Инфоурок ИЗО, МХК Рабочие программыБейнелеу пәнінен "Анамның портретін саламын" тақырыбында ашық сабақ (3 сынып)

Бейнелеу пәнінен "Анамның портретін саламын" тақырыбында ашық сабақ (3 сынып)

Скачать материал

Сыныбы: 3 «А»

Мерзімі: 6.03.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Анамның портретін саламын

Сабақтың мақсаты:

1)     Білімділік: Оқушыларға адамның түр келбетін салудағы әр түрлі өзгерістерін сала білуді түсіндіру, үйрету.

2)     Дамытушылық: Адамның түр келбетіндегі түрлі өзгерістерін бейнелей білуге, бейнелеудің әдіс-әсілдерін үйретіп, білімдерін жетілдіруге назар аудару.

3)     Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойларын, білімдерін қағаз бетіне  сауатты салдыра отырып, оларды шыдамды, өзін-өзі ұстай білетін тұлға ретінде қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ (интерактивтік тақтаны пайдалану)

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы

Сабақта қолданылатын әдіс: Баяндау, салыстыру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Сурет салу құралдары, акварель, гуашь, адам суреті

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

 

ІІ. Ой сергіту. (жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу)

Ал қане оқушылар, ой сергіту арқылы бүгінгі сабағымызға байланысты жұмбақтар шешіп жіберейік.

 

Көк пен жердің арасын

Айқын байқап бағалар.

Табиғаттың ғажабын

Кереметін айқындар.

                                    (Көз)

 

Ти десең, тимейді,

Тиме десең тиеді.

                            (Ерін)

 

Оқушылардың сабаққа байланысты өзі білетін жұмбақтарын сұрау.

 

ІІІ.Жаңа сабақ.

 

  1. Оқушыларды бүгінгі сабақпен таныстыру.

Балалар, біз жұмбақтар шешу арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын, мағынасын ашып алдық десек те болады.

Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Анамның портретін саламын» деп аталады. Ендеше мен сендерге осы тақырып жөнінде қысқаша түсінік беріп өтейін, содан соң бүгінгі «Анамның портретін саламын» яғни адам адам суретін салуды үйрететін боламын.

Адам тұлғасын бейнелеу, оның санқырын көре білу тек суретшіге ғана тән қасиет деп айтуға болады. Жалпы адам суретін бейнелейтін шығарманы «портрет» деп атаймыз.

Портрет салу өте күрделі тақырып, бірақ қызықты іс-әрекетке жатады. Сондықтан портрет салуға көптеген суретшілер шығармашылық жолдарын арнаған. Адамдардың табиғи сұлулығына, сымбатына, қимыл-қозғалысына ерекше көңіл бөлген.

Осындай сурет салған суретшілерден: Ә.Қастеев, Т.Исханов, Исмайлов, т.б суретшілерді айтуға болады.

Портрет өнері мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келген. Көне портреттерден біз ертедегі адамдар жайлы мағлұмат ала аламыз.

Егер портрет суретшілері болмаса, көптеген әйгілі адамдардың түрлерін елестете алмас едік.

Жалпы адам тұлғасын бейнелеу жолдарын қағаз бетіне дұрыс орналастырып, 3 топқа бөлеміз:

1.      Адамның толық тұлғасы (статуя)

2.      Кеуделік тұлғасын (бюст)

3.      Бет бейнесін немесе келбеті (портрет) деп аталады.

Ал енді оқушылар, сол сияқты портреттің бірнеше түрлері бар. Атап айтар болсақ, олар:

  1. Салтанатты портрет.

Суретте сәнді киінген адам бейнеленген, ол суретшінің алдына кейініп келген сияқты. Тек киімі ғана емес, дене қимылдары да тәкәппар ұстамды қалыпты. Портреттің бұл түрі салтанатты портрет деп аталады.

 

  1. Камералық  портрет.

Мына портреттегі адамдар суретші бейнелеп жатқанын білмейтін де сияқты. Олардың назары мүлдем басқа жақта. Киімдері де жұпыны, дене қозғалыстары да қарапайым, табиғи қалыпта. Мұндай портреттерді камералық деп атаған. «Камера» дегеніміз латын сөзі «болма» деген мағынаны білдіреді. Олардың көлемі шағын.

 

  1. Топтық портрет.

Көбінесе портрет бір ғана емес, екі немес бірнеше адамдар бейнеленеді. Ол топтық портрет деп аталады.

 

  1. Жұптық портрет.

Жұптық портреттерде суретшілер ерлі-зайыптыларда жақын жолдастарын немесе өздерімен мақсат-мұраттары ортақ адамдарды салуға тырысады.

 

  1. Автопортрет.

Білесің бе, бұл портреттердің бәріне ортақ бір нәрсе бар. Оларда суретшілер өздерін бейнелеген. Мұндай портреттерді автопортрет деп атайды.

 

 Ал енді оқушылар, осы портрет ұғымы бір сөзбен айтқанда бейнелеу өнері түрлерінің, жанрларының бір бөлшегіне жатады. Атап айтар болсақ:

Пейзаж жанры

Портрет жанры

Натюрморт жанры айта берсек тағы да көптеген жанрлар да бар.

Олай болса, оқушылар осы жанрлар туралы өлеңдер де жоқ емес.

Қане кім өлең біледі екен?

(Оқушылар жанрлар туралы өлеңдерін айтып береді)

            Олай болса балалар, біз бүгінгі тақырыбымызға оралсақ. Біздің бүгінгі сабағымыз «Анамның портретін саламын» яғни, адамның суретін салу екеніні білесіңдер.

  1. Сұрақ:

Ана деген кім? Ол өмірдегі ең қымбат, орны ерекше әрі бізді дүниеге әкелген ардақты адам. Ол барлығымыздың да анамыз.

            Ендншн осы анамыз туралы кім өлең, тақпақтар біледі екен?

  1. Сұрақ:

Алдымызда аналарымызға арналған қандай мереке келе жатыр?

8 наурыз аналар мерекесі.

            Жарайсыңдар балалар! Ендеше біз тақырып бойынша анамыздың суретін салуға кірісейік. Ол үшін адамның суретін салуды үйренуіміз керек.  Себебі анамызда адам емес пе, солай ма оқушылар? Қане ол үшін біз практикалық кезеңге өтуіміз керек.

           

Практикалық кезең. Интерактивтік тақтамен жұмыс.

  1. Жайбірақат көңіл-күй көрсетілген.
  2. Бір нәрсеге таң қалған көңіл-күй.
  3. Қуанышты көңіл-күй.
  4. Бір нәрсеге көңілі толмай, ренжу көңіл-күйі.
  5. Өмірде қатты ашуланған, ренжіген көңіл-күй.

 

Екінші үлгідегі көрсетіп отырғандай.

 

І – адам бет пішінінің сәл солға бұрылғаны.

ІІ – адам бет пішінінің 90°-қа қырын қарағаны.

ІІІ – адам бет пішінінің төмен қарағаны.

IV - адам бет пішінінің жоғары қарағаны.

V - адам бет пішінінің сәл тіке қарағаны.

 

            Ал енді оқушылар интерактивтік тақта арқылы суретсалудың жолдарын, ғни ережелерін көріпалайық, содан соң суретімізге кірісе берсек те болады.

            Балалар бұл ережелерді көре отырып естеріңе сақтап алғайсыңдар. Себебі, сендер суреттеріңді өз ойларыңнан еркін салып шығуларың керек.

 

Сурет салу кезеңі.

Оқушылар интерактивтік тақта арқылы берілген сурет салу ережелерін көріп болған соң, суреттерін салуға кірісіпкетеді.

( Оқушылардың сурет салу жобаларын көрсетуге көмек жасау).

Сабақты пысықтау.

Балалардың жұмысын тексеріп шығу.

-         Адам тұлғасын бейнелеу неше топқа бөлінеді?

-         Бас бөлімді горизонталь неше бөлікке бөлінеді?

-         Бас бөлімді вертикаль неше бөлікке бөлінеді?

-         Көңіл-күйдің неше түрін үйрендік?

 

Сабақты қорытындылау.

«Портрет түрлері» сөзжұмбақ шешу.

  1. Автордың өзі бейнелейтін портрет түрі.
  2. Екі адам бейнелейтін портрет түрі.
  3. Бірнеше адам бейнеленетін түрі.
  4. Портреттің ең ескі түрлерінің бірі.
  5. «Бөлме» сөзінен шыққан портрет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Шіркін сурет сабағы

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып бояймыз,

Туып өскен даланы.

 

Қайырмасы:

 

Сары бояу сарғалдақ,

Қызыл бояу қызғалдақ.

Жасыл бояу жайлауы,

Іздеп келем армандап.

 

 

 

 

 

                                               

 

 

 

 

 

 

 

№ 262 мектеп – гимназиясы

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

 

 

 

Пәні:  Бейнелеу  өнері

Тақырыбы:  Анамның портретін саламын

Пән мұғалімі:  Шүйіншәлиев Бауыржан

 

 

 

 

 

                                               2013-2014 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бейнелеу пәнінен "Анамның портретін саламын" тақырыбында ашық сабақ (3 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сыныбы: 3 «А» Мерзімі: 6.03.2014ж Сабақтың тақырыбы: Анамның портретін саламын Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларға адамның түр келбетін салудағы әр түрлі өзгерістерін сала білуді түсіндіру, үйрету. 2) Дамытушылық: Адамның түр келбетіндегі түрлі өзгерістерін бейнелей білуге, бейнелеудің әдіс-әсілдерін үйретіп, білімдерін жетілдіруге назар аудару. 3) Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойларын, білімдерін қағаз бетіне сауатты салдыра отырып, оларды шыдамды, өзін-өзі ұстай білетін тұлға ретінде қалыптастыру. Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ (интерактивтік тақтаны пайдалану) Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы Сабақта қолданылатын әдіс: Баяндау, салыстыру, сұрақ-жауап. Сабақтың көрнекілігі: Сурет салу құралдары, акварель, гуашь, адам суреті Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа әзірлеу. ІІ. Ой сергіту. (жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу) Ал қане оқушылар, ой сергіту арқылы бүгінгі сабағымызға байланысты жұмбақтар шешіп жіберейік. Көк пен жердің арасын Айқын байқап бағалар. Табиғаттың ғажабын Кереметін айқындар. (Көз) Ти десең, тимейді, Тиме десең тиеді. (Ерін)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 008 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация по изобразительному искусству "Здание, как сочетание различных объемов.Понятие Модуль "(7 класс)
  • Учебник: «Изобразительное искусство (изд. «Просвещение»)», Питерских А.С, Гуров Г.Е./ Под ред. Неменского Б.М.
  • Тема: Здание как сочетание различных объёмов. Понятие модуля
  • 30.12.2020
  • 526
  • 25
«Изобразительное искусство (изд. «Просвещение»)», Питерских А.С, Гуров Г.Е./ Под ред. Неменского Б.М.
Презентация по изобразительному искусству "Архитектура.Объект и пространство"(7 класс)
  • Учебник: «Изобразительное искусство (изд. «Просвещение»)», Питерских А.С, Гуров Г.Е./ Под ред. Неменского Б.М.
  • Тема: От плоскостного изображения к объемному макету
  • 30.12.2020
  • 857
  • 41
«Изобразительное искусство (изд. «Просвещение»)», Питерских А.С, Гуров Г.Е./ Под ред. Неменского Б.М.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.08.2020 1153
    • DOCX 56.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рак Ольга Андреевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рак Ольга Андреевна
    Рак Ольга Андреевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 85191
    • Всего материалов: 227

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Изобразительное искусство как творческая составляющая развития обучающихся в системе образования в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 391 человек

Курс повышения квалификации

Формирование метапредметных компетенций учащихся на уроках ИЗО и искусства

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 548 человек

Курс повышения квалификации

Мифы народов мира в культуре XX-XXI вв. (предметная область «Искусство/МХК»)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 42 человека

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 417 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 48 человек