. от 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и ведение гражданской обороны, предупреждение и ликвидация чрезвычайных ситуаций

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация образовательного процесса ребенка дошкольного возраста с особыми образовательными потребностями

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 341 человек

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе