Главная / Другое / Баяндама: Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жағдайын талдау.

Баяндама: Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жағдайын талдау.

hello_html_m223701ef.gifhello_html_929df11.gifhello_html_36d17af5.gifhello_html_734d42f.gifhello_html_2833fce7.gifhello_html_552940eb.gifhello_html_3198d6ec.gifhello_html_2b91d7cd.gifhello_html_33b7ec2c.gifhello_html_m60f0b2cb.gifhello_html_m38166183.gifhello_html_2f577510.gifhello_html_m4c77866.gifhello_html_6fb85df3.gifhello_html_19355f20.gifhello_html_2d5c2bce.gifhello_html_m6c24c65b.gifhello_html_60762b23.gifhello_html_79347c83.gifhello_html_m36dc60f3.gifhello_html_m36dc60f3.gifhello_html_5c1bf58.gifhello_html_3b01e0f8.gifhello_html_359da3d5.gifhello_html_6effa1fe.gifhello_html_20ed6b16.gifhello_html_m71149aae.gifhello_html_429fd030.gifhello_html_5b14f151.gifhello_html_m1fbfa046.gifhello_html_2440979a.gifhello_html_195f1fc7.gifhello_html_m1bb31837.gifhello_html_6866da02.gifhello_html_4d54f4f5.gifhello_html_mea4f08c.gifhello_html_2cf072e6.gif

Абай жалпы орта білім беру мектебі









Баяндама


Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жағдайын талдау.




















Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі; Сұрағанова А.Т.







«Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат

 біздің қоғамымызды одан әрі

ұйыстыра түсетін  басты фактор болуға тиіс.

Біз алдағы уақытта да

мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі

кешенді шараларды жүзеге асыруды

табандылықпен жалғастыра береміз».

 

Нұрсұлтан Назарбаев

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілін дамытуды бүгіннен бастау қажеттілігін бұған дейін бір емес сан мәрте қайталап айтқан болатын. Өзінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында ол 2025 жылға қарай Қазақстан халқының 90 пайызы тек қазақ тілінде өзара тілдеседі деген болжамын жеткізген болатын. Сондай-ақ, ол қазақ әдебиетің қолданыс аясын кеңейтуді арнайы құзыретті органдарға жүктеген болатын.

Әдебиет – адам мінезін, оның дүниеге көзқарасын, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін, өзгерте алатын қуатты құрал.

Әдебиетті оқыту орыс сыныптарында  үлкен мәселе болып отыр. Өйткені қазіргі  ақпарат тасқыны әдебиетті оқуға уақыт қалдыра бермейді. Осындай жағдайда мектепте   қазақ әдебиетін екінші тіл ретінде оқытудың қиындығы екі есе артады. Өйткені оқушының   қазақ тілінде еркін сөйлемеуі, қарым-қатынас тілінің орыс тілінде болуы, оқушының  әдеби образды сөздерді түсінбеуі  оқыту үдерісін қиындата түседі. Сонымен қатар шығармада берілген тарихи шындықты оқушының кейде  біле бермеуі шығарма мазмұнын түсінуді күрделендіре түседі. Сондықтан оқушыны әдемілік пен  оқиғалы өмірге жетелейтін әдебиет сабағы қызықсыз сабаққа айналады. Сол себептен де, біз бүгін орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту мәселелерімен қатар қазақ әдебиетін оқытуды қоюымыз қажет. Бүгінде, қазақ әдебиетін оқытудың ең тиімді тәсілдерін қарастыра отырып, біз интерактивті тақталар мен жаңа технологияларды қолдана отырып сабақ жүргізу тәсілдерінің рөлін ерекше атап көрсеткіміз келеді. Орыс мектептеріндегі «Қазақ әдебиеті» пәнін интерактивті әдісті қолдану жолдарымен оқыту – айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны бәрімізге мәлім. Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл – оңай нәрсе емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние. Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жан күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз. Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.

Қазақ әдебиеті сабағындағы ең басты жұмыстардың бірі оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни, мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.

Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта – ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады. Көркем туындыны оқытудың ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда әр түрлі. Олар:сезім шабыттану, эмоция әсер, еліктеу, қиялдау армандау осы пәнде ерекше көрінеді.

Әдебиет – жан дүниені,он екі мүшені алпыс екі тамырды түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі адамды жетелеп алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызығы да, күрделігі де осында жатса керек. Көркем шығарманы оқытқан кезде төмендегідей деңгейлік жұмыстарды жүргізуді кешенді бағдарға алу орынды болар.

І деңгей – тақырып ішіндегі негізгі ойларды бөліп алып, соны шағындап өз сөзімен жазуға дағдыландыру.

ІІ деңгей – тірек сызбалары арқылы көркем шығарманың негізгі мазмұнын ашқызу.

ІІІ деңгей - көркем шығарма бойынша бейнесөз, сөзжұмбақ құрастырту (өздері түсінген сөздер бойынша)

Қорыта келгенде, әдебиет – тұнып тұрған тілдік байлық. Көркем әдебиетте тілдің эмоциялық және эстетикалық қуаты ерекше көрінеді. Бұл қазақ тілін жоғары деңгейде үйренуге мүмкіндік береді. Тіл – әдеби көркем шығарманың негізі.

  Үнтаспаның көмегімен салыстыру әдісін пайдаланып, орысша нұсқасын тыңдатуға болады. Қазақ әдебиеті пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс үлкен септігін тигізеді.

Сабақ жоспарын құрғанда Марал Жанпейісованың технологиясы бойынша сабақтарыма топтық және жұптық жұмыс түрлерін әр сабаққа енгізуді жөн көрдім, өйткені бұл тәсілдер сабақтың ұтымды өтілуіне көп септігін тигізеді. Осы ретте топтық жұмыс түрін жүргізу өте қолайлы, бір ескеретін жайт сұрақтарды құрастыруда мұғалім оқушы нені анық білу қажеттігін іріктеп алуы қажет. Оқушылардың санына орай топтарға бөліп, тапсырмалар үлестіріледі. Оқулықта ауқымы өте кең шығармалар бар, бұл оқыту үрдісі кезінде қиындықтар туғызады, осы ретте жұптық жұмыстың тағы бір түрінің берер септігі көп. Мысалы, Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына біз мәтінмен біраз жұмыс істеуіміз керек. Мәселені шешу үшін балаларды ең алдымен үш жұпқа бөліп, оларға тапсырмалар тараттым, әр тапсырма бір бөлімге байланысты алынды, осы бөлім көлемінде ең қажетті деп танылған сұрақтар қойылды, тапсырмаға міндетті түрде қаралатын бөлімнің тақырыбы жазылды. Белгіленген уақыт көлемінде жұптар берілген тапсырмаларға бөлім ретіне сәйкес жауап беріп, бір-бірін тыңдап, негізгісін дәптерлеріне түртіп алып отырды. Бұл әдіс баланың алтын уақытты үнемдеп, материалды толық меңгеруіне көмегін тигізді. Тағы қосарым, әр сабағымды сабақтың айдарынан бастауды дәстүрге айналдырдым, бұл әдіс мұғалімге үш мәселені шешуге септігін тигізеді, 1- өтілетін тақырыптың мазмұнын ашады, 2 - тәрбиелік мақсатын шешеді, 3- оқушы әр сабақта мақал-мәтел , нақыл сөз, қанатты сөз, немесе естеліктерді жаттап, әдеби сөздік қорын дамытуға ықпалын тигізеді. Осы ұсынылған әдістер оқушының көркем шығарманың идеялық мазмұнын, тақырыбын дұрыс ұғынуы үшін өте қажет деп ойлаймын.

Орыс мектебінің қазақ әдебиеті пәнін оқытуда тірек сызбаларын пайдалану оқушылардың танымдық қабілеттерін, тіл шеберлігін ұштайды.

Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтіннің мазмұнын айтқызуда тірек схемаладың берері мол: өткен сабақтарды бекіте отырып, оқушыны жаңа ізденіске жетелейтін бірден –бір әдіс.

Өз тәжірибемдегі қазақ тілі сабақтарында қолданылып келе жатқан тірек сызбалардың тиімділігі туралы айтқым келеді.

Тірек сызбалар – негізінде барлық оқушылардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында пайдаланалатын тәсілдің бірі. 

Тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі. Негізінде орташа оқитын оқушыларға пайдаланған өте тиімді: себебі олар схема бойынша сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып жеткізуге үйренеді, сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады. Тірек сызба бере отырып, сұхбат құрғызу орыс тілді балаларға қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, ойлау қабілетін арттырып, сөйлемдер құрастыра үйретуге мүмкіндік береді.


Тірек сызбалардың үлгісі

Тұңғыш ғалым, Омбы қаласы адютант

Тарихшы, этнограф,суретші,

географ

1835-1865

200-дей

Ш.Ш. Уәлиханов кім?

Ол туралы не білесің?


1855ж. Орта Азия,

Жетісу, Тарбағатай, Қашғария,

Жоңғария Мұхаммедханафия

«Манас» 7 жұрт тілін білу

«Семей»


Ақын, аудармашы, қоғам қайраткері 1893 ж. Солтүстік Қазақстан обл.Баянауыл ауданы

Ауыл молдасы


Ақмола, Уфа медресе арабша, парсынша, түрікше Омбы қ.мұғалім

Мағжан «Шолпан», Қазан қ.


Жұмабаев Ташкент қазақ-қырғыз институты

1922 ж. «Батыр-Баян»

1928ж.Мәскеу қ.В.Брюсов атындағы Көркем әдебиет институты

Мәскеу қ.Күншығыс баспасында аудармашы

Қызылжарда Бұрабайда мұғалім.

1929 ж. «Халық жауы»

Кейінгі жылдары сабақтарымда қолданып жүрген «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясына тоқталсам.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

  • Шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

  • Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

  • Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығышулығынан тұратын, үйренүшінің сеніміне негізделген құрылым.

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:

  1. Қызығушылықты ояту.

  2. Мағынаны тану.

  3. Ой толғаныс.

І топ ІІ топ

Абай Абай


Ақын Сазгер Қара сөздері Лирикалары

Құнанбай

Семей Оқу -бөлім

Зере Ұлжан









Венн диаграммасы

Жақсы әдет Жаман әдет

Білімді Өтірікші

Ақылды Қызғаныш

Қаырымды Мақтаншақ

Адам бойындағы

қасиет сіңеді,

тәрбиелеуге болады


«Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» - деп Әбу Насыр әл Фараби айтқандай әдебиетті дамыту жұмыстары саналы меңгеріп, байланыстыра сөйлеуде ғана емес, болашақ ұрпақтың ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда беретін әсері мол. Оқушыларды қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыру әр ұстаздың шеберлігіне, шығармашылығына байланысты. Әдебиетті жақсы білу - толеранттылық мәдениетін қалыптастыруға негіз болатын маңызды фактор.

«Бiр жылдығын ойлаған халық егiн егедi, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егедi, мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейдi»,- деген халық даналығы бар. Елбасы осы пiкiрдi тереңдете: «Алыстан ойламаған жақыннан уайым табады» деген сөз бар. Бiз болашағымызды болжап отырған елмiз. Ендi тек ұмтылыс керек, еңбек пен қабiлет, ең бастысы, Отанға деген шексiз сүйiспеншiлiк керек»,

Айтылған жұмыс түрлері мұғалімдерді өзіндік ізденіске жетелейді деп сенемін. Қай тақырыпты оқытуда болмасын мұғалімнің ойы, шеберлігі қажет деп сөзімді аяқтағым келеді.


Баяндама: Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жағдайын талдау.
  • Другое
Описание:

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілін дамытуды бүгіннен бастау қажеттілігін бұған дейін бір емес сан мәрте қайталап айтқан болатын. Өзінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында ол 2025 жылға қарай Қазақстан халқының 90 пайызы тек қазақ тілінде өзара тілдеседі деген болжамын жеткізген болатын. Сондай-ақ, ол қазақ әдебиетің қолданыс аясын кеңейтуді арнайы құзыретті органдарға жүктеген болатын.

  Әдебиет – адам мінезін, оның дүниеге көзқарасын, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін, өзгерте алатын қуатты құрал.

Әдебиетті оқыту  орыс сыныптарында    үлкен мәселе болып отыр. Өйткені қазіргі  ақпарат тасқыны әдебиетті оқуға уақыт қалдыра бермейді. Осындай жағдайда мектепте   қазақ әдебиетін екінші тіл ретінде оқытудың қиындығы екі есе артады. Өйткені оқушының   қазақ тілінде еркін сөйлемеуі, қарым-қатынас тілінің орыс тілінде болуы, оқушының  әдеби образды сөздерді түсінбеуі  оқыту үдерісін қиындата түседі. Сонымен қатар шығармада берілген тарихи шындықты оқушының кейде  біле бермеуі шығарма мазмұнын түсінуді күрделендіре түседі. Сондықтан оқушыны әдемілік пен  оқиғалы өмірге жетелейтін әдебиет сабағы қызықсыз сабаққа айналады. Сол себептен де, біз бүгін орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту мәселелерімен қатар қазақ әдебиетін оқытуды қоюымыз қажет. Бүгінде, қазақ әдебиетін оқытудың ең тиімді тәсілдерін қарастыра отырып, біз интерактивті тақталар мен жаңа технологияларды қолдана отырып сабақ жүргізу тәсілдерінің рөлін ерекше атап көрсеткіміз келеді. Орыс мектептеріндегі «Қазақ әдебиеті» пәнін 

Автор Сураганова Алма Тулегеновна
Дата добавления 27.01.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 1137
Номер материала 55091
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓