Главная / Информатика / Баяндама "Мектептегі олимпиада резевтеріндайындау"

Баяндама "Мектептегі олимпиада резевтеріндайындау"

“Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан  әрі дами түседі” ...
Мақсаты: Оқушылардың «Информатика» пәнінен базалық білімдерін тексеру; Информ...
Оқушыларды олимпиадаға таңдау Оқушының пәнге қабілетін анықтау Математика жән...
1. Ең алдымен информатика пәнінің мектеп бағдарламсы шеңберінде тапсырмалар м...
Олимпиада резервтерімен жұмыс Р/с Істелетін жұмыстар Мерзімі Орындалуы 1 2 3 ...
Дайындық жоспары Бағдармала мазмұны Сағат саны мерзімі Алгоритмдеу және прогр...
Олимпиадаға қатысушыларға жаднама: 1. Барлық есепті оқып,алдымен шығаратыныңы...
Основы программирования. Автор: "Окулов С.М." Издательство: "Бином" Программи...
Әдебиеттер тізімі Олимпиадные задачи по программированию (+CD) Автор: Меньшик...
Олимпиадаға арналған сайттар тізімі http://infust.kz www.olympiads.ru www.nee...
1 из 10

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 “Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан  әрі дами түседі” Пит
Описание слайда:

“Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан  әрі дами түседі” Питер Клайн Мектептерде олимпиада резервтерін дайындау. Оқушыларды олимпиада есептерін шығаруға дағдыландыру әдістемесі.

№ слайда 2 Мақсаты: Оқушылардың «Информатика» пәнінен базалық білімдерін тексеру; Информати
Описание слайда:

Мақсаты: Оқушылардың «Информатика» пәнінен базалық білімдерін тексеру; Информатика саласында өте дарынды оқушыларды іріктеп шығару; Дарынды оқушыларды олимпиадаға жан-жақты дайындау; кәсіптік бағдар бере отырып, информатика мамандығын игеруге шақыру Міндеттері: Пән бойынша мектеп оқушыларының білім деңгейін анықтау; Оқушылардың өзіндік дамуына және ізденуге ұмтылуын дамыту; Олимпиада есептерін шешу дағдыларын қалыптастыру.

№ слайда 3 Оқушыларды олимпиадаға таңдау Оқушының пәнге қабілетін анықтау Математика және л
Описание слайда:

Оқушыларды олимпиадаға таңдау Оқушының пәнге қабілетін анықтау Математика және логикалық есептерін жақсы шығаратын оқушылар таңдаған жөн Олимпиадаға таңдау емтиханын жасау Оқушыларға анкета жасау Емтихан қорытындысы, оқушы анкетасы және мұғалімдердің пікірлері ескеріліп, оқушы олимпиадаға таңдалады

№ слайда 4 1. Ең алдымен информатика пәнінің мектеп бағдарламсы шеңберінде тапсырмалар меңг
Описание слайда:

1. Ең алдымен информатика пәнінің мектеп бағдарламсы шеңберінде тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол тапсырмалар оқушыны шығармашылық ойларға жетелеуге тиіс; 2. Информатика оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы практикалық түрде көрсетуге, логикалық есептер шығарып, салыстырулар мен талдаулар жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтануы керек. 3. Оқушы алдына қойған проблемаларға сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу, қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйренуі қажет. Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарын төмендегідей ұйымдастыру және оқу-әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс:

№ слайда 5 Олимпиада резервтерімен жұмыс Р/с Істелетін жұмыстар Мерзімі Орындалуы 1 2 3 4 5
Описание слайда:

Олимпиада резервтерімен жұмыс Р/с Істелетін жұмыстар Мерзімі Орындалуы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Қабілетті де, дарынды оқушыларды анықтау Қабілетті оқушыларды дайындауда әдістемелік кеңестерді басшылыққа алу. Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін көрсететін диагностика жүргізіп отыру. Логикалық ойлауын берілген есептерге шолу. Олимпиада есептерін талдау. Тест жинағы кітабынан тест орындау. Сынып ішіліколимпиада өткізіп отыру. Аудандық олимпиадаға оқушыларды таңдау және даярлау. Аудандық олимпиадаға қатыстыру. Шығармашылықтапсырмалар беру. Қыркүйек Үнемі Айсайын Кезінде Ж/ж 1 рет Ай сайын Кезінде Үнемі Кезінде Кезінде Диагностика Логикалықесеп Есепті талдау Тест жүргізу Олимпиадағақатыстыру Олимпиадаға қатыстыру Қиындығыәр түрлі есептер ұсыну.

№ слайда 6 Дайындық жоспары Бағдармала мазмұны Сағат саны мерзімі Алгоритмдеу және программ
Описание слайда:

Дайындық жоспары Бағдармала мазмұны Сағат саны мерзімі Алгоритмдеу және программалау Программалау тілі компьютермен«байланыс»жасау құралы 1 Программаларды бір программалау тілдерінен келесі программалау тілдеріне аудару 1 Жоғарғы программалау тілдерінде әрекеттерді ұйымдастыруды іске асыру 1 Деректерді ұйымдастыруды жүзеге асыру 1 Логикалық есептерді жоғарғы деңгейдегі программалау тілдерінде шешу 1 Қазіргі бағдарламалау тілдері мен оларды топтау. Трансляторлар. Бағдарламалар кітапханасы. 1 ТурбоПаскаль бағдарламалау жүйесі. Оның құрылымы. Мәліметтер типтері. 1 Стандартты функциялар. Арифметикалық өрнектер. Қарапайым сызықтық операторлар. 1 Тармақталу бағдарламасының операторлары. 1 Циклді ұйымдастыру тәсілдері. 1 Бір өлшемді матрицалар. 1 Екі өлшемді матрицалар. 1 Символдар жолы. 1 Процедуралар және функциялар. 1 Символдар мен жолдар. 1 Процедуралар мен функциялар 1 Лабиринттер, жолдарды іздеу. 1 Файлдармен жұмыс 1 Сұрыптау және іздеу 1 Рекурсия. Есептерді шешу 1 Арифметикалық есептерді программалау 1 Комбинаторика есептерін программалау 1 Геометрия 1 Графтар теориясымен жұмыс 1

№ слайда 7 Олимпиадаға қатысушыларға жаднама: 1. Барлық есепті оқып,алдымен шығаратыныңызды
Описание слайда:

Олимпиадаға қатысушыларға жаднама: 1. Барлық есепті оқып,алдымен шығаратыныңызды белгіле. 2. Егер сіз үшін есеп оңай шығарылса , онда сіз есеп шартын түсінбедіңіз немесе қателестіңіз. 3. Егер есеп шықпаса, онда оның шартын ықшамдап алыңыз,немесе соңынан басына қарай шығарыңыз. 4. Бір есеппен отырып қалмаңыз,егер кішкене табысқа жетсеңіз, онда шығару жолын іздеңіз. 5. Бірден есепті шығарып,оның толық шешуін жазыңыз. 6. Жұмысты өткізбес бұрын, оны жақсылап тексеріңіз

№ слайда 8 Основы программирования. Автор: "Окулов С.М." Издательство: "Бином" Программиров
Описание слайда:

Основы программирования. Автор: "Окулов С.М." Издательство: "Бином" Программирование в алгоритмах. Автор: "Окулов С.М." Издательство: "Лаборатория Базовых Знанпй" Алгоритмизация и программирование на Turbo Pascal: от простых до олимпиадных задач. Автор: "Долинский М.С." Издательство: "Питер" Әдебиеттер тізімі

№ слайда 9 Әдебиеттер тізімі Олимпиадные задачи по программированию (+CD) Автор: Меньшиков
Описание слайда:

Әдебиеттер тізімі Олимпиадные задачи по программированию (+CD) Автор: Меньшиков Ф.В. Издательство: Питер Решение сложных и олимпиадных задач по программированию. Автор: "Долинский М.С. " Издательство: "Питер"

№ слайда 10 Олимпиадаға арналған сайттар тізімі http://infust.kz www.olympiads.ru www.neerc.
Описание слайда:

Олимпиадаға арналған сайттар тізімі http://infust.kz www.olympiads.ru www.neerc.ifmo.ru/school www.informatics.ru www.g6prog.narod.ru www.usaco.org www.acm.sgu.ru www.acm.timus.ru www.algolist.manual.ru және т.б.

Баяндама "Мектептегі олимпиада резевтеріндайындау"
  • Информатика
Описание:

          “Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік

                                                         туғызған сайын одан әрі дами түседі”
                                                                                                                                                         

                                                                                                    Питер Клайн

 

Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, бәрібір тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізеді. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей субЪект   ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу- әр ұстаздың міндеті.

Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше.

Пәндік олимпиадалар- оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы.

Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының  пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады.Мектеп оқушылары арасында информатикадан пәндік олимпиада өткізудің басты мақсаты-дарынды оқушыларды іріктеу, кәсіптік бағдар бере отырып, информатика мамандығын игеруге шақыру, маман-кадрлар дайындауға үлес қосу, білім мен тәрбие берудің оңды жолдарын іздестіру.

Жаратылыстану ғылымдарының ішінде информатика пәнінің оқушылардың танымдық қабілетін дамытудағы көтерер жүгі аз емес. Пәндік олимпиадаға оқушы таңдауда пән мұғалімі ең алдымен  бала бойынан пәнге деген басым қызығушылығын, оның бойынан туа біткен қабілетін көре білуі қажет. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ғана шебер ұйымдастыра алады.

Шығармашылық ізденіс арқылы оқушының ойлауы, қиялдауы, сана-

сезімі өседі нақты біліммен қаруланады. Өзінің шамасы келетін мәселелер мен міндеттерді шеше білу іскерлігі мен дағдылары дамиды. Осы сатыға жету үшін басты назарда оқушының белсенді әрекеті шешуші роль атқарады.

Осы орайда, мен олимпиадаға оқушыларды дайындаудағы өзіндік іс-тәжірибемді ортаға салғым келеді.

Олимпиада резервтерін дайындауда ең алдымен оқушының пәнге қабілетін анықтап, төменгі сыныптан бастап дайындаған тиімді нәтиже береді. Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай біртіндеп күрделендіріліп отыруы керек.

Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсам, ол ең алдымен төмендегідей ұйымдастыру және оқу-әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс:

1.     Ең алдымен информатика пәнінің мектеп бағдарламсы шеңберінде тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол тапсырмалар оқушыны шығармашылық ойларға жетелеуге тиіс;

2.     Информатика  оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы практикалық түрде көрсетуге, логикалық есептер шығарып, салыстырулар мен талдаулар жасау  дағдыларын қалыптастыруға машықтануы керек.

3.     Оқушы алдына қойған проблемаларға сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу, қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйренуі қажет.

 

Олимпиада резервтерімен жұмыс жоспары

 

Р/с

Істелетін жұмыстар

Мерзімі

Орындалуы

1

2

3

4

5

6

7

8

 

9

 

10

Қабілетті де, дарынды оқушыларды анықтау

Қабілетті оқушыларды дайындауда әдістемелік кеңестерді басшылыққа алу. Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін көрсететін диагностика жүргізіп отыру. Логикалық ойлауын берілген есептерге шолу.

Олимпиада есептерін талдау.

Тест жинағы кітабынан тест орындау.

Сыныпішілік олимпиада өткізіп отыру.

Аудандық олимпиадаға оқушыларды таңдау және даярлау.

Аудандық олимпиадаға қатыстыру.

 

Шығармашылықтапсырмалар беру.

 

Қыркүйек

Үнемі

Ай сайын

Кезінде

Ж/ж 1 рет

Ай сайын

Кезінде

Үнемі

Кезінде

 

Кезінде

Диагностика

 

 

Логикалық есеп

Есепті талдау

Тест жүргізу

Олимпиадаға қатыстыру

Олимпиадаға қатыстыру

 

 

Қиындығы әр түрлі есептер ұсыну.

 

Оқыту барысында түсіндіру, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс істеу секілді сөздік әдістер, иллюстрация және демонстрация сияқты көрнекі, сондай-ақ зертханалық, практикалық, графикаық, жаттығу жұмыстары іспетті тәжірибелік әдістер қолданылады.Оқушының іскерлік пен дағдыларын қалыптастырудың ең тиімді жолы-логикалық есептер мен тапсырмалар беру арқылы оқушының логикалық қабілетін дамыту.

Информатика пәнінен есеп шығару – оқу үрдісінен бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады,  ойлау қабілетін дамытуға, білімдерін нақтылауға, оны практикада қолдана білуге үйретуде маңызы зор.

Есептер шығару кезінде информатиканы оқып- үйренуде, тереңірек және нақты білім алуға, алған білімдерін берік меңгеруге, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, белсенді болуына, информатика пәніне деген қызығушылығын арттыруға, алға қойған мақсатқа жетуде табаңдылыққа, өзіндік жұмыс істеу, өз бетімен білім алу дағдысына ие болуға көмектеседі.

Информатика есептерінің оқу үрдісін  ұйымдастыруда алатын орны ерекше.Информатика пәнінде олимпиадаға келген есептер бәрімізге мәлім, күрделі болады.
Олимпиадаларда келетін есептерді шығару үшін оның программасын жазу алдында, есептің математикалық, логикалық моделін құрып алу қажет, одан да бұрын оқушы есептің шартын, яғни есепте не сұрап тұрғанын дұрыс түсініп алу керек. Жоғарыда айтылған екі шарттарды орындағаннан кейін ғана программа құруға кірісуге болады. Берілген есептердің шығару жолдары көп болғандықтан, олимпиадаға қатысушы есепті шығару алгоритмін орындаушыға (компьютерге) жүктемесін мейлінше оңайлатып жазуға тырысу керек. Есептерді ең тиімді жолдармен шығару үшін олимпиадаға қатысушыдан және оның ұстазынан үлкен тәжірибені, аса білгірлікті және көп еңбекті талап етеді. . Оқушыларға есептерді шыгартып үйретудің мынандай тәсілдерін беруге болады.

1. Мұғалім есепті оқып, талдау жасап, әр түрлі сұрақтар беру арқьлы сыныпты есеп шығаруга жұмылдыра отырып, тақтаға есепті өзі жазып, берілгенін жазып көрсетеді. Мұндай тәсіл жаңа сабақты түсіндіріп болғаннаи кейін қолданылады. Мұғалім орташа қиындықтағы есепті таңдап алғаны дұрыс.

2. Есепке талдау жасап талқылау мұғалімнің басшылығымен бүкіл сынып болып талқыланып, одан кейін бір оқушыны тақтаға шығарьп, қалғандары орындарында шығару. Мұнда тақтаға орташа оқитын оқушыны шығарғаны дұрыс. Себебі жақсы оқитын оқушы есепті тез шығарады да, қалғандары оғанг ілесе алмайды, ал нашары тіптен шығара алмайды.

3. Мұғалім қандай есепті шығару керектігін айтады, оқушылар оны өзінше орындайды. Мұнда мұғалімнің әр есептің түріне қарай кететін қателерге кеңес беріп отырғаны жөн. Мұнда оқушыларға әр деңгейдегі есеп карочкаларын жасап, өздік жұмысты сол арқылы орындаса да болады.

Бұл үш тәсілден басқа есепті шығаруды сыныптан тыс уақытта информатикаға қызығатын оқушылардың есеп шығару үйірмесін ұйымдастыру арқылы шығаруға болады.

Олимпиадаға қатысушыларға жаднама:

1. Барлық есепті оқып,алдымен шығаратыныңызды белгіле.

2. Егер сіз үшін есеп оңай шығарылса ,онда сіз есеп шартын түсінбедіңіз немесе қателестіңіз.

3.  Егер  есеп  шықпаса, онда  оның  шартын  ықшамдап  алыңыз,немесе соңынан басына қарай шығарыңыз.

4.  Бір  есеппен  отырып  қалмаңыз,егер  кішкене  табысқа  жетсеңіз,  онда шығару жолын іздеңіз.

5. Бірден есепті  шығарып,оның  толық шешуін жазыңыз.

6. Жұмысты ӛткізбес бұрын, оны жақсылап тексеріңіз

 

Қорыта келгенде, білімді ұрпақ- Қазақстанның ертеңі мен болашағы. Ал, жас ұрпақты жан-жақты терең білімді жеке тұлға етіп тәрбиелеу біздің ұстаздар қауымының алдына қойылған ауыр жүк. Сондықтан, қиындығы мен қызығы мол осынау ұстаздық еңбек  жолында мен барша ұстаздар қауымына тек қана шығармашылық табыстар тілеймін. 

 

 

 

Автор Нигметова Венера Курманбаевна
Дата добавления 10.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 3030
Номер материала 52427
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓