Инфоурок Информатика Другие методич. материалыБаяндама: "Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі"

Баяндама: "Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі"

Скачать материал

Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі.

 

Молдагалиева Анар Аскаровна

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж, Орал қаласы

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп

отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді   

тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.

К.Д.Ушинский.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, тағылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр», деп атап көрсетті. Осы орайда мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім  берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. 

Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Сол мақсатта Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы 100 жылдық тарихы бар білім ордасының оқытушылары да тынбай еңбектеніп, өз үлестерін қосуда.

Мен, «Жаңа педагогикалық технологиялар» пәнінің «Интерактивті технологияны ұйымдастырудың программалық жабдықтары» тақырыбындағы «Негізгі мектептің информатика пәні мұғалімі» мамандығының 2 – курс студенттерінде инновациялық технологияларды пайдаланып өткізген сабағымды ұсынғым келеді. Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттерін төмендегіше анықтадым:

а) ақпараттық құзыреттілік: интерактивтік оқыту, интерактивтік тақта туралы түсінік беру, оның аппараттық жабдықтарымен жұмыстарын жетілдіру;

ә) оқушылардың компьютерлік сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін арттыру, өз ойын ашық айта білуге, ойын жүйелеп жеткізу;

б) өз жұмысында компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану, мәтіндік редактордың көмегімен  дидактикалық материалдар даярлау, іс-құжаттарын өңдеу, форматтау.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: ақпараттық коммуникациялық технология

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, үйрету

Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілі

Оқыту құралдары:

а) Техникалық: компьютер, интерактивті тақта, видеопроектор, ACTIVpen электрондық қалам, ACTIVote құрылғысы

ә) Программалық: MS Windows операциялық жүйесі, MS Windows ОЖ стандартты программалар тобы, MS Office пакеті, ActivStudio

б) Дидактикалық: презентациялық материалдар, флипчарт т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Бұл кезеңде студенттермен амандасып, жоқ студенттер анықталып, студенттердің сабаққа дайындығын тексерілді. Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін еске түсіру мақсатында тапсырма берілді. Студенттер интерактивті тақтада көрсетілген әрбір ережеге суретті сәйкестендірді.

 

     

 

ІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық кезеңі

Бұл кезеңде екі тапсырма ұсынылған болатын:

а) ACTIVote құрылғысы көмегімен студенттер тест тапсырмаларына жауап беру;

ә) құрылғының суретіне сәйкес оның атауын кестеге жазу.

 

                      

 

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

ActivStudio бағдарламасымен жұмыс жасау принципі түсіндірілді.

 

                

 

ІҮ. Жаңа материалды бекіту кезеңі

Бұл кезеңде топ студенттеріне екі тапсырма берілген болатын. Біріншісі, топты бес шағын топтарға бөліп, әр топқа ActivStudio бағдарламасымен жұмыс жасауға негізделген практикалық тапсырмалар топшамаларға жазылып таратылды. Екіншісі, ActivStudio бағдарламасының құралдар панеліндегі батырмаларды олардың атауларына сәйкестендіру.

Студенттерге қойылған талап: берілген тапсырма бойынша әдебиеттерден, баспасөз беттерінен, Интернеттен, электрондық оқулықтардан жинақтаған материалдарды интерактивтік тақтада көрсетіп, қорғау;

Ақпарат іздеу көздері: оқу құралдарымен жұмыс, ғылыми әдебиеттермен, электрондық оқулықтармен, Интернет сайттарында жұмыс;

Жұмыс нәтижесі:

Сызбалар, суреттер, флипчартта орындалған жұмыс.

 

        

 

 

 

 

 

 

Ү.Бағалау кезеңі.

Бұл кезеңде алдын – ала дайындалған кесте бойынша сабаққа белсене қатысқан топ студенттері бағаланды.

 

Бағалау критериі

3

(орташа)

4

(жақсы)

5

(өте жақсы)

Тест тапсырмасы

 

 

 

1 - сәйкестендіру тапсырмасы

 

 

 

Практикалық жұмыс

 

 

 

2 - сәйкестендіру тапсырмасы

 

 

 

Қорытынды баға:

 

 

 

 

ҮІ. Үйге тапсырма.

Үйге www.prometheanworld.com, www.activboard.ru, www.tds-prometey.ruwww.interactiv.kz сайттарына шолу жасау берілді.

 

ҮІІ. Қорытындылау.

Бұл кезеңде студенттердің практикалық жұмысты орындауларына жалпы сипаттама беріліп, кемшіліктерді айтып, олардың алдын – алу жолдары көрсетілді.

 

Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекөор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.

         Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын.

Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,

Білімдік бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...

Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,

Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін-

деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі болып, шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: "Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, тағылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр», деп атап көрсетті. Осы орайда мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 056 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2015 685
    • DOCX 2.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдагалиева Анар Аскаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Молдагалиева Анар Аскаровна
    Молдагалиева Анар Аскаровна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14108
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 68 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 52 человека

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 606 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 200 человек

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов