Главная / Начальные классы / Баяндама "Оқу және жазу дағдыларын қалыптастыруға арналған дидактикалық материалдар және оны пайдалану"

Баяндама "Оқу және жазу дағдыларын қалыптастыруға арналған дидактикалық материалдар және оны пайдалану"

Оқу және жазу дағдыларын қалыптастыруға арналған

дидактикалық материалдар және оны пайдалану

Адамның бір қызығы бала деген.
“Баланы оқытуды жек көрмедім” деп ұлы ақын Абай айтқандай бала тәрбиесі мен жас буынды оқыту бүгінгі таңда қоғам алдындағы тұрған жауапкершілігі мол да, биік мақсат. Сондықтан жас ұрпаққа жан – жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты борышы. Кейбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрлерін пайдаланса, кейбіреуі жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат біреу – ақ – ол бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойынша сіңіру.
Білім негізі бастауышта қаланады десек, ұрпақ тәрбиесі алдында бастауыш сынып мұғалімдерінің жауапкершілігі орасан зор. Қазіргі уақыт талабына сай сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, өзіндік тың ізденістерге талпындырады. Сыныпта барлық баланың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының білім деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін тауып, сол тақырыпты игеруді көздейді. Осындай тәсілдердің бірі – оқушының ортақ ерекшеліктерін ескеріп, сабақта оқушыны ойын арқылы ойлауға баулу, жаңаша дидактикалық материалдар пайдалану, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып отырады.
Оқыту үрдісін нығайтуда, оқушылар білімін тереңдетуде дидактикалық
тапсырмалардың алатын орны ерекше. Дидактикалық ойындар мен дидактикалық тапсырмалар арқылы пәннің мазмұндылығын арттыруға, оқушыға жаңа білім беруге, алған білімін жүйелеуге, пысықтауға, қорытындылауға болады. Ауызша сұрақ – жауаптан айырмашылығы – дидактикалық карточкалар арқылы бір мезгілде бірнеше оқушы қамтылып, сынып оқушыларының зерігуіне жол берілмейді. Тарау немесе бөлім бойынша құрастырылған дидактикалық тапсырмалар бірнеше тақырыпты, бірнеше ұғымды бір – бірімен байланыстырып, оқушының тарау бойынша алған білімін жүйелеп, қорытындылауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дидактикалық карточкаларда тапсырмалар көбіне көрнекті кескінделеді ,сызбасы беріледі немесе түрлі түспен жазылады, т.б. Бұл білімді қабылдауға, жүйелеуге есіту анализаторымен бірге көру анализаторы да қатысады, бұл – оқушының ойлау үрдісін, есте сақтау үрдісін арттыра түседі. Оқушылардың қазақ тілі , әдебиеттік оқу пәніне деген қызығушылығын оятуда шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық тапсырмалар мен ойындар, танымдық жаттығулардың алатын орны ерекше екені белгілі. Себебі бұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың дербес ойлануына, тұжырым жасауына мүмкіндік беретін өз білімін тексеру және өзара жарысу элементтері бар. Оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып әр түрлі сөзжұмбақтар шешу, дидактикалық тапсырмалар орындау барысында оқушылар өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ мұндай дидактикалық материалдарды кез келген технологияда жұмыс істейтін мұғалім пайдалана алады.Сонымен оқушылардың теориялық білімдерін тереңдетуде, тілін ширатуда , сөздік қорын молайтуда,жаңа сөздердің сырын ұғуға икемдеуде осы дидактикалық материалдардың маңызы зор. Балаларға мұндай жұмыс түрлері өте ұнайды, олар өздері де сөзжұмбақтар құрастыруға үйренеді .Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар мен тапсырмаларына мысал келтірсем «Кім көп әріп таниды?», «Сөз ойла, тез ойла», «Сөздік», «Кім суретші?», Артығын тап», «Сөзжұмбақ», «Мақалды тауып оқы»,«Үндемес», «Жоғалған әріпті тап» «Кім тез табады?», «Орнын тап», «Кім көп сөз тауып жазады?», «Қайсысы дұрыс?»   т. б. қазақ тіл сабақтарында тіл дамыту жұмысында орындалады.

Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі.Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету.Сонымен қатар , сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой –өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады.Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады. Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі мақсаты– алты жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі. Өйткені мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың физиологиялық – психологиялық өзгешеліктеріне байланысты .Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға , ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет бейімділікті талап етеді. Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Шәкіртіңнің сауатты болуы А дыбысын өткен күннен-ақ басталады. Мұғалім өзінің барлық мүмкіндігін осы сауат ашу кезеңінде пайдалансын. Дәл осы тұста жасаған еңбегіңіз еш кетпейді.Оқушы сауатты болсын десеңіз әр дыбысты өткен сайын әріп түрінде 5 минуттық диктант алуға дағдыланыңыз. Мысалы, А дыбысын өттіңіз, оған 2 сағат берілген. Осы 2 сағатта А дыбысының бас әрпін, кіші әрпін жазғыза беріңіз. Келесі сабақта Т немесе С дыбысын өткенде, жаңа буын, тіпті сөзді қосып жатқа жазғызыңыз.Сонымен бірге баланың оқуы, жазып оны есте сақтауы қатар жүруі тиіс. Кейбі баланың жазып отырып қабылдауы өте жақсы дамыған болса, ал келесі балада мұндай қасиет тіпті болмауыда ықтимал.Сіз күнделікті алып отырған диктант жұмысы арқылы, әр баланың өтілген дыбысты қаншалықты меңгергендігін бақылап отырасыз.Ол үшін оқушыда жазу дәптерінен басқа тағы да 1 дәптер болуы тиіс. Үзбей    сөздік диктантын,    түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздікпен жұмыс жасаудың маңызы зор.

Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді.Олай болса белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын грамматикалық құбылыстар сапалы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет.

Дұрыс , сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына , буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге , әріп алмастырып алмауға бір сыпыра көмектеседі.Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде де , жаттығулар жүргізгенде де , олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп.

       Сауатты жазуға үйрету жұмысы оқумен қатар жүргізіледі.Буынды оқи алмаған бала сөзі оқи алмайды.Ал кітап оқи алмаған оқушының сауатты жаза алмайтыны белгілі.Сондықтан сауат ашу кезеңінде көбіне кеспе буындарымен жұмыс жүргіземін. Әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға байланысты дидактикалық материалдарды көптеп пайдаланамын.Сурет бойынша сөйлем не әңгіме құрап жазуға, мақалдарды оқып, жатқа жазуға байланысты дидактикалық материалдар пайдаланамын.Өткен тақырыптарға байланысты дидактикалық материалдармен жұмыс жасауға тапсырмалар беріледі.Мысалдар келтіретін болсам:

1. « Кім көп әріп таниды?»

Әліппе кезеңінде әр оқушы алдында өтілген әріптерден кеспе әріптер жатады. Ол әріптердің ішінен оқушы аталған әріпті тауып көрсетілуі тиіс.Содан соң айтылған сөзді кеспе әріптерден құрастырып жазады.Кеспе әріптермен жазып дағдыланған оқушыларды әрі қарай дәптерге әріп, сөздік диктант жаздырып машақтандырып отырамын. Осы ойын әдістері оқушының есте сақтау және жазып үйрену қабілетін арттырады.

2. «Жоғалған әріп» дидактикалық ойынын жүргізгенде, аты жанына жазылған суретті көрсетеміз. Өткен әріпке байланысты қиылып,әріпті жасырамыз.


3. «Адасқан әріптер» дидактикалық тапсырмасында әріптерді тіркестіріп сөз жасау тапсырылады. 
1. р, о, б (бор);
 
2. а, ш, а, ғ (ағаш);
 
3. к, т, р, е, м, е (керемет);
 
4. қ, ы, а, з, қ (қазық);
 
5. а, л, а, д (дала);
 
6. і, м, б, л, і (білім)
 
«Мен қандаймын?» дидактикалық ойыны

Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Дәурен - дарынды Дәурен, Әйгерім - әдепті Әйгерім, Біржан - батыр Біржан

«Жоғалған әріп»

Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к...
гершін, балдыр... ан, ән... ран, к... тап, к... ктем, ... же, ... ңгіме,
о... ушы
, айда... ар, а...
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.


Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Бұл дидактикалық тапсырманы жарыс түрінде не әр оқушыға орында отырып орындауғада болады.

1. А әрпінен басталатын қалалардың аттарын жазыңдар. 
Мысалы: Алматы, Астана, Ақмола...

2. Тек қана а (е, ы, і) дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. 
Мысалы: шағала, Тамара, тамаша, ...
 
(ы) ыдыс, ыдырыс, ыстық, ...
 
(і) ілгіш, ірімшік, тіршілік, ...
 
(е) береке, текемет, ертең, ...
 
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздерді ойлап жазыңдар. Мысалы: Азиза, нан, қырық, ...
 
«Кім көп сөз тауып жазады?» ойынын жарыс түрінде жүргізген тиімді. Жазған сөздерінің сауаттылықтары тексеріледі. Бұндай ойын түрлері оқушыларды жылдамдыққа тәрбиелейді. Сонымен бірге туыстықты білдіретін немере,шөбере,аға,әпке,сіңлі, нағашы т.с.с сөздерін, мамандық атауларын: дәрігер, мұғалім, бағбан, шопан, шахтер, монтер, құрылысшы, егінші, тәрбиеші сөздерін жаздырып,талдау жасатамын. Буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз

Сонымен бірге сауаттылықты арттыруда мақал-мәтел және жаңылтпаштарды жатқа жазудың да үлкен көмегі тиеді деп есептеймін.Мен өзім әр сабақта және қосымша жұмыстарымда көбірек қолдануға тырысамын.

Мысалы: Әдептілік ,ар-ұят-

Адамдықтың белгісі.

Оқушылардың қатесіз жазуға дағдыландыру үшін көшіріп жазуға көп көңіл бөлу керек, немесе сөйлемде қалдырып кеткен сөздерді дұрыс тауып,оны орнына қойып,үйлестіріп жазу,берілген сөздерден сөйлем құрап жазу,сұрақтарға толық жауап жазу сауатылыққа көмегін тигізіп отырады.

5.Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың жаттығулар, сөйлемдер, мазмұндама,шығарма, диктанттардың пайдасы зор.



Қорыта келе айтарым баланың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілген жұмыстар осындай жұмыстар














Әліппеден кейінгі кезең 
Дыбыс, әріп, сөз, сөйлем. 
№1 
1.Отан, ел, қыс, аппақ, жүрек, бөрік, бесік, аға, жаңбыр, іні.
1.2. Берілген сөздерді екі топқа жуан және жіңішкеге бөліп жаз. 
1.3. Жуан сөзге бір сөйлем , жіңішке сөзге бір сөйлем құрастырып жаз.



№2 
2.1. Нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөздерді көшіріп жазып, кезкелген сөзден екі сөйлем құрастырып жазыңдар. 
Қ...с, бор...н, шаңғ..., ад..м, үйр..к, әт..ш, санд...қ, мект..п, қымб..т, оқ...шы.



№3
3.1. Сөзжұмбақтың шешуін тауып, сөздерін буындарға бөліп жаз. 
1. Сиыр бізге не береді? 4. Ешкінің төлі қалай аталады? 
2. Ұйықтағанда не жамыламыз? 5. Далада не болады? 
3. Нанға жығып не жейміз? 6. Балықты немен аулайды? 

(с ү т, к ө р п е, м а й, л а қ, ж е р, қ а р м а қ)



4
4.1. 1. Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар. 
2. Мәтінде неше сөйлем бар? 
3. Үшінші сөйлемде қанша сөз бар? 

Қыс. 
Қыс келді. Күн суытты. Қар көп жауды. Өзенге қалың мұз қатты.




№5
5.1. Көшіріп жазып жуан сөздердің астын сыз. 

Аю – жыртқыш аң. Ақ аю суық жақта болады. Мұз үстінде жүреді. Ақ аю балық жейді.




№6
6. 1.Көшіріп жазып жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызу. 

Түлкі- тағы аң. Ол таулы жерде жүреді.Түлкі қызыл түсті болады.Оның терісі бағалы.


7. 1. Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен жазып, соңына нүкте қойып көшіріңдер. 

Қаңтар. 

Қаңтар айы болды күн суытты қалың қар жауды боран соқты




№8
8. 1. Сөйлемдерді оқыңдар. Неше сөйлем бар екенін анықтаңдар. 
8. 2. Әр сөйлемнің бірініші сөзін бас әріппен жазып, соңына нүкте қойып көшіріңдер. 
Қыс келді күн суытты қар жауды аяз болды су қатты.




№9
10. 1. Сұрақтарға ауызша жауап беріңдер. 
1) Сөйлем неден құралады? 
2) Сөйлемдегі сөздер өзара қалай жазылады? 
3) Сөйлемнің бірінші сөзі неден басталып жазылады? 
4) Сөйлем аяқталған соң қандай тыныс белгісі қойылады?



Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен олардың әріптері.

№1 
1.1. Мәтінді оқыңдар. 
Аңшы тоғайға барды. Қар қалың екен. Шаңғы байлады. Онда аңдар бар. 
1.2. Сөйлемді көшіріп жазыңдар. Ондағы даусты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.





2.1. Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар. 

Кемпірқосақ 
Жаңбыр жауып басылды, 
Күннің көзі көрінді. 
Аспан шайдай ашылды, 
Кемпірқосақ керілді. 
2.2. Жаңбыр, аспан, ашылды деген сөздердегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сыз.





№3 
3.1. Сөйлемді көшіріп жазыңдар. 
Қайрат –оқушы. Ол таза киінеді. Кітап, дәптерін таза ұстайды. Сабақты беске оқиды. Ол шаңғы тебуді ұнатады. 
3.2. Дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.




4.1. Мәтінді түсініп оқы. 
Тұсау 
Тұсау - алысқа ұзап кетпеуі үшін жылқының аяғына салынатын, қайыстан, жіптен жасалған жабдық. 
4.2. Дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.




6.1. Сөйлемді қатесіз көшіріп жазыңдар. 
Гүл 
Оқушылар гүл екті. Мұрат жер қазды. Гауһар гүл отырғызды. Сара гүлге су құйды. 
6.2.Дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.



№7 
7.1. Өлеңді түсініп оқып, көшіріп жазыңдар 
«Күмбір-күмбір» әні бар, 
Желкілдеген жалы бар. 
Желдей жүйрік құлыншақ. 
Желмен шапқан жануар. 
2.Дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.



№8 
8.1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып сөздерді көшіріп жазыңдар. 
Кірп..., т...лкі, кілег..й, к...бі, сур..т, к..рпе, сүзб.., ірімш..к, к..кек, ...лди, т...тті, д..рі, іст..к, б..рік. 
8.2. Қойған әріптеріңнің астын сызыңдар, олар қандай әріптер?



№9 
9.1. Жаңылтпаштарды қатесіз дұрыс оқып, көшіріп жазыңдар.
Суда сең келеді, Дән -дәулет, Сән-сәулет, 
Сегіз серке тең келеді. Дәулет-дән. Сәулет-сән.
9.2. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

10 
10.1. Сөздерді, оқып көшіріп жазыңдар. 

Хат,кітап, қаһарман, шалғы, кеме, ащы. 
10.2. Сөздердегі ғ, к, қ, х, ш, щ әріптерінің астын сызыңдар. Оларға а әрпін қосып оқыңдар. 
10.3. Сөздерді оқып, көшіріп жазыңдар. 

Балық, велосипед, терезе, жұлдыз, газет, цирк, чемодан. 
10.4. Сөздердегі б, в, п, т, ц, ч әріптерінің астын сызыңдар. Оларға е әрпін қосып оқыңдар. 
10.5. Футбол, мысық, теңіз, шегіртке, тышқан. 
10.6 Сөздердегі л, м, н, ң, р, с, ф әріптерінің астын сызыңдар. Оларға э әрпін қосып оқыңдар. 
№ 11 
11.1. Сөздерді дұрыс қатесіз көшіріп жазыңдар.

Саяхат, қоян, қияр, пияз, дария, тақия, ою, аю.

11.2. Қатар келген дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.




№ 12 
12.1. Сөздерді буынға бөліп оқыңдар.

Долана, шетен, итбүлдірген, таңқурай, қой бүлдірген, көк бүлдірген, құлпынай, қаракөз, қара бүлдірген, шәнкіш, мойыл.



№13 
13. 1.Сөзді буынға бөліп оқыңдар және жаз.
Жуа, сауыншы, оқу, жазу, бару, келу, сурет, серуен, қуыршақ, жуу.




№14
14. 1. Сөздерді буынға бөліп жазыңдар.

Сусын, жусан, қурай, тулақ, аққу, думан, туыс.
14.2. Бұл сөздердегі у дыбысының дауысты дыбыс таңбасы екенін аңғарыңдар.

Дауыл, ауа, дауыс, аула, бауырсақ, сауысқан, жауын.
14.3. Бұл сөздердегі у әрпінің дауыссыз дыбыс таңбасы екенін аңғарыңдар.


15
15. 1.Өлеңдерді түсініп оқып, көшіріп жазыңдар.

Дән Аға ақылы 
Жарып шыққан қаузын, Кім үлкенді тыңдаса,
Дән-өмірлік азығың. Кім үлкенді сыйласа,
Жегеніңде ақ нанды, Үлкен болған кезінде,
Нәрге толар ауызың. Сыйлы болмақ өзі де.
15.2. Буынға бөлінбейтін сөздердің астын сызыңдар.




№16
16.1.Жаңылтпаштарды қатесіз дұрыс оқыңдар.
Бұл қар Бір ақ шымшық, Ас аспай
Сұр қар, Екі ақ шымшық, Бас аспазшы.

Сұр қар- Үш ақ шымшық, Ас асты
Кір қар, Төрт ақ шымшық. Жас аспазшы.
Үстіне аунама,
Үстіңді былғар.
15.3. Буынға бөлінбейтін сөздерді көшіріп жазыңдар.



№ 17
17.1. А-ә, ы-і, ұ-ү, о-ө әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді жазыңдар.
Ы –і ...стық, а-ә ...сқар, ұ-ү ...шқыр, о-ө...рын, ы-і ...стік, а-ә ...скер, ұ-ү ...шкір, о-ө ...рім, ки...і-ы к, қ...а-ә р, с...ү-ұ т, к...ө-о рме, қи ы-і қ, с...ә-а лем, қ...ұ-ү т, қ...о-ө рық.



№18
18.1.Буынға бөлінген сөздерді оқыңдар.
ерт-те құ-мырс-қа
... - .. .. - ... - ..
18.2. Берілген сөздерді буынға бөліп, бағандағы тиісті сөздердің астына жазыңдар.
Жұмыртқа, шегіртке, ұртта, айтпа, кесіртке, омытқа.

18.3. Сөз буындары неше дыбыстан құралған? 
18.4. Қатар келген үш дауыссыз дыбыстың буынға қалай бөлінгенін байқаңдар.



Тасымал
№ 1
1.1. Сөздерді тасымалдау белгісін қойып, көшіріп жазыңдар.
Қарағай, жұмысшы, ұшқыштар, автобус, дөңгелек, кезекші, шағала, қарындаш, терезе, өрнек.





№ 2
2.1. Сөздерді тасымалдау белгісін қойып, көшіріп жазыңдар.
Жиналыс, жұлдыздар, музыка, жіңішке.
2.3. Үш буынды сөздердің екі түрлі тасымалданатынын байқаңдар.




3
3.1. Сөздерді тасымалдап жазыңдар.
3.2. Төрт буынды сөздердің үш түрлі тасымалданатынын байқаңдар.
Балықшылар, бейбітшілік, балапандар.



№ 4
4.1. Оқыңдар. Сөздерді тасымалдап жазыңдар.
Құрылысшылар, барабаншылар, кітаптарымыз, дәптеріміз.
4.2.Бес буынды сөздердің төрт түрлі тасымалданатынын байқаңдар.



№ 5
5.1. Сөздердің бөлігін ң, й, у әріптерінінен бастып тасымалдаңдар.
Жаңалық, теңізші, қоңырау, жаңылтпаш, жайылым, түйме, дайындау, зейінді, қайық, құйын, сүйек, мейірімді, сауысқан, дауыс, жауап, тауық, бауыр, сауатты, дәуіт.
Кім?кімдер?Не?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.



№ 1
1.1. Сөздерді оқып шығып, әрқайсысына ауызша сұрақ қойыңдар.
Ұшқыш, ұшақ, шебер, нан, өзен, шопан, шыбық, тігінші, диқан, сүт.



№ 2
2.1. Көп нүктенің орнына не? сұрағына жауап беретін сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. 
... туды. ... жылына бастады. ... еріді. Жылғалардан .... ... ақты.
Керек сөздер: көктем, күн, қар, су.



№ 3
3.1. Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құратырып жазыңдар.

Көктем, туды, көрікті. Ери, қар, бастады. Жел, жылы, соқты.
3. 2. Не? сұрағына жауап беретін сөздерді табыңдар.


№ 4 
4.1. Түсініп оқыңдар. 
Әкем менің – құрлысшы. 
Апам менің – сауыншы. 
4.3. Мамандықты білдіретін сөздерді тауып,оларға сұрақ қойыңдар. 

№ 5 
5.1. Сөйлемді оқыңдар. 
Айжан өлеңді жақсы айтады. Мұрат домбыра тартады. Серік пен Мақсұт шахмат үйірмесіне қатысады. 

5.3. Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар. 

№ 6 
6.1 Жұмбақтарды түсініп оқып, шешуін табыңдар. 
6.2 Жұмбақтың шешуін жазып, тиісті сұрақты қойыңдар. 

Төл өсіріп момақан, Оның тіккен бұйымы, 
Уыз ішкен қоймалжың, Аяғыңды қаптайды, 
Білсең айтшы балақан, Шыға қалса жұлымы, 
Еңбегі зейнет қай малшы? Әдемілеп тігеді. 
(қойшы) (етікші) 
Қараңғыны қақ жарып, Бал татыған мәзір, 
Жүрген кім шам жағып? Ол бар жерде әзір. 
(монтер) (аспаз) 

№ 7 
7.1. Сөздерді көшіріп, көп нүктенің орнына кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді жазыңдар. 
оқушы... кітап... бала.... үй... әже.... ұшқыш... құс... 
өзен... дәптер... гүл... 

№ 8 
8.1. Сөздерді оқыңдар. 
Шопан, ата, әже, тракторшы, апа, қарындас, шахтер, тігінші, іні,жүргізуші, сіңлі, ұста. 

8 .2. Көп нүктенің орнынына тиісті сөздерді қойып жазыңдар. 

Туыстықты білдіретін сөздер: ... 
Кәсіп иесін білдіретін сөздер: ... 

Бас әріппен жазылатын сөздер. 

№ 1 
1.1 Сөздерді көшіріп жазыңдар. 
Алматы-әсем қала. Балқаш-үлкен көл. Медеу әлемге әйгілі мұз айдыны. 
2.1. Бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар. 
2.2. Бұлар қандай сөздер? Ненің атын білдіреді? 

№ 2 
2.1. Сөздерді оқыңдар. 
Бауыржан, Өскемен, Үсен, Баянауыл, Аягөз, Ақбілек, Арал, Маңғыстау, Көкшетау, Қайсар, Ақтоғай, Зеренді, Қызылжар, Мәлике, Айдар, Айдын, Талдықорған, Алакөл, Хантәңірі,Түркіскен, Іле. 
2.2. Алдымен кісі аттарын, сонан соң жер-су аттарын теріп жазыңдар. 

№ 3 
3.1. Мәтінді көшіріп жазыңдар. 
Құлагер-жүйрік ат.Ол маған үйір. Мен оған қант беремін. 
3.2 Қай сөздер бас әріптен басталып жазылған? 

№ 4 
4.1. Сөздерді оқыңдар. 
Месторы, Ақтөс, Сырттан, Маңмаңгер, Алыпсоқ, Тайбурыл, Құтжол, Мойнақ, Керқұла, Ақбозат. 
4.2. Ат пен иттің аттарын бөлек-бөлек топтап жазыңдар. 
Не істеді? Неғылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер. 
№ 1 
1.1. Әңгімені оқып, мазмұнын айтып беріңдер. 
Шешесі жұмысқа кетті. Сара тауықтарға жем шашты, гүлдерге су құйды.Сонан соң тамақ пісірді.Шешесі жұмыстан оралды. Ол қызының ісіне қуанды. 
1.2. Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді. 

№ 2 
2.1. Мәтінді көшіріп жазыңдар . 
Қар еріді. Күн жылынды. Құстар ұшып келді. Жерді жасыл шөп жапты. Жеміс-жидек ағаштары гүлдеді. 
2.2. Заттың атын білдіретін сөздің астын бір рет, қимылын білдіретін сөздің астын екі рет сызыңдар. 
1.1. Мәтіндегі сөздерге сұрақ қойыңдар. 

№ 3 
3.1. Әр сөйлемдегі сөздерді өз орындарына қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар. 
1. тақтай, кесті, Ержан. 2. Нұржан, сүргіледі, тақтайды. 3. шеге қақты Мақсұт. 
3.2. Заттың атын білдіретін сөздер мен қимылын білдіретін сөздерді қосып оқыңдар. 
№ 4 
4.1 Сұрақтың орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. 
Ұста қашаумен (не істеді?). Сылақшы қалақпен (не істеді?). Кранмен жүкті (не істеді?). 
Керекті сөздер: қашады, сылады, көтерді. 
4.2. Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сызыңдар. 
№ 5 
5.1. Сөйлемдерді көшіріп жазып,заттың қимылын білдіретін сөздердің астын екі рет, заттың атын білдіретін сөздердің астын бір сызықпен сызыңдар. 
Бие - құлындайды, қой - маңырайды. Ешкі-лақтайды, түйе - боталайды. Сиыр-бұзаулайды, ит-күшіктейді. Тауық – жұмытқалайды, мысық-балалайды. 
№ 6 
6.1 Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. 
Ұшақ ұшт... . Кеме жүзд... . Аю ақ...рды. Қорадағы малдар үр...кті. 
6.1. Қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңдар. 

Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер. 

№ 1 
1.1. Берілген сөздерді оқып, көшіріп жызып, тиісті сұрақтарды қойыңдар. 
Қыс суық. Көктем жылы. Жаз ыстық. Күз салқын. 

№ 2 
2.1. Оқыңдар. 
Биік үй, қызыл орамал, өткір қайшы, ақылды бала, сыйлы адам, әдепті қыз, кең бөлме, ұзын ағаш, тәтті шырын. 
2.2. Сұрақтарға жауап беріңдер. 
1. Қандай үй? 2. Қандай орамал? 3. Қандай қайшы? 
4. Қандай бала? 5. Қандай адам? 5. Қандай қыз? 
7. Қандай бөлме? 8. Қандай ағаш? 9. Қандай шырын? 

№ 3 
3.1. Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар. 
Мынау – қызыл қарындаш. 
Мұнымен гүлді бояймын. 
Мынау – көк қарындаш, 
Мұнымен суды бояймын. 
3.2. Қандай? сұрағына жауап беретін сөздердің астын тиісті сызықпен сызыңдар. 

№ 4 
4.1. Заттың атын білдіретін сөздердің алдына заттың сынын білдіретін сөздерді қойып, көшіріңдер. 
... бала, ... ағаш,... бор, ... доп, ...кітап, ...сынып. 
4.2. Бұлардың қандай сұраққа жауап беретінін айтыңдар. 
№ 5 
5.1. Сөздерді оқыңдар. 
Ат, күрең, қызыл, ала, сиыр, бұзау, ақ, қозы, лақ, момақан, бота, бөрте, құлын, жирен. 
5.2. Берілген үлгіге қарап, заттың атын білдіретін сөздердің алдына заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жазыңдар. 
Үлгі: Қызыл сиыр. 
Сұрақтарға жауап беріңдер. 
1) Қандай? Қай? сұрақтары қандай сөздерге қойылады. 

Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер. 

№ 1 
1.1. Сөйлемдерді оқып шығып, көшіріп жазыңдар. 
Біз бірінші сыныпта оқимыз. Мен екінші партада отырамын. Гүлнұр үшінші партада отырады. 
1.2. Нешінші? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, астын сызыңдар. 
№ 2 
2.1. Берілген сандарды сөзбен жазыңдар. 
11, 12, 13, 14, 15. 
2.2. Екі таңбалы сан атауларының бөлек жазылатынын естеріңе сақтаңдар. 
№ 3 
3.1. Сұрақтарға жауап жазыңдар. 
1) Атың кім? 
2) Неше жастасың? 
3) Қай сыныпта оқисың? 
3.2. Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар. 

№ 4 
4.1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, толықтырып жазыңдар. 
Неше? Нешінші? 
екі үй екінші үй 
... ... 
Керекті сөздер: үш қабат, бес бөлме, үшінші қабат, бір орын, бесінші бөлме, бірінші орын. 

№ 5 
5.1. Сөздерді сұрақ қойып оқыңдар. 
Екі бала, үш оқушы, бес кітап, жеті қарындаш, бір өшіргіш, төрт сызғыш, алты қалам, он дәптер. 
Үлгі: Неше бала? – Екі бала. 

Сұрақтарға жауап беріңдер. 

1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады. 
2. Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді? 
3. Қандай? Қай? сұрағына жауап беретін сөздерді атаңдар. 
4. Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздерді атаңдар. 

Сөйлем. 

№ 1 
1.1. Әр сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар. 

Көктем келді. 
Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Жылғалардан су ақты. Өзендер тасыды. Мал төлдеді. Жылы жақтан құстар ұшып келді. 

1.2. Әр сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаңдар. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірінен бөлек жазылатынын аңғарыңдар. 

№ 2 
2.1. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазыңдар. 
1. Ойнады балалар жасынбақ. 2. Қайсар қалды арыққа жата. 3. Тығылды қалқасына Нұргүл теректің. 4. Отыр арасында Жапар қалың қурайдың. 5. Гүлнұр бастады іздей оларды. 
2.2. Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазыңдар. Соңына нүкте қойыңдар. 
№ 3 
Көктем, жер, бәйшешек, құстар туралы сөйлем құрап жазыңдар. 
Үлгі: Көктем келді. 
№ 4 
4.1. Сұрақтарға жауап жазыңдар. 
Қойды кім бағады? - ... 
Сиырды кім бағады? - ... 
Жылқыны кім бағады? - ... 
Машинаны кім жүргізеді? - ... 
4.2. Сұрау болатын сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылған? 
4.3. Жауап болатын сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылған? 
№ 5 
1.5.Жаңылтпашты оқып, сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері қойылғанын аңғарыңдар. 
Жаңылтпаш. 
Қарындашыңның ұшын үшкірлеп ұшта! 
Үшкірлеп ұштап, сақтап ұста. 
№ 6 
6.1. Сөйлемдерді оқып, әр сөйлемнің соңынан тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріңдер. 
Дала қандай тамаша Гүлдер неткен әсем Сен жазғы даланы тамашалап көрдің бе 
№ 7 
7.1. Оқып түсініп алыңдар,тыныс белгілеріне көңіл бөліңдер. 
-Сәуле сен не жейсің? 
- Мен нанмен қаймақ жеймін. 
- Сәуле,сен анаңа не дейсің? 
- Мен «рахмет» деймін. 
- Анаң не дейді? 
- «Ас болсын!» дейді. 
№ 8 
8.1. Қарамен жазылған сөздерді көтеріңкі дауыстен оқыңдар. 
Жасасын бейбітшілік! Отанымыздың даңқы арта берсін! Көктем қандай тамаша! Алақай апам келе жатыр! 
8.2.Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылған? 
Мәтіндермен жұмыс. 
№ 1 
1.1. Мәтінді оқып, түсініңдер.Онда не туралы айтылған? 

Жалбыз. 
Жалбыз-пайдалы өсімдік. Оның иісі сондай жақсы. Жалбыз сулы жерлерде өседі. Жалбыздан дәрі жасалады.Өзіміз жейтін кейбір кәмтитте, беті-қол жуатын сабында, тіс жуатын пастада жалбыздың иісі бар. 

№ 2 
2.1. Мәтінді оқып, көшіріп жазыңдар. Мәтін тақырыбының қалай жазылғанын байқаңдар. 

КӨКЕК. 
Көкек – шағын құс. Ол ұя салмайды. Жұмыртқасын кез келген құстың ұясына тастап кетеді. Балапанын басқа құстар басып шығарады. 
№ 3 
3.1. Мәтінді оқыңдар. Онда не туралы айтылған? 
Біздің аула өте көрікті. Оның айналасында жеміс ағаштары, әсем гүрдер өседі. Аулада бұрқақ, жасыл алаң бар. Алаңда түрлі спортпен шұғылданамыз. Жазда футбол, қыста хоккей ойнаймыз. Біз ауламызды күтіп ұстаймыз. Аула таза. 
3.3. Өздерің мәтінге ат қойыңдар. 
№ 4 
4.1. Мәтінді түсініп оқыңдар. 
Жылқының төлі 
Жылқының жаңа туған төлін құлын, еркелетіп құлыншақ деп атайды. 
Мерзімінен ерте туылған төлді марқа, кеш туылғанын кенже құлын деп атайды. 
Алты айдан бір жасқа дейінгі жабағы, бір жастан асқанын тай, екі жастан асқанын құнан, үш жастан асқанын дөнен деп атаймыз. 
4.2. Жылқы төлінің атауларын жаттап алыңдар. 
№ 5 
5.1. Мәтінде неше сөйлем бар? 
Жиде. 
Жиде – жемістің бір түрі. Жиде ағаштар бақта өсіріледі. Біз мектеп ауласына жиде ағашын отырғыздық. Оны суарып, күтеміз. Жиде піскенде, оның жемісін жейміз. 
5.2. Мәтіннен жиде туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. 
№ 6 
6.1. Мәтінді оқып, әңгімелеп айтыңдар. 
Сілеусін. 
Сілеусін – азулы, тырнақты, мықты аң. Теңбіл шұбар түсті, аяқтары балғадай, құлақтарының ұшы шашақты, көзі өткір. Орманның дәу мысығы осы сілеусін. Ол бұғы, маралды аулайды. Сілеусін – өте сақ, қауіпті аң. 
6.2. Мәтінге басқа қандай ат қоюға болады? 

Диктанттар жинағы 
Тілашар. 
1. Мен бірінші сыныпқа барамын. Ата-анам оқу құралдарын сыйлады.Мен жақсы оқушы боламын. (13 сөз) 
Қарауыл ит 
2. Бұзау үюлі тұрған шөпті жей бастады.Саққұлақ оған абалап үрді. Иттің даусын естіген бұзау шөпті жемей,кетіп қалды. (18 сөз)

Күз. 
3. Күз мезгілі. Күн суытты. Құстар жылы жаққа ұша бастады.Үсен мен Ұлан құстардың қайтуын бақылап тұр. (17 сөз) 

Күз. 
4. Күз келді. Күн суыта бастады. Құстар жылы жаққа ұшуға даярланды. Малға жылы қоралар әзірленді.Үйлерді жылытуға арналған құбырлар да жөнделді. (20 сөз) 

5. Қыс жақындады. Күн суытты. Тұман түсті. Шөптер мен ағаштарға қырау тұрды. Балалар жылы киімдерін киді. (15 сөз) 
Грамматикалық тапсырма: Не? Нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді тап. 

Қысқы еңбек. 
6. Біз ауламызды тазалаймыз. Қарды күрейміз, үйеміз. Үлкен дөңбек жасап, су құйдық.Сырғанақ дайын болады. Ағаштардың бұтағына құстарға арнап, жемсауыт іліп қойдық. Біз оған нан қиқымын саламыз. (26 сөз) 
Грамматикалық тапсырма: Не істеді? Не қылды? Қайтты? сұрақтарына жауап беретін сөзді тап. 
Табиғат оянды. 
7. Көктемде табиғат оянады. Тірі табиғатқа өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер, құстар жатады. Құстар көктемде ұшып келеді. Жан-жануарлар қысқы ұйқыдан оянады,інідерінен шығады. Жәндіктер күншуаққа жылынады. (24 сөз) 
Грамматикалық тапсырма: Жіңішке дауысты сөздердің астын сыз. 
Наурыз. 
8. Наурыз-жыл басы,Ұлыстың ұлы күні! Бұл күні Наурыз көже пісіріледі. Адамдар бір-біріне табыс,бақытты өмір тілейді. (18 сөз)

Наурыз тойы. 
9. Наурыз-жыл басы,көктем мейрамы. Ел оған сағынып жетеді.Наурыз мерекесінде наурыз көже дайындалады, дастарқан жайылады. Халық бір-бірін мерекемен құттықтайды. Әртүрлі ойындар ойнайды.(24 сөз) 
Грамматикалық тапсырма: Не? сұрақтарға жауап беретін сөздерді тап. 

Қарлығаш 
10. Арада екі күн өткен соң қарлығаш оралып қораға ұя салды. Өзіне серік тауып, жаздай мекендеп жүрді. Асан ылғи бақылап жүрді. Күз келіп құстар қайта бастады. Қарлығаш та көрінбей кетті. (27 сөз) 
Грамматикалық тапсырма: Асан ылғи бақылап жүрді. 
Сөйлемдегі сөздің байланысын көрсет. 

Қуаныш. (Бақылау диктанты) 
11. Талғат бірінші сыныпты үздік бағамен бітірді.Соңғы қоңырауда оған мақтау қағазын берді.Талғаттың қуанышында шек жоқ.Ол қағазын ең алдымен анасына көрсетті.Талғатқа анасы қуанып батасын берді. (27 сөз) 
Грамматикалық тапсырма: Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз



Қорыта келе айтарым баланың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілген жұмыстар осындай жұмыстар











Баяндама "Оқу және жазу дағдыларын қалыптастыруға арналған дидактикалық материалдар және оны пайдалану"
  • Начальные классы
Описание:

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебі, бастауыш сынып  мұғалімі.Баяндама. Оқу және жазу дағдыларын қалыптастыруға арналған дидактикалық материалдар және оны пайдалану                  

          Адамның бір қызығы бала деген.
        “Баланы оқытуды жек көрмедім” деп ұлы ақын Абай айтқандай бала тәрбиесі мен жас буынды оқыту бүгінгі таңда қоғам алдындағы тұрған жауапкершілігі мол да, биік мақсат. Сондықтан жас ұрпаққа жан – жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты борышы. Кейбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрлерін пайдаланса, кейбіреуі жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат біреу – ақ – ол бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойынша сіңіру.

 

Автор Сазанбаева Айгул Асановна
Дата добавления 15.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другое
Просмотров 1929
Номер материала 59712
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓