Инфоурок Физическая культура Другие методич. материалыБаяндама: Дене шынықтыру сабақтарында Президентік тестілеуді өткізудің әдістемесі

Баяндама: Дене шынықтыру сабақтарында Президентік тестілеуді өткізудің әдістемесі

Скачать материал

Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы

«Қазымбет орта мектеп- бақша» КММ

Боранбаев Қайратбек Турсынбекович

денешынықтыру пәнінің мұғалімі

 

Баяндама

Аудандық тамыз маслихаты

 

Дене шынықтыру сабақтарында

Президентік тестілеуді өткізудің әдістемесі

 

 

 

     Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығының президенттік тестілерін өткізу қағидалары  «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Президенттік тестілер – бақылау нормативтері арқылы халықтың дене шынықтыру даярлығының жалпы деңгейін айқындайтын жаттығулардың (сынақтардың) жиынтығы. Президенттік тестілер Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына қойылатын нормативтік талаптардың негізі болып табылады.

 

 

Президенттік тестілердің құрылымы

 

3. Президенттік тестілер екі деңгейге бөлінеді:

         1) президенттік деңгей – физикалық тұрғыдан жан-жақты дамыған адам деңгейі;

         2) ұлттық дайындық деңгейі – халықтың дене даярлығын айқындайтын деңгей. 

          4. Президенттік тестілер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның дене даярлығының негізгі қабілеттерін (күштілік, төзімділік, жылдамдық  және ептілік) танытатын спорттық сынақтардың сегіз түрін қамтиды.

Президенттік тестілер бес сатыға бөлінеді:

1-саты           –  «Шымырлық пен ептілік» – 9-10 және 11-13 жастағылар                   – жалпы білім беру мектептерінің 4 және 7 сыныптары;

2-саты           – «Спорт ізбасарлары» – 14-15 жастағылар – жалпы білім беру мектептерінің 9 сыныптары;

3-саты           – «Күш пен батылдық» – 16-17 жастағылар – жалпы білім беру мектептерінің 11 сыныптардың, колледждердің, лицейлердің соңғы курсының алдындағы курстары;

4-саты           – «Шынығуды жетілдіру» – жоғары оқу орындарының соңғы курсының алдындағы курстары, 18-23 жастағылар, 24–39 жастағы тұрғындар;

5-саты           –  «Сергектік пен денсаулық» – 40-49, 50-59, 60 және одан жоғары жастағылар.

Халықтың дене шынықтыру даярлығының президенттік тестілері сынақтарының түрлері мен нормативтері осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

 

Президенттік тестілер бойынша сынақтарды өткізу тәртібі

 

Президенттік тестілер сынақтарының түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін мектептердің 4, 7, 9, 11 сыныптарында, лицейлердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының соңғы курсының алдындағы курстарында, жұмыс істейтін жастар мен ересек тұрғындар үшін дене  шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жарыстарда өткізіледі.

Президенттік тестілер нормативтерін тапсыруға дәрігердің рұқсаты бар, спортпен ұйымдасқан түрде немесе өз бетінше айналысатын барлық ниет білдірушілер жіберіледі.

Президенттік тестілер сынақтарының түрлері бойынша жарыстарды қалалық (аудандық) дене шынықтыру және спорт бөлімдері бекіткен төрешілер алқасы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен спорт түрлері бойынша жарыстар қағидаларына сәйкес өткізеді.

 

Президенттік тестілер бойынша жұмысты ұйымдастыру

 

Президенттік тестілерді орындау бойынша жалпы басшылықты және бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган, тиісті дене шынықтыру және спорт басқармалары, бөлімдері және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-тәжірибелік орталығы мен оның өңірлік филиалдары жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдарының, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылығы президенттік тестілерді тапсыруды қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымдарында президенттік тестілерді тапсыруды тікелей ұйымдастыруды дене шынықтыру педагогтары (оқытушысы), медицина қызметкері, ал ұйымдар мен кәсіпорындарда – спорт нұсқаушысы, жаттықтырушы-оқытушы және медицина қызметкері жүзеге асырады. 

 

Президенттік тестілер сынақтарының түрлері

 

Президенттік тестілер сынақтарының түрлері мыналарды қамтиды:

          1) жүгіру (30, 60, 100, 1000, 1500, 2000, 3000 метр). Сынақ стадионның жүгіру жолында немесе кез келген тегіс жерде өткізіледі;

         2) орнында тұрып ұзындыққа секіру. Сынақ ашық және жабық үй-жайлардағы кез келген тегіс жерде өткізіледі;

         3) биік кермеде тартылу. Сынақ бастапқы қалыпта жоғарыдан ұстай асылып, аяқты еденге (жерге) тигізбей орындалады. Кермеден иек жоғары өтіп және бастапқы қалыпқа қайтып оралған кезде жаттығу орындалған болып есептеледі. Жаттығуды орындау кезінде қолдарды айқастыруға тыйым салынады;

         4) кеудені көтеру. Сынақ шалқалап жатқан қалыпта, аяқ тізеден            90 градус бұрышқа бүгіле, алақан иықта және табаннан серіктестің ұстап тұруымен орындалады;

         5) ату. Сынақ пневматикалық винтовкадан жүргізіледі (1-қосымшаға сәйкес жас ерекшелігі бойынша топтарға қойылатын талаптарға сәйкес  орындалады). Ату: 3 рет байқап көру, 5 рет есептік. Атуға берілетін уақыт – 20 минут;

         6)    шаңғымен жүгіру. Сынақ шамалы немесе орташа бедерлі жол салынған жердегі ара қашықтықта ауа температурасы -20°С-тан төмен болмаған кезде өткізіледі. Қарсыз аудандарда шаңғымен жүгіру 6 минут бойы жүгіріп-жүрумен алмастырылады;

         7) доп лақтыру. Сынақ ені 10 метр болатын кез келген тегіс алаңда өткізіледі;

         8) жүзу (25, 50 метр). Сынақ қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, үлгілік бассейндерде өткізіледі.

         15.  Президенттік тестілерді тапсыру жазғы спорт түрлері бойынша сәуір-мамыр айларында, қысқы спорт түрлері бойынша ақпан-наурыз айларында өткізіледі.

ТЕСТІЛЕРДІ ТАПСЫРУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ

АҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

 

Мектеп, колледж оқушыларын, жоғары оқу орындарының студенттері мен курсанттарын тестілерді тапсыруға дайындау оқу процессінде, сабақтын тыс дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмыстарында жүргізіледі. Кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс істейтіндер секциялар мен ДТҰ-да алғашқы әскері дайындық қосындарында, сондай-ақ өз бетінше дайындалады.

          Тестилерге дайындық пен оны орындау оқу жылы  ішінде жүргізіледі.

          Президенттік тестілер туралы қағидаларға (3-тармақ) сәйкес прзиденттік тестілердің сындары бойынша жалпы білім беретін мектептердің 4,7,9,11 сыныптарда, кәсіптік-техникалық училищелерде , колледждер мен жоғары орындарының соңғы курстарында жарыстар өтеді.

          Дене шынықтыру сабағының оқу жоспарына барлық сынақ түрлері бойынша сабақтар енгізілуі тиіс.

          Мысал ретінде оқу жылында материалдарды былайша бөлуге кеңес береміз:

          Қыркүйек- қазан – женіл атлетика;

          Қараша-жетоқсан – ату, гимнастика;        

          Қаңтар-ақпан – шаңғымен дайындық;

          Наурыз- сәуірдің жартысы – жүзу;

          Сәуірдің жартысы-мамыр – женіл атлетика.

          Дене дайындығының Президенттік тестілер тапсыруға сабаққа тұрақты қатысып жүрген, бөлімдерді өту кезінде дұрыс баға  алған және дәрігердің рұқсаты бар азаматтар жіберіледі.

          Жарыстар (қосымшаларды қара) тестілер талаптарың орындау шарттары және спорт түрлері қағидаларына сай өткізіледі.

          Жарысты аудандық, қалалық және облыстық спорт және дене шықтыру басқармасы бекіткен төрешілер слқасы өткізеді.

          Жұмыс хаттамалары мен жарысқа қатысушылардың карточкалары қосымшаларда беріліп отыр.

        

  Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілерін өткізу қағидаларын қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 қаңтардағы №1545 қаулысы -  Қазақстан Республикасындағы халықтың әртүрлі жіктерінің дене шынықтырумен шұғылдану жұмыстарының міндеттері мен бағыттарын айқындайтын маңызды құжаттар.

         Президенттік тестілерді өткізу қағидаларында шұғылданушылардың жас ерекшеліктерінің топтары, денені жан-жақты шынықтырып, жетілдірудің нақты тестілері және өмірлік қажетті дағдылар мен машықтарды игеру анықталған. Алғаш рет ересек  тұрғындар арасындағы шұғылданушы  топтардың жастары анықталды. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу салауатты өмір салтына баулитыны белгілі.

          Қағидадағы маңызды мәселенің бірі – тестілердің сынақтарын өткізу мерзімін  анықтау болып табылады. Бұл жалпы білім беру мектептерінің 4,7,9,11 сыныптарын, қәсіптік-техниқалық училищелердің, колледжер мен жоғары оқу орындарының соңғы курстарының алдыдағы курстарын бітіретін кезде жүзеге асырылады.

         Сонымен бірге, Президенттік тестілерді өткізу қағидалары дене тәрбиесінен сабақ беретін оқытушыларға оқу-тәрбиелік  процестері ұйымдарында да,  сондай-ақ дене шынықтыру бұқаралық жұмыстарды және  жарыстарды өткізу кезінде мол мүмкіндік береді.

         Халықтың әртүрлі жастағы топтарымен тестілер бойынша жарыстар өткізу, олардың нәтижелеріне талдау жасау алдағы жұмыстардың бағытын, мазмұнын, көлемін және өткізілетін сабақтардың үдемелілігін нақтылауға мүмкіндік береді.

         Президенттік тестілердің жаңа нормативтерін енгізу – Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сауықтыру мен дене шынықтыру дайындығын нығайтудың ұзақ жылдарға арналған бағдарламасы.

         Президенттік тестілерді игеру сабақтары жоспарлы, мақсатты жүргізілсе, онда алға қойылған міндеттердің сәтті орындалғаны.

         Президенттік тестілердің жарысы ұйымшылдықпен, нақты, мереке секілді өткізілуі тиіс.

         Жарыстардың ашылуы оған қатысушылардың есінде ұзақ сақталатындай салтанатты жағдайда өтуі керек.

         Дене шынықтыру мен спорт саласының мамандары Президенттік тестілердің Қазақстан Республикасының барлық халқы үшін аса маңызды екендігін іс жүзінде дәлелдеулері қажет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: Дене шынықтыру сабақтарында Президентік тестілеуді өткізудің әдістемесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Шығыс Қазақстан облысыҮржар ауданы«Қазымбет орта мектеп- бақша» КММБоранбаев Қайратбек Турсынбековичденешынықтыру пәнінің мұғаліміБаяндамаАудандық тамыз маслихатыДене шынықтыру сабақтарындаПрезидентік тестілеуді өткізудің әдістемесі Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығының президенттік тестілерін өткізу қағидалары «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.Президенттік тестілер – бақылау нормативтері арқылы халықтың дене шынықтыру даярлығының жалпы деңгейін айқындайтын жаттығулардың (сынақтардың) жиынтығы. Президенттік тестілер Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына қойылатын нормативтік талаптардың негізі болып табылады.Президенттік тестілердің құрылымы3. Президенттік тестілер екі деңгейге бөлінеді: 1) президенттік деңгей – физикалық тұрғыдан жан-жақты дамыған деңгей

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 842 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2020 1011
    • DOCX 36.6 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Горбачёва Ирина Вакильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Горбачёва Ирина Вакильевна
    Горбачёва Ирина Вакильевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 79925
    • Всего материалов: 231

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Правовые и методические основы деятельности инструктора по волейболу

Инструктор по волейболу

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Физическая подготовка обучающихся. 100 физических упражнений на дистанционном обучении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация и методическое обеспечение процессов физкультурной и спортивной деятельности в отношении лиц с ограниченными возможностями здоровья

Инструктор-методист по адаптивной физической культуре и адаптивному спорту

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 39 регионов

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 332 человека из 65 регионов

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе