Главная / Другое / Баяндама "Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды"

Баяндама "Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды"

Білім салалары: Қатынас, Таным, әлеуметтік, Шығармашылық
Бөлімдері: Тіл дамыту, математика, қоршаған ортамен танысу, құрастыру
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты:
Білімділік: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, қонақжайлыққа үйрету, әдептілік ережелеріне баулу.
Дамытушылық: Бейнелі ойлауын дамыту. Отбасындағы өзара сыйластық қарым қатынасын дамыту.
Тәрбиелік: Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Отбасылық суреттер, «Әдептілік – әдемілік»кітабы, өлеңжұмбақ, ойындар.
Билингвальдық құрауыш:
Қызметтің кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық түрткі болатын Шаттық шеңбері
- Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата - ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр.
- Балалар мына суретке назар салыңыздаршы! Мына суреттерді бір сөзбен айтқанда қалай деп атай аласыңдар: ( отбасының суреті)
- Қанеки балалар біз саусақ жаттығуларын жасап көрейікші!( балалар саусақтарын бүгіп отырып орындайды)
Бас бармағым – әкем, балаң үйрек апам,
Ортан терек – ағам, шылдыр шүмек мен.
Титтей бөбек сен
Бір үйде нешеуміз?
Бір үйде бесеуміз.
- балалар санамақ кімдер туралы айтылған? Кім айтады?
Отбасында аталған адамдардан басқа кімдер айтылмай қалды?
Балалар, қазір бізге Мөлдір жұмбақ жасырады.
Кітапты көп оқитын, немерелерін жақсы көреді, ақ сақалды, кісіні кім дейміз? (Ата)
Бала шығып атаны көрсетеді.
Ата туралы тақпақ.
Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалы салалап,
Құмарымды тарқатам,
Жермен көкті аралап.

Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді,
циркке, саябаққа апарады, отбасын қорғаушы, сақтаушы ол кім? (Әке)
Көрсету.
Әке туралы тақпақ
Атам айтса «Ұлым» деп,
Әжем айтар «Күнім» деп,
Екеуінен қаймығып,
Айтады әкем «Інім»деп.
Ол өте мейірімді, ақ шашты, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды. Бұл кім? (Әже)
Көрсету.
Әже туралы тақпақ.
Әжемдей данадан,
Ертекке қанамын.
Шақырса даладан,
Жүгіріп барамын.
Балалар, сендерді жақсы көретін, сүйікті адам кім? (Ана)
Көрсету.
Балалар, Ендеше мен сендерге өлең жұмбақ айтып берейін. Сендер соның шешуін айтыңдар
Дегенімді жасайтын
Қалған тамағымды асайтын
Ертіп алып жетектеп
«Немерем» – деп атайтын?
*** *** *** ***
Ертегі айтып беретін
Айтқаныңа сенетін.
Дегеніңді екі етпей
Жаңында сенің жүретін.
*** *** *** ***
Кіріңді сенің жуатын
Үйді шаштың деп қуатын
Тамағыңды дайындап
Жақсы көріп тұратын.
– Бәрекелді балалар, өлең жұмбақты шештіңдер. Сендер ақылды, білімді балалар болып өсіп келе жатсыңдар. Өте жақсы. Шаршаған шығарсыңдар. Ойын ойнап бір сергіп алайық.
«Кім жоқ?» – дидактикалық ойын
Тақтада отбасы мүшелерінің суреті ілулі тұрады. Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін айтады.
Сергіту сәті: «Отбасы шежіресі» туралы жұмбақ шешу. Алдарында әкесінің, атасының, анасының т.б. фоталары жатады.

1. Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
Ол кім? Барлығы – атам.
Аталарының суретін ағаштың тамырларына іледі.

2. Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім? Барлығы - әкем. (әкесінің суретін іледі)

3. Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? Барлығы – ана. (анасының суретін іледі)
Әке, апа, аға, мен және бөпем туралы айтылған.
– Апай, бұл «Ата» – ғой
– Бұл «Әже» – ғой апай!
– Апай бұл біздің«анамыз» – ғой
Ұйымдық - іздену Ойын: «Неге теңеймін». Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Оқушыларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т. б. айтылады.
Балалар, кім бізге өзінің отбасы туралы айтқысы келеді?
1 - бала. Менің отбасымда 4 адам бар бұл әжем, атам, шешем, әкем. Менің әжем – зейнеткер. Шешем - әкем жұмыс істейді. Анам - мектепте мұғалім. Әкем – жүргізуші. Менің ағам оқушы. Ал мен балабақшаға барамын.
2 - бала. Менің отбасымда әжем, әкем, шешем бар. Мен әкемнің анамның жалғыз қызымын. Кішкентай інім немесе сіңлім болса ғой деп ойлаймын. Мынау менің мейірімді әжем. Ал мынау тәтем, ол ауылда тұрады.
3 - бала. Мынау менің отбасым. Әкем, анам және мен. Менің екі әжем бар: (екі әжесінің атын айтады), олар мені жақсы көреді. Мынау екі атам. Олар мені еркелетеді. Бұл ағам ол Арменияда тұрады. Бұл тәтем, менімен ойнайды. Біз тату тұрамыз.

Рефлекстік түзету - Қазір бәріміз мынадай тапсырма орындайық. Мына қима суреттерді құрастырайық.
Нені құрастырдық? Кім бар?
Жүректен – жүрекке: Балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады.
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
Қорытындылау: 1. Отбасы мүшелерін ата.
• 2. Өз үйіңдегі отбасы мүшелерінің міндеттері туралы айтып бер?
• 3. Отбасыңа қандай көмек көрсетесің?
• 4. Ата – анаң қайда жұмыс істейді?
Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек екені айтылады.
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық!
Сұрақтарға толығымен жауап бере білді.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ата, әже – отбасы тірегі. Оларды сыйлау керек.
Түсінуге тиіс: Ата әже әке ана, ұл қыз – бәрін отбасы дейміз.
Істей білуі керек: Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді

Баяндама "Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды"
  • Другое
Описание:

А.Құнанбаев он тоғызыншы қара сөзінде: «Жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады» дейді. Сондықтан баланы жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет. Себебі, халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Халық даналығы – мақал – мәтел, ертегі, өлең – жыр түрінде, ақын – жыраулардың, шешендердің сөздері толғау, өсиет сөздері арқылы баяндалып отырған. Осы тұрғыдан халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі – ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәні зор. Қазақ тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды көркем әдебиетпен ұштастыра отырып, халық педагогикасының тәрбиелік мәні басым элементтерін қолдану арқылы, оқу - шылардың рухани дүниесін парасаттылық пен бауырмалдылыққа, адалдық пен кішіпейілділікке, инабаттылық пен үлкенді сыйлауға тәрбиелеудің маңы зы зор. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы олардың эстетикалық,адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады.

Автор Даулетова Гульмира Муратовна
Дата добавления 07.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 606
Номер материала 59011
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓