Главная / Информатика / БАЯНДАМА. ЖАҢА ҮЛГІДЕ САБАҚТАРДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.(ОМЖ, ҚМЖ)

БАЯНДАМА. ЖАҢА ҮЛГІДЕ САБАҚТАРДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.(ОМЖ, ҚМЖ)

hello_html_m40ab0da9.gif

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,

15 орта мектептің информатика пәні мұғалімі

Ахметова Меруерт Серікжанқызы

ЖАҢА ҮЛГІДЕ САБАҚТАРДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Заман ағымына ілесіп жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі мақсат. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін қажеттілікке жарата білетін, өзіндік пікірі бар жас ұрпақты тәрбиелеу қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті.

Республикамызда Кембридждік бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқан деңгейлік курстардың негізгі мақсаттарының бірі де осы. Осы орайда Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығында екінші (негізгі) деңгейлік курс бағдарламасын аяқтағаннан кейін мен де алдыма мақсаттар қойдым. Курс барысында білікті мамандардың тәжірибесін ала отырып кәсіби білімімізді шыңдап, білім беру жүйесіндегі тың жаңалықтармен қанығып, жаңаша көзқарастарымыз қалыптаса бастады. Жаңалықтарымыз бен жаңаша идеяларымызды алдағы уақытта мектеп, қала көлемінде әріптестерімізбен бірлесе іс-тәжірибемізді бөлісу, жетілдіруде жоспарлы түрде жұмыстар атқармақпыз.

Ұзақ жылдар қалыптасып қалған дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытып келген мұғалімге жаңашыл идеяларды қабылдап, оқушыларға сындарлы білім беруде алдымен мұғалім ұстанымын өзгерту керек болады. Белгілі ғалым Пажарестің айтуынша мұғалім ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі.

Ал мақсатымызға жету үшін іс-әрекетімізді дұрыс жоспарлау керек. Екінші деңгей бағдарламасының тыңдаушыларға үйреткен бір саласы да осы – жоспар.

Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс

Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру тәжірибесінде бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады.

Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтап топтамасын жоспарлаудың мақсаты:

Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;

Оқыту тәжірибесінде жеті модульді ықпалдастыру;

Әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу;

Оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;

Осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын көрсету;

Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету;

Барлық оқушыларды қамтуға бағытталған статегиялық жоспарлау.

Оқу мақсаты мен оның нәтижелері

Оқу мақсаты – мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер. Осыған байланысты, оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:

Сіздің ойыңызша, оқушылардың нені білуге тиіс?

Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?

Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.

Оқу нәтижелері:

оқушыға бағытталуы тиіс;

белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;

оқушының оқу үлгеріміне тұрғысынан жазылуы керек.

6-сыныптағы информатика пәні бойынша орта мерзімді жоспар үлгісі.

Тақырыбы, негізгі мақсаттары мен оқытудың нәтижелері. Тізбектелген сабақтардың жиынын аяқтағанда оқушы бойында қалыптасатын білім, білік, дағды.

Жұмыстың белсенді формалары (ЖЖ, ТЖ, ЖЖ) АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері

Оқушы әрекетін бағалауды сіз қалай қолданасыз?

Сабақ барысында сыныптағы барлық оқушыларды қалай жұмысқа тартасыз? (дарынды, талантты)

Сөйлеуге үйретудегі кедергілерді қалай жоясыз?

Жоспарланған және күтілген нәтиженің оқушылардан анықталуы

Негізгі мақсат: Презентация бағдарламасымен, мүмкіндіктерімен таныстыру, презентация құрады және анимация, дыбыс, видеоларды кірістіруді үйренеді.

1-сабақ

Тақырыбы: Презентациялар. Бағдарлама интерфейсімен танысу.

Мақсаты және күтілетін нәтиже: презентациялар мен бағдарлама интерфейсінің мүмкіндіктерімен танысады. Бағдарламаның артықшылықтары мен айырмашылықтарын ажыратады.

Топқа бөлінеді. Пазлдармен бөлу, «Әлемнің жеті кереметі».

Миға шабуыл жасау, сын тұрғысынан ойлау, диалог, зерттеушілік әңгіме, АКТ, интерактивті тақта, ой қозғау

Формативті критерийлері бар бағалау. Пікір білдіру. Қорғау. Вербальді, вербальді емес бағалау түрлері. Өзін-өзі бағалау.

Оқушылардың топта бір- біріне көмек көрсету, бір- біріне сұрақ қоюы, жұмыстарды бірігіп қорғауы, ортақ пікірге келуі.

Ашық және жабық сұрақтар қолдану, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы.

Кері байланыс, рефлексия парақтары арқылы.

2-сабақ

Тақырыбы: Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

Мақсаты және күтілетін нәтиже: презентацияларды өздері таңдаған үлгі бойынша және әртүрлі шаблондарды қолданып құрады, безендіреді.

Топқа бөлінеді. Пазлдармен бөлу, «Әлемнің жеті кереметі»Топтық жұмыс. Жұптық жұмыс, АКТ, интерактивті тақта, ноутбук

«Ыстық орындақ» әдісі, ашық және жабық сұрақтар қолдану, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы, жұмыстарын қорғауы арқылы

Оқушылардың топта бір- біріне көмек көрсету,

Кері байланыс арқылы, рефлексия

Екі жұлдыз бір тілек

Формативті бағалау, бірін-бірі бағалайды табыс өлшемдері арқылы, өзін-өзі бағалайды.

3-сабақ

Тақырыбы: Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру.

Мақсаты және күтілетін нәтиже:презентация құруда қосымша мүмкіндіктерімен танысады, кестелер, суреттер, бейнелер және дыбыстарды кірістіруді қолданады.

Сыни тұрғысынан ойлау, АКТ, интерактивті тақта, көшбасшылық, талантты және дарындылық тапсырмасы.

Блум таксономиясын қолданып сұрақтар қою, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы.

СТО, оқушылар тапсырманы орындауда бір-біріне көмек көрсетеді.

Кері байланыс арқылы , рефлексия парақтарынан

Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, топ басшысының бағалауы. Вербальді бағалау, яғни «өте жақсы», «жақсы», «жарайсың» «сіздің қолыңыздан келеді»

4-сабақ

Тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.

Мақсаты және күтілетін нәтиже: құрылған презентацияларына анимация әсерлерін кіргізіп баптауды үйренеді. Презентация құруда алған білімдерін өмірмен байланыстырып жетілдіреді, кеңейтеді. Құрылған презентацияларын көрсетіп, қорғайды.

Ашық және жабық сұрақтар қолдану, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы. Жұмыстарын қорғау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Оқушылардың топта бір- біріне көмек көрсету, бір- біріне сұрақ қоюы, ой туғызу, жұмыстарды бірігіп қорғауы, ортақ пікірге келуі.

Формативті бағалау. Пікір білдіру. Қорғау. Дәлелдеу. Топтар бір бірін бағалау.

Сабақтың орта мерзімді жоспары (ОМЖ) құрылып алғаннан кейін бізге әр сабақтың мақсаттары, жұмыстың белсенді формалары, оқушы әрекетін бағалау, күтілетін нәтижені қалай анықтаймыз бәрі белгілі болады. Сабақтың қысқа мерзімді жоспарын ОМЖ-ны басшылыққа ала отырып құрамыз. Ұсынылып отырған ҚМЖ үлгісінде бағдарламаның жеті модулі қамтылған екі кестеден тұрады, бірінші кестеде сабақтың тақырыбы, мақсаты, сілтемелер, оқу нәтижесі, негізгі идеялар, қолданылатын материалдар, оқыту формасы, технология, әдістері көрсетіліп жазылады.

Екінші бөлімі сабақтың кезеңдерін Блум таксономиясына сала отырып мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері көрсетіледі. Блум таксономиясының білімді игеруге бағытталған алты қадамын қолдану сабақ кезеңдерін жоспарлауда өте тиімді.

Сабақтың қысқа мерзімді жоспары (ҚМЖ) үлгісі:

Күні:

Пәні: информатика

Сыныбы: 6 ә

Сабақтың тақырыбы:

Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

Жалпы мақсаты:

Презентациялардың әртүрлі үлгілерімен, шаблондармен танысады, таңдаған үлгі бойынша және әртүрлі шаблондарды қолданып презентация құрады, безендіреді.

Сілтеме:

Microsoft PowerPoint, электронды оқулық

Оқу нәтижесі:

Оқушылар әртүрлі шаблон, дизайн үлгілерін қолданып презентация құруды, сақтап, ашуды үйренеді.

Негізгі идеялар:

Презентация, слайд, шаблон, дизайн үлгілері

Қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, ноутбук, электронды оқулық, фломастерлер, смайликтер, бейнеролик.

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

«Ыстық орындық» әдісі. Жеке жұмыс, топтық жұмыс, топпен жұмыс, Блум таксономиясы.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

Топқа бөлінеді. Пазлдармен бөлу, «Әлемнің жеті кереметі».

Топқа бөлінеді. Алған қиықтары бойынша жинап, топқа бірігеді. Топ ережесін құру.

І. Білу

«Ыстық орындық» әдісі.

Қайталау сұрақтарын қою.

  1. Презентация дегеніміз?

  2. Слайд ұғымына анықтама?

  3. Қандай бағдарламаның көмегімен презентация құрамыз?

  4. Бағдарламаны іске қосу?

  5. Файл мәзірінің командалары?

  6. Қою мәзірі нелерден тұрады?

  7. Слайд қосу үшін?

  8. Құжатты қалай сақтаймыз?

  9. Сақталған құжатты ашу үшін?

  10. MS PowerPoint-та құрылған құжаттың кеңейтілімі?

Топтан бір-бір оқушыдан шығып, ыстық орындық сұрақтарына жауап береді. Қалған оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарын қояды.

ІІ.Түсіну

Интерактивті тақтада, электронды оқулықтан жаңа тақырып түсіндіріледі.

Түсініп тыңдап, қажеттісін жазыл дәптерге жазып алып отырады.

ІІІ. Қолдану

Жекелей тапсырма. Әрбір оқушы «Таныстырылым» өз презентациясын құрады.

Болу керек мәліметтер:

  • Өзі жайлы

  • Отбасы

  • Мектебі, сыныбы

  • Достары

  • Жетістіктері

  • Арманы , т.с.с.

Шарттары:

  • Дизайн, шаблонды пайдалану

  • Макет түрлері

  • Слайдтар ауысуы

  • Мазмұндылығы

  • Эстетикалық безендірілуі.

Әрбір оқушы «Таныстырылым» өз презентациясын құрады.

Сергіту сәті.

Әуен ырғағымен би билеу.

«Көңілді қояндар» биі.

Би билейді.

ІҮ. Талдау

Жұптасып жұмыстарын талқылап, бағалайды. Топ болып бағалап, шарттардың орындалуын тексеріп, үздік деген жұмыстарды анықтайды.

Оқушылар жұптарының жұмысын талқылайды, бағалайды.

Топпен үздік жұмысты анықтайды.

Ү.Жинақтау

Тақтада үздік деп танылған жұмысты сынып болып бірге тамашалап, оқушылар өз пікірлерін айтады.

«Үздік безендіруші», «Шығармашылығы», «Мазмұндылығы» бойынша марапаттаймыз.

Оқушылар жұмыстарын интерактивті тақтадан қорғайды.

ҮІ.Бағалау

Өзін-өзі бағалау. «Бағдаршам» ойыны арқылы оқушылар жасыл (түсіндім, орындадым), қызыл (түсінбедім), сары (түсінбеген тұстарым бар) бағалайды. Топбасшысының бағалауы «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы.

Өзін-өзі бағалайды.

Топбасшысы бағалайды.

V. Үйге тапсырмасын беру

«Менің арманым» тақырыбында презентация құрып келу.

Презентация мүмкіндіктерін оқып келеді.

Оқушылар «Менің арманым» тақырыбында презентация құрып келеді.

VII. Рефлексия

«Бүгінгі сабақтан менің алғаным...» стикерге өз ойларын жазып, тақтаға іледі.

Стикерге ойларын жазып тақтаға іледі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші деңгей. (2014 жыл)

  2. Екінші деңгей курстарының үлестірме материалдары, (2014 жыл)

5

БАЯНДАМА. ЖАҢА ҮЛГІДЕ САБАҚТАРДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.(ОМЖ, ҚМЖ)
  • Информатика
Описание:

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,

 №15 орта мектептің информатика пәні мұғалімі

Ахметова Меруерт Серікжанқызы

ЖАҢА ҮЛГІДЕ САБАҚТАРДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 Заман ағымына ілесіп жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі мақсат. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін қажеттілікке жарата білетін, өзіндік пікірі бар жас ұрпақты тәрбиелеу қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті.

Республикамызда Кембридждік бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқан деңгейлік курстардың негізгі мақсаттарының бірі де осы. 

Ұзақ жылдар қалыптасып қалған  дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытып келген мұғалімге жаңашыл идеяларды қабылдап, оқушыларға сындарлы білім беруде алдымен мұғалім ұстанымын өзгерту керек болады. Белгілі ғалым Пажарестің айтуынша  мұғалім ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі.   

Ал мақсатымызға жету үшін іс-әрекетімізді дұрыс жоспарлау керек. Екінші деңгей бағдарламасының тыңдаушыларға үйреткен бір саласы да осы – жоспар.

Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс

Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру тәжірибесінде бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады.

Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтап топтамасын жоспарлаудың мақсаты:

Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;

• Оқыту тәжірибесінде  жеті модульді ықпалдастыру;

Әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу;

• Оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;

• Осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын көрсету;

• Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету;

• Барлық оқушыларды қамтуға бағытталған статегиялық жоспарлау.

Оқу мақсаты мен оның нәтижелері

Оқу мақсаты – мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер. Осыған байланысты, оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:

Сіздің ойыңызша, оқушылардың нені білуге тиіс?

Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?

Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.

Оқу нәтижелері:

• оқушыға бағытталуы тиіс;

• белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;

• оқушының оқу үлгеріміне  тұрғысынан жазылуы  керек.

6-сыныптағы информатика  пәні бойынша орта мерзімді жоспар үлгісі.

Тақырыбы, негізгі мақсаттары мен оқытудың нәтижелері. Тізбектелген сабақтардың жиынын аяқтағанда оқушы бойында  қалыптасатын білім, білік, дағды.

Жұмыстың белсенді формалары (ЖЖ, ТЖ, ЖЖ) АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері

Оқушы әрекетін бағалауды сіз қалай қолданасыз?

Сабақ барысында сыныптағы барлық оқушыларды қалай жұмысқа тартасыз? (дарынды, талантты)

Сөйлеуге үйретудегі кедергілерді қалай жоясыз?

Жоспарланған және күтілген нәтиженің оқушылардан анықталуы

Негізгі мақсат: Презентация бағдарламасымен,  мүмкіндіктерімен таныстыру, презентация құрады және анимация, дыбыс, видеоларды кірістіруді үйренеді.

1-сабақ

Тақырыбы: Презентациялар. Бағдарлама интерфейсімен танысу.

Мақсаты және күтілетін нәтиже: презентациялар мен бағдарлама интерфейсінің мүмкіндіктерімен танысады. Бағдарламаның артықшылықтары мен айырмашылықтарын ажыратады.   

Топқа бөлінеді. Пазлдармен бөлу, «Әлемнің жеті кереметі».

Миға шабуыл жасау, сын тұрғысынан ойлау,  диалог, зерттеушілік әңгіме, АКТ, интерактивті тақта, ой қозғау

Формативті критерийлері бар бағалау. Пікір білдіру. Қорғау. Вербальді, вербальді емес бағалау түрлері. Өзін-өзі бағалау.

Оқушылардың топта бір- біріне көмек көрсету, бір- біріне сұрақ қоюы, жұмыстарды бірігіп қорғауы, ортақ  пікірге келуі.

Ашық және  жабық сұрақтар қолдану, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы.

Кері байланыс, рефлексия парақтары  арқылы.

2-сабақ

Тақырыбы: Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

Мақсаты және күтілетін нәтиже: презентацияларды өздері таңдаған үлгі бойынша және әртүрлі шаблондарды қолданып құрады, безендіреді.   

Топқа бөлінеді. Пазлдармен бөлу, «Әлемнің жеті кереметі»Топтық жұмыс. Жұптық жұмыс, АКТ, интерактивті тақта, ноутбук

«Ыстық орындақ» әдісі, ашық  және  жабық сұрақтар қолдану, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы, жұмыстарын қорғауы арқылы

Оқушылардың топта бір- біріне көмек көрсету,

Кері байланыс арқылы, рефлексия

Екі жұлдыз бір тілек

Формативті бағалау, бірін-бірі бағалайды табыс өлшемдері арқылы, өзін-өзі бағалайды.

3-сабақ

Тақырыбы: Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру.

Мақсаты және күтілетін нәтиже:презентация құруда қосымша мүмкіндіктерімен танысады, кестелер, суреттер, бейнелер және дыбыстарды кірістіруді қолданады. 

Сыни тұрғысынан ойлау, АКТ, интерактивті тақта, көшбасшылық, талантты және дарындылық тапсырмасы.

Блум таксономиясын қолданып сұрақтар қою, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы.

СТО, оқушылар тапсырманы орындауда бір-біріне көмек көрсетеді.

Кері байланыс арқылы , рефлексия парақтарынан

Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, топ басшысының бағалауы. Вербальді бағалау, яғни «өте жақсы», «жақсы», «жарайсың» «сіздің қолыңыздан келеді»

4-сабақ

Тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.

Мақсаты және күтілетін нәтиже: құрылған презентацияларына анимация әсерлерін кіргізіп баптауды үйренеді. Презентация құруда алған білімдерін өмірмен байланыстырып жетілдіреді, кеңейтеді. Құрылған презентацияларын көрсетіп, қорғайды. 

Сыни тұрғысынан ойлау, АКТ, интерактивті тақта,  көшбасшылық, талантты және дарындылық тапсырмасы.

Ашық және  жабық сұрақтар қолдану, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы. Жұмыстарын қорғау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Оқушылардың топта бір- біріне көмек көрсету, бір- біріне сұрақ қоюы, ой туғызу, жұмыстарды бірігіп қорғауы, ортақ пікірге келуі.

Кері байланыс арқылы , рефлексия парақтарынан

Формативті бағалау. Пікір білдіру. Қорғау. Дәлелдеу. Топтар бір бірін бағалау.

Сабақтың орта мерзімді жоспары (ОМЖ) құрылып алғаннан кейін бізге әр сабақтың мақсаттары, жұмыстың белсенді формалары, оқушы әрекетін бағалау, күтілетін нәтижені қалай анықтаймыз бәрі белгілі болады. Сабақтың қысқа мерзімді жоспарын  ОМЖ-ны басшылыққа ала отырып құрамыз. Ұсынылып отырған ҚМЖ үлгісінде бағдарламаның жеті модулі қамтылған екі кестеден тұрады, бірінші кестеде сабақтың тақырыбы, мақсаты, сілтемелер, оқу нәтижесі, негізгі идеялар, қолданылатын материалдар, оқыту формасы, технология, әдістері көрсетіліп жазылады.

Екінші бөлімі сабақтың кезеңдерін Блум таксономиясына сала отырып мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері көрсетіледі. Блум таксономиясының білімді игеруге бағытталған алты қадамын қолдану сабақ кезеңдерін жоспарлауда  өте тиімді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.                  Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші деңгей. (2014 жыл)

2.                  Екінші деңгей курстарының үлестірме материалдары, (2014 жыл)

Автор Ахметова Меруерт Серикжановна
Дата добавления 10.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 5973
Номер материала 53547
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓