Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама «Өнегелі тәрбие - отбасынан басталады»

Баяндама «Өнегелі тәрбие - отбасынан басталады»

Скачать материал

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ

«Айгөлек» тобы

 

 

 

 

 

Баяндама

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Өнегелі тәрбие-

                  отбасынан басталады»

 

 

 

Тәрбиеші: Айтжанова Р.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015

 

Өнегелі тәрбие- отбасынан басталады.

 

Адамзат баласының ең негізгі мақсаты-дүниеге әкелген ұрпағының болашағына жауапкершілікпен қарау. Нәрестенің өмірге келген алғашқы күннен бастап дұрыс тәрбие беріп, адамгершілікке, саналыққа баулып өсірсеңіз, күндердің күнінде оның рақатын көріп, қуанышына бөленерініз сөзсіз. Баланың бойына жақсы қасиеттер ең әуелі өз отбасынан дарыйды. Отбасынан басталған өнегелі тәрбие балабақша мектеп қабырғасында тәрбиеші мен ұстаздардың ұлағаты мен одан әрі жалғасады. Отбасында бала әуелі мәдениеттілікті үйренеді соңан соң өзіне тән ар-ұят ақыл ой, адамгершілік қасиеттерге баулиды.  Соңдықтан ата-ананың өз ара сыйласымдылығы өзін өзі ұстауы бала тәрбиесі үшін ауадай қажет. Бала бойында бес, жеті жасқа дейін мінез бен тәрбие негізі қаланады. Дәл осы кезеңде кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқа сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруде баса назар аударып, бұл сатыны олардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламамен қамтамассыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым қатынасы нақ осы кезеңде қаланатының естен шығармауымыз керек.

   Еліміздің болашағын сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты қалыптастыратын отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің кадыры. Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр сырын білетін терең игерген педагог- тәрбиешілерді даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру, кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай курстар өткізудің маңызы ерекше. Мұның өзі ұстаз-тәрбиешілердің жұмысына деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін шындауына, бала тәрбиесіне деген түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады.

   Балабақшада баланы бүлдіршін кезінен адамгершілікке, имандылық пен өзіне-өзі қызмет етуге, мәдени- гигиеналық машықтарды қалыптастыруға, еңбекке, бауырмалдыққа баулуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі...

   Соңдай ақ балабақшада тәрбиемен бірге оқу тәрбие жұмысы қатар жүргізіледі. Бала тәрбиесінде тәрбие жұмысы аса маңызды...

   Тәрбие жұмысын тәрбиеші педагог мамандармен бірге ата-анада бірлесе отырып жүргізсе келешек ұрпақтың өңегелі де , білімді болары сөзсіз. Кішкентай бүлдіршіндердің өнер, білімге баулып, тәрбиелеуде балалар әдебиетіндегі ертегілер мен аңыз-әңгімелердің, өлең-тақпақтар мен мақал-мәтелдердің, жаңылтпаштардың маңызы өте зор өйткені тәрбиешінің немесе ата-ананың ертегіні әсерлеп айтып, балаға жеткізуі баланың сол ертегі бойынша түсінігі қайталап айтып беруі оның тек сөздік қорын молайтып қана қоймай ақыл-ойын жетілдіреді. Бала жақсы кейіпкерлерге еліктейді, жаманнан желінеді, жақсы болуға, еңбекқор адал болуға үйренеді. Мысалы, Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала», «Асыл шөп», А.Құнанбаевтің жыл мезгілдері туралы («жаз», «күз», «қыс»,) өлендерінің хайуанаттар жайындағы ертері-әңгімелерді оқий отырып балаларды достыққа еңбекқорлыққа баулиды осындай жұмыстардың өзіне тәрбиенің алғашқы баспалдағын көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ

«Айгөлек» тобы

 

 

 

 

 

Баяндама

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Ата-аналармен жұмыс

                       жүргізу жолдары»

 

 

 

Тәрбиеші: Айтжанова Р.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015

Ата-аналармен жұмыс жүргізу жолдары

 

 «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, танып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»,-деген екен Абай атамыз. Адамның жеке басының қасиеттері, әдетте бес жасқа дейін қалыптасады деген пікір бар. Бұл сөздің растығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Өйткені, адам баласы қажетті қасиеттердің бәрін мектеп жасына дейін бойына сіңіруге тырысады. Бала әр нәрсеге құмар: айналасындағы барлық өзгерісті, табиғат тамашаларын сезінуге талпынып, өз құрбыларымен және ересектермен тығыз байланыста болады. Ал осы мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамытып, өзін танытатын жеке тұлға ретінде тәрбиелеу, ата-ана мен тәрбиешінің міндеті.

     Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі білім беру саласының мақсаты-балалардың рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Осы қасиеттер арқылы баланы жан-жақты тәрбиелеу. Рухани-адамгершілік тұрғыдан білім беру жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева-мектеп жасына дейінгі баланың рухани-адамгершілік тәрбиесінің алғашқы негіздерін алуға әрекет етеді. Бала алғашқы тәрбие негізін отбасынан алады. Отбасы рухани-адамгершілік тәрбие негізін себуші. Тек ерсектерге ғана емес, өзінен кіші бауырларына қамқорлықпен қарауға үйренеді. Баланың отбасындағы қарым-қатынасына үлкен әсер етеді. Кейбір жағдайларда ата-ананың өз баласына деген шектен тыс махаббаты да тәрбиеге кері әсерін тигізуі мүмкін. Ата-ана қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғау мақсатында баланы өз еркінен қалай айырғанын білмей қалады. Осының нәтижесінде бала тек өзге біреудің демеуін қажет ететін, өзіне-өзі сенімсіз тұлға ретінде қалыптасуына жол беріледі.

     Баласының жетістіктерінен ата-ананың қуаныш сезімі артады. Олардың арсында өзара тығыз байланыс, түсіністік, сенім орнайды. Яғни, олар тек қана ана мен бала, немесе әке мен бала сияқты ғана емес, сонымен қатар достар, сырластар тәрізді өзара қарым қатынастың тиімді жолын орнатады. Әрине бұл ата-ана үшін үлкен жетістік.

     Ата-аналармен тығыз байланыста болу мақсатында құрылған «отбасылық адамгершілік мектебі», қызықты тақырыптағы кездесулерде ұйымдастырылған «жалпы адамгершілік құндылықтар және оны балалардың бойына сініру», «мейірімді әдеттерді-балалық шақтан» т.б тақырыпта өткен кездесулер олардың «өзін-өзі тану»жайындағы ойларын білуге мүмкіндік берді.

    Ата-аналар бала бойында болған өзгерістер жайында әңгімелеп, айтты. Ата-аналардан алған мағлұматтар арқылы педагог өз жұмысының нәтижесін көре білді. Ата-аналармен жүргізілетін әңгімелер, кеңестер, конференциялар ата-аналарды бала тәрбиесінде белсенді қатысушы болуға шақырады. Педагогтар мен ата-аналардың бірлескен отырыстары,балаларды рухани тәрбиелеудегі қиыншылықтарды анықтауға және тиімді жолдарды таңдауға мүмкіндік берді.

     Балабақшадағы тәрбиемен баланың отбасындағы тәрбие бағытының өзара байланысын бір бағытта болуы жақсы нәтижесін берді. Біз өзіміздің жұмысымызда осы өзара байланыстың тиімділігін анықтап, оны жұмыс барысымызда кеңінен қолданудамыз. Ата-аналар,балалардың ынта-ықыласын білуге құмарлығын, олардың қалай қарым-қатынас жасап, тіл табысатындығын зерттеп игерді. Сабақтар ойын түрінде құрылып, «жүректен-жүрекке», «қуаныш шеңбері», «тыныштық сәттері», «шығармашылық іс-әрекеті» т.б. тәсілдер қолданылды.  Әрбір ата-ана баласының қандай бағытта, қандай дәрежеде білім алғанынан хабардар болғысы келетіні белгілі. Балаларға адамгершілік рухани білім беру нәтижесінде ата-аналар,педагогтар,өзара іс-әрекет барысында рухани құндылықтарды және өзін бағалауды бір саты жоғарыға көтеруге, өздігімен білім жетілдіруге көмектесті. Педагогтар сабақтарды ата-аналармен бірігіп өткізіп, қазіргі заман талабына сай жаңа техналогия әдістерін оқу-тәрбие үрдісіне енгізді. Педагогтар ынта-ықыласымен жұмыс істеп, балалардың көңіліне жол таба білді. Ата-аналар жалпы адамгершілік құндылықтары бойынша өз білімдерін толықтырды. Ол өзіне деген қызығушылықты, өзінің ішкі-рухани әлеміне қызығушылықты ояту, балалардың назарын адамгершілік-рухани қасиеттердің негізгі салаларына аударту, рухани-адамгершіліктің манызын түсінуге тәрбиелеу: мейірімділік, сыйласымдық, адалдық еңбекқорлық, қайырымдылық қасиеттері.

     Педагогтардың, ата-аналармен бірлескен жұмысы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге өзінің тиімді нәтижесін берді. Қазіргі уақытта біздің ата-аналар барлық шығармашылық істердің белсенді қатысушылары. Әр мерекелік ертеңгіліктерге, ойын-сауықтарға балаларға арнайы киімдер дайындап, топты безендіруге көмектесіп тұрады.

     Баланы өзгелермен салыстыруға болмайды, әр баланың өзіндік ерекшеліктері, табиғи мүмкіндіктері, қабілеттері, даму қарқыны, бейімділігі, тәрбиесі болады. Балалардың қызығушылықтарын, ынтасы, зейіндері, ой-санасының дамуы байқалды. Балабақша мен отбасы арасындағы жұмысты бірлесіп атқаруы, ата-аналармен жеке және ұжым болып жүргізілетін жұмыстарды ұштастыру, олардың әрқайсысына ілтипатпен қарау нәтижесінде жан-дүниесі рухани бай, адамгершілігі мол, айналасындағылар мен жақсы қарым-қатынас орната алатын, ата-ана қадірін жете түсінетін жүрегі таза саналы ұрпақ қалыптасуына ықпал етті.

    

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама «Өнегелі тәрбие - отбасынан басталады»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Өнегелі тәрбие- отбасынан басталады. Адамзат баласының ең негізгі мақсаты-дүниеге әкелген ұрпағының болашағына жауапкершілікпен қарау. Нәрестенің өмірге келген алғашқы күннен бастап дұрыс тәрбие беріп, адамгершілікке, саналыққа баулып өсірсеңіз, күндердің күнінде оның рақатын көріп, қуанышына бөленерініз сөзсіз. Баланың бойына жақсы қасиеттер ең әуелі өз отбасынан дарыйды. Отбасынан басталған өнегелі тәрбие балабақша мектеп қабырғасында тәрбиеші мен ұстаздардың ұлағаты мен одан әрі жалғасады. Отбасында бала әуелі мәдениеттілікті үйренеді соңан соң өзіне тән ар-ұят ақыл ой, адамгершілік қасиеттерге баулиды. Соңдықтан ата-ананың өз ара сыйласымдылығы өзін өзі ұстауы бала тәрбиесі үшін ауадай қажет. Бала бойында бес, жеті жасқа дейін мінез бен тәрбие негізі қаланады. Дәл осы кезеңде кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқа сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруде баса назар аударып, бұл сатыны олардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламамен қамтамассыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым қатынасы нақ осы кезеңде қаланатының естен шығармауымыз керек

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 278 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2020 1141
    • DOCX 48.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Голубева Мария Михайловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Голубева Мария Михайловна
    Голубева Мария Михайловна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 83316
    • Всего материалов: 251

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 400 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 261 человек

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе