Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "Қазақ тілі грамматикасын оқытуда жаттығу, пысықтау жұмыстарында әдеби шығармаларды пайдаланудың тиімділігі"

Баяндама "Қазақ тілі грамматикасын оқытуда жаттығу, пысықтау жұмыстарында әдеби шығармаларды пайдаланудың тиімділігі"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Қазақ тілі грамматикасын

                      оқытуда жаттығу,пысықтау

                      жұмыстарында әдеби

                      шығармаларды пайдаланудың

                                  тиімділігі

 

                          _______,________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Ұстаздық еткен жалықпас....

 

фото

 
                                       

                                                                                       Ақырын жүріп,анық бас

                                                                                       Еңбегің кетпес далаға

                                                                                       Ұстаздық еткен жалықпас

                                                                                       Үйретуден балаға

                                                                                                                          Абай 

                                                                                                                          

    Қазақ тілі грамматикасын оқытуда жаттығу,пысықтау

жұмыстарында әдеби шығармаларды пайдаланудың тиімділігі

 

Ұлы данышпан ақын Абайдың осы ғибратты сөзі мен әр күні мектеп табалдырығын аттап,шәкірттерімнің алдына асыққан сәтте қайта жаңғырады. Ұлы Абай әсем сазды үнімен осы шумақты қайталап айтып тұрғандай сезінемін....

   Ең алғаш ұстаз атанғаныма да 16 жылдың жүзі болыпты.Өзіме тән мінезім мен ұстанымым әр күні әр таңда мектепке,шәкірттеріме қарай бет алып асыққанымда,өзімді ең алғашқы сабақ беретін күнімдей сезінемін,әр сабағымды өзгеше жаңалықпен,жаңашылдықпен жеткізуге тырысамын.

    Қайтсем,осы тақырыпты шәкірт санасына толық енгіземін,терең меңгертемін деген ой-әр еңбек күнімнің әр сәтінде ойымды мазалайтын сұрақтар-менің қалыптасқан дағдым...

    Қожа Ахмет Йассауи атындағы Қазақ Түрік Униветситетінің филология факультетін бітіріп «ұстаз» деген куәлік алғаныммен,білім ордасынан бес жыл бойы алған білімім қазіргі таңдағы шәкірт санасына жеткізу үшін «олқы» болатынын жаным сезеді.Ұлы Педагог Ушинский: «Қырық бес жыл мұғалім болсаң да ,45 минуттық сабаққа дайындал»-деген қанатты сөзін өзіме дағды етіп алғанмын.

   Баршаға аян,қазіргі таңдағы шәкірттердің білім деңгейімен салыстырғанда арасы көк пен жердей.

   Сонымен бірге ашына айтарым,шәкірттердің көркем әдебиетті оқуға қызығушылығы азайып бара жатқандығы өркениеттің дамуы әсерінде кез-келген көркем туындыны бейне таспалардан интернет арқылы көре салады, біз кезінде неше күндеп оқыған  көркем туынды мен интернет арқылы бір-екі сағатта таныса алатыны ащы да болса шындық!

 

   Қазақ тілін оқытуда,қиындық тумағанымен қазақ әдебиетіне тиісті көркем туындыларда оқытудың өзі қиындық туғызуда.

   Бір кезде қолдан-қолға тимей жүретін ақын-жазушылардың еңбектері  кітап сөрелерінде қозғалмай тұрғандарын көріп,жанымыз қынжылады.Тіпті қаланың өзінде сан түрлі дүкендер самсап тұрсада,Кітап дүкені – жоқтың қасы,студенттер керегін библиотекалардан ала салады.

   Сондықтан,шәкірттердің жаратылыстану бағытындағы ғылымдардан білімі жоғары болғанымен,тіл байлығы аз,әдеби тіл қоры дамымай сөзге шорқақ болып жүргенінің куәсіміз.

   Енді бізді тіл маманы мұғалімдерін,әдеби кітаптарды оқуға қалай қызықтырамыз?-деген сұрақ меніңде көкейімде жүретін,осы сұрақтың жауабын өзімнің он алты жылдық еңбек тәжірибем арқылы шешуін тапқандаймын.

      6-сыныпта Морфология саласында Сөз таптары жайлы шәкірт санасына жаттығу жұмыстарына  көркем әдеби шығармалардан үзінді келтіру арқылы мәтіндердегі зат есімді табыңдар деп тапсырамын.Тапсырма әр тақырыпты өтерден бір күн бұрын тапсырылады.Мысалға алсақ:Зат есім тақырыбына Марфуға Айтхожинаның: «Самырсындар»-өлеңінен пайдаланамын:

  О,тәкаппар,тәңір шыңдар

  Сол қарағай,самырсындар

  Ұшып келген Алатаудың

  Қарлығашын танырсыңдар

  Сылаң қаққан сырлы өзендер

  Сағым құшқан нұр белеңдер

  Сырнай самал,қырмызы гүл

  Саған қалай құр келем мен

  Аққу бұлттар үлпілдеген

  Тау да тас та,самырсын да

  Сөйлеп жатыр бір тілменен

-деген өлең жолдарын қолданғанда

    Біріншіден: Көркем шығармалармен оның ішінде Марфуға Айтхожина шығармашылығымен таныстырамын,көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын оятамын.

Екіншіден : Өлең мәтініндегі тұла бойы тұнып тұрған зат есімдерді табады,түрленуін ұғынады.

Үшіншіден:  Шәкірттердің тілі дамып,тілі байиды,ана тілін сүйіп оқиды.

 

                          Сол сыныптағы (6-сыныптағы)
Сын есім-тақырыбын өткенде ұлы данышпан ақын Абай Құнанбаевтың «Шоқпардай кекілі бар,қамыс құлақ»-өлеңін өткенде басқа жаттығуды қажет етпейсің.Әсіресе сын есімнің «сапалық», «қатыстық» деп бөлгенімізде оқушы санасына терең сіңіруге өте тиімді:

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                                                     

 

 

 

 

 

 


                                                                                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сан есім»-тақырыбына Қаз дауысты Қазыбек бидің «Біріншіден не жаман»,Бұқар жыраудың «Бірінші тілек тіліңіз»,Абайдың «Сегіз аяқ», «Сабырсыз,арсыз,еріншек»-өлеңдерінен үзінді алып,сан есімнің түрлеріне қарай талдау жасаттым:

Абайдың:

Бір кісі мыңға       есептік сан.е

Жүз кісі сұмға       есептік сан.е

               Әлі жетер заман жоқ

тағы да сонда:

Атадан алтау        жинақтық сан.е

Анадан төртеу        жинақтық сан.е

Жалғыздық көрер жерім жоқ

  ______,_______

Осылай көркем әдебиет маржандарынан сан есімді жолдарды іздетіп, таптырып,талдатып отырсақ үш бірдей нәтижеге жетеміз.

-Абай шығармаларымен таныстырамыз.

-Шығарманың тәрбиелік мәнін ұғынамыз.

-Шәкірттің тілін дамытамыз..

     Есімдік-тақырыбын өткенде де оның құрамын,мағыналық бөліктерін түсіндіріп болып,оқушылар жинақтап келген Абай өлеңдерінен есімдік қатысқан өлең жолдарын талдаймыз:

«Жіігіттер ойын арзан,күлкі қымбат»-өлеңінде:

Кейбіреу тыңдар үйден шыққанша

Кейбіреу қояр көңіл ұққанша

Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар

Абайлар әрбір сөзді өз 

(кейбіреу,әрбір-белгісіздік есімдіктері,өз-өздік есімдігі)

Сілтеу е.

Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық

                                                    (Абай)

 

   Сондай-ақ «Базарға қарап тұрсам,әркім барар өлеңінде өлеңнің өн бойы тұнып тұрған белгісіздік есімдіктері!

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің өн бойында-жіктеу есімдіктері,белгісіздік есімдіктері тұнып тұр.

 

      Сол үшін мұнда «Анализ-синтез» әдісін қолданып шәкірттердің өздеріне Сөз таптарын бөліп беріп,сөз таптары қатысқан өлең жолдарын ажыратып,жинақтап талдап келу,Үй жұмыстарына берілсе,өтілген тақырып әрі пысықталып,әрі шәкірт санасына терең беки түседі.

     «Етістік» -тақырыбын өткен де оқушыларды тағы да сол әдебиет мұхитына үңіле түсуге шақырамыз.

   Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға»-өлеңінің өн бойы,етістік пен тұтастай сомдалған есімше,көсемше сөздер де жетіп артылады.

  Қансонарда бүркітші шығады аңға

  Тастан түлкі табылар аңдығанға

тағы да сонда:

  Томағасын тартқанда бір қырымнан

  Қыран құс көзі көріп,самғағанда

  Төмен ұшсам,түлкі өрлеп құтылар,-деп

  Қанды көз қайқаң етіп,шықса аспанға.

    Абай өлеңдері философиялық тәрбиелік мәні мол өлеңдер болғандықтан, өлеңдері тұтас етістіктерден сомдалған десе болғандай.

    Осылай екен менің айтайын деп отырған идеям мен ойымның өзі қазақ тілі оқулығын мысалға алсақ 6-сынып қазақ тілі оқулығындағы жаттығулар мәтінін тұтастай сол сыныптың әдебиет пәні оқулығындағы материалдардан алса,біз ұстаздарға қандай көмек болар еді!

 Осындай етістікті тіркесті өлеңдер қатарына : «Сап,сап,көңілім», «Қартайдық,қайғы ойладық,ұйқы сергек»,

 «Жасымда ғылым бар деп, ескермедім»,

«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап»,

«Байлар жүр жиған малын қорғалақтап» - осы сияқты өлеңдерінде етістіктің қай түріне,шақтарына,етіс түрлеріне,райларына,есімше,көсемше тақырыптарына мысалдардан көз тұнады!

        Шындығы керек,мектеп оқулығындағы тақырыптарға берілген жаттығулар сай келмей кейде қынжыламыз!Жаттығу мәтінінде өтілген тақырыпқа сай ештеңе таппай қалатын кездеріміз бар екені аян.

   Шәкірт өтілген тақырыпта жаттығу мәтінінен тапқанда «алтын тапқандай» қуанатыны,сол арқылы сол тақырыпты жылдам ұғынып алатыны - қалыпты құбылыс!

   Көсемше тақырыбын өткенде Абайдың Жаз өлеңін жаттығу ретінде алсаңыз қандай ғажап! Өлеңнің өн бойында 35-көсемше бой түзеген:Өлең есімшемен басталып,көсемшемен көмкерілген!

  Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап

Ат айғырлар биелер,

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып, шыбындап

Құйрығымен шылпылдап

Арасында құлын- тай

Айнала шауып, бұлтылдап

Қыз-келіншек үй тігіп

Бұрала басып,былқылдап.

    Осылай жалғасқан өлеңді аяқтаған кезде бір жаттығудан немесе өлеңнен 35-көсемшені тапқан шәкірт бұл тақырыпты тез де оңай меңгеріп алады!

    «Абай-мұхит,мен одан қасықтап қана алдым»-деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай қазақ тіліндегі қай сөз таптарын өтсең де оны санаңа сіңіріп жіберетін сөз кестесін Абайдан іздесең,бәрін табасың! Шылауға толы қатарлар,одағайға толы өлеңдер,үстеуге құрылған қара сөздері қаншама!

   Жалпы қорыта айтарым: қазақ тілі пәнінен өтілген сөз таптары бөлімін,сөз таптарының түрленуін шәкірт санасына терең жеткізу жолының ең тиімді жолы-сол тақырыпқа тиісті жаттығу мәтіндерін көрінген газеттен,алынған мақалалардан құралған жаттығулардан пайдаланғанды өзгертетін кез-келген сияқты!

Мұқағали ақын айтқандай

Өзгереді бәрі де

Өзгереді

Сол еді ғой,

Адамзат

Көздегені-демекші қазақ тілі грамматикасын оқыту арқылы,жаттығуларды пайдаланғанда ең болмаса сол сыныпқа тиісті әдебиет оқулығыдағы әдеби шығармалардан үзінділер берілсе мысалға 5-сынып қазақ тіліндегі жаттығуларды 5-сынып әдебиет оқулығындағы материалдардан құрастырылса шәкірт үшін де,оқушы үшін де өте тиімді болар еді!

Біріншіден- шәкірт қазақ тіліндегі тақырыпта толыққанды ұғынады,тез 

                          оңай,қызыға отырып ұғынады!

Екіншіден- шәкірт сол күнгі әдебиет пәнінен өтілген материалды

                      пысықтайды!

Үшіншіден- шәкірттің тілі дамып,ой-өрісі ұлғаяды!

Төртіншіден-көркем шығарма оқуға қызығушылығы оянып,ана тілін

                        сүюге,төл әдебиеті мұраларынсүйіп оқуға дағдыланады.

Бесіншіден- шәкіртте ізденіс,білуге құштарлық оянып,білуге деген

                      талпынысы күшейеді,әдеби шығармаларды көбірек

                      оқуға,көбірек ұғынуға талпынып,сол шығармаларды оқу арқылы  

                      адамгершілікке,әдептілікке тәрбиеленіп рухани азық алады.

Абайша айтқанда: бес нәрсені ұтып ұғынады.

    Мен небәрі 16 жыл қазақ тілінен дәріс оқыған қарапайым ұстаздардың бірі болсам да,білсем екен,білгізсем екен-деген мақсатпен еңбек ететін ұстаздың бірімін.Менің осы пікірім,ұстаздар қауымынан қолдау тауып,әр сыныптың қазақ тіліндегі жаттығулар сол сыныптың әдебиет оқулығынан тереңдетіп алынып құрастырылса,қазақтың «Бір оқпен екі қоян аттым»-дегеніндей әрі қазақ тілі грамматикасын меңгертуге,әрі төл әдебиет,мұраларын сүйіп оқуға,шәкірттің тілін дамытып,ой-өрісін кеңітуге,өз ойын көркем тілмен жеткізе алатын білімді,білікті,салауатты ұрпақ тәрбиелеуге көмегін тигізер еді-демекпін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                             Маңғыстау облысы,

                                                                             Жаңаөзен қаласы

                                                                             №9 орта мектептің

                                                                             қазақ тілі мен әдебиеті пәні 

                                                                                           мұғалімі

                                                                             Кирабаева Айгүл Қалдыбайқызы

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Қазақ тілі грамматикасын оқытуда жаттығу, пысықтау жұмыстарында әдеби шығармаларды пайдаланудың тиімділігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мен Кирабаева Айгуль сіздерге осы баяндамамды ұсына отырып , жаңа технологиямен сабақ өту әдістерін қолдану жолдарын, қазақ тілі мен әдебиет сабағын қалай байланыстыра өтуді ұсынамын. Бәлкім сіздердің қажеттіліктеріңізге жарап қалар деп ойлаймын. Осы сайтка тіркеліп көптеген қызықты материалдар алып пайдаланып, үйреніп отырмын

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 866 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.11.2020 284
    • DOCX 23.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ильичева Татьяна Михайловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ильичева Татьяна Михайловна
    Ильичева Татьяна Михайловна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 64347
    • Всего материалов: 207

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека