Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБаяндама "ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТІҢ БІРІКТІРІЛГЕН СЫНЫПТАРЫНДА ПӘНДЕРДІ КІРІКТІРЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ"

Баяндама "ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТІҢ БІРІКТІРІЛГЕН СЫНЫПТАРЫНДА ПӘНДЕРДІ КІРІКТІРЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ"

Скачать материал

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТІҢ БІРІКТІРІЛГЕН СЫНЫПТАРЫНДА ПӘНДЕРДІ КІРІКТІРЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

№ 54 негізгі мектебінің бастауыш класс мұғалімі Г.С.Кадиева

 

      “Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ”, - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, оқу – тәрбие жұмысында жастардың білімі мен дарынын ұштастыра отырып, Қазақстанның мүддесін қорғайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті , жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мектеп пен ондағы еңбек етіп жатқан ұстаздардың міндеті.

         1939 – 2012 жылдар арасындағы “Садовый бастауыш мектебі” ғимаратын ауыстырып  қазіргі таңда № 54 негізгі мектебі болып жұмысын жалғастыруда. Мектебіміздің іргетасы  2011 жылы қаланып, 2012 жылдың қазан айында № 54 негізгі мектебі болып ашылды. Біздің  № 54 негізгі мектебі де шағын жинақты мектептердің қатарында.

          Мектебімізде 1 – 9 кластар арасында оқушылар қазақ, орыс тілдерінде  білім алуда.  Барлық оқушылар саны 101. Бастауыш буында – 48 оқушы, негізгі буында – 53 оқушы. Мектепте 15 класс 10 комплект бар. Кластардағы оқушылар саны 10 – 15 баладан құралады.

          Ақтөбе облысының білім басқармасының №666 бұйрығы бойынша  мектебімізде 22.09.2010 жылы  эксперимент алаңы ашылды.

Эксперимент тақырыбы: «Шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту».

    Зерттеу мақсаты: шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында пәндерді кіріктіре оқыту  жүйесін және оның практикалық негіздемесін құру.

   Зерттеу жұмысының барысында ШЖМ оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту. Белгілі бір тақырыпты барлық яғни біріктірілген екі немесе үш , төрт сыныпқа  бірдей бір мезгілде түсіндіріледі. Содан соң жаңа сабаққа байланысты жаттығулар мен тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай әрбір сыныпқа лайықтап, саралап әрқайсысына жеке орындатылады.

    Мектебімізде эксперимент кластары ретінде 3,4 сыныптар таңдалынып алынды және қазақ тілі, математика, дүние тану пәндері бойынша жұмыс жасайды және де осы эксперимент алаңының жұмысы оң нәтиже беруде.

Шағын жинақталған мектептің тарихы ерте кезден, сонау        Л. Толстой, К.Д. Ушинский, өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы                    Ы. Алтынсаринның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты XVIII ғасырдың 60-жылдарында дүниеге келді. 

         Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастырғанда  төмендегі шарттар ескерілуі керек:

а) сабақ оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;

ә) бірнеше сыныптың материалы бір тақырыптық жүйеге ыңғайластырылуы;

б) көрнекті дидактикалық құралдар алдын ала дайындалуы;

в) сабақ тақырыбындағы өзара байланыс халықтық педагогикаға негізделуі тиіс.

       Шағын жинақталған мектеп жұмысын  қиындататын, оқушылардың білім дәрежесін төмендететін бірқатар объективтік ерекшеліктер бар.

1. Бір мезгілде бірнеше сыныппен жұмыс істейтін шағын жинақталған мектепке арналған оқыту әдістемесінің жасалмауы.

           2. Өздігінше жұмыс істеу әдісі кең тарамағандығы.

           3. Шағын жинақталған мектеп мұғаліміне арнап жазылып баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік оқу құралдарының аздығы.

          4. Шағын жинақталған мектептердің кітапханалық қорының нашарлығы.

         Мұндай мектепте бір мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Сабақтың өзіндік ерекшелігі : оқу үрдісі бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылады. Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсауына мүмкіндік береді. Яғни мұғалім бір сыныпқа жаңа материалдарды түсіндіріп жатқан кезде  басқа сыныптың оқушылары өз бетінше жұмыс жүргізеді. Бұл,  көбінесе әдебиеттік оқу , математика, дүние тану , қазақ тілі пәндерінде қиындық туғызады. Өйткені, берілген тақырыптар аумақты, сондықтан уақыт жетіңкіремейді. Ендеше күнтізбелік жоспарды  аумақты , қайта құруға тура келеді. Сабақ түрлерін өзгерту арқылы оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын арттыруға тырысқан жөн.

Осыған орай дуэт сабақ, жарыс сабақ түрлерін ұйымдастырған тиімді.

       Шағын жинақталған мектептерде , бастауыш мектептерде пәндерді кіріктіріп оқыту үшін күнтізбелік жоспарларды кіріктіріп құрған тиімді. Ол үшін сыныптарды біріктіру қажет мысалы, 1-3, 2-4 сыныптарды біріктіріп алып пәндер бойынша кіріктірілген күнтізбелік жоспар негізінде сабақтың жоспарын дайындап, оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастырған тұлғаны жан – жақты дамыта оқытуға жетелейді. Күнтізбелік жоспарды кіріктіріп құру үшін бағдарлама, оқулықтар алып тақырып бойынша топтап алған жөн. Мысалы : дүние тану пәнінен ұқсас мазмұнды , бір тақырыпты мәтіндерді кіріктіруге болады. 1- сыныптың тақырыбын сол қалпында қалдырып, 3 – сыныптың тақырыптарын көтеруге, орын ауыстыруға болады. Қазақ тілі пәнінен де бір тақырыпты сабақтарды кіріктіре оқытуға болады. Мысалы: 3 – сынып, Етістік, 4 – сынып Дара және күрделі етістік. Бір тақырыпты кіріктірілген сабақтарда шағын жинақталған сынып жағайында мұғаліммен жұмыс, өзіндік жұмыс, ортақ тапсырмалар, ортақ сергіту , ортақ шығармашылық тапсырмалар, т.б. кезектеле ауысып отырады. Сонымен қатар бір тақырыпты кіріктірілген диктант, мазмұндама, шығарма жаздыруға да болады.

Мысалы: 2 – 4 сыныптарда қазақ тілінен кіріктірілген бақылау диктантынан  тақырыбы: «Көктем» 2- сыныпта 30 сөз себебі әлі 3 тоқсан аяқталған жоқ, ал 4 – сыныпта 60 сөз (3 тоқсан әлі аяқталмаған, сондықтан 60 сөз алуға болады). Диктант жаздырмастан бұрын мұғалім    2 – сыныпқа соңғы сөйлемнен кейін грамматикалық тапсырмалар беретінін ескерту; тапсырмалар мезгілінде тақтаға алгоритм арқылы беріледі: 2-сынып тапсырмаларды орындап отырады (өзіндік жұмыс), ал мұғалім 4 – сыныппен диктантты жалғастыра береді. 4 – сыныптың соңғы сөйлемінен кейін олар тапсырмалар орындауға кіріседі. 2 – сынып та 4 – сынып тапсырмаларды орындап болған соң, мұғалім мәтінді басынан оқып, 2 – 4 сынып өздерін тексеріп отырады.

            Кіріктірілген математика сабағында тақырып есеп шығарумен байланысты. Мұғалім 1 -3, екі сыныпқа да тапсырманың шартын ұсынады, есеп құрастыруды ұсынады. 1 сынып мұғалімнің басшылығымен құрастырады, ал 3 – сыныпқа есепті күрделендіру ұсынылады.

         Шағын жинақталған мектептер жағдайында дидактикалық бірлікті ірілендіру тиімділігін сабақта ұйымдастырудың технологиялық механизмі – оқулықтағы жаттығулардың басқа оқулықтағы жаттығуларға қарағанда аздығы, бірақ оның әрқайсысы көп салалы.   

Мысалы: берілген есептің сұлбасын сызу, оны орындау, кері есептің сұлбасын дайындау, оны орындау, есептің алғы шарттарын күрделендіру. Мұғалім қысқа нұсқау негізінде процесті басқарып, оқушылардың қажетсінуіне қарай көмек береді. Әрбір оқушының өз мүмкіндіктеріне қарай ұйымдастыра білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.  П.М.Эрдниевтың дидактикалық бірлікті ірілендіру технологиясы шағын жинақталған мектептерде мұғалімнің әр түрлі жаттығуларды оқушылармен бір сабақта жұмыс істеуіне берері мол. Шағын жинақталған мектептерде пәндерді кіріктіре оқыту білімді беру, меңгерту, жаттықтыру, бекіту, қолдана алу жұмысында маңызы зор.

              Шағын жинақталған мектептерде пәндерді кіріктіре оқыту тұлғаның жан – жақты қабілеттері: оқушылардың толық фантазиялық еркіндігі, зерттеу жұмыстарын жүргізуі, шығармашылығын дамытады.

           Бүгінгі таңда шағын жинақты мектептерде әлі де біраз кемшіліктер мен жетіспеушіліктер бар. Осы қиындықтарға қарамай шағын жинақты мектептерде ауыл мұғалімдері өздерінің мемлекетке деген істерін атқаруда. Олардың бірі сіздер және біздер.

          Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында “Бүгінгі дағдарыстан әлде қайда күшті және өркенді мемлекет болып шығамыз”, - деген сөзін ойымызға түйіп, сол ертеңнің тұтқа ұстаушылары бүгінгі алдымыздағы жас ұрпаққа саналы тәрбие мен талапқа сай білім беру сізбен біздің басты  міндетіміз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТІҢ БІРІКТІРІЛГЕН СЫНЫПТАРЫНДА ПӘНДЕРДІ КІРІКТІРЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

1939 – 2012 жылдар арасындағы “Садовый бастауыш мектебі” ғимаратын ауыстырып қазіргі таңда № 54 негізгі мектебі болып жұмысын жалғастыруда. Мектебіміздің іргетасы 2011 жылы қаланып, 2012 жылдың қазан айында № 54 негізгі мектебі болып ашылды. Біздің № 54 негізгі мектебі де шағын жинақты мектептердің қатарында.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 791 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.07.2020 285
    • DOCX 39.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметшина Марьям Валиахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 86134
    • Всего материалов: 225

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 610 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 187 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе