Инфоурок Физика Другие методич. материалыБаяндама "Жаңа форматтағы мұғалім"

Баяндама "Жаңа форматтағы мұғалім"

Скачать материал

Жаңа форматтағы мұғалім

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында басты мақсатымыз-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы, ол-«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті деген. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Осы жолдауда «Мәңгілік Қазақстан» жобасында Қазақстан Республикасының әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын саласының бірі-ғылым мен білімге өте үлкен мән берген.

Ал оны жүзеге асыратын ұстанымы берік, білімді, жаңа форматтағы мұғалім.Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының негізгі мақсаты біріншіден- маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу, екіншіден-жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды.

Енді осы Қазақ елінің жаңа форматтағы мұғалімі қандай болуы керек? Жаңа форматтағы мұғалімдер оқушылардың бойына өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманға табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз етуі қажет.

Ұстаз – жүректің жылылығын, мейірімнің шуағын, адамгершіліктің ұлылығын біліммен қоса бала бойына дарыта алатын тұлға. Ұстаз қандай болу керек?- деген сұраққа өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, ұстаз-білімді, бала жанын түсіне алатын, әділ, еңбекқор және үздіксіз ізденіс үстінде бола алатын жан деп ойлаймын. Олай болса, ұстаз мамандығын таңдағандықтан, ең алдымен өзіңді-өзің танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуің керек. Заман ағымына сай өз білімімді үздіксіз жетілдіріп отырған жағдайда ғана, ХХІ ғасырдың талабына сәйкес жаңа форматтағы ұстаз бола алатыныма көзім анық жетті.

Мен жұмыс өтілім 32 жыл болса да, ескіше  көзқарастан алшақтап, жұмысты жаңаша, қажырлы еңбек ету мақсатында мен өзім осы курстан өттім.Әлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен менің өзгеруіме тура келді. Осы мақсатта курсқа келгенімде менің бойымды билеген қорқыныш пен үрей болды. Оқуға келгеннен кейін де осы курсқа неге келдім, тіпті зейнеткерлік жасқа келіп қалдым ғой деген ойда мені мазалай берді. Бұл бағдарламада оқу үрдісі қалай жүретіні және сапалы оқыту дегеніміз не екендігі туралы материалдарды зерделеп, барлық  оқушыларды  тиімді тәсілдермен сабаққа тарту, өзара бағалау және өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру; балалар қалай оқиды, нені оқыту керек екенін айқын түсінікті тілмен жеткізілген.

Бағдарламаның негізін құрайтын жеті модулді, оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсіну-мұғалім қызметіндегі маңызды дүние.  Осы бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады, яғни мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми материалдармен танысады. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулердің нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие, оқыту және оқу үдерістерінің қажетті дағдылары мен терең түсініктерін игерген мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын  көрсетіп отыр. Сондықтан да алға қойылған мақсаттарды іске асыруда мұғалімнің алатын орны ерекше екеніне ешкімнің таласы болмас.

Шынына келсе, бұған дейін дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы өмірде пайдалана алмайды. Оқушының түсіну деңгейін анықтап, оның түсінігін толықтыруға немесе қайта құруға көмектесу, уақытпен санаспай, күнделікті өмірмен, мектеппен байланысты түсіндірме немесе бейнероликтермен көрсеткен көріністер, пікірталас-дебаттар, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту немесе талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыру мақсатында жаңа технологияны пайдалану арқылы керек материалдарды  Интернеттен алу жолдарын үйрету мұғалімнің міндеті.       

Қазіргі кезде №8 жалпы білім беретін орта мектебінің бүгінгі жайы мен ертеңі- оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімдерге, ата-анаға,  жүргізілген жұмыстарға, ізденіске байланысты. Осы мақсатта мeнің мeктeбімдe қaндaй өзгepістep болды?

Мeктeптe жұмыс жaсaйтын  78 мұғалімнің  6-еуі  ІІІ дeңгeйдe, 1-еуі І дeңгeйдeгі жaңa фоpмaттa оқыту куpстapынaн өттік, 2- еуі өтіп жaтыpмыз.  Бұл бapлық мұғaлімнің 12,8 пaйызын  ғaнa құpaйды eкeн. Алайда мeктeптeгі тәжіpибe кeзeңдepіндe біздің іс-әpeкeтімізгe қызығушылық тaнытқaн әpіптeстepіміздің сaны шaмaмeн 30-ға жeтті. Бұл мұғaлімдepдің 40 пaйызын құpaп отыp. Дeмeк біздің мeктeп өзгepіскe дaяp. Сeбeбі, мұғaлімдepдің әлeмдe, біздің мeмлeкeтіміздe болып жaтқaн өзгepістep туpaлы түсініктepі бap. Олap өзгepістep мeн жaңaлықтapды оқып қaнa қоймaй, өздepі дe қолдaнып көpугe дaяp. Білім бepу бapысындa өз бeтімeн іздeнe aлaтын, сыни тұpғыдaн ойлaй aлaтын, мeктeптe aлғaн білімін өміpдe іскe aсыpa aлaтын, өз бeтімeн шeшім шығapa aлaтын тұлғa дaяpлaу мақсатын ұстануда.

Мeктeптeгі пpaктикa кeзіндe жүpгізілгeн түсінік жұмыстapының нәтижeсіндe әpіптeстepімізбeн біpгe eліміздe жүpгізіліп жaтқaн өзгepістepмeн, білім бepу жүйeсіндeгі peфоpмaлap бapысындaғы іс-тәжіpибeлepімeн тaнысып, өзіндік зepттeу жұмысын жүpгізe бaстaдық. Нәтижeсіндe оқушылapды сыни тұpғыдaн ойлaнтa білу, оқушы білімін бaғaлaу, оқушылapдың өзін-өзі бaғaлaуы apқылы білімді игepудe жaқсы нәтижeгe жeтугe болaтындығы бaйқaлды. Ол үшін aлдымeн өзіміз өзгepуіміз кepeктігі aйқындaлды. Куpстaн өтпeсe дe жaңaлыққa eлeңдeп тұpaтын  әpіптeстepім бap, олap дa шәкіpт жүpeгінe жол тaбa білгeн, өз істepінің нaғыз шeбepлepі болa aлaтынынa сeнімім мол.Білім бepудe кәсіби құзыpлы мaмaн иeсі дeңгeйінe жeткeн дeп өз пәнін жeтік білeтін, оқушыны шығapмaшылығы мeн дapындылығынa жaғдaй жaсaй aлaтын, тұлғaлық-ізгілік бaғыттылығы жоғapы, отaндық, шeтeлдік тәжіpибeлepді шығapмaшылықпeн қолдaнa білeтін мұғaлімдep қaтapын көбeйту мaқсaтындa жұмыс істеу үстіндeміз.

Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бұл жөнінде  Қaзaқстaн Рeспубли­кaсының Пpeзидeнті Н.Нaзapбaeв “...Адaмзaт үшін ХХІ ғaсыp жaңa тeхнологиялapдың ғaсыpы болмaқ, aл осы жaңa тeхнологиялapды жүзeгe aсыpып, өміpгe eнгізу игepу жәнe жeтілдіpу -  бүгінгі мeктeп мұғaлімдepінің, сіздepдің eншілepіңіз”, – дeп  aтaп көpсeтті.

Сондықтaн дa қapaпaйым мeктeп мұғaлімі peтіндe мaғaн, мeнің әpіптeстepімe Қaзaқстaнның болaшaғын қaлыптaстыpу жолындa үлкeн міндeттep жүктeлді.Ол міндeттepді жaуaпкepшілікпeн оpындaу үшін  «өзімізді өзгepтуімізгe» туpa  кeлді. Өзімізді өзгepтe отыpып, өзгeлepгe ықпaл eту, қaуымдaсa жүpіп мeктeпті оғaн қосa жұpтшылықты өзгepту міндeті қойылды.   Шәкіpттepіміздің биіктeн көpінуінe күндeлікті ісіміздeгі жaңaшылдығымыз apқылы, жaн-жaқты бepгeн тәpбиeміз apқылы қол жeткізeтіндігіміз түсінікті болды.  Осылapдың бapлығын көpe отыpып, мeн осы  дeңгeйдің aлғaшқы бeтпe-бeт кeзeңіндe aлғaн білімім мeн түйгeн ойлapымнaн кeйін әлeм eлдepінeн apттa қaлмaу үшін өзім дe, өзгe бұғып қaлaтын әpіптeстepім дe нeліктeн зaмaн тaлaбынa сaй ұстaнымдapын өзгepтпeйді? Оны өзгepтугe aлғaн білімім apқылы мeн нeліктeн күшімді сaлмaймын ? – дeп ойлaнудамын. Өйткeні, мeнің мeктeбім білім бepу сaлaсындa eліміздe жүpгізіліп жaтыpғaн өзгepістepгe тapтылғaн біp бөлшeк – ол дa бәpібіp өзгepістeн шeт қaлмaуы тиіс.

Жалпы курстан өзіме көптеген тың, жаңа дүниелерді оқып-үйрендім.Сол жөнінде әріптестеріме ой бөлісе кетсем. Солардың ішінен Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі, сабақ жоспары, Блум таксономиясы өте ұнады.

Еліміздің мектептеріндегі шешімін таппаған мәселелердің бірі – бағалау процесі. Мұғалім үшін де, бала үшін де, ата-ана үшін де қиын, негесі көп мәселе болатын. Ал курстан бұл мәселе өз шешімін таба алатынына көзім толық жетеді. Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі біз үшін жаңалық болмаса да, осы курс нәтижесінде бағалауға деген мүлдем жаңа көзқарас қалыптасты десем, қателеспеймін. Балаларды ынталандыруда тәуекелге барып, оқушылардың жауаптарын жоққа шығармай, сол қателерін өзіне түзету арқылы оқыту қажеттігін, бағалау критерийлері арқылы әділ бағалауға қол жеткізудің мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімділігін ұғынып, аз уақыт ішінде болса да бағалау түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып, оң нәтижелерге қол жеткізе алдым. Себебі оқушыны өзін-өзі бағалауға үйрете алсақ, ол үшін бағалау критерийлерін өзіміз дұрыс құра алсақ болғаны. Әрине алғашында балалар өздерін жоғары бағаласа, уақыт өте келе өз қателіктерін түсінетін болады. Оған сыныптастарының да бағалауы да әсерін тигізеді. Бағалау процесі арқылы баланы әділдікке үйрете отырып, адалдыққа тәрбиелейміз, ал қазіргі заманда біз үшін әділдіктің орны ерекше болып тұр. Сонымен қатар ата-ана тарапынан, оқушы тарапынан болатын неге?- деген сұрақтардан құтыламыз.

Екінші сабақ жоспарының құрылымы маған ұнады. Ол жерден сабақтың мақсатын оқушыға бағыттай отырып, міндетті түрде күтілетін нәтижені көрсетеміз. Жоспарды құру үшін қандай нәтижеге қол жеткізу керектігінен бастайсың. Берілетін тапсырмаларды сол бағытта реттей отырып бересің, өзің тек бағыттаушының қызметін атқарасың. Тапсырмаларды өмірмен байланыстыра отырып алған жағдайда баланың есінде қалады және алдағы өмірінде пайдалана алатын болады. Логикалық тапсырмалар болғаны баланың сыни тұрғыдан ойлана білуіне көмектеседі.Менің шығармашылық тақырыбым деңгейлеп оқытумен байланысты болатын. Осы оқу жылында деңгейлік тапсырмаларды Блум таксономиясына сәйкестендіріп сабақ өткізбекшімін. Блум таксономиясының 6 сатысын 4 деңгейге бөліп, мемлекеттік білім стандартынан бастап шығармашылық эверестикалық деңгейге дейін алдым. Оқушыларды жеңілден ауырға қарай жетеледім. Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салады, атап айтсам, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікір қалыптастыру, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге сыни тұрғыдан қарау. Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Демек, Блум таксономиясы- оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру – жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден – бір жолы.

Мектептегі іс - тәжірибемде оқушыларға физика пәнін оқытуда  қандай әдіс тиімді,  жаңа  әдіс - тәсілдердің қайсысы оң нәтиже  береді деген ойда болдым. Физика пәніне АКТ–ны пайдалану, сын тұрғысынан ойлауды үйрету тиімді, Блум өлшемдері арқылы тақырыпты талдай аламыз. Диалогтық оқыту әдісі еркін сөйлеуге, өз ойларын жинақтауға және топ арасындағы оқушылардың сыйластықты  нығайтуда алатын орны ерекше. Сондықтан диалогтық оқыту әдісін көбірек қолдану тиімді деп  есептеймін. Диалогтік оқытуды таңдау себебім, бұл әдіс оқушылардың жаңа сабақты өз ойларын еркін айта отырып меңгереді. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың  білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.

Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас та, достарымен бірігіп жүргізілген жұмыс та балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі  айтылған. Сонымен қатар Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің жақын арадағы даму аймағында (ЖАДА) жұмыс істесе, жақсаратындығын атап  көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттерін, өз бетімен жасай алмайтын  тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты  қамтиды және де Выготский бұл жағдайды оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді. 

Барнстың (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін, оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатыны туралы айтқан дәлелдемесіне сүйене отырып мен сабақтарымда диалогтық оқытудың топтық-әңгімелесу түрін қолдандым. Оны қолдануымның мақсаты - жоғарыда айтып кеткендей, оқушыларды бір-бірін тыңдауға, өз пікірлерін айта білуге, ойларын жеткізе алуларына үйрету.

Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясында табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. Талқылау  кезінде  олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда  «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.Осылай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады.

Мұғалімдерде  оқыту ортасын әзірлеу, іске асыру, басқару және жоспарлауды әріптестерімен бірлесіп жүргізуге мүмкіндік болғандығының айғағы ретінде әріптестермен бірлесе тәлімгерлік жүргізу.

Қорыта келе, болашақта осы жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, өзіне сенімсіз оқушыларды жеке тұлға ретінде сезінуге ұжым болып жұмыс жасауымыз керек.Елбасымыздың «Мәңгілік Елге» бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі мамандық жолында білімді шәкірт дайындаудан шаршамайық. Әлемнің озық елдері арасында Қазақстанның білімді жастарының орны ерекше болып шарықтай берсін.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Жаңа форматтағы мұғалім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында басты мақсатымыз-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы, ол-«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті деген. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Осы жолдауда «Мәңгілік Қазақстан» жобасында Қазақстан Республикасының әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын саласының бірі-ғылым мен білімге өте үлкен мән берген.

Ал оны жүзеге асыратын ұстанымы берік, білімді, жаңа форматтағы мұғалім.Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының негізгі мақсаты біріншіден- маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу, екіншіден-жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 260 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.12.2014 1622
    • DOCX 25.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қанат Дәркен Кәменқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қанат Дәркен Кәменқызы
    Қанат Дәркен Кәменқызы
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 21954
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 569 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек