Главная / Директору-завучу / Баяндама "Дені сау,жан дүниесі бай ,адамгершілігі мол, бостандық сүйгіш жеке тұлға қалыптастырудағы білім беруде тәрбие жүйесін құрастыру және дамыту"

Баяндама "Дені сау,жан дүниесі бай ,адамгершілігі мол, бостандық сүйгіш жеке тұлға қалыптастырудағы білім беруде тәрбие жүйесін құрастыру және дамыту"

Дені сау,жан дүниесі бай ,адамгершілігі мол,

бостандық сүйгіш жеке тұлға қалыптастырудағы білім беруде тәрбие жүйесін құрастыру және дамыту.



Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «болашақта еңбек етіп,өмір сүретіңдер-бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады,яғни тәрбиенің түпкі мақсаты-қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде рухани дағдарыстарын жеңіп шыға алатын елін,жерін қорғай алатын,Отаның,халқын сүйетін өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп тұжырым жасаған болатын.

Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау,ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, парасатты, ар-ожданы мол,еңбекқор, ашық,әр ортада өз орнын таба алатын, жаңалыққа жаны құмар, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалаптасқан адамды тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі-ана сүтінен басталып,біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы мектеппен байланысады, яғни бала тәрбиелене білім алады.

Мектептің міндеті –барлық тәрбие сатылары мен салаларына байланысты ата-аналардың,ұстаз-тәрбиешілердің шығармашылық ізденістерін пайдалана отырып нақты жүйе жасау. Ал «Мектептің тәрбие жүйесі» дегеніміз не? «Тәрбие жұмысының жүйесі» дегеніміз-мектептегі,сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмысы, өткізілетін іс-шаралар. Сондай-ақ ол-белгілі біртұтас педагогикалық кешен.

Мектептің ішіндегі тәрбие жүйесі екі бағытта жүргізіледі.

1.Оқу үрдісінде тәрбиелеу-бұл тәрбиенің әр түрлі құрамын,мазмұнын жаңа әдіспен ұйымдастыру, сонымен қатар берілетін пәннің ұғымы арқылы тәрбиелеу.

  • Тәрбие берудің жаңа технологияларын қолданып,

  • Оқыту мазмұнының, түрлерінің, әдістерінің тәрбиелік әлеуетін

жоғарылату;

  • Ойын технологияларын қолдану;

  • Пәнаралық сабақтар өткізу;

2. Мектептен тыс кезінде –түрлі бағыттағы үйірме,клубтар,секция т.б. арқылы

жұмыстар ұйымдастыру.


Жеке тұлға қалыптастыруда ата-ана,қоғам, мектеп әсіресе ұстаздың маңызы зор.

Ұстаз бен оқушының жұмысы нәтижелі болу үшін, біріншіден, ынтымақтастық қажет. Ал баланы өмірге бейімдеуде мектеп,мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Себебі бала бір жақты тәрбие алуы мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса,мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімдік табады. Тәрбие жүйесінің негізгі қозғаушы күші-пән мұғалімдері,сынып жетекшілері, ата-ана.

Мұғалім-оқушы-ата-ана байланысын дамытқан сайын оқу мен тәрбиелеудің бірлігін сақтап түпкі нәтижеге қол жеткізетініміз даусыз.

К.Д.Ушинский айтқандай, «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс»-дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да осы айтылғанды ескере отырып жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз . Әр оқушы бойына намыс, ар, сүйіспеншілік сезімдерін ұялатып, туған жер табиғаты, ана тілі, салт дәстүрі, тарихи ата-бабаларымыздың ерлігі – Отанға деген сезімнің шынайы қайнар көзі екеніне өз іс-әрекеттеріміз, әртүрлі іс-шаралар өткізу арқылы көз жеткізуіміз қажет.



Баяндама "Дені сау,жан дүниесі бай ,адамгершілігі мол, бостандық сүйгіш жеке тұлға қалыптастырудағы білім беруде тәрбие жүйесін құрастыру және дамыту"
  • Директору-завучу
Описание:

Баяндама тақырыбы "Дені сау,жан дүниесі бай ,адамгершілігі мол, бостандық сүйгіш жеке тұлға қалыптастырудағы білім беруде тәрбие жүйесін құрастыру және дамыту" деп аталады.

Баяндамада жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру үшін мектептегі тәрбие жұмысын қалай ұйымдастыруға болатынын, тәрбие жұмысының негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетілген

Автор Валиева Зульфия Рафгатовна
Дата добавления 10.01.2016
Раздел Директору-завучу
Подраздел Другое
Просмотров 304
Номер материала MA-063657
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓