Инфоурок Другое КонспектыБекет Ата тәрбие сағаты

Бекет Ата тәрбие сағаты

Скачать материал

Мақсаты: оқушыларға Адай елінің ұранына айналған, табиғат сирек жарат-

                   қан жан, батыр, ұстаз, сәулетші-шебер, көреген абыз Бекет Ата  

                    Мырзағұлұлы туралы мәлімет беру, аңыздар мен деректер жинау

                    арқылы таным көкжиегін кеңейту;                         

Көрнекілігі: слайдтар, кітаптар, плакаттар

Барысы:

1-жүргізуші:

-Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Маңғыстауда –Пір Бекет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Атадан балаға, ұр-пақтан ұрпаққа жеткен әңгіме желісіне қарағанда, Бекет –сыртқы  жауларға қарсы ел тәуелсіздігі үшін жорыққа қатысып, қол бастаған, ақыл-кеңесімен дем берген батыр

2-жүргізуші:

-Қиындығы қат-қабат ғылым-білім жолын қуып, Маңғыстау, Атырау, Үстірт аймағында шәкірттерге дәріс берген ұстаз

1-жүргізуші:

-Ежелгі дәстүрмен медресе, мешітке қолайлы жер асты ғимараттарын қашап жасаған сәулетші-шебер

2-жүргізуші:

-Алдағыны болжап, айтқаны келген көреген абыз, тарыққан-қысылғанды же-беген, табиғат сирек жаратқан жан.

1-жүргізуші:

-Бекет Атаның осы қасиеттері өзі өмір сүрген заманда ерекше танылған. Сон-дықтан оны халқы қадірлеп, әулие тұтқан. Адай елі өзінің ұранына айналдыр-ған. Перзентіне деген ықылас-сүйіспеншілігін ел-жұрты аңыз етіп айтқан. Есенғали Раушанов «Сөзім бар еді, Ата»

1-оқушы: 

Өзің білесің,

Дұғамнан тастамадым есіміңді.

Ашпасаң ашпа, баба, есігіңді,

Кім білсін, мүсіркеуден шаршадың ба,

О бастан жолы ауырлау кесір ұлды.

Сен түгіл мен өзім де шаршап, біттім,

Өйткені сендім, ата, аңсап, күттім,

Күткенің, аңсағаның не десеңіз,

Оты екен жалғандық пен жаңсақтықтың.

 2-оқушы: 

Мінеки, тауың жатыр шөккен нардай,

Алқынып шөккен нарға жеткен қандай,

Жоқ менде айтар арыз, тілер тілеу,

Басыңа кеп тұрсам да көптен қалмай.

Бір күні, қуса-дағы қырсық қанша,

Мен-дағы көгерермін бүршік талша,

Ал бүгін жарым түнде жалғыз барып

Отырам босағаңда күн шыққанша.

Күн шыққан соң кетемін.

3-оқушы: Бекет Ата Мырзағұлұлы 1750 жылқы жылы Жем бойындағы Ақ-мешітте орта шаруаның отбасында өмірге келіпті. Әкесі әруақты Адай Ата-ның алтыншы ұрпағы саналатын Мырзағұл еңбекқорлығымен елінің сыйына бөленген, ал анасы Жәния шешеміз ақылдылығымен ауыл-аймағының ара-сында қадірі асқан жандар болыпты. Атасы Жаналы да әділдігімен аты шық-қан, азғана адайға ғана емес, қоныстас кіші жүз руларына танымал, беделді ақсақал болған көрінеді.

4-оқушы:  Бекет Ата –Мырзағұл ақсақалдың төрт ұлының кенжесі. Оның шығу тегі былайша айтылады: Адай –Келімберді –Мұңал –Жаулы –Қосқұлақ –Жаналы –Мырзағұл –Бекет. Жаналы атамыз да, Мырзағұл ата да әулие кісі-лер болған, жалпы Қосқұлақ әулеті зайырлы тұқым деп есептеледі. Бекет Атаның батырлығы кәрі нағашысы тама Есет батырдан, көріпкелдігі мен әулиелігі өз нағашысы Назарқожадан дарыған екен.

Оқушылар өздері білетін  Бекет Ата жайлы аңыздарды айтады.

5-оқушы:  Ұлы ұстаз Бақиржан Қожа өзінің сүйікті шәкірті болған біздің Пір Атамызды ізгіліктілігі мен бірсөзділігі үшін Ахмад деп те атаған. «Ахмад» -араб сөзі, қазақша «ең мақтаулы» деген мағына береді.

1-жүргізуші:

-Шерғазы хан медресесін тамамдаған Бекет Ата 21 жасында туған жеріне оралып,  Жем бойындағы Ақмешітті тұрғызып, бала оқытқан. Ал 24 жасында Бейнеуде жерасты мешітін салады.

2-жүргізуші:

-Бекет Атаның біз білетін 4 мешіті бар. Бірі –өзі жатқан Оғыландыда, екінші-сі –Ақмешітте, онда атасы Жаналы, әкесі Мырзағұл мен анасы Жәния, бала-сы Тоғай жерленген, үшіншісі –Бейнеуде, бұл жерден топырақ ағасы Меңді-құл мен шөбересі, түбекке танымал әулие Самалыққа бұйырыпты, төртіншісі –Маңғыстаудың ойындағы Тобықтыда.

1-жүргізуші: Фариза Оңғарсынова «Оғыланды»

6-оқушы:    

Адасып келем, дала асып келем елсізде

Түн менен ойға қамалып,

Жусан иісінен нәр алып.

Жұлдыздар көктен қарайды самсап қадалып.

Алдымда тұтас көкжиек құшып тау жатыр,

Ықтын болардай жолаушы жетсе жаны арып.

Ойымша –сонда маған да пана болатын жылы бір ұя бары анық.

 7-оқушы:   

Құлама құзы –тайғанақ,

Тәубаға келдім –қарап ем

Қатерін төгіп тұрғандай маған бар әлем.

Қастерлі тауда қасиет бардай жарылқар

Шықпай жүргенді жаны әрең.

Келесің мұнда сырласу үшін сақтанбай

Өзіңмен, армен, даламен.

8-оқушы: 

Түн құшып жатыр бұл маң да...

Жарқ етер екен таң қашан?

Сенімсіз түнде үмітімді немен жалғасам?

Ал, менің әлі сапарым қанша алдымда,

күш құяр жанға жолымда сәуле –бар ма шам?

Әлі де біраз жолым болмайтын секілді-ау,

Оғыланды тауда бір түнеп қуат алмасам.

 2-жүргізуші:

-Бекет Ата 40 жасында ұстазы Бақиржаннан бата алған. Бұл 1789-90 жылдар шамасы болса керек. Төрткүл дүние таныған сопылық жолдың үлкен бір тар-мағының 23 жыл рухани басшысы –Пірі болған Бекет Ата 1813 жылы 63 жа-сында өмірден өтіп, Оғыландыдағы өзі қаздырған мешітінің ішіне жерленеді. Кейінгі ел-жұртына: «Аруағым риза болсын десеңіздер, құтханаларыма жау тұяғын жолатпаңдар», -деп өсиет айтыпты.

 1-жүргізуші:

-«Шаршасаң –көлік, шөлдесең –сусын, қорықсаң –қару, тоңсаң –пана бола-ды», -деп ұлы ұстазы Бақиржан Қожа сыйлаған көк асасын өз бауырынан өр-біген ұрпағына мұраға қалдырыпты.  Ал көшкен кезде он бір нарға жүк бола-тын кітаптары мен қолжазбалары біраз жылға дейін мешіттерінде сақталып-ты.     Рахмет Аяпбергенұлы «Бекет Ата» поэмасынан үзінді

9-оқушы:

Ашылмаған құпия көп тірлікте,

Әрбір адам зерттелмеген бір нүкте.

«Бекет!», «Бекет!» дейді әркім әр жерде,

Бірақ біздер оны терең білдік пе?!

Бәрін құрттық одан қалған мұраның,

Басқа болып кетті айтар жыр-әнім.

Қазақтар-ай, ұмыттық қой әруақты,

Жауға шапсаң Бекет те бір ұраның!

Билік болса кілең мықты іріміз,

Сөз бермейміз бірімізге біріміз.

Қорыққанда, торыққанда жебейтін,

Естен шығып кетті көптен піріміз!

10-оқушы:

Тасын теуіп сықылықтар дәу жиен,

Мен басымды ауырмай-ақ сауда ием!

Ағайындар осы Бекет емес пе?

Сырқаттансаң түнейтұғын әулиең!

Көп адамның сөзі ол біздің жерде өскен,

Ал, сенбесең елді аралап көр, дос, сен.

Қарсыласын жеңу үшін алаңда,

Палуандарда «Иә, Бекет!» деп белдескен.

Сан ұл-қызды көрдік талай жиыннан,

Сөз нөсері атыңды айтса құйылған.

Көл-дария шабыт сұрап сондықтан,

Ақындар да «Иә, Бекет!» деп сиынған.

11-оқушы:

Аңыз-шындық сен жайлы далаң толған,

Қорғап жүрер жақсыңды жаман жолдан.

Тау құзынан құлаған құрдасың да,

«Иә, Бекет!» деп сиынып аман қалған.

Қандай мәңгүрт еске алмайтын атасын?

Ұмытты ма ел абызының батасын?!

Білесің бе, бауырлар-ай, неліктен,

Сүрінсең де «Иә, Бекет!» деп жатасың?!

Сенер оған көп кезген жан даланы,

Қалың қарда бұл жай жиі болады.

«Иә, Бекет!» деп көрші сол сәт сиынып,

Киігі оның сені жолға салады.

 1-жүргізуші:

-Ата көзі тірісінде талай жерге құдық қаздырып, мешіттер, сағаналар салдыр-ғаны анық. Сол ескерткіштердің ең үлкенін қайда салдырды?

 2-жүргізуші:

-Меніңше, Ата ең үлкен ескерткішін ұрпақтарының жүрегіне орнатты! Атаны іздесек, жүректерден ізделік!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

    

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бекет Ата тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: оқушыларға Адай елінің ұранына айналған, табиғат сирек жарат- қан жан, батыр, ұстаз, сәулетші-шебер, көреген абыз Бекет Ата Мырзағұлұлы туралы мәлімет беру, аңыздар мен деректер жинау арқылы таным көкжиегін кеңейту; Көрнекілігі: слайдтар, кітаптар, плакаттар Барысы: 1-жүргізуші: -Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Маңғыстауда –Пір Бекет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Атадан балаға, ұр-пақтан ұрпаққа жеткен әңгіме желісіне қарағанда, Бекет –сыртқы жауларға қарсы ел тәуелсіздігі үшін жорыққа қатысып, қол бастаған, ақыл-кеңесімен дем берген батыр 2-жүргізуші: -Қиындығы қат-қабат ғылым-білім жолын қуып, Маңғыстау, Атырау, Үстірт аймағында шәкірттерге дәріс берген ұстаз 1-жүргізуші: -Ежелгі дәстүрмен медресе, мешітке қолайлы жер асты ғимараттарын қашап жасаған сәулетші-шебер 2-жүргізуші: -Алдағыны болжап, айтқаны келген көреген абыз, тарыққан-қысылғанды же-беген, табиғат сирек жаратқан жан. 1-жүргізуші: -Бекет Атаның осы қасиеттері өзі өмір сүрген заманда ерекше танылған. Сон-дықтан оны халқы қадірлеп, әулие тұтқан. Адай елі өзінің ұранына айналдыр-ған. Перзентіне деген ықылас-сүйіспеншілігін ел-жұрты аңыз етіп айтқан. Есенғали Раушанов «Сөзім бар еді, Ата» 1-оқушы: Өзің білесің, Дұғамнан тастамадым есіміңді. Ашпасаң ашпа, баба, есігіңді, Кім білсін, мүсіркеуден шаршадың ба, О бастан жолы ауырлау кесір ұлды. Сен түгіл мен өзім де шаршап, біттім, Өйткені сендім, ата, аңсап, күттім, Күткенің, аңсағаның не десеңіз, Оты екен жалғандық пен жаңсақтықтың. 2-оқушы: Мінеки, тауың жатыр шөккен нардай, Алқынып шөккен нарға жеткен қандай, Жоқ менде айтар арыз, тілер тілеу, Басыңа кеп тұрсам да көптен қалмай. Бір күні, қуса-дағы қырсық қанша, Мен-дағы көгерермін бүршік талша, Ал бүгін жарым түнде жалғыз барып Отырам босағаңда күн шыққанша. Күн шыққан соң кетемін. 3-оқушы: Бекет Ата Мырзағұлұлы 1750 жылқы жылы Жем бойындағы Ақ-мешітте орта шаруаның отбасында өмірге келіпті. Әкесі әруақты Адай Ата-ның алтыншы ұрпағы саналатын Мырзағұл еңбекқорлығымен елінің сыйына бөленген, ал анасы Жәния шешеміз ақылдылығымен ауыл-аймағының ара-сында қадірі асқан жандар болыпты. Атасы Жаналы да әділдігімен аты шық-қан, азғана адайға ғана емес, қоныстас кіші жүз руларына танымал, беделді ақсақал болған көрінеді. 4-оқушы: Бекет Ата –Мырзағұл ақсақалдың төрт ұлының кенжесі. Оның шығу тегі былайша айтылады: Адай –Келімберді –Мұңал –Жаулы –Қосқұлақ –Жаналы –Мырзағұл –Бекет. Жаналы атамыз да, Мырзағұл ата да әулие кісі-лер болған, жалпы Қосқұлақ әулеті зайырлы тұқым деп есептеледі. Бекет Атаның батырлығы кәрі нағашысы тама Есет батырдан, көріпкелдігі мен әулиелігі өз нағашысы Назарқожадан дарыған екен. Оқушылар өздері білетін Бекет Ата жайлы аңыздарды айтады. 5-оқушы: Ұлы ұстаз Бақиржан Қожа өзінің сүйікті шәкірті болған біздің Пір Атамызды ізгіліктілігі мен бірсөзділігі үшін Ахмад деп те атаған. «Ахмад» -араб сөзі, қазақша «ең мақтаулы» деген мағына береді. 1-жүргізуші: -Шерғазы хан медресесін тамамдаған Бекет Ата 21 жасында туған жеріне оралып, Жем бойындағы Ақмешітті тұрғызып, бала оқытқан. Ал 24 жасында Бейнеуде жерасты мешітін салады. 2-жүргізуші: -Бекет Атаның біз білетін 4 мешіті бар. Бірі –өзі жатқан Оғыландыда, екінші-сі –Ақмешітте, онда атасы Жаналы, әкесі Мырзағұл мен анасы Жәния, бала-сы Тоғай жерленген, үшіншісі –Бейнеуде, бұл жерден топырақ ағасы Меңді-құл мен шөбересі, түбекке танымал әулие Самалыққа бұйырыпты, төртіншісі –Маңғыстаудың ойындағы Тобықтыда. 1-жүргізуші: Фариза Оңғарсынова «Оғыланды» 6-оқушы: Адасып келем, дала асып келем елсізде Түн менен ойға қамалып, Жусан иісінен нәр алып. Жұлдыздар көктен қарайды самсап қадалып. Алдымда тұтас көкжиек құшып тау жатыр, Ықтын болардай жолаушы жетсе жаны арып. Ойымша –сонда маған да пана болатын жылы бір ұя бары анық. 7-оқушы: Құлама құзы –тайғанақ, Тәубаға келдім –қарап ем Қатерін төгіп тұрғандай маған бар әлем. Қастерлі тауда қасиет бардай жарылқар Шықпай жүргенді жаны әрең. Келесің мұнда сырласу үшін сақтанбай Өзіңмен, армен, даламен. 8-оқушы: Түн құшып жатыр бұл маң да... Жарқ етер екен таң қашан? Сенімсіз түнде үмітімді немен жалғасам? Ал, менің әлі сапарым қанша алдымда, күш құяр жанға жолымда сәуле –бар ма шам? Әлі де біраз жолым болмайтын секілді-ау, Оғыланды тауда бір түнеп қуат алмасам. 2-жүргізуші: -Бекет Ата 40 жасында ұстазы Бақиржаннан бата алған. Бұл 1789-90 жылдар шамасы болса керек. Төрткүл дүние таныған сопылық жолдың үлкен бір тар-мағының 23 жыл рухани басшысы –Пірі болған Бекет Ата 1813 жылы 63 жа-сында өмірден өтіп, Оғыландыдағы өзі қаздырған мешітінің ішіне жерленеді. Кейінгі ел-жұртына: «Аруағым риза болсын десеңіздер, құтханаларыма жау тұяғын жолатпаңдар», -деп өсиет айтыпты. 1-жүргізуші: -«Шаршасаң –көлік, шөлдесең –сусын, қорықсаң –қару, тоңсаң –пана бола-ды», -деп ұлы ұстазы Бақиржан Қожа сыйлаған көк асасын өз бауырынан өр-біген ұрпағына мұраға қалдырыпты. Ал көшкен кезде он бір нарға жүк бола-тын кітаптары мен қолжазбалары біраз жылға дейін мешіттерінде сақталып-ты. Рахмет Аяпбергенұлы «Бекет Ата» поэмасынан үзінді 9-оқушы: Ашылмаған құпия көп тірлікте, Әрбір адам зерттелмеген бір нүкте. «Бекет!», «Бекет!» дейді әркім әр жерде, Бірақ біздер оны терең білдік пе?! Бәрін құрттық одан қалған мұраның, Басқа болып кетті айтар жыр-әнім. Қазақтар-ай, ұмыттық қой әруақты, Жауға шапсаң Бекет те бір ұраның! Билік болса кілең мықты іріміз, Сөз бермейміз бірімізге біріміз. Қорыққанда, торыққанда жебейтін, Естен шығып кетті көптен піріміз! 10-оқушы: Тасын теуіп сықылықтар дәу жиен, Мен басымды ауырмай-ақ сауда ием! Ағайындар осы Бекет емес пе? Сырқаттансаң түнейтұғын әулиең! Көп адамның сөзі ол біздің жерде өскен, Ал, сенбесең елді аралап көр, дос, сен. Қарсыласын жеңу үшін алаңда, Палуандарда «Иә, Бекет!» деп белдескен. Сан ұл-қызды көрдік талай жиыннан, Сөз нөсері атыңды айтса құйылған. Көл-дария шабыт сұрап сондықтан, Ақындар да «Иә, Бекет!» деп сиынған. 11-оқушы: Аңыз-шындық сен жайлы далаң толған, Қорғап жүрер жақсыңды жаман жолдан. Тау құзынан құлаған құрдасың да, «Иә, Бекет!» деп сиынып аман қалған. Қандай мәңгүрт еске алмайтын атасын? Ұмытты ма ел абызының батасын?! Білесің бе, бауырлар-ай, неліктен, Сүрінсең де «Иә, Бекет!» деп жатасың?! Сенер оған көп кезген жан даланы, Қалың қарда бұл жай жиі болады. «Иә, Бекет!» деп көрші сол сәт сиынып, Киігі оның сені жолға салады. 1-жүргізуші: -Ата көзі тірісінде талай жерге құдық қаздырып, мешіттер, сағаналар салдыр-ғаны анық. Сол ескерткіштердің ең үлкенін қайда салдырды? 2-жүргізуші: -Меніңше, Ата ең үлкен ескерткішін ұрпақтарының жүрегіне орнатты! Атаны іздесек, жүректерден ізделік!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 283 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.09.2020 571
    • DOCX 18.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Порсева Светлана Геннадьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Порсева Светлана Геннадьевна
    Порсева Светлана Геннадьевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 73115
    • Всего материалов: 225

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе