Главная / Музыка / Баяндама "Оркестрдің өз ерекшелігі бар"

Баяндама "Оркестрдің өз ерекшелігі бар"

Оркестрдің өз ерекшелігі бар

Оркестр гректің oreh estra – сахна алдындағы алаң деген сөзінен шыққан. Оркестр – әртүрлі аспаптардың ойнайтын музыкант-орындаушылардан тұратын үлкен коллектив . Ол осы күні негізінен профессионалдық және көркем өнерпаздық болып екіге бөлінеді. Профессионалдық оркестр – музыкалық сауаты бар, өз аспабын белгілі бір деңгейде жете меңгерген орындаушылардан құралған ұжым. Оркестр туралы сөз қозғағанда , халықтың күнделікті тыныс тіршілігімен астасып жатқан , ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге жеткен халық аспаптарынан тұратын оркестрлер туралы айтпай кету мүмкін емес. Қазақстанда оркестр өнері 30-жылдары қалыптасып, дами бастады. Дегенмен, Құрманғазы, Дәулеткерей сынды атақты халық композиторларының , сол сияқты ел ішінде басқа да күйшілердің шәкірттерімен бірігіп, 3 домбыраның басын қосып ойнауын қазақ халқының аспаптық ансамблінің алғашқы үлгісі деуге болады.

Қашанда жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Соның ішінде эстетикалық тәрбиенің алар орны бір бөлек. Эстетикалық тәрбиенің жасөспірімдер санасында дүниетаным қалыпты дамуына, әсемдік атаулыны сезініп өсуіне ықпалы зор. Оқушыларды оркестрге тарту сол үшін қажет.

Біздің музыка мектебінде оқушылар оркестрі бар. Жетекшісі – осындағы тәжірибелі ұстаз Мұхтар Саримов. Оқушылар оркестрінің мүшелері оқу барысында шеберліктерін шыңдаумен қатар, ауылда өтетін мәдени шараларда өз өнерлерін көрсетіп жүр. Өткен жылдары өнер бақауларына қатысып, аудандық ұжымдық байқауда жүлделі екінші орынға ие болды.

Енді оқушылар оркестрін құру мәселесіне келейік. Біздің тәжірибемізде оркестрге оқушыларды қабылдау оқу жылының басында жүргізілгені дұрыс. Әрине, оқу жылы кезінде де талапты оқушыларды қабылдап, оркестр құрамын толықтырып отыруға болады.

Бұл тұрғыда, оқушылардың музыкалық қабілетін тексеріп, олардың ырғақты сезіне білетін қасиетін анықтау керек. Оркестр жұмысын ұйымдастыруда қойылатын басты талап- репертуар таңдау. Сондықтан, жетекші оркестр репертуарын жасағанда, музыкалық шығармалардың мазмұндылық , мәнерлілік жағына көбірек көңіл бөлгені жөн. Репертуарға халық арасында кең тараған «Кеңес», «Келіншек», «Айжан қыз», «Кісен ашқан», «Тойбастар», «Қос-алқа» күйлерін, сол сияқты, халық және балалар әндерін, орыс және Батыс Европа композиторларының ойнауға жеңіл шығармаларын алуға болады.

Жетекші мынадай бағытта жоспар құрып, жұмысты сол бойынша жүргізеді. Алдымен қол қимылдарының қарапайым түрлерін үйрету. Екінші – ноталық жазбаларды оқытып және жеңіл музыкалық шығармаларды талдатып үйрету. Сонан соң, жеңіл музыкалық шығармаларды мәнеріне келтіріп орындау. Балалардың музыкаға деген ынтасын арттырып, есту қабілетін дамыту.

Оркестр мүшелерінің эмоционалдық – интеллектуалдық сезімдеі оянып, ой –өрістері дамуы , шығарма мазмұнын дұрыс түсініп, техникалық мүмкіндіктері кеңейе түсуінде. Сондай – ақ, бұл жетекшінің балалардың шамасына лайықты және түсінікті материалдарды іріктеу мен ұйымдастыра білуін қажет етеді

Балалар арасында жоғары техникалық дәрежедегі «Сарыарқа», «Балбырауын» ойнағысы келетіні болады. Мұндайда жетекші сабырлық танытып, «Сенің ол күйде орындауға шамаң жетпейді» деп тыйып тастамай, алдымен жеңіл ән-күйлер, сосын қалаған күйлерінің кейбір бөліктерін бірлесе ойнап көрсетіп, оқушы ынтасын демей қолдағаны жөн. Яғни, балаларды бұл салада баулудың да өзіндік әдісі бар. Мұны «метод» - грек тілінде адамның практикалық әрекеттерін және өмірді тани білу амалдарының жолдарын, тәсілдерін білдіреді. Оркестрде ойналатын музыкалық шығарманың ерекшелігіне (күй, пьеса, би, ән т.б.), оқушылардың жасына, білім деңгейіне байланысты оқыту, тәрбиелеу әдістері әртүрлі болып келеді. Мәселен, оркестрде ойнауға Құрманғазының бір күйі белгіленді делік. Жетекші оны ешқандай қосымша жұмыс түрлерін қолданбай, әдіс-тәсілсіз, сол қалпында үйрете салса, жоғарыда айтылған мақсаттардың біреуіне де жетпес еді. Ал оқушылар ешқандай құштарсыз, ынта-ықылассыз жалпылама дәрежеде ғана игерген болар еді.

Сайып келгенде, жетекші оркестр мүшелерімен оқу-тәрбие жұмысын жүргізуді шығармашылықпен атқара білуі қажет. Ендеше оның алдына қойылар міндет те зор. Атап айтқанда, ұжымның шығармашылық қабілеті да дамуына, көркемдік мәнері қалыптасуына, оркестрдің ойнау мүмкіншілігіне қарай, жетекші жылдық оқу-тәрбие жұмысымен репертуар жоспарын жасайды. Үйірме активімен бірлесе отырып, оркестрге жаңа мүшелер іріктеу жұмысын ұйымдастырады. Мектеп жастарына сәйкес концерт бағдарламасының дайындығын қамтамасыз етеді. Ұжымның түрлі байқаулар мен фествалдарға, концерттерге қатысуын ұйымдастырады. Сонымен бірге, оркестр жетекшісі түрлі әдістемелік және оркестрге арналған оқулықтармен танысып, үнемі өз білімін де жетілдіріп отыруға тиіс.

Ақболат Кдыргалиев

Ақжай ық музыка мектебінің директоры

Баяндама "Оркестрдің өз ерекшелігі бар"
  • Музыка
Описание:

Автор Айтлесова Нурлы Жылкайдаровна
Дата добавления 13.03.2015
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров 398
Номер материала 57969
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓