Главная / Другое / Баяндама "Ш. Уалиханов - шығыстың шам-шырағы"

Баяндама "Ш. Уалиханов - шығыстың шам-шырағы"

Айыртау ауданы Лобанов орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жукушева Күлтай Амангелдіқызы

Шығыстың шам-шырағы

... осы маңайдың тауы да, орманыда жоқ, ұшы-қиырсыз, кең даласы көлге таяна қырқаланып, жіңішкере береді де, ұстаның төсіндей сүйірлене бітеді. Сағымды күндері алыстан қараған адамға осы сүйір алып құстың тұмсығындай көрінеді. Көлдің де, жердің де атауы болып табылатын Құсмұрын Ұлы Шоқан туған топырақ.

Нақ Шоқан туған күні Сыр бойына ауып кеткен Марал ишаның баласы –Қалқай ишан Шыңғыстың үйінде екен. «Әулие, нәрестенің атын сіз қойыңыз!» -деп өтініш білдіреді. Ишан көп ойланбай, ислам тарихындағы ең зор ғазауатшы –Мұхаммед пайғамбардың қызын алған әрі әскерінің бас қолбасшысы болған Әзірет Әлінің кілең батыр он сегіз ұлының ең дөйі –Мұхаммед-Ханафия есімі аузына түседі. Осылайша Абылайханның туын ұстаған тоқсандағы Тұрсынбай батырдың айтқанындай « Аумаған Абылай!» Мұхаммедханафия дүниеге келген екен.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық –ғылыми ойының тарихында заңды түрде құрметті орын алады. Осынау бір аса көрнекті ғалым әрі ағартушы Шығыс халықтары туралы толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізді және сол бір кезде қыры-сыры ашылмаған беймәлім елдерге асқан қауіп-қатерге қарамай белді буып, батылдықпен саяхат жасады.

1853 ж. Кадет корпусын бітірген соң Батыс Сібір генерал-губернаторының аппаратында қызмет істеп жүрген кезінде Шоқан Ұлы жүз қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының Ресейге бағынуы жөніндегі мәселелерді шешуге белсене қатысады. Жергілікті халықпен келіссөз жүргізуге қазақ офицерін пайдаланады. Осы тапсырманы орындау барысында Шоқан өз сапарын қазақтар мен қырғыздар географиясын, тарихын, әдет-ғұрпын, тұрмысын зерттеп білуге пайдаланады.

1855 ж. Ш.Уәлиханов генерал Гасфорттың Орталық Қазақстанды, Жетісуды және Тарбағатайды аралаған сапарына қатысты. Олар Омбы қаласынан шығып, Семей қаласына барды,одан Аягөз бен Қапал арқылы Іле Алатауына өтті. Қайтар жолда Шоқан Гасфортты Алтынемел асуына дейін ұзатып салады да, одан әрі өз бетімен Жоңғар қақпасына, Алакөлге және Тарбағатай тауына сапар шегеді. Содан соң ол Қарқаралы, Баянауыл және Көкшетау қалалары арқылы Орталық Қазақстанға жол тартып, Омбыға қайта оралады. Бұл сапар жас ғалым –саяхатшыға ұмытылмас әсер қалдырады. Сөйтіп ол Қазақстанның табиғатымен және халықтың өмірімен тұңғыш рет тереңірек танысады.

1856 ж. Шоқан полковник М.Хоментовскийдің басшылығымен ұйымдастырылған әскери-ғылыми экспедицияға қатысады. Экспедицияның мақсаты – қырғыз халқымен танысу, оның территориясын географиялық жағынан зерттеу, Ыстықкөлдің бассейінін картаға түсіру болатын. Верный қаласынан мамыр айының басында шыққан экспедиция Шелек, Шарын, Үшмерке және Шығанақ өзендерінің бойын бойлай өтеді. Одан Қарқара өзені, Санташ асуы арқылы Түп өзенінің алқабымен Ыстықкөлге жетеді. Экспедиция мүшелері топографиялық карта сызбаларын жасайды. Шоқан Семеновпен бірге осы сапарда көлдерді терең зерттейді.

1856 жылғы тамызда Шоқан Құлжа қаласына аттанады. Сапардың негізгі мақсаты –Қытаймен сауда қатынастарын жолға қою арқылы Қытай өкімет орындарымен келіссөз жүргізу еді. Өйткені, Шәуешектегі орыстың сауда-саттық орталығы өртеніп кеткенен кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас үзіліп қалған болатын.

1857 ж. Шоқан тағы да Алатау қырғыз тауларына сапар шегеді. Қырғыз Алатауында болған кезінде Уәлиханов өзінің зерттеулері туралы: «Этнографиялық очерктер, статистикалық деректер, тарихи мағлұматтар, үйсіндер мен тағы Орданың халық әдебиетінің ескерткіштері менің жазбаларымда бірнеше дәптер болып текшеленді», -деп жазды. Осы жолы ол атақты «Манасты» тұңғыш жазып алған болатын.

Шоқанның 1856-57 жылдардағы саяхаттарының ғылыми нәтижесі оның «Ыстықкөлге сапар күнделіктері», «Іленің арғы бетіндегі өлкенің географиялық очеркі», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы»», «Қырғыздар туралы жазбалар» және басқа еңбектерінде жүйелі түрде баяндалған. Осы шығармаларды жазған кезде ғалым 21-22 –ге жаңа толған кезі болатын.

Өзін ержүрек саяхатшы ретінде даңққа бөлеген Қашқар сапарына Шоқан 1858-1859 жылдары шыққан. Бұл мейлінше қауіп-қатерге толы сапар болған. Себебі, Қашқария еуропалықтар үшін ол кезде жабық болатын. Өзінің аніпезер қаталдығымен аты әйгілі болған Қашқария билеушісі Қожа Уәлихан төре еуропалықтарға сенімсіздік білдіріп, олардың Қашқария жеріне аяқ басқандарын аяусыз өлтіріп отырған. Мысалы, белгілі географ Адольф Шлангинвейттің аянышты өлімі туралы алғашқы мағлұматты Шоқан алып қайтқан. Шоқан Қашқарияға өту үшін шашын қырғызып, қырғыз киімін киіп, керуенбасшысы Мұсабайдың туысы ретінде Әлімбай деген атпен сапар шегуге тиіс болды. Шекарадағы тексеруден қауіптенген Шоқан өз күнделігін Теректі Дауаның шатқалына көміп кетеді. Үш ай жол жүріп, керуен 1858 жылы 27 қыркүйекте Қытай шекарасынан өтеді.

Қашқарияда Шоқан 1859 жылдың ортасына дейін жарты жылға жуық болған. Осы мерзім ішінде ол қаламен танысып, Алтышаһар елін зерттеген.

«Ал менің іс-қарекетіме келетін болсақ, -деп жазды Шоқан «Қашқирияға бару және Алатау тауына қайту жолының суреттемесі» атты еңбегінде, -Қашқарияда болған кезімде өлке туралы, әсіресе Кіші Бұқараның саяси ахуалы жайында мүмкіндігінше дәлме-дәл деректер жинауға барынша ұмтылдым, мақсатыма жету үшін барлық ұлттардың, таптардың, партиялардың адамдарымен таныстым, сөйтіп бәз біреуден алған мағлұматтарды екінші адамдардың айтқандарымен салыстырып сараладым; оған қоса қожалар билеп-төстеген дәуірге жататын бірнеше тарихи кітапты қолға түсірудің, ақындар мен ғалымдардың достық ықыласын пайдаланудың сәті түсті»

Қашқарияға саяхат кезінде жолда шеккен ауыр азап Ш.Уәлихановтың денсаулығын әлсіретеді. Сондықтан ол Петербургке тек 1859жылдың аяғында ғана келеді. Орыс ғалымдары оны ержүрек саяхатшы, Орта Азия мен Қазақстанды терең білетін зиялы зерттеуші ретінде қарсы алады. П.Семенов-Тянь-Шанский Уәлихановты Петербургте ғылыми жұмысқа қалдыруға үкіметке өтініш білдіреді. Жас ғалым Азия департаменті штатына тіркеледі, сонымен қатар ғылыми-әскери комитетінде, сыртқы істер министрлігінде, Орыс география қоғамында қызмет атқарады. Шоқанның «Жоңғар очерктері», «Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясындағы (Кіші Бұқардағы) алты қаланың 1858-1859 жылдардығы жай-күйі туралы» және т.б. еңбектері 1861 жылы «География қоғамының жазбаларында» жарық көрді.

1861 жылы көктемде денсаулығының нашарлауына байланысты Шоқан Петербургтен кетуге мәжбүр болады. 1864 жылы генерал Черняев өзі жасақтаған әскери экспедицияға шақырады. Бұл экспедиция Оңтүстік Қазақстанды Ресейге бағындыру мақсатын көздеген. Бірақ көп кешікпей Шоқан одан кетуге мәжбүр болады. Шоқанның ойы бойынша қосылу бейбіт жолмен жүзеге асырылуы тиіс-ті. Черняевтың бассыздығына наразылық білдірген Шоқан экспедицияны тастап , Верный қаласына қайтып кетеді.

Шоқан өз саяхаттарын негізінен екі кезеңге бөледі: бірінші кезең Жоңғарды аралап, Жетісу, Іле өлкесі арқылы Ыстықкөлге барған жолды қамтиды. Бұл жерлердің физикалық-географиялық сипаты орыс саяхатшыларының зерттеулері бойынша жақсы белгілі деп есептеген Шоқан өз еңбектерін олар елемей кеткен, аңғармай кеткен деректермен толықтырады.

«Менің саяхатымның екінші кезеңі Сырдария өзенінің негізгі саласы болып табылатын Нарын өзенінің жоғарғы сағасынан басталады. Бұл ара –осы меридианда Семенов сапарының ең шырқау шегі. Одан әрі менің алдымда әлі зерттелмеген, адам аяғы баспаған мүлде меңіреу terra inkognita өңірі жатты,» -деп жазды Шоқан. Уәлиханов саяхатының бұл кезеңі өте-мөте жемісті әрі географиялық жаңалықтарға толы.

Шоқан Уәлихановтың қалдырған мұрасы осындай бір ғажайып қазақ ұлының ғылымға жан-тәнімен берілген саяхатшы , әрі ғалым екендігін дәлелдейді. Шоқан сапар кезінде, қиын-қыстау жағдайларда ата-бабасына тән асқан батылдық пен ержүректілік танытты. Өзінің жан-жақты дарындылығы, тапқырлығы, еңбекқорлығы арқасында ол өз дәуірінің өте білгір де парасатты саяхатшы –географы, тамаша дипломаты дәрежесіне көтерілді. Зерттеген жерлерін дәлме-дәл баяндау, Орта Азия халақтарының тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын бүге-шігесіне дейін суреттеу жөнінде Шоқан шоқтығы өзінің көптеген замандастарының еңбектерінен әлде-қайда биік тұр. Әсіресе Орта Азия мен Қазақстан халықтарының этнографиясын, материалдық және рухани мәдениетін танып-білуге Шоқанның сіңірген еңбегі орасан зор. Сондықтан да өз халқының жарқырап тұрған жұлдызы болған ол өз заманының аса көрнекті ғалымдарының арасында тарих ұсынған лайықты орында тұр .

Шоқан туралы жарық көген кітаптар көп-ақ. Солардың бірі –«Тамаша адамдар өмірі» сериясымен 1983 жылы Мәскеуде шыққан И.Стрелкованың «Шоқан Уәлихановы». Ол кітап былай басталады: «Қазақ халқының Шоқаны болмағанын жүрегіңізді сәл тоқтатып, бір сәтке болса да елестетіп көріңізші. ХІХ ғасырдың орта шені орны толмастай ойсырап қалар еді. Ресейдің, Сібірдің , Қазақстанның мәдениеті жүдеп сала берер еді. Бірақ ол болған. Ол сонау түнектен, алыстан, мұнара бөленген қарлы шыңдар арасынан көзге ерекше көрінеді. Уақыт кемесі бізді олардан алыстатқан сайыс сеңгірлер бір-біріне жақындай , иықтаса түскендей»

Бәріміздің де Ұлы Шоқанға беретін бағамыз осындай.

  • Другое
Описание:

Автор Жукушева Культай Амангельдиновна
Дата добавления 06.01.2015
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 677
Номер материала 37908
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓