Главная / Другое / Баяндама. Тақырыбы: "Оқыту үрдісі мен білімгер жетістігін диагностикалау"

Баяндама. Тақырыбы: "Оқыту үрдісі мен білімгер жетістігін диагностикалау"

Оқыту үрдісі мен білімгер жетістігін диагностикалау


Білім саласындағы қазіргі жағдай оқытушылардан нақты пәнді оқытуды басқару мақсаты мен педагогикалық үрдістерді және құбылыстарды зерттеуді, ол үшін маңызды болатын педагогикалық диагностика әдістері мен құралдарын меңгеруді талап етеді. Педагогикалық диагностика ұғымы 1968 жылы неміс педагогі К. Ингенкамп ұсынған. Ол педагогикалық диагностиканың келесі негізгі міндеттері:

  • Жеке дара оқыту үрдісін үйлестіру;

  • Қоғам мүддесіне сай оқыту нәтижелерін дұрыс анықтауды қамтамасыз ету;

даму деңгейіне сәйкес білімгерлерді топтарға бөлгенде және білімгерлерді кәсіптік бағдарлауда неғұрлым аз қате жіберуді ескеретін анықтаманы қолайлы деп есептейді. Автордың пікірінше, педагогикалық диагностика көмегімен оқу үрдісі талданады және оқыту нәтижелері талданады. Бұл үрдісті оқытушы сапаның қажетті ғылыми крийтерилерін сақтай отырып, мынадай әрекеттер жасайды: білімгерлерді бақылайды, сауалнама жүргізеді, бақылау, сұраудың нәтижелерін өңдейді, алған нәтижелерді хабарлайды. Оқытушы диагностика көмегімен білімгерлердің білім меңгеру барысындағы мүмкін болатын сәтсіздіктер себептерін, білімгерлерді тек жеткен нәтижелері бойынша ғана емес, олардың қолданған, пайдаланған таным әдіс-тәсілдері бойынша да бағалай және жеке білімгердің оқу үрдісінде ілгері басу қарқыны, оның даму бағытын анықтай алады.

Педагогикалық үлгерім білімгердің оқытушы қойған талаптарын орындауға бағытталған әрекеттерінің нәтижесі қарастырылады.

Үлгерім көрсеткіштері:

  • Колледждің білімгерлерге қоятын талаптары ретінде;

  • білімгердің еңбегі ретінде;

  • әртүрлі жетістіктерге жетудегі бір білімгердің жұмыс нәтижесі ретінде;

  • қоғамның, мемлекеттің, ғылым мен экономиканың дамуындағы білім саласының үлесі ретінде қарастырылады.

Үлгерімді диагностикалау тәсілдері:

  • білімді тексерудің ауызша түрі;

  • білім тексерудің жазбаша түрі;

  • әртүрлі деңгейдегі тесттер.

Енді осы тәсілдерге жеке-жеке тоқталсақ....


Білімді тексерудің ауызша түрі

Білімді тексерудің ауызша түрі жазбаша тексеруге қарағанда ертеректен қолданысқа енген. Орта ғасырлық мектептерде ол диспут түрінде пайда болған. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде ауызша тексеру білім тексерудің кең тараған түрлерінің бірі.

Білімді ауызша тексеру жауапты жазбаша беруді қарастырмайтын білімді бақылау. Оның көмегімен тілдік білім мен қатар әртүрлі білім аймағының проблемасы мен білімін тексеруге болады. Тілдік білім тексеру барысында сөздің дұрыс айтылуы, мәнерлеп оқу және қолдану мүмкіндігі тексеріледі. Проблемаларды түсінуі мен білуі жазбаша да тексерілуі мүмкін.


Ауызша тексерудің түрі

  1. арнайы тексеру (көбіне қорытынды аттестациялау немесе емтихан барысында)

  2. арнайы емес тексеру (күнделікті сабақтарда өткен материалды игеруге дайындығын

тексеру үшін) практикада қолданылады.

Дегенмен оқытушының жоғарғы дайындағынсыз ауызша тексеру нәтижесі нақты болмағандықтан, білімді тексерудің аз қолданылатын құралы ретінде сирек қолданылады. Сондықтан ауызша тексеруде тек тілдік білімді ғана тексергені орынды.


Білімді тексерудің жазбаша түрі

Білімгерлердің білімділік жағдайын бақылау үшін әдетте диагностикалық жазбаша жұмыстар қолданылады. Білім тексерудің жазбаша түрлері жазба жұмыстарының (шығарма, аударма жұмыстары, диктант, қысқа сұрақтарға жауап беру, жазбаша жұмыстар, зертханалық және тексеру жұмыстар) көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жазба жұмыстарынан білімгерлерге қойылатын талаптары да, типтері (арнайы емтихан материалдарынан бастап карточкалар бойынша берілген тапсырмаларға дейін) де әртүрлі.

Жазба жұмыстарының сапасының көрсеткіштері: жазба жұмыстарын жүргізудің және өңдеудің обьективтілігі.

Білімгерлердің жазба жұмыстарын тексерудегі оқытушыға әсер ететін факторлар:

  1. жазба жұмысының көлемі;

  2. жазба жұмысының мазмұны тексерілсе де ескерілетін грамматикалық және орфографиялық қателер;

  3. жазудың көркемділігі;

  4. жұмыстың бағалану көркемділігі;

  5. оқытушының білімгерге көзқарасы.


Әртүрлі деңгейдегі тесттер

Білім жетістігін тексеруге арналған тесттер педагогикалық диагностика әдісі болып табылады. Оның көмегімен (куррикулум – сабақтың мазмұны, оның мақсаты, әдісі мен нәтижесі енгізілген сабақты жүргізуге арналған жалпы жоспар) куррикулум арқылы анықталған оқу процесі мен жоспарлау нәтижесі нақты анықталады.


Үлгерім тексерудің негізгі түрлері

  1. оқу периодының белгілі бір аралығы (семестр) аяқталғанда үлгерімді есепке (тіркейтін) алатын тесттер (құжат беру тесттілері);

  2. белгілі бір оқу мақсаттарына білімгерлердің жеткендігі туралы ақпарат алу мақсатындағы үлгерімді тіркейтін тесттер (көрсеткіштерді анықтауға арналған тесттер);

  3. сабақтың барысында білімгерлердің материалды қаншалықты меңгергендігін анықтайтын тесттер (диагностикалық тесттер).


Педагогикалық мониторинг – оқу-тәрбие үрдісін басқару құралы

Қазіргі даму жағдайында білім саласында білім беру қызметін ұйымдастырудың ең өзекті жағы – білім сапасын жоғарғы деңгейге көтеру. Оқытудың тиімді әдістерін анықтау, оқу әдістемелік қызметті жетілдіру арқылы оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктерді анықтап, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіріп, түйінді мәселелерді сараптау – оқытушыларға қойылып отырған міндеттердің бірі. Сондықтан бүгінгі білім ордасында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселелеріне арналып отырған ғылыми практикалық конференцияның секция жұмысында қарастырып отырған мәселелердің бірі – оқыту нәтижелерін тексеру мен бағалау жүйесін жетілдіру болып отыр.

Оқыту нәтижелілігін бағалау және талдау, мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту процесінің нәтижесін бағалау, контингенттегі білімгерлердің ерекшелігін ескере отырып оқу үлгерімін талдау және оқытушылардың тәжірибесін жинақтау, болашақта қателіктерді болдырмау, озат тәжірибелерді тарату мақсатында педагогикалық мониторинг жүргізіледі.

Педагогикалық мониторинг дегеніміз не? Ол қалай жүргізіледі? – деген сұрақтарға жауап іздесек, білімгердің оқу процесін және оқу материалын игеруін бақылау формасының бір түрі – мониторинг екенін айтуға болады.

Мониторинг дегеніміз – «оқытушы – білімгер» жүйесінде білімгерлердің дамуы, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижелерін жүйелі, үздіксіз бақылау.

Педагогикалық мониторинг жалпыға белгілі бақылаудан айырмашылығы – білімгердің білімділік деңгейі мен оқыту жағдайын үздіксіз қадағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу, таратудың ұйымдастыру түрі.

Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие мүмкіндігін, білімгердің жеке тұлғасын, педагогикалық процестің компоненттерінің жағдайын зерттеу педагогикалық мониторингтің мазмұнын құрайды. Педагогикалық мониторинг арқылы бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуы, оқытушының іс-әрекеті зерттелінеді.

Сондай-ақ педагогикалық мониторинг оқу және оқыту, білімді игеру дәрежесін анықтау мүмкіндігін береді. Алайда білім беру процесінде оқытушы мен білімгердің қанағаттану дәрежесі мен білімгерлердің эмоциялық жағдайы, колледжішілік қарым – қатынас сипатын анықтауда педагогикалық мониторингтің маңызды екендігіне қарамастан бұл мәселелерді айқындауда мониторинг аз жүргізіледі. Білім мекемелерінің метериалдық-техникалық базасы дидактикалық құралдар қоры, оның білімгер мен педагогтардың денсаулық жағдайына әсері, оқытушылардың педагогикалық мәдениеті, шеберлігі, әкімшілік-басқару әрекеті педагогикалық мониторинг арқылы дәл анықталады десек те, бұл салада қазақ тілінде жарық көрген еңбек жоқтың қасы.

Білім беру процесін құруда педагогикалық мониторинг ақпараттық , қозғаушы және ынталандырушы, қалыптастырушы, түзетушілік қызметтер атқарады. Енді осы қызметтердің әрқайсысына тоқталайық.

Педагогикалық процестің нәтижесін айқындай отырып, обьектінің жағдайы жөнінде мәлімет алу, кері байланысты қамтамасыз ете отырып, нағыз білім беру процесін, оның қиындығын, бұрмалануын анықтау педагогикалық мониторингтің ақпараттық қызметі болып есептеледі. Жинақталатын ақпарат толық, нақты, әділ, дәл мерзімді болу керек.

Мониторингтің қозғаушы, ынталандырушы қызметі оқытушылардың білімгерлерді оқытуға, тәрбиелеуге қызығушылығын дамытады, балаларды жан-жақты тануға түрткі болады, әрі өзінің педагогикалық еңбегіне өзіндік талдау жасауға машықтандырады және оқытушы әрекетінің зерттеушілік бағытын күшейтеді.

Мониторингтің қалыптастырушы қызметі нәтижесінде білімгердің «дамуының жақын аймағына» ықпал ете отырып, білімгер тұлғасының әлсіз және күшті жақтарын анықтайды. Әрбір жеке білімгерге қозғау салу әрекетінің әдістері мен тәсілдерін таңдауға, білімгердің педагог назарынан шығып қалмауына ықпал етеді.

Оқу процесінде болжанбаған, кездейсоқ нәтижелерді табу және белгілеу, білімгерлердің жат әрекеттеріне әсерді күшейту жөнінде шара қабылдау мониторингтің түзетушілік қызметі арқылы жүзеге асады.

Мониторингтің барлық қызметтері оқыту мен тәрбиелеу әрекетін басқаруды ғылыми тәсілмен қамтамасыз етуге негізделген. Мониторинг бес кезеңмен жүргізіледі. (кесте)


кезеңдер

Негізгі әрекеттер

Нормативтік – нұсқау кезеңі

  • мониторингтің мақсаты мен міндеттерін анықтау (мақсат өзекті, нақты, іске асатындай болуы керектігі ескеріледі);

  • негізгі көрсеткіштер мен критерийлерді анықтау;

  • диагностикалау әдістерін таңдау:

а) диагностикалаудың формальді әдістері (тестілер, анкеталар, сұрақтар, бақылау жұмысы, диктант т.б);

б) диагностикалаудың формальді емес әдістері (бақылау, пікірлесу т.б).

Талдау – диагностикалық кезең

  • ақпараттар жинау;

  • мәліметтерді сандық және сапалық өңдеу;

  • өңдеу нәтижесі бойынша алынған нәтижелерді салыстыру;

  • педагогикалық диагноз жасау;

  • тәуелділіктің себеп-салдарын анықтау және талдау.

Болжау кезеңі

  • алдағы негізгі ой-мақсатты болжау;

  • даму мүмкіндіктерін болжау;

  • жоспар құру.

Әрекетті – технологиялық кезең

  • педагогикалық процеске түзетулер енгізу;

  • баланың дамуын тежейтін немесе зейінінің төмендеуіне әсер ететін себептерді және кемшіліктерді жою.

Аралық – диагностикалық кезең

  • алынған көрсеткіштер нормативті көрсеткіштермен салыстыру;

  • логикалық талдау кезінде нормативті көрсеткіштерден ауытқу себептерін анықтау;

  • түзету-дамыту жұмыстарының стратегиясын жасау.

Қорытынды – диагностикалық кезең (соңғы)

  • мониторинг нысанының жағдайына баға беру;

  • алынған нәтижелерді алғашқылармен салыстыру;

  • мониторингтің мақсат, міндеттеріне сәйкестігін анықтау;

  • логикалық талдау арқылы жүргізілген жұмыстың тиімділігін анықтау.


Білім беру мекемелері жұмысына педагогикалық мониторинг жүргізудің алғашқы кезеңі мониторингтің мақсаты мен міндеттерін анықтаудан басталады. Мақсат өзекті, нақты, іске асатындай болуы керек екендігі ескеріледі. Бұл кезеңде негізгі көрсеткіштер мен критеррийлер анықталып, диагностикалау әдістері таңдалады. Диагностикалау әдістерін формальді әдістері (тесттілер, анкеталар, сұрақтар, бақылау жұмысы, диктант т.б) және формальді емес әдістер (бақылау, пікірлесу т.б) деп бөлуге болады.

Педагогикалық мониторингтің екінші талдау-диагностикалық кезеңінде ақпараттар нәтижелерді салыстыру нәтижесінде, педагогикалық диагноз қою, тәуелділіктің себеп салдары анықталып, оларға талдау жүргізіледі.

Алдағы негізгі ой-мақсатты, даму мүмкіндіктерін болжамай отырып, жоспар жасау болжау кезеңінің әрекеті болып табылады.

Әрекетті – технологиялық кезеңінде педагогикалық процеске түзетулер енгізіліп, баланың дамуын тежейтін немесе зейінінің төмендеуіне әсер ететін себептерді және кемшіліктерді жою қажет.

Аралық – диагностикалық кезеңде алынған көрсеткіштер нормативті көрсеткіштермен салыстырылады, әрі логикалық талдау негізінде нормативті көрсеткіштерден ауытқу себептері анықталып, түзету-дамыту жұмыстарының стратегиясы жасалады.

Соңғы қорытынды – диагностикалық (соңғы) кезеңінде мониторинг нысанының жағдайына баға беріліп, алынған нәтижеге алғашқысымен салыстыралады. Мониторингтің мақсаты мүмкіндіктеріне сәйкестігі, логикалық талдау жасай отырып жүргізілген жұмыстың тиімділігі анықталады.

Мониторинг процесінің барлық қызметі мен кезеңдері, яғни оның барлық құрылымдық және қызмет элементтері бір-бірімен байланысты және педагогикалық мониторингтің тұтас циклін құрайды. Осы компоненттердің кез-келген педагогтардың әрекет жүйесінде болуы педагогикалық мониторингтің толық жүйесін жүзеге асырылуы «оқытушы - білімгер» жүйесіндегі педагогикалық процестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.


Қорытынды: Диагностика – қол жеткен жетістіктерді бекітеді, жақсы дәстүрлерді сақтайды. Кемшіліктердің алдын алу мен қажетті өзгерістер жасап отырады.

Оқытушы өз шəкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын байқастырады. Қадағалау нəтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қай дəрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процесс мүмкіндіктерін оқыту – оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.

Бақылау, қадағалау кезінде шәкірттің өзі де өз оқу жұмыстарының нəтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пəн бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тəртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
Әбиев ж. Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу

Педагогика. Дәріс курсы. / Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова
Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. –
Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. / Ред.
Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы.,
Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., т.б. Педагогика.- А.,Фолиант, 2007ж. 
Богословский В.В. т.б. Жалпы психология. – А., Мектеп,
Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі. –Алматы: Әлем, 2000ж. 
Қазақстан мектебі, 2007ж.

Баяндама. Тақырыбы: "Оқыту үрдісі мен білімгер жетістігін диагностикалау"
  • Другое
Описание:

Білім саласындағы қазіргі жағдай оқытушылардан нақты пәнді оқытуды басқару мақсаты мен педагогикалық үрдістерді және құбылыстарды зерттеуді, ол үшін маңызды болатын педагогикалық диагностика әдістері мен құралдарын меңгеруді талап етеді. Педагогикалық диагностика ұғымы 1968 жылы неміс педагогі К. Ингенкамп ұсынған.

Автор Боранбаева Азиза Оспановна
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 720
Номер материала MA-064692
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы