Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы«Бағына елдің туған ер.....» 10 сынып

«Бағына елдің туған ер.....» 10 сынып

Скачать материал

Ақмола облысы

Шортанды ауданы

Новоселовка орта мектебі

 

 

 

Пікір алысу сабағы

 

 

 

тақырыбы: «Бағына елдің туған ер.....»

 

 

                                                        Өткізген: тарих пәнінің мұғалімі 

                                                                                               А.А.Абдиев  

 

 

 

 

 

2013 жыл

«Бағына елдің туған ер...»атты пікір алысу сабағымыздың

 

Мақсаты:

 

      Білімдік:Қазақ елінің тәуелсіздігі,бірлігі,тұтастығы,теңдігі,байлығы,ар-намысы,бостандығы үшін күрескен мемлекет қайраткерлері Абылай хан мен Қазақсатан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевті мақтан тұту сезімін қалыптастырып,тарихи тұлғалар ретінде өз заманының қолбасшысы ұстанымдарының ұқсастығы,сәйкестігін оқушыларға ашып көрсету.   

     Дамытушылық: Оқушылардың әңгімелеу дағдарысын жетілдіре отырып,өз бетінше жұмыс жасауға баулу,Абылай хан мен Президент Н.Ә.Назарбаевтің өз Отанына,халқына деген сүйіспеншілігін көрсету. 

      Тәрбиелік: Абылай хан мен елбасы Н.Ә.Назарьаевтің атқарған ұлағатты істерін талдай отырып,оқушылардың туған халқына,ұлы тұлғаларға,тарихта алтын әріптермен жазылып қалған тарихи құндылықтарға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

 

                                             

                                          Кіріспе сөз.   

   «Қазақ халқының тарихи тұлғалары»атты факультативтік сабақтарының барысында біз еліміздің ірі қоғам қайраткерлері,қолбасшылары,хандары мен батырларының өмірі және өз елі үшін жасаған ерліктерімен танысып өттік.

    ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы көрнекті мемлекет қайраткерлері,қолбасшы және екі ірі тұлғалар Абылай хан мен Президентіміз Н.Ә.Назарбаев жөнінде сендерге мағлұмат жинақтау тапсырмасы берілген еді.

    Міне,осы күнгі пікір алысу сабағымызда екі ірі тарихи тұлғалар ретінде өз заманының қолбасшысы ұстанымдарының ұқсастығы,сәйкестігі туралы пікір алысамыз.

    Өздерің жинаған мағлұматтарың бойынша екі тұлғаның өмір баяны саяси қайраткер ретінде негізгі мақсаттары,қолбасшы болып сайлануы,мемлекетті нығайтуды жаңа қандай өзгерістер енгізгені жөнінде ортаға саламыз.

                                  

 

                                         Сабақтың барысы.

 

    Кәне,оқушылар осы екі тұлғаның өмірбаянына тоқталсақ.Кім Абылайдың өмірін,туған жерін айтып өтеді?

 

1-оқушы. Абылайдың шын аты-Әбілмәнсүр.Ол деректерде 1711-жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,Арыс жағасында арғы тегі Жошы ханнан тарайтын белгілі тұлғалардың шаңырағында дүниеге келді.Көптеген қанды жорықтары үшін қанішер атанған атасы Абылай даңқты әскербасы болған.Осы Абылайдан көркем Уәли туады.Көрікті,келбетті болғандықтан жұрт оны көркем Уәли деп атап кеткен. Ол әйгілі заңгер,әрі қоғам қайраткері Есім ханның ұрпағы.

     11 жасында Әбілмәнсүр  әкесінен айырылып ел кезіп,қаңғырып жүріп кейде ашық далаға,кейде қаңыраған қапас қоралар мен ескі зираттарға түнейді.Осындай дала соқпақтары қажымайтын,мұқалмайтын жауынгерлік рухын шынықтырып,оны табанды қайраткер,әрі данышпан ретінде тәрбиелейді.

     Абылайдың өмірі мен ерлігін жырлағагн Бұқар жырау оның жас кезінегі ауыр өмірін төмендегі шумақтармен білдірген:

Әй,Абылай,Абылай!

Сені мен алғаш көргенде

Тұрымтайдай ұл едің....

Үйсін Төле бидің

Түйесін баққан құл едің

Абылай атың жоқ еді,

«Сабалақ» атпен жүр елің....

   Абылай 20 жасында қан майданында ерлігімен танылған.1730-33ж.ж.аралығында болған бір шайқаста бұрын белгісіз жігіт Әбілмәнсүр жекпе-жекке шығып Қалмақтың бас батыры қоңтайшы Қалдан Сереннің жақын туысы Шарышты өлтіреді.Үлкен әкесінің аруағын шақырып,жауға «Абылайлап»шапқан Әбілмәнсүр жеңісті ұрыстан соң,Орта жүздің сұлтаны болып танылды.Бұдан соңғы жерде Әбілмәнсүр есімі ұмытылып,Абылай атанады.

 

     Кәне,оқушылар,ХХІ ғасыр көшбасшысы,тәуелсіз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің өмір баянына тоқталсақ,қай өңірде дүниеге келген?

 

        2-оқушы. ХХ ғ. 40 жылы,шілденің 6 күні жер жәннаты Жетісуда бір бала іңгәлап өмірге келді.Алматы облысы,Қаскелең ауданы Шамалған ауылындағы Әбіш пен Әлжанның шаңырағында дүниеге келген бұл сәбидің елбасы болатынын,ол кезде,әрине,бір Алладан басқа ешкім білген жоқ.

        Атасы Назарбай мен әжесі Тетебаланың,әкесі мен шешесінің алты жыл зарыға күтіп, Құдайдан сұрап алған перзенттері-осы күнгі тәуелсіз еліміздің басшысы,Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді.Қазақ отбасында боламын деген баланың бетінен қақпай,мейлінше қолдап,қорғап,аялап өсіретіні белгілі.Шыр етіп дүниеге келгенде маңдайға жазылады делінетін пешененің не дейтіні жаратушыға ғана аян,ал қалғаны,яғни баланы ұлы ету де,құл ету де әке-шешенің тәрбиесінен.Бұл жағынан алғанда,тағдыр кішкентай Нұрсұлтанға таршылық етпепті.

        «Балапан басына,тұрымтай тұсына»кеткен уақытта сонша уақыт Ұлы державаның қол астында болып,енді қайда барарын білмей қалған елді тығырықтан шығарып,бүгінгі күні «елу елдің қатарына қосуға» талпынған Елбасының тірлігі сонау сәби шақтағы өзіне көрсетілген сезім мен ата-аналық махаббатың жемісі емес пе?

       1958-60 жылдары Днепроджержинск техникалық училищесін,1976 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғарғы техникалық оқу орнын бітірген.Н.Ә.Назарбаев еңбек жолын 1960 ж.Теміртау қаласындағы «Казметаллургқұрылыс»тресінде жұмысшы болып бастады.Қазақстан халқы өзінің ғасырлар бойғы тарихында әлденеше рет өз тағдырын таңдауына тура келді.Ең негізгі таңдау осыдан 16жыл бұрын жаңа ғасырдың қарсаңында жасалды.Бұл еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі еді.Бұл тарихи құбылыс,бетбұрыс Республикамыздың тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтің атымен тікелей байланысты.

       Біздің президентіміз – қазіргші саясаткерлердің ішіндегі өз елінде ғана емес,бүкіл әлем танып,үлкен беделге еге болған әйгілі тұлға.   

 

 

Абылай ханның-саяси қайраткер ретінде негізгі мақсаты қандай болды?

 

3-оқушы.

    Жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене ат салысқан Абылай қазақтарды Жоңғар шабуылдарынан құтқарып,елдің тыныштығын,бірлігін қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қойған.Екі кірі мемлекет – Цин және Ресей империялары арасындақыспақта тұрған елдің жағдайын,тап қазір ең ірі қауіп – Жоңғар шапқыншылығы екендігін түсіне білген Абылай және басқа да ірі феодалдар ел мүддесі үшін Ресейге арқа сүйеуге де тырысты.

    1740 ж. Тамыз айында Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай Орскіге келіп,Ресей империясының билігін мойындады.Жоңғарлармен болған қырғын соғысқа қатысқан Абылай уақытша Орынбор әкімшілігінен қол үзді.Оған 1741 ж. қақтығыстардың  бірінде Абылайдың Жоңғар тұтқынына түсіп қалуы себепші болды.1742 ж. тамыз айында тұтқыннан босаған Абылай Жоңғар феодалдарымен күресті одан әрі өрістетті.ӨЗінің серіктері Қаракерей Қабанбай,Шапырашты Наурызбай,Қанжығалы Бөгенбай,Тарақты Байғазы,Малайсары,Баян,басқа да халық батырларының күшін бір арнаға жұмылдыра білген Абылайдың күресі,басқа да халықаралық оқиғалармен қатар Жоңғария Мемлекетін әлсіретуге әсер етті.

    Абылайдың мақсаты – Жоңғар шапқыншылығы кезінде олар уақытша басып алған шекаралық өңірдегі қазақтардың тарихи иелігін қайтарып алу еді.

   

Н.Ә.Назарбаев – саяси қайраткер ретінде негізгі мақсаты қандай болды?

                                    

4-оқушы.  Хандардың барлығы Қазақ ордасының хан тағына отырып елім,жерім,болашақ ұрпағым деп тәуелсіздік жолында өздерінің жандарын құрбан етті.Қазақ халқы ХІХ ғ. 60жылдарынан бастап орыс патшалығының қол астында өмір сүрді.Бостандық пен тәуелсіздік идеяларын жалғастыру барысында қазақтың көптеген зиялы азаматтары Кеңеңс патшалығына қарсы 1916 ж.ұлт азаттық көтерілісте,одан кейін 1986 жылы тәуелсіздік қозғалысында да қазақ жастарының отан сүйгіштік қасиеті мен патриоттық сезімінің арқасында еліміз 1991 ж. тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемендік алғанымызға 20 жылға толуда.Осы уақыттың ішінде істеген істер мен жетістіктер аз емес.Қасиетті қазақ жерінің асты да,үсті де байлыққа толы.Батыс Қазақстанда орналасқан Каспий теңізінің маңында еліміздің мұнай өндіру кәсіпорындары жақсы шоғырландырылған.Осы мұнай мен газ өңдеудің арқасында еліміздің экономикасы қарқынды дамып келеді.           Сонымен қоса,Қазақстанның барлық аймағындағы отандық кәсіпорындар да жанданып дамып жатыр.Ауыл шарушылық мәселелері де қолға алынып,оң шешім табуда.

      Жиырма жылдан бері Қазақстан Республикасына адал еңбегімен,бай-қуаттылығымен,ақылдылығымен,көрегендік саясатымен елді басқарып,отанымыздың көк байрағын,халқымыздың ұлттық рухын жоғарылатып отырған,қазіргі таңда қазақ халқын бүкіл әлемге таныта алған-1940 ж. 6-шілдеде дүниеге келген Елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевті өткен замандағы хандармен таразылай отырып,мақтан тұтуға болады.

 

Абылай кезіндегі Қазақ хандығы.

 

 

5-оқушы.  Кәне,оқушылар Абылай өз кезінде мемлекетті қалай нығайтты,қалай тәуелсіздігін сақтады,қалай үш жүздің басын біріктіре алды?Қандай мысалдар келтіре аласыңдар?

      ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ халқы сырттан төнген экспанцияға қарсы үздіксіз күрес жүргізді.Қазақ қоғамы ХҮІІІ ғ.Жоңғар хандығымен,оның артын ала Цин империясымен,Орталық Азия халықтарымен өз еркіндігі үшін тынымсыз күрес жүргізіп ең соңында Ресей империясымен бетпе-бет келді

      Географиялық жағынан екі ірі мемлекеттің қыспағында болған қазақ хандығының билеушісі Абылайдың басты мақсаты – мемлекет  дербестігін,тәуелсіздігін қалайда сақтап қалу еді.

      Абылай сонымен қатар Орта Азия елдерімен байланысын дамытуғада көңіл бөлді.ХҮІІІ ғ. 70 жылдарының басында Абылай бірқатар соғыстарда Ходжент әміршісіне,Тәшкент бегіне соққы берді.Қазақтар жоңғарлармен соғысып жүргенде өзбек бектеріне ауып кеткен Түркістан,Сайрам,Шымкент,Созақ және басқа бірнеше қалаларды Абылай күшпен қайтарып алып,қазақтардың билігіне қаратты.Олар Алым салығын төлеп тұруға міндеттелді.Қазақстанның халықаралық жағдайы жақсара бастады.

 

Біз өз тарихымызды өзгелер тұрмақ өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан халықпыз.Зерттемесек,жазбасақ,жарияламасақ кім не деп таниды? Қалай мойындайды?

 

6-оқушы. Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ.Біз бірде-бір соғыс өртін бастаған емеспіз.Біз бірде-бір елдің жерін жаулап,даламызға қосып алған емеспіз.Қайта осы мәселеде қаны қалып кеткен тұстарымыз бар.Қалыптасқан шекараларды қайта қарауға қарсымыз.

       Бұл – тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп: «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлансын деген сөз.Бұл әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы.өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз.

   

  Жер байлығы,ел байлығы,ер байлығы деген ұғымдар бар.Жер байлығы – қазақтың жерінің асты да қазына,үсті де қазына,тек игере білу керек.Ел байлығы қазірдің өзінде сол игіліктің басы көріне бастады.Әлі-ақ дәулетті де,сәулетті елге айналамыз.Ер байлығының өлшеуші – елдің өзінің ел сезінуі,өзгелермен тең сезінуі,өзінің ұлтын ер сезінуі,қайраттанып,намыстанып,жігерленіп өмір сүруі,әлемдік тарих көшінің алғы шебіне ұмтылуы.

    1997 жылдың соңында Президент Н.Ә.Назарбаев 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын анықтап,онымен халықты таныстырды.Президент бұл стратегиясында болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалады. «Қазақстан – 2030» стратегиясында қоғамның ұзақ мерзімді басым мақсаттары – жеті бағыты бөле көрсетілді.

    Ақын Күләш Ахметованың «Қазағым менің» өлеңін оқып бергелі отырмын.

 

Бір жерде тұрлау таппаған,                            Толқимын-дағы тоқталам,         

Қосылмай малы қаптаған,                              Тоқталмай кімдер өтті аман?

Бөлініп қонған қазақты                                   Ардағын қимай қазақтар    

Кімдер де кімдер шаппаған?!                         Қай жерге күмбез соқпаған?!    

 

Бағынып бірақ қалмаған,                                Жауына қатты қасарған,

Тәуелсіз қайран жан далам!                            Қасарған сайын жасарған,

Жер барма жалпақ төсінде                              Найзамен нағыз қазақтың

Қасірет жасы тамбаған?!                                 Намысын кімдер баса алған?!

 

Абылайдың хан болып сайлануы,Қазақ хандығын билеуде жаңа қандай өзгерістер енгізілді?

 

7-оқушы. 1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салды.Қазақ хандығында қалыптасқан дәстүр бойынша өлген билеушінің ұлы Әбілпайызды емес,халық арасында зор беделге ие Абылайды ақ киізге көтеріп хан сайлады. Белгілі саяси қайраткерді үш жүздің өкілдері Орта жүздің ханы ғана емес,барлық қазақтың билеушісі деп тануы оның Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі,халықтың басын біріктірудегі рөлін, Ресей және Қытай мемлекеттерімен дұрыс дипломатиялық  қатынас орнатып,іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қалғандығын мойындауы еді.

      Абылай хан Қазақ хандығын билеуде бірқатар жаңа өзгерістерді заңдастырды.

«Есім ханның ескі жолында», «Қасым ханның қасқа жолында»,атақты даналар Қазыбек және Төле билердің қатысуымен қабылданған Тәуке ханның               «Жеті жарғы» заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай мойындамады.Ірі ұлыстарды билеуге хан өзіне жақын сұлтандарды дайындады.Сот істерін шариғат ережелеріне сай жүргізетін билер қызметіне Абылай шек қойды.

      Оның төңірегіне атақты жыраулар мен күйшілер,шешендер,қазақ даласына белгілі суырып салма ақындар топтасты.Ханның кеңесшісі,әрі Қазақ хандығы дербестігінің жаршылары Тәтіқара,Үмбетай,Бұхар жыраулар халық поэзиясы тарихындағы ең ірі тұлғалар.Өзінің қамқоршысы Абылайдың хандық билігін қорытындылай келе Бұхар жырау төмендегіше жырлайды:

                             Хан Абылай атандың

                             Дүниеден шықпай мініңіз.

                             Алтын тақтың үстінде

                             Үш жүздің басын құрадың,

                             Жетім менен жесірге

                             Ешбір жаман қылмадың,

                             Әділдікпен жүрдіңіз,

                             Әдепті іске кірдіңіз..... 

 

 

Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануы,қазақ мемлекетін басқаруда жаңа қандай өзгерістер енгізілді?

 

8-оқушы.    «Бір бала әкеге жете туады»

                      «Бір бала әкеден өте туады».

      Н.Ә.Назарбаев – әкеден өте туған адам.Тәуелсіз еліміздің алғашқы Президенті,

көрнекті мемлекет қайраткері,қазақ елінің бірлігі және бейбітшілік пен татулық жолындағы жалынды күрескер.Біздің Президентіміз – қазіргі саясаткерлер ішіндегі өз елінде ғана емес,бүкіл әлем танып,үлкен беделге ие болған әйгілі тұлға.

     Президент болып сайланғаннан кейін оның алдында күрделі міндеттер тұрды.Қазақстан экономикасының бір жақты шикізаттық-өндірушілік бағыты,соның әсерінен өзгелерге тәуелділігі,өнеркәсіпті қалалардағы  экономиканың негізгі тұтқаларына ие болып отырған топтардың қысымы,нарық қатынастары тудырып  отырған қиындық т.б.Президент ұлтаралық араздықтың алдын алуға бар күш-жігерін жұмсады.

     1991 жыл 16 желтоқсанда еліміз тәуелсіздікті алғаннан кейін Конституциялық заңы,мемлекеттік туы,әнұраны,елтаңбасы мен Ұлттық валютасы Елбасымыздың қолдауымен үкімет қаулысы боцынша бекітілді.

   Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын,ұлттық салт-санасын,қаһармандығы мен даналығын,болашаққа үмітін,арман тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

   Елбасымыз жетелеген қазақ халқын Еуразия материгі былай тұрсын,мұхиттың арғы бетінде орналасқан мемлекеттер де таниды.Елбасымыз елдің экономикасын нығайтып,мәдениетін дамытып,әлеуметтік жағдайға және ғылым мен білімс саласына да көп көңіл бөліп көптеген қызметтер атқаруда.

 

Кәне,оқушылар ХХІ ғасырдың азаматы қандай болуға тиіс?

 

9-оқушы.ХХІ ғ.азаматы – білімді,яғни жоғары санатты,техниканы толық меңгерген,білікті,жан-жақты маман болумен қатар,салауатты өмір салтын сақтайтын жоғары парасатты болуы тиіс.

      Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағытында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы,білімі мен әл-ауқаты» тұжырымдамасымен танысып,мұнда денсаулықтың ең негізгі екенін,оқушыларды ізденімпаздыққа,ойлау қабілетін дамыту және есте сақтау қабілетін арттыру,ізгілікке,имандылыққа,адамгершілікке,қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуға,білімді болуға,салауаттыөмір сүруге тәрбиеленуіміз қажет екен.

    Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады:оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,құқықтар мен бостандықтары.

     Қазақстан жастарына ТМД-да,шет мемлекеттерде жоғарғы оқу орнында білім алу мүмкіндігі берілген.Президент сенімін ақтауымыз керек.

    Мен сіздерге «Мақтанышы халқымның»деген өлеңімді оқып бергелі отырмын.

 

Арманын орындадың бабалардың,                Сіз-әке барша қазақ,бәрімізге,

Көтердің көкшіл туын даналардың                Жас сәби,үлкен-кіші,кәрімізге,

Қазақтың асқақтаттың өр рухын,                   Сіз-басшы,халқың-қосшы бола бергей,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.                    Жарасып келе жатыр,әніміз де,сәніміз де.

 

Ұл едің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған,

Танытып әрбір елге қазақ атын,

Жастарға жалын бердің білім қуған.

 

 

Қорытындылай келе,Абылай ханның дүние салуы,қазақ халқы үшін сіңірген еңбегін,қазақ мемлекетін нығайтқан соңғы хан жөнінде пікірлеріңді айтыңдар.

 

10-оқушы. Қазақ тарихында орны бұрын сыздана,жақтырмай ауызға алып келгендердің бірі ұлы Абылай хан болды.ХХ ғасырда өмір сүрген қазақстандықтардың көптеген ұрпқтары үшін қазақ даласының біріктірушінің мемлекеттік кемеңгер саясаты,оның өзінің халқын қорғаудағы еңңбегі жоңғар мемлекетімен болған 200 жылдық соғыста қазақ халқын жеңіске жеткізген қолбасшылық дарыны жаңалық болып саналды.Біздің мемлекетіміздің тарихы үшін сонау қиын заманда халықты біріктіріп,оның тұтастығын сақтап,әлемнің төрт қиырына төселіп жатқан ұлан ғайыр жерді ұрпақтарға қалдырған адам.

     Еліміздің ежелден бергі ата тарихына жақсылап көңіл аударсақ «Елім деп еңіреп өткен ер азаматтар аз болмаған.Солардың ішінде «жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» шыққан тұлғаларда тарих шежірелерінде ерекше орын алады.Айбынды Абылай тарихта – қазақ хандарының ішіндегі ең ақылдысы,аса мықты саясаткер,кең ойлы,дипломатиялық өнерге шебер,парасатты кемеңгер болған.

 

Қорытындылай келе,Қазақстан Республикасының Президенті қазақ халқы үшін, тәуелсіздігі,бірлігін,дербестігін сақтай келе күні-түні тынбай еңбек етіп келе жатқан еңбегі жөнінде пікірімізді айтайық.

 

11-оқушы. Жиырма жылдан бері Қазақстан Республикасына адал еңбегімен,бай қуаттылығымен,ақылдылығымен,көрегендік саясатымен,өзінің қабілеттілігімен елді басқарып,Отанымыздың көк байрағын,халқымыздың ұлттық рухын жоғарылатып отырған қазіргі таңда қазақ халқын бүкіл әлемге таныта алған Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаевті мақтан тұтуға болады.

     Экономикалық әне саяси реформаларды жүзеге асыру жолындағы қол жеткен табыстар,халықаралық қауымдастықтың Қазақстан Республикасының жетістіктерін тануы еліміздің одан әрі сатылап көркендеуіне жол ашты.Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы 1-наурызда Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын белгілеп берді.

    Абылай ханның арманы бүгінгі орындалуы,1991ж. 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке,еркіндікке,теңдікке қол жеткізуі,тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі күнде 20 жыл толуына,Қ.Р-сы өзін демократиялық,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік ретінде орнықтырылуында өзінің көрегендігімен,ақылдылығымен және қабілеттілігімен Президент Н.Ә.Назарбаевтің арқасы деп айтсақ артық кетпейміз.Осыны бағалай білейік.

 

Қорытынды

 

-Міне,оқушылар,екі ірі тұлғалар,көрнекті мемлекет қайраткерлері Абылай хан мен Елбасымыз Н.Ә,Назарбаев жөнінде «пікір алысу сабағымызда»өздерің жинаған мағлұмат бойынша талқылап өттіңдер.

 -Кәне оқушылар,екі ірі тұлғаның өз заманының қолбасшысы ұстанымдарының ұқсастығы,сәйкестігі неде деп ойлайсыңдар?

 -Екі қолбасшыға билік мұрагерлік ретінде қалған жоқ,билікті қолына жеңіп алу мақсатымен емес,тек өздерінің ақылдылығымен,аса мықты саясаткерлігімен,кең ойлы,дипломатиялық өнерге шеберлігімен,парасаттылығымен және қабілеттілігімен ерекшеленеді.

   Қазақ халқының өзінің жер бетінен жойылып кетпей,іргелі ел болып,дербестігін,тәуелсіздігін сақтап қалғаны осы тұлғалардың арқасы десек жаңылыспаймыз.

   Осы тұлғалар Қазақ ордасының тағына отырып елім,жерім,болашақ ұрпағым деп тәуелсіздік жолында аянбай күресті.Соның нәтижесінде тәуелсіздікке қол жеткіздік,ел шарушылығы мен экономикасы,сауда ісін дамыта түсуі,өзге елдермен дипломатиялық қарым-қатынасы,қазақ жерінің территориялық шекарасын белгілеп алуы,бүкіл әлемге танылуымыз осы қайраткерлердің арқасы.Ұстанымдарының ұқсастығы міне осында деп ойлаймын.

    Міне,ата-бабаларымыздың ерлігі мен батырлығының арқасында ұлан ғайыр жеріміз болашақ ұрпаққа аманат есебінде қалды.Біз осы асыл мұраны ардақтап,оның бағасын салмақтап,бүгінгі еліміздің болашағы үшін бабаларымыз құрап берген қасиетті жерімізді мұрагерше иелік етіп отырайық және көздің қарашығындай сақтай білейік.         

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Бағына елдің туған ер.....» 10 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білімдік:Қазақ елінің тәуелсіздігі,бірлігі,тұтастығы,теңдігі,байлығы,ар-намысы,бостандығы үшін күрескен мемлекет қайраткерлері Абылай хан мен Қазақсатан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевті мақтан тұту сезімін қалыптастырып,тарихи тұлғалар ретінде өз заманының қолбасшысы ұстанымдарының ұқсастығы,сәйкестігін оқушыларға ашып көрсету. Дамытушылық: Оқушылардың әңгімелеу дағдарысын жетілдіре отырып,өз бетінше жұмыс жасауға баулу,Абылай хан мен Президент Н.Ә.Назарбаевтің өз Отанына,халқына деген сүйіспеншілігін көрсету. Тәрбиелік: Абылай хан мен елбасы Н.Ә.Назарьаевтің атқарған ұлағатты істерін талдай отырып,оқушылардың туған халқына,ұлы тұлғаларға,тарихта алтын әріптермен жазылып қалған тарихи құндылықтарға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

РАБОЧАЯ ПРОГРАММА УЧЕБНОЙ ДИСЦИПЛИНЫ ОУД. 05 История 23.01.17. Мастер по ремонту и обслуживанию автомобилей
  • Учебник: «История. Профессиональное образования. Часть 1», Артемов В.В. , Лубченков Ю.Н.
  • 30.12.2020
  • 670
  • 8
«История. Профессиональное образования. Часть 1», Артемов В.В. , Лубченков Ю.Н.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.03.2020 144
    • DOCX 36.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Захарова Вероника Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Захарова Вероника Николаевна
    Захарова Вероника Николаевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 87576
    • Всего материалов: 237

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 154 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 417 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе