Главная / Биология / баяндама "Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау тәжрибемнен"

баяндама "Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау тәжрибемнен"

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау тәжірибемнен

Ахметова Рахила Кабыловна

ШҚО

Үржар ауданы

«Қазымбет орта мектеп-бақша»КММ

биология пәнінің мұғалімі


Оқушының жақсы көрсеткішке жетуі үшін ең алдымен оқушылардың пән бойынша негізгі алатын оқу материялын толық игеруіне бар күш-жігерімді жұмсаймын.Оқу материя-лының мазмұнын сыныпта, сабақ кезінде түсініп алуына күш жұмсай отырып, есте сақтайтын негізгі ұғымдарды анықтап беремін. Баланың тез меңгеруіне қиындық тудыратын тарауларға, тақырыптарға толығырақ тоқталып отырамын.


Терминдерді сөздік дәптерлеріне жаздырып, жаттауға оңай болу үшін «Қарама-қарсы терминдерәдісін қолданам.»

Гипотания - (қан қысымының төмендеуі)

Гипертония- (қан қысымының жоғарлауы

Оксигемоглобин - (оттекті байланыстырған, берік емес қосылыс түзеді)

Карбоксигемоглобин- (иіс газы (СО) қосып, берік қосылыс түзеді

Донор- (өз еркімен қан беретін адам)

Реципиент- (донордан қан алатын адам)

Биология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдарды өз саласы бойынша топтап «Көру арқылы есте сақта» тәсілін пайдаланып жаттатуға тырысамын. Цитология саласы.

Жасуша құрылымын анықтаған Р.Гук

Теориясын тұжырымдады М.Шванн,М.Шлейден

Жасуша ядросын ашты Р.Броун

Жасуша протоплазмасы анықталды Я.Пуркинье

Жыл басында алынған тест қорытындысына жүгіне отырып оқушылардың білім деңгейіне,тақырыпты қабылдау дәрежесіне сәйкес топқа бөліп дайындық жүргізуге ерекше назар аударылады.

I-топ 1-13 жауап II-топ 14-20 жауап III -топ 21-25 жауап,әр топпен жүргізілетін жұмыстың әдіс-тәсілдері бір болғанымен, берілетін материялдың көлемі мен күрделілігі әр түрлі болмақ. Айталық...

Тақырып: Құстардың ас қорыту жүйесі


Топ

Тапсырма

Қосымша жұмыс

I

Мүшелерді ата, қызметіне тоқтал.

Үшінші топ құрастырған тестке жауап береді.

II

Мүшелерді ата, қызметін жорғалаушылардың ас қорту мүшелерімен салыстыр.

Бірінші топтың жауабын тексереді

III

Мүшелерді ата, қызметін жорғалаушылардың ас қорту мүшелерімен салыстыр,тақырыпқа тест құрастыр.

Екінші топтың жауабын тексереді


Тапсырманы орындағаннан кейін бір-бірінің жауаптарын тексерту өз бетімен еңбектенуге ынталандырады. (Мұғалім қорытындылайды)

I-топтағы оқушыларға төмендегідей тапсырма беруге тырысамын.Өсімдіктің, жемістің түрін төменде берілген жауаптардан тауып орнына қой, бос торкөзде жасырынған жемістің суретін сал.

Қауашақ, жидек, бұршаққап, тұқымша, жидек тәрізді, бұршаққын, жидек,алма, асбұршақ, қарақат, күнбағыс, құлпынай, орамжапырақ.

Оқу жылының барысында деңгейлік тапсырмаларды үш топқа әр түрлі әдістердің ұтымды жақтарын пайдалана отырып қолданудың берері мол екендігіне көзім жетті.

Есте сақтау қабілетін дамытуға жасалатын жаттығу—қайталау, жаттау. Сондықтан сабақ құрылымын ойластырғанда тараулар арасындағы,сыныптар арасындағы сабақтастыққа баса назар аударамын. Мысалы: 8-сынып. Тақырып Ұлпалар.

Осы тақырыпты түсіндіргеннен кейін 6-сыныптан өсімдік ұлпасы туралы білімдерін еске түсіртіп қайталатамын, адам ұлпасымен салыстыру,ерекшеліктерін табу жаттығуларын орындатамын.

7-сынып. Тақырып Жұмыр құрттар типі. Қорытындылау барысында жалпақ құрттар типімен салыстыра отырып қайталаймыз, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтап, логикалық өңдеуден өткіземіз.Бұндай қайталау жұмыстары білімді ұзақ есте сақтауға көмектесетіндігіне сенімдімін. Еске сақтаудың бір түрі мағаналы жаттау, яғни мағанасын түсіне отырып жаттау. Тарауды бітірген кезде сол тарауда кездесетін ғылыми терминдер туралы оқушыларға жете түсінік беріп, мағанасын талдаймыз.Олар өз кезегінде жаттап алуға тырысады. Мысалы:

1.Адреналин—бүйрек үсті безінен бөлінетін гормон

2.Ноосфера—ақыл-ой сферасы

3.Ксерофиттер—құрғақ жер өсімдіктері

Дайындық кезінде,сабақ барысында оқушылардың оқулық арқылы өз бетімен жұмыс істеу қабілетін,шапшаңдығын дамыту мақсатында үнемі жабық тестпен жаттықтыруды тиімді әдістердің бірі деп есептеймін.Сараласақ...


1.Генетика ғылымының негізін қалаған кім?

2.Жемістер қандай топтарға бөлінеді?

3.Қан тарату жүйесінің негізгі мүшелерін ата. т.б.

Мөлшермен 10 сұрақ көлемінде жабық тест тапсырмасын өз бетімен оқулықтан жауабын тауып орындаса,бұл бес жауаптың бірін белгілей салғаннан әлде қайда тиімді.

Жалықтырмай пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін әдістердің бірі салыстыру,салыстыра отырып тұжырым жасау. Оны кесте толтыру арқылы орындайтын бір жұмыс ретінде ұсынайын...Кестені толтырып,ұқсастығы мен ерекшелігін торкөзге жазып салыстыра отырып жаттайды.

кластар

ерекшелігі

Балықтар

1

Қосмекен-

ділер

2

Жорғалау-

шылар

3

Құстар

4

Сүтқорек-

тілер

5

Ұқсасты-ғы

Ерекше-лігі

Жүрегі

2камера-

лы

3 камера-

лы

3 камера-лы,жарты-лай перде-мен бөл-н

4 камера-лы

4 камера-лы

4,5

1,2,3,

(4-5)

Тыныс алу мүшесі

желбезек

тері,өкпе

өкпе

Өкпе,ауа

қапшығы

қосарлы тыныс алу

өкпе

3,5

1,2,4

(3-5)

Дене жамылғысы

плокойдты тері,қабыр-

шақты

жұқа,тегіс

безді

тері сырты мүйізді

қабыршақпен қапталған

қауырсынды

тері

---

1,2,3,4 ,5


Тараулар бойынша тест тапсырмаларын дайындауда таңдамалы жауаптармен бірге құрамдастырылған тест жұмысын енгіземін.Біріншіден дұрыс жауапты таңдайды,екінші өз таңдауын жазбаша түрде негіздейді. Мысалы:

1.Бауыр өзегі________ ашылады.

А)Тоқ ішекке В)Аш ішекке С)Ұлтабарға Д)Ұйқы безіне Е)Асқазанға

Дұрыс жауап. С) Ұлтабарға. Құрамдастырылған жауап.

Ұлтабар ұзындығы шамамен 25 см.болады, пішіні таға тәрізді, оған ұйқы безі өзегі де ашылады.

2.Сүтқоректілердің зәр шығару мүшесі.

А)Тері,бүйрек В)Жасыл без С)Мальпиги түтігі Д)Бүйрек Е)Клоака

Дұрыс жауап. Д) Бүйрек. Құрамдастырылған жауап.


Бүйрек асбұршақ пішінді жұп мүше,бел омыртқаның екі жағында орналасады,салмағы 150 гр. Зәр шығару жүйесінің негізгі мүшесі.

Жауапты таңдауда түсінбей жаттау немесе атүсті таңдау мүмкіндігі болмайды.Тестің бұл түрін пайдалануда оқушыға дұрыс жауапты таңдай салу жеткіліксіз,қосымша мағлұматтармен дәлелдеп беруі тиіс.Нәтиже:Тақырыпты қандай деңгейде меңгергендігін тексеруге мүмкіндік береді.

Әрбір оқушының бағдарламалық материялды түсініп, есінде сақтау деңгейін тексеруге ай сайын тест өткізіледі.Тест қорытындысын шығарып жіберген қателермен талдау жүргіземін.Талдауда 2 әдісті пайдаланамын.

1-ші әдіс Барлық оқушыларда бірдей кеткен қателерді топтастырып талдау.Тарауға байланысты қиыншылық тудыратын тақырыптарға толық тоқталамын.Басқа қателер бойынша бір-бірінің қатесін талдатып өзім соңында жүйелеймін. 2-ші әдіс Дұрыс жауапты таңдауда кездейсоқтыққа жол бермеу үшін ,басқа жауаптарды да талдап өтеміз. Айта кетсек...

1.Қанның ұюына қатысады.

А)Лейкоцит В)Лимфоцит С)Тромбоцит Д)Плазма Е)Эритроцит

Дұрыс жауап С)Тромбоцит

Лейкоцит - қорғаныш қызметін атқарады.

Лимфоцит- иммундық жүйенің құрылымдық элементі.

Плазма - қан құрамындағы түссіз сұйықтық.

Эритроцит- оттек пен қоректік заттарды тасымалдайды.

Оқушыларды сергітіп ,оқулықпен жұмыс жасауға дағдыландыру үшін «Ой шақыру» стратегиясын қолданам. Кез келген ұғым айтылады. Мысалы: Тері, жасуша, балдыр т.б.Дөңбелектеніп отырып не біледі бірін-бірі толықтырып айтып шығады. Соңында оқулықты ашып айтылмай қалған деректерді тауып білімдерін тереңдетеді.Өз кезегінде бұл жұмыс оң нәтиже берері анық.

ҰБТ-ке дайындықта өз тәжірибиемдегі ұтымды әдістер өте көп. Жоғарыда ұсынған әдістерден басқа электронды оқулықтар, анықтамалық әдебиеттер, кестелер, сөздіктермен жұмысты атаған болар едім.Әр дайым жақсы табыстарын атап, ынталандырып отырамын.

Баланың білім алуына үлкен ықпал ететін факторлардың бірі—оның ата-анасы.Сондықтан аралық тест қорытындыларының нәтижесін оқушылардың қарым-қатынас дәптерлеріне жаздырып ата-аналарымен пікір алмасып, үнемі байланыс жасап отыру керек

Мектеп психологінің көмегіне жүгіну өз көзімнен тыс жатқан проблемаларды көре білуге жәрдемдеседі. Бала қабілетін, ынталылық деңгейін бірлесе отырып анықтап

дайындық сабақ үстінде әр оқушымен қалай жұмыс істеу керектігіне бағыт алуға болады

Нәтижеге бағытталған осындай жұмыстардың берері мол.Оқушылардың білім деңгейін бақылап, дұрыс шешім қабылдап отыру үшін аралық сынық тест қорытындысына мониторинг жүргізіледі.Одан жетістіктер мен кемшіліктер анық көрінеді.


баяндама "Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау тәжрибемнен"
  • Биология
Описание:

Оқушының жақсы көрсеткішке жетуі үшін ең алдымен оқушылардың пән бойынша негізгі алатын оқу материялын толық игеруіне бар күш-жігерімді жұмсаймын.Оқу материялының мазмұнын сыныпта, сабақ кезінде түсініп алуына күш жұмсай отырып, есте сақтайтын негізгі ұғымдарды анықтап беремін. Баланың тез меңгеруіне қиындық тудыратын тарауларға, тақырыптарға толығырақ тоқталып отырамы

Автор Ахметова Рахила Кабыловна
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Другое
Просмотров 415
Номер материала MA-064491
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓