Главная / Директору-завучу / баяндама "Білім беру саясаты: бүгіні мен ертеңі"

баяндама "Білім беру саясаты: бүгіні мен ертеңі"

БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ: БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ

Жукушева Культай Амангельдиновна

«Лобанов орта мектебі» КММ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

АЙЫРТАУ АУДАНЫ

ЛОБАНОВ СЕЛОСЫ

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік –экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады және оны айқындай түседі. Ал қазақ мектебінің бүгіні мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға және қоғам қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденіске байланысты.

Ал білім беру деңгейі бүгінгі таңда –экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің бастау көзі, мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім беру саласында кештетіп кенже болып қалу елдің бәсекеге қабілеттілігіне, ұлт болашағына және мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Білім беру сапасы Білім беру стандарттарына тікелей тәуелді болады. Себебі, осы стандарттың негізінде оқу бағдарламалары жазылып, сол негізде оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар кешені жасалады, яғни білімнің негізі қаланады. Сонымен қатар, баланың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері болып табылады деп қарастыруға болады. Бүгінгі күнде жүзеге асырылып отырған еліміздегі білім беру деңгейін әлем елдеріндегі білім беру деңгейімен салыстырып байқасақ келесі жағдайды байқаймыз. Білім беру сапасын анықтайтын дүниежүзілік PISA, TIMSS және PIRLS зерттеулерінің нәтижелеріне көз жүгіртейік. Тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсететін елдер қатарына Сингапур, Финляндия; Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Канада елдері енеді. Олардың негізі азиялық елдер. Бұл жерде «осы елдердің мектепте білім берудегі жоғары табыстылығы мен нәтижелілігін қамтамасыз ететін факторлар қандай?» деген сұрақ туындайды. Ал жауабы қарапайым, көбіне біз оған мән де бермеуіміз мүмкін. Бұл елдердің білім беру саясатының басты мақсаты ұлттық ерекшеліктерді, өздерінің дәстүрлі мәдениетін, дәстүрлі құндылықтары мен бағдарын сақтауға бағытталған.

Бүгінгі күнгі білім  беру жүйесінің басты міндеті:

  • жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау;

  • баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты дамуына, жетілуіне қажетті жадайлар жасау;

  • ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құндылықтарды іске асыру болып табылады.

Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында қалыптастыру мен дамыту бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің және осы жүйеде қызмет ететін барлық жаңашыл мұғалімдердің маңызды міндеті десек артық айтпаған болармыз. Оқушыларға осы ретте білім беру мен тәрбиелеу тұтастығы Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында да, мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында да, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында атап көрсетілген.

Елімізде 2013/2014 оқу жылынан бастап Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 1-ші сыныпта аптасына бір сағат үшінші тіл ретінде ағылшын тілін оқыту енгізілген. Қазіргі таңда үш тілдің барлық мектептерде қандай деңгейде өткізіліп жатқаны және оның нәтижесінің қандай екені белгісіз.

12 жылдық білім стандартында 1-сыныптан бастап бірінші тілді – 5 сағат, екінші тілді – 3 сағат, үшінші тілді – 2 сағат оқыту жоспарланған. Оның нәтижесі қандай болмақ? Бұл белгісіз.

Егер 2015/2016 оқу жылында осы стандарт енгізіліп, 1-ші сынып оқушылары жоғарыда көрсетілген ауыр жүктемемен үш тілді қатар оқитын болса және АКТ пәні оқытылса, онда олардың білім сапасы одан әрі төмендеп, мұндай жүктеме олардың денсаулықтарына кері әсер етеді.

Мәңгілік Ел идеясының басты мақсаты – жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру. Ал ондай тәрбие алдымен тек ана тілі арқылы ғана беріледі. Қазіргі уақытта қалалық жерде тұратын қазақ балаларының өз ана тілін нашар білетіндері жасырын емес. Оларға оны меңгерту үлкен проблемаға айналып отыр. 1-ші сыныптан бастап үш тіл қатар оқытылатын болса, онда қазақ тілін меңгеру сапасы күрт төмендейтін болады деген пікірдеміз.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсеткен «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында мектеп түлектерінің қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру қажеттілігі атап көрсетілген болатын. Біз Елбасының идеясын толық қолдаймыз. Алайда, Елбасы ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту туралы тапсырыс берген емес. Мақсат – мектеп бітірген түлектердің 3 тілде еркін сөйлеуіне қол жеткізу.

Кез келген білім беру реформасын нәтижелі жүргізу үшін педагогикалық эксперимент жүргізу керек. Әлемнің барлық жетекші елдерінде білім беру саласындағы реформалар тек эксперимент негізінде ғана жүзеге асырылады. Мысалы, Германияда білім беру жүйесін перспективалық дамыту жоспарын әзірлеген кезде, қабылданып жатқан шешімдер дұрыстығын анықтау үшін 2000-ға жуық эксперимент жүргізіліп, оның нәтижелері қоғамдық кеңестерде талқыланып отырған. Ал жапондық үздіксіз білім беру жүйесі жапон қоғамының рухани-адамгершілік құндылықтарын көрсететін негізгі 3 өмірлік ұстанымды насихаттайды. Олар:

  • ойланып үйрен, өз бетіңмен шешім қабылда, проблемаларды шешудің ең жақсы жолдарын ізде және тап;

  • әдемілікті түсін, өзіңде сұлулық сезімін тәрбиеле, жаның сұлу болсын, мейірімді бол, аяушылық білдіре біл;

  • Денің сау, төзімді, күшті бол.

Осы келтірілген дәлелдер негізінде жаңа білім беру стандартын бекітпес бұрын эксперимент жүргізу керек деп есептеймін. Себебі менің ширек ғасыр бойы білім беру саласында қызмет еткен уақытымда көптеген өзгерістер басымнан өтті. Мектепте қызмет еткен практик маман ретіндегі ойым осындай. Бұл ойымның негізінде менің еңбек жолымнан өткен бірнеше білім беру стандарттарының кемшіліктері мен жетістіктері жатыр. Әрине көш жүре түзеледі дегенге сенгіміз келеді. Бұл жас мемлекетіміз үшін қалыпты жағдай. Кім жұмыс жасамаса, сол қателеспейді. Ал қателік бар жерде, ой толғау бар. Сарапқа салып, тікелей білім беру мекемелерімен байланыста болу жөн. Себебі жаңа Стандарттың білім және тәрбие сапасын көтеруге тиімділігі эксперимент негізінде дәлелденген соң ғана бекітілуі керек деп есептеймін, әрі бұл ойымды көптеген мамандар қолдайды деп сенемін. Бұл экспериментті көпшілікке арналған қазақ, орыс және шағын комплектілі ауыл мектептерінде де жүргізу керек деп ойлаймын. Сонымен қатар бүгінгі таңда Елбасы қолдауымен жүзеге асырылып отырған деңгейлік курстардың тиімділігі өте жоғары деп ойлаймын. Бұл курстарда білімдерін жетілдіріген мұғалімдер саны артқан сайын мектепте жаңаша сабақ беретін, бала жанын зерттеп тиімді оқыту мен оқу жолдарын анықтай білетін мамандар саны артуда. Себебі, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының мақсаты –қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында қазақстандық мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету, оқыту мен оқудағы инновациялық үдерістердің енгізілуіне қолдау көрсету және қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін қамтамасыз ету.(1,7- бет) Біздің балаларымыз жаңаша ойлауға, ой ойларын ашық жеткізе білуге үйренсе, сонымен қатар өз бетінше білім алу дағдылары бойларында қалыптасса, алған білімдері мен машықтарын алдағы өмірлерінде қолдана алар еді деген ойдамын. Себебі деңгейлік курстың басты мақсаттарының бірі «нені оқытудан гөрі» «қалай оқытуды» көздейді. Сондықтан деңгейлік курстардың білім беру саласын дамытудағы орыны ерекше деп ойлаймын.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған негізгі және басты мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің ең басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей білетін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше болып отыр. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Міне сол үшін білім беру саласының қызметкерлері де, білім беру саласына өзгерістер мен жаңа бағдарлама енгізуші мамандар да өз бастамасында асығыстық танытпай, жан-жақты сараптау жүргізуі керек. Айтыста ақиқат ашылады. Ал бірлесіп атқарған жүк жеңіл болары айдан анық. Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбеқор, терең қазыналы және білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек. Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болып мерейі арта берсін.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

  2. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

  3. С.Е. Шишов. Понятие компетенции в контексте проблемы качества образования // «Государство и образование», 2002. 88-б

  4. МАН І деңгей 1,7-бет.



Аннотация

Бұл мақалада білім беру жүйесінің бүгінгі жағдайы мен келешегі туралы ой қозғалған. Практик маман білім беру саласындағы өзгерістерге өз көзқарасын және болашақ туралы болжамын білдірген. Сонымен қатар деңгейлік курстар туралы, осы курстардың білім беру жүйесін дамытудағы оң әсері туралы айта кеткен.


В данной статье идет речь о состоянии системы образования на сегодняшний день и предположения на будущее. Специалист практик выразил свою точку зрения на происходящие изменения в системе образования. Наряду с этим рассказала о пользе уровневых курсов в развитии системы образования.




5


баяндама "Білім беру саясаты: бүгіні мен ертеңі"
  • Директору-завучу
Описание:

БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ: БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ

Жукушева Культай Амангельдиновна

«Лобанов орта мектебі» КММ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

АЙЫРТАУ АУДАНЫ

ЛОБАНОВ СЕЛОСЫ

       Білім беру жүйесі  қоғамның әлеуметтік –экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады және оны айқындай түседі. Ал қазақ мектебінің бүгіні мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға және қоғам қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденіске  байланысты.

       Ал білім беру деңгейі бүгінгі таңда –экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің бастау көзі, мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім беру саласында кештетіп  кенже болып қалу елдің бәсекеге қабілеттілігіне, ұлт болашағына және мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Білім беру сапасы Білім беру стандарттарына тікелей тәуелді болады. Себебі, осы стандарттың негізінде оқу бағдарламалары жазылып, сол негізде оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар кешені жасалады, яғни білімнің негізі қаланады.  Сонымен қатар, баланың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы,  ізгілік,  зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның  әлеуметтік қалыптасуы мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері болып табылады  деп қарастыруға болады. Бүгінгі күнде жүзеге асырылып отырған еліміздегі  білім беру деңгейін әлем елдеріндегі білім беру деңгейімен салыстырып байқасақ келесі жағдайды байқаймыз. Білім беру сапасын анықтайтын дүниежүзілік  PISA, TIMSS және  PIRLS зерттеулерінің нәтижелеріне көз жүгіртейік. Тұрақты түрде  жоғары  нәтижелер көрсететін елдер қатарына Сингапур, Финляндия; Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Канада елдері енеді.  Олардың негізі азиялық елдер. Бұл жерде «осы елдердің мектепте білім берудегі жоғары табыстылығы мен нәтижелілігін қамтамасыз ететін факторлар қандай?» деген сұрақ туындайды. Ал жауабы қарапайым, көбіне біз оған мән де бермеуіміз мүмкін. Бұл елдердің білім беру саясатының басты мақсаты ұлттық ерекшеліктерді, өздерінің дәстүрлі мәдениетін, дәстүрлі құндылықтары мен бағдарын сақтауға бағытталған.

 Бүгінгі күнгі білім  беру жүйесінің басты міндеті:

·        жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау;

·        баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты дамуына, жетілуіне қажетті жадайлар жасау;

·         ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау,  ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құндылықтарды іске асыру болып табылады.

Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында қалыптастыру мен дамыту бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің және осы жүйеде қызмет ететін барлық жаңашыл мұғалімдердің маңызды міндеті десек артық айтпаған болармыз. Оқушыларға осы ретте білім беру мен тәрбиелеу тұтастығы Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында да, мемлекеттік жастар саясаты  тұжырымдамасында да, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында атап көрсетілген.

       Елімізде 2013/2014 оқу жылынан бас­тап Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 1-ші сыныпта аптасына бір сағат үшінші тіл ретінде ағылшын тілін оқыту енгізілген. Қазіргі таңда үш тілдің барлық мектептерде қандай деңгейде өткізіліп жатқаны және оның нәтижесінің қандай екені белгісіз.

12 жылдық білім стандартында 1-сыныптан бастап бірінші тілді – 5 сағат, екінші тілді – 3 сағат, үшінші тілді – 2 сағат оқыту жоспарланған. Оның нәтижесі қандай болмақ? Бұл белгісіз.

      Егер 2015/2016 оқу жылында осы стандарт енгізіліп, 1-ші сынып оқушылары жоғарыда көрсетілген ауыр жүктемемен үш тілді қатар оқитын болса және АКТ пәні оқытылса, онда олардың білім сапасы одан әрі төмендеп, мұндай жүктеме олардың денсаулықтарына кері әсер етеді.

       Мәңгілік Ел идеясының басты мақсаты – жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру. Ал ондай тәрбие алдымен тек ана тілі арқылы ғана беріледі. Қазіргі уақытта қалалық жерде тұратын қазақ балаларының өз ана тілін нашар білетіндері жасырын емес. Оларға оны меңгерту үлкен проблемаға айналып отыр. 1-ші сыныптан бастап үш тіл қатар оқытылатын болса, онда қазақ тілін меңгеру сапасы күрт төмендейтін болады деген пікірдеміз.

      Елбасының Қазақстан халқына Жол­дауында көрсеткен «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында мектеп түлектерінің қазақ, орыс және ағыл­шын тілдерін меңгеру қажеттілігі атап көрсетілген болатын. Біз Елбасының идея­сын толық қолдаймыз. Алайда, Елбасы ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту туралы тапсырыс берген емес. Мақсат – мектеп бітірген түлектердің 3 тілде еркін сөйлеуіне қол жеткізу.

      Кез келген білім беру реформасын нәтижелі жүргізу үшін педагогикалық эксперимент жүргізу керек. Әлемнің барлық жетекші елдерінде білім беру саласындағы реформалар тек эксперимент негізінде ғана жүзеге асырылады. Мысалы, Германияда білім беру жүйесін перспективалық дамыту жоспарын әзірлеген кезде, қабылданып жатқан шешімдер дұрыстығын анықтау үшін 2000-ға жуық эксперимент жүргізіліп, оның нәтижелері қоғамдық кеңестерде талқыланып отырған. Ал жапондық үздіксіз білім беру жүйесі жапон қоғамының рухани-адамгершілік құндылықтарын көрсететін негізгі 3 өмірлік ұстанымды насихаттайды. Олар:

·        ойланып үйрен, өз бетіңмен шешім қабылда, проблемаларды шешудің ең жақсы жолдарын ізде және тап;

·        әдемілікті түсін, өзіңде сұлулық сезімін тәрбиеле, жаның сұлу болсын, мейірімді бол, аяушылық білдіре біл;

·        Денің сау, төзімді, күшті бол.

Осы келтірілген дәлелдер негізінде жаңа білім беру стандартын бекітпес бұрын эксперимент  жүргізу керек деп есептеймін. Себебі менің ширек ғасыр бойы білім беру саласында қызмет еткен уақытымда көптеген өзгерістер басымнан өтті.  Мектепте қызмет еткен практик маман ретіндегі ойым осындай. Бұл ойымның негізінде  менің еңбек жолымнан өткен бірнеше білім беру стандарттарының кемшіліктері мен жетістіктері жатыр. Әрине көш жүре түзеледі дегенге сенгіміз келеді. Бұл жас мемлекетіміз үшін қалыпты жағдай. Кім жұмыс жасамаса, сол қателеспейді. Ал қателік бар жерде, ой толғау бар. Сарапқа салып,  тікелей білім беру мекемелерімен байланыста болу жөн.  Себебі  жаңа   Стан­­дарттың білім және тәрбие сапасын көтеруге тиімділігі эксперимент негізінде дәлелденген соң ғана бекітілуі керек деп есептеймін, әрі бұл ойымды көптеген мамандар қолдайды деп сенемін.  Бұл экспериментті  көпшілікке арналған қазақ, орыс және шағын комплектілі ауыл  мектептерінде де жүргізу керек деп ойлаймын. Сонымен қатар бүгінгі таңда Елбасы қолдауымен жүзеге асырылып отырған деңгейлік курстардың тиімділігі өте жоғары деп ойлаймын. Бұл курстарда білімдерін жетілдіріген мұғалімдер саны артқан сайын мектепте жаңаша сабақ беретін, бала жанын зерттеп тиімді  оқыту мен оқу жолдарын анықтай білетін мамандар саны артуда. Себебі, Қазақстан Республикасы  педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының мақсаты –қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында қазақстандық мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету, оқыту мен оқудағы инновациялық үдерістердің енгізілуіне қолдау көрсету және қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін қамтамасыз ету.(1,7- бет) Біздің балаларымыз жаңаша ойлауға, ой ойларын ашық жеткізе білуге үйренсе, сонымен қатар өз бетінше білім алу дағдылары бойларында қалыптасса, алған білімдері мен машықтарын алдағы өмірлерінде қолдана алар еді деген ойдамын. Себебі деңгейлік курстың басты мақсаттарының бірі «нені оқытудан гөрі» «қалай оқытуды» көздейді. Сондықтан деңгейлік курстардың білім беру саласын дамытудағы орыны ерекше деп ойлаймын.

      Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған негізгі және басты мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің ең басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей білетін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу болып табылады.

       Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше болып отыр. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Міне сол үшін  білім беру саласының қызметкерлері де, білім беру саласына өзгерістер мен жаңа бағдарлама енгізуші мамандар да өз  бастамасында асығыстық танытпай, жан-жақты сараптау жүргізуі керек.   Айтыста ақиқат ашылады.  Ал бірлесіп атқарған жүк жеңіл болары айдан анық. Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбеқор, терең қазыналы  және білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек. Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болып мерейі арта берсін.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.      Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

2.      Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

3.      С.Е. Шишов. Понятие компетенции в контексте проблемы качества образования // «Государство и образование», 2002. 88-б

4.      МАН І деңгей 1,7-бет.

 

 

Аннотация

Бұл мақалада білім беру жүйесінің бүгінгі жағдайы мен келешегі туралы ой қозғалған. Практик маман білім беру саласындағы өзгерістерге өз көзқарасын және болашақ туралы болжамын білдірген. Сонымен қатар деңгейлік курстар туралы, осы курстардың білім беру жүйесін дамытудағы оң  әсері туралы айта кеткен.

 

В  данной статье идет речь о состоянии системы образования на сегодняшний день и предположения на будущее. Специалист практик  выразил свою точку зрения на происходящие изменения в системе образования. Наряду с этим рассказала о пользе уровневых курсов в развитии системы образования.

 

 

 

 

Автор Жукушева Культай Амангельдиновна
Дата добавления 07.01.2015
Раздел Директору-завучу
Подраздел
Просмотров 1051
Номер материала 39719
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы