Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "САПАЛЫ БІЛІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ"

Баяндама "САПАЛЫ БІЛІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ"

Скачать материал

САПАЛЫ БІЛІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ

М.Т. Карбузова

Қарасу ауданы «Ключевой орта мектебі» ММ

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

 

 Елбасымыз Жаңа Жолдауында: «Білім беру саласының басты міндеті - білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту»- деген болатын.

    Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.

     Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004 жылдан бастап республикамызда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі енгізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі.

     Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң дамуы оқушыны сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда.
ҰБТ-ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi бес пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау. Бағдарлама – мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру -оқушының, меңгерту – мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.

    Бірыңғай тестілеу жүйесі елімізде жыл сайын жетілдіріліп келеді. Әр жылғы тест жүйесі мектепте біздің қалай оқытып жатқанымыз бен  мектеп бітірушілердің нені талап ететіні арасындағы алшақтықты анықтап береді. Бұл жағдай әр мұғалімнен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін шебер меңгеруді талап етеді. Бүгінде пәнді оқытудағы басты мақсат дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды өз Отаны - Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан-жақты жетілген, өзінің қоғамдағы орнын түсінетін азаматтарды қалыптастыру. Бұл міндеттің орындалуында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқарады. Міне, осы Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеннен бергі уақыт ішінде жылма-жыл оқушыларды қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дайындап келемін.

    Әр мұғалімнің оқушыны дайындауда өзіндік әдіс-тәсілдері болады. Менде тестіге қатысты тәжірибеде көзім жеткен, күнделікті жүргізіп отырған жұмысым туралы, оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестіге дайындауда қолданатын әдіс-тәсілдеріммен ой бөлісіп, ортаға салғым келеді.  

Мемлекеттік стандарт бойынша қазақ тілінен 5-8-сыныптар қазақ тілінің грамматикасын меңгерсе,  ал жоғары сыныпта аптасына 1 сағаттан оқытылады. 9-сыныпта қазақ тілінің стильдерін, пунктуация тарауын, 10-сыныпта сөз мәденитін, 11-сыныпта шешендік өнерді оқып меңгереді. Ал ҰБТ-да тест сұрақтары ортаңғы буында алған грамматика саласына көбіне негізделіп құрылған. Сондықтан да ортаңғы буында алған білімдерін қайта жетілдіру үшін 10-11-сынып оқушыларына  жеке бағдарламалар, қолданбалы курстар жүйелі құрылуы қажет.

Осы бағытта қазақ тілінен 10-сыныпқа арналған «Фонетика – тіл дыбыстарының ғылымы» атты қолданбалы кур бағдарламасы және оған қосымша жаттығу жұмыстары, қызықты тапсырмаларымен  құрастырып шығардым.

     Қосымша өтілетін қолданбалы курс бағдарламалары - Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы. Оның  мақсаты - оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету. Бағдарламаның міндеттері - оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды өздігінен білім игеруін, іздемпаздығын, жауапкершілігін қалыптастыру. Күтілетін нәтиже - ҰБТ-да жоғарғы нәтиже көрсету. Күнделікті сабаққа қарағанда қосымша сабақтағы жұмыс түрі басқа материалдармен және басқа жолмен жүзеге асады.

 

Мектепте білім беруде ең негізгі болып саналатын пән – қазақ тілі. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Тіл- ұлттың ұйытқысы  болып табылады. ( Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ)

Қазақ тілі маңызды, әрі күрделі пән болып келеді. Адамзаттың тілі – дыбыстық тіл. Әрбір тілдің өмір сүруінің әдісі – тіл дыбыстары. Сөздер дыбыстардың өзара тіркесуі түрінде айтылмаған кезде, тілдің қатынас құрамы да, пікір алысу құрамы да болуы мүмкін емес. Тілдің дыбыстық жүйесі оның ғасырлар бойы өмір сүруіне, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік туғызады.  Ұсынып отырған фонетика саласына қолданбалы курс жаңа білім жүйесінің басты негіздерін жүзеге асыру жөнінде бағыт береді. Мектепте дұрыс оқытудың да, дұрыс жазудың да әдістемесінің көптеген мәселелері фонетикаға негізделді. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру, ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғат пен фонетикалық саланы білуді қажет етеді.

 Ана тіліміздің қыр-сырын, қадір-қасиетін кеңінен тану үшін қазақ тілін терең білудің маңызы зор. Осы тұрғыда жұмыс жүргізу қолданбалы курстың негізгі мақсаты болып табылады.

Фонетика саласы орфоэпиямен тығыз байланысты болғандықтан, оны  жақсы меңгерген оқушы өз ана тілінде дұрыс, анық, түсінікті, әрі мәнерлі сөйлеуге үйренеді.

Бағдарламаның мақсаты: Фонетика  тарауы бойынша тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы, орфография мен орфоэпия заңдылықтарын ескеру, дыбыстық тілдің басқа да мәселелерін тереңірек білу.

Бағдарламаның міндеті:

-                     Тіл дыбыстарының фонетикалық қасиеттерін білу, дыбыстардың өзара байланысын түсіну;

-                     Фонетикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, тілдік категориялардың мәнін ұғыну;

-                     Қазақ тілінің халықтық сипатын танытатын тілдегі дыбыстық үйлесім мен үндестіктің байланысын орынды пайдалану;

-                     Орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтарды түсініп, оның коммуникативтік біліктілікпен байланысын тану.

-                     Тілдік-эстетикалық сезімге баулу, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.

-                     Оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың фонетика саласы бойынша білімдері кеңейіп, дыбыстық ерекшеліктерді, заңдылықтарды білген соң  қазақ тілінде дұрыс жазып, дұрыс сөйлеуге машықтанады. Ұлттық бірыңғай тестілеуде фонетика, орфография, орфоэпия сұрақтары бойынша қиындық туғызбай, жақсы сапа көрсетуге бағыттайды. Оқушылардың өз ана тіліне деген қызығушылығы артады. Өз бетінше тереңірек іздену қабілеттері оянады. Қазақ тілінің бір бағытын алып, зерттеп ізденудің арты ғылыми жұмыспен айналысуға көздейді. Осындай қолданбалы курстардың, қосымша пәндердің мектепте болуының маңызы зор, сондай-ақ олар әр пәннің тереңірек оқытылуына жағдай жасайды.

  Міне осы бағытта   Фонетика саласы бойынша құрылған бағдарламаға сай

«10-сыныпқа арналған жаттығу жұмыстары» 5-сыныпта алған білімдерін қайта толықтыру мақсатында құрастырылды. 10-сыныпта қазақ тілі пәні аптасына 1 сағатқа «Сөз мәдениеті» деп аталатын курс түрінде жалғасып, оқушылар тіл құдіреті, сөзді дұрыс қолдану,сөз шеберлігі сияқты тақырыптар тұрғысынан дәріс алады. Ал орта буында алған білімдері толығымен қайталанбағандықтан ұмыт қалып жатады. Ұлттық бірыңғай тестілеуде орта буында алған білімдері бойынша тақырыптар қамтылады. Осындайда қолданбалы курстарды өткізу, қосымша тапсырмалармен жұмыс жасау керек және тиімді жол. 

 Қандай да бір сабақтың мақсатына жетуі, тақырыптардың мағынасының жан-жақты ашылуы қызықты да ұтымды жаттығудың болуына байланысты. Бұл жаттығулар, тапсырмалар сабақтарда оқушылардың ойлау қабілетін, тілін, сөздік қорын дамытып, фонетикалық ережелерді түсіндіруге, өз беттерімен жұмыс істеп, өткен сабақты пысықтауға пайдаланылады.

         Ұсынылып отырған Фонетика саласы бойынша қолданбалы курс жаңа білім жүйесінің басты негіздерін жүзеге асыру жөнінде бағыт береді, ал  сол тақырыпты пысықтауға арналған тапсырмалар бір-бірін толықтыра түседі.

Көптеген мұғалімдер оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту үшін әр тақырыпта бағдарламалар құрастырып, қорғауға ұсынғадары қаншама. Алайда бағдарламаларда қамтылатын тақырыптар аталып жоспарланғанмен, оған тиісті материалдар іздеп табу үшін де көп уақытты қажет етіп жатады. Осы тұрғыдан уақытты үнемдеп, бағдарлама мен қоса керек қолданылатын ресурстарын да, жаттығу жұмыстарын да  бірге әзірлеген тиімді деп санадым.

         Мектепте дұрыс оқытудың да, дұрыс жазудың да әдістемесінің көптеген мәселелері Фонетикаға негізделеді. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру, ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғат пен фонетикалық саланы білуді қажет етеді.

Тақырып көлемінде құрылған жаттығулардың түрлері оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тіл байлықтарын, сөйлеу шеберліктерін, сауаттылығын, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Тілдің дыбыстық жүйесін меңгерген оқушы өз ана тілінде сауатты жазып, таза, дұрыс сөйлеуге машықтанады.

      Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда.

     Оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді.

      Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т. с. с. Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.

Алдағы уақытта қазақ тілін тиімді оқыту жолдарын қарастырып, оқушының жас ерекшелігіне сай қызықты да, маңызды материалдар жинастырып, әр сыныпқа заманауи тұрғыдан дидактикалық материалдар жиынтығын құрастыруды жоспарлаймын. Сонымен қатар үлгірімі төмен оқушыларға оқу бағдарламасына сүйене отырып, жеңіл әдіс-тісілдерді қолданып дайын оқу құралы мен оқушы дәптерін құрастыруды жоспарлаймын. Қосымша материалдардың болуы – ұстаздарға пайдалануға дайын құрал және мұғалімнің уақытын үнемдейтіні сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.

2. Н. Ә. Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек»

// «Егемен Қазақстан». 31 тамыз. 2000 жыл.

3.     Жұбанов Қ. Қазақ тілінің фонетикасынан лекциясы, 1932-1933 ж.

4.      Құрманғалиева С. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту, 1995ж. 34-40-беттер

5.     Ш. К. Бектұров. Қазақ тілі, 2006 ж. 23-52-беттер

6.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "САПАЛЫ БІЛІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Елбасымыз Жаңа Жолдауында: «Білім беру саласының басты міндеті - білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту»- деген болатын.Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 299 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.12.2020 1287
    • DOCX 52 кбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Вырыпаева Ирина Альбертовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Вырыпаева Ирина Альбертовна
    Вырыпаева Ирина Альбертовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 73857
    • Всего материалов: 206

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе