Инфоурок Всеобщая история КонспектыБАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМІР ТАРИХЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМІР ТАРИХЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Скачать материал

 

 

 

№45 Ақ Орда мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Ордабаева Ақмаралдың зерттеу материалдары

 

     БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМІР ТАРИХЫ МЕН                               ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

 Бауыржан Момышұлының өмірбаяны

 

Ежелден ер тірегі — ел тілегі Адал ұл ер боп туса ел тірегі.

Бауыржан Момышұлы.

 

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

Жасында Жамбыл қаласындағы интернатта тәрбиеленіп, сондағы орта мемтепті бітіргеннен кейін бірнеше жыл бойына өз ауданында, Қазақстанның астанасы Алматы қаласында, мекеме қызметінде болады.

1936 жылы Бауыржан Момышұлы Совет Армиясының қатарына шақырылады. Содан бергі 15 жыл ішінде ол қатардағы солдаттан гвардия полковнигі дәрежесіне шейін өсті.

1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады[2].

1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.

Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.

Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» (1947, 1960, 1962, 1988; қазақ тілінде «Арпалыс» 1948, 1959, 1977, ауддарған Қ. Сағындықов) атты кітабында суреттеліп, жан­жақты жазылды. Бауыржан Момышұлының өміріне арналған Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) роман-дилогиясы жарық көрді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды[3].

Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді[4].

Бауыржан Момышұлы – соңғы панфиловшы. 1941 жылы Мәскеу түбіндегі шайқаста үш мәрте қоршауда қалған. Соғысты Бауыржан полковник лауазымында, 9 гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі ретінде аяқтады. 1990 жылы оған Кеңес Одағының Батыры атағы (қайтыс болғаннан кейін) беріледі. 

1073-гвардиялық атқыштар полкінің 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының майоры Бауыржан Момышұлының әскери мінездемесі:

«1910 жылы туылған, ұлты қазақ, әлеуметтік жағдайы бойынша – қызметкер. Жалпы білімі – орта, әскери білімі – бір жылдық. Қызыл армияда 1932 жылдан 1934 жыл аралығында және 1936 жылдан күні бүгінге дейін. Майдандағы армияда 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап.

Жолдас Б.Момышұлы 8-гвардиялық дивизиясында оның құрылғанынан бастап қызмет атқарады. Ол каһарлы соғыс мектебінен өткен ажал көзіне бірнеше рет қараған, әр ұлт жауынгерін жеңіске жету мақсатында тәрбиелеген ержүрек командир.

1941 жылдың қазанында Мәскеу үшін шайқаста Б.Момышұлы басқарған батальон жаумен аянбай шайқасып, оған елеулі соққы көрсетті.

Жеке құрамы батыс майданында орналасқан 1073-полк командирі Момышұлымен бірге жау шабуылы мен нақты пәрменділігіне төтеп беріп отырды. Басқа дивизиялармен бірлесіп, Мәскеу түбінде неміс басқыншыларының талқандалуына жол ашты.

1942 жылдың қыс, көктем мезгілдерінде Калининский майданында қалың қар қыс, қатты аяз, жолсыздық, содан соң көктемгі лайсаң мен батпақты жер жағдайларында гвардиялық атқыштар полкінің қарқынды шабуылдары нәтижесінде мыңдаған неміс солдаттары мен офицерлерін, көптеген танктер мен автомашиналарын және басқа да әскери техниканың көзін жойып, ондаған ауылдар мен қыстақтарды босатты. 

Дивизияның көпшілікке танымал ерліктері оның гвардиялық атануы, Жауынгерлік Қызыл Ту және Ленин ордендерімен марапатталуы майор Момышұлы басқаратын 1073 атқыштар полкінің жауынгерлік жетістіктерімен байланысты[5].    

Майор Момышұлы – қазақ елінің даңқты ұлы, Кеңес одағының  тағдыры сынға түскен қиын кезеңде қолындағы қаруымен ел намысын қорғаған. Өз елінің үздік өкілі, айбынды жауынгер үкімет наградасына ұсынылады».  

Көзі тірісінде–ақ аты аңызға айналған даңқты қолбасшы үлгі тұтар батыр бабаларымыздың бірі болып қала беретіндігі айқын.

Бауыржанның ұлы Бақытжан Момышұлы өз сөзін: «Мен үшін әкем басқаларға да сияқты ержүрек жауынгер, танымал жазушы, заманауи адам, ең бастысы жақын адамым болып қалады. Ал, немерелерінің есінде ол гүрілді зор дауысы бар тікенек сақалды қайырымды ата ретіне қала бермек. Әкем халықпен бірге жүрсең жалғыз қалмайсың деуші еді. Мен осы сөзді баршаңызға бағыштаймын, ел аман, жұрт тыныш болсын» деп түйіндеді.

1956 жылы отставкаға шыққанға дейін Бауыржанның Совет Армиясы қатарында болғаны белгілі. Ол Ар­мия қатарында жүріп, ара-кідік өлеңдер жазған. Сол азын-аулақ өлеңдерінен-ақ Бауыржанның ақын жанды адам екені, туған елін, советтік Отанын, дос-жаран адамдарын ақын жанымен жақсы көретіні, айнала дүниеге, әсіресе туған жер табиғатына ақын көзімен қарайтыны, ақын жүрегімен тебіренетіні анық байқалды. Әйткенмен әдебиет саласында жазушының өндіріп қызмет еткен кезі соғыс біткеннен кейінгі жылдар. Мұнда ол қаруды тастап, қаламды қолына алған болатын.

 

Бауыржан Момышұлының қалдырған құнды мұралары

 

Бауыржан Момышұлы, сөз жоқ, батырлығына қаламгерлігі сай тарихи тұлға. Әрине, көзсіз батыр емес, алды-артын ақылмен, оймен барлай білген бірегей берен. Бірақ Баукең айтыпты дегенді көп естігенімізбен, “Офицер жазбалары”, “Ұшқан ұя”, “Москва үшін шайқас” және сексенінші жылдары жариялана бастаған “Қанмен жазылған кітабымен” таныс оқырмандар батырдың мұрағатында бұлардан басқа да осыншама мол қазына қалғанын естіп, қуанып отыр.

Бауыржан Момышұлы – әдеби және әскери өнерде артына қайталанбас ұланғайыр ұлттық рухани мұра қалдырған бірегей қаламгер. Оның қазақ және орыс тілінде жазылған төрт томға жуық шығармалары бүгінде қалың оқырманның игілігіне айналуда. Сондықтан, мен айтып, жазып жүрген 30 томдыққа енетін тың туындылары қайдан және қандай деректер көзінен құралмақ деген сұрағың көкейге қонады[6].

Баукеңнің жаңадан шыққалы отырған көптомдығы негізінен ҚР Орталық архивінде, Мәскеудегі арнайы әскери архивте, облыстық, қалалық архивтерде және ұлы Бақытжан Момышұлының үйінде сақталып келе жатқан, бұрын еш жерде жарияланбаған қолжазбаларынан тұрады. Бұған қоса жеке адамдардың қолында және өзімнің архивімде тұрған санқилы жазба деректер де бар. Бұлардың барлығы батырдың тікелей өз қолымен жазылған.

Бұл Бауыржан Момышұлының 1928 және 1982 жылдар аралығында хатқа түсірген дүниелері. Яғни, батыр өмірінің 54 жылын қамтиды.

Батыр Баукеңнің 1910 жылдың 24 желтоқсанында дүниеге келгенін ескерсек, сонда қолына 18 жасында қалам алып, ой қаузай бастаған екен.

Рас, Бауыржан Момышұлының жазушылық таланты ерте оянған. Оның “менің әкімдік карьерім – мансабым ауылдық милиционерден басталды. Бірақ әдебиеттегі жолымды сол кездің өзінде іздей бастадым. Ол заманда біздерде қазақтың сауатты жігіттерін, жаңа өмірді орнатушыларды саусақпен санауға да болатын. Жай жағдайдың ауанына лайық біздердің ағартушы да, баспагер де, әрі жазушы, әрі редактор да болуымыз керек. Бірақ әрқайсысымыз өзімізге әуелден тәңірі тағайындаған істі іздедік”, деп, өзінің маңдайына әскери өмірдің қиындығы мен қызығы бұйырғанын еске алып, тебіренетіні бар. Мысалы, Баукеңнің тырнақалды тұңғыш очеркі 1928 жылы Жуалы ауданының (ол кезде Жуалы, Түлкібас, Сайрам ауданы бір) “Социалистік мал шаруашылығы” деген газетінде “Тау сағыз бен көк сағыз” деген атпен жарияланды. Осы очеркінің өзінде-ақ Баукеңнің қалам сілтесі, сөз саптауы жұп-жұмыр келіп, келешектегі жазушының табиғи болмысы елес беріп тұрады. Бірде інілік ізетпен: “Бауке, баспасөзде тұңғыш жарияланған шығармаңыз қандай еді?” деп сұрағанымда[7], “уақыт талабына үн қосып жазған шығармасымағым осы очерк болатын” деп айтқан екен.

“Тау сағыз бен көк сағыз” дегеннің мағынасы.

Бұрын елде резіңке деген бұйым тапшы болған. Сол кезде біздің жақтың басшылары еңбекшілерге бір арнайы шөп өсіртіп, содан резіңке айыратын. Небір замандар өтті ғой қазақтың басынан.

Бірақ Баукең бір жағынан Кеңес өкіметінің саясатының ықпалы бар, екінші жағынан әскери қызметтің темірдей тәртібі бар, кезінде орыс тілінде өндіре жазған. Иә, бүгінде аса құнды рухани мұраға айналып отырған Баукең жазбаларының басым бөлігі орыс тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Бірақ бұдан ол кісіні тек қана орысша ойлайды екен деген ой туындамауы керек. Айтарының бәрі, сайып келгенде, Алаш пен ұлттың мүддесі, халық рухының еркіндігіне келіп тіреледі. Көркем шығарма болсын, тарихи-деректі дүние болсын, қазақ және орыс тілінде еркін жаза білетін жазушы ол кезде некен саяқ болса, соның бірі Баукең еді.

Мысалы, күнделіктер, естеліктер, әлбетте, хат-хабар сияқты эпистолярлық жанрдың да берер азығы мол деген сияқты. Мысалы, Ресей оқырмандары бір ғана Пушкиннің жазған хаттары мен алған хаттарының өзінен оның өмірі мен шығармашылығына байланысты қаншама құнды деректерге қанығады.

Біздің бұрынғы-соңғы белгілі ақын-жазушыларымыз эпистолярлық жанрға онша мән бермеген. Әуезов те, қос Ғабең де, кейінгілерден Мұқағали да ұшырасады. Ал мәдениеті биік, ісіне ұсынықты елдің зиялылары эпистолярлық жанрды ұсақ-түйек демейді. Баукеңнің жарияланбаған қолжазбаларын тақырыбы жағынан жүйеге түсіріп, жанры жағынан жіктегенде көптомдықта күнделіктері, естеліктері, замандастары мен ресми орындарға жазған хаттары, өлеңдері, шежіре-әңгімелері, көптеген шашпа пікірлері мен әскери-ғылыми теориялық туындылары хронологиялық жүйемен сұрыпталып берілді.

Бүгінде Баукең туралы архив деректері түгелге жуық жинақталды десек те болады. Баукеңнің қара шаңырағында қалған архивіне келіні Зейнеп Ахметова аса ыждағатпен мән беріп, рет-ретімен жүйелеп бізге дер кезінде жеткізіп берді. Бұл біздің жұмысымызға көп жеңілдік туғызды. Қолбайлау болып тұрған нәрсе бар ма деген сауалыңа келсек, ол әскери архивтегі “Өте құпия” деген таңба басылған Баукеңнің қолжазбалары. Мәскеулік архивариустардың бюрократтық әрекеттері мен самарқаулығы игі іске аздап тұсау болып тұр. Бұл істі орнынан жылжыту үшін тек қана жергілікті атқарушы билік емес, сондай-ақ ел Үкіметі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің де көмегі керек сияқты.

Архив материалдары негізінде Бауыржан Момышұлының таңдамалы шығармаларының 27 томының алғашқы нұсқасы даяр тұр. Оның қандайлық қиын жолдармен жүзеге асып жатқанын басына түскен пенделер ғана сезініп, бағалай алмақ. Бауыржан Момышұлының өзінің майдандағы қанды көйлек досы Д.Снегинмен өз қолжазбаларының келешек тағдыры туралы әңгімесінде: “Мен саған күллі қағаздарымды қалдырамын. Кейбіреулерінде табу (тыйым) белгісі; бастыруға болмайды. Бірақ мен тиісті кезінде білдіремін – тіпті, ол дүниеден де – “сәті келді, бәрін де жарияла, тіпті “ұмыт” деп әмір еткен нәрселерімнің өзін де жарияла деймін”, депті. Міне, Бауыржан Момышұлының сол аманатын тәуелсіздіктің арқасында еліміздің жас буын, жаңа толқынына ұсынатын кез жеткен сияқты[8].

Бауыржан Момышұлы әділет жолында һәм шындық үшін өзін де, өзгені де аяған емес. Ащы да болса шындық артық деген жолды ұстанды. Бауыржан Момышұлы сынына, ой-пікіріне түсіне білген адам оны ақылға салып, қабылдай да біледі деп ойлаймын. Ал ойлана білген әрбір жас Баукең сөзінен рух еркіндігін сезініп, санасындағы бодандық сезімнен құтылып, жандүниесі байып, ой-санасы еркіндікке құлаш ұрып, биікке қанат қағары сөзсіз. Баукеңнің ащы сынға толы өміршең ой-пікірлерінің өзі осындай тәрбиелік тереңдігінде жатыр.

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Жазушылық талант тез ұшталды. Ол шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі  әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушының өзекті тақырыбы – Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан­жақты  суреттеп сомдауға арналған. Осы шығармашылық мақсаттың айғағы ретінде жазушы қаламынан туған «Куба әсерлері» (1969), «Жонарқа» жинағы, екі томдық шығармалар жинағы (1969),  «Ұшқан ұя» (1974), «Соғыс психологиясы», «Қанмен жазылған кітап» (1990, 1991) т.б. туындыларын айтуға болады. «Ұшқан ұя» кітабы үшін  жазушы 1976 жылы Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанды. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.

Оқушы жұртшылығымызға ұсынып отырған «Офицердің күнделігі» атты шағын кітаптың авторы — Совет Армиясының гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері бүкіл совет халқына мәлім. А. Бектің «Арпалыс» атты романын, М. Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым» атты очерктерін, генерал Панфилов атындағы даңқты гвардия дивизиясы туралы жазылған жүздеген әнгіме, мақала, очерктерді оқыған әрбір совет азаматына полковник Б. Момышұлының басынан өткен уақыйғаларды мақала тілімен баяндау орынсыз сыяқты болып көрінетіні де рас. Бірақ, оқушыларымызға бұрын көркем шығармалардың геройы ретінде таныс Бауыржанды, бұл жолы көркем шығарманың авторы ретінде таныстыру үшін, оның өмірбаяны туралы қысқа мәлімет бере кетуді орынды көрдік[9].

Бауыржан соңғы жылдары әскери мамандығын арттырумен қатар, қалам қайраткері болу талабына да зер салып жүр. Оның соғыс жылдарында жазған күнделіктері, солдат өмірінен туған мақал-мәтелдерден іріктеп алғандары, майдан өмірінің елеулі уақыйғаларынан жазған көркем очерк, әңгімелері орталық және республиқалық газет, журналдар бетінде басылып жүргені көпшілігімізге мәлім. Бауыржанның қолжазбалары көп. Олардың көпшілігі орыс тілінде жазылған еңбектер. Бірқатар шығармаларында Бауыржан Совет Армиясының қатарында қызмет ететін жастарды батырлық пен батылдыққа, төзімділік пен тәртіптілікке, тапқырлық пен табандылыққа қалай үйрету керек деген мәселелерді көтереді. Бауыржан өзінің «Офицер дәптері» атты қолжазбалары туралы: «Көрген-білгенімді, өмір шындығынан туған ой-пікірімді қағаз бетіне түсіргенде, мен, өзімді қаламы төселген жазушы болдым деп жүргенім жоқ, менің, жазғандарым жазушыларға материал болса да жеткілікті», - дейді. Бірақ бұдан автордың өз еңбектері бөгде кісінің көмегінсіз жариялауға жарамайды деген ұғым тумайды. Оған осы кітап айғақ.

Бұл кітапқа кірген әңгімелер мен очерктер қаламы төселген жазушының шығармасы еместігі де даусыз. Сонымен қатар, бұл еңбектердің әрқайсысында өмір шындығы, солдат сыры, отанын сүйген адамның жан сезімі бар. Бұл шығармалар мындаған совет солдатының тағдырына жауапты командирдің демалыс уақытында ғана жазылған, совет командирінін ауыр борышын атқару жолындағы арпалыспен араласа туған, автордың өз сөзімен айтқанда, «аттың, жалында, автоматтың жанында» жазылған еңбектер.

Біз Бауыржанның қалың дәптерінің ішінен алынған қолжазбаларын бөлек кітап етіп ұсынғанда, оқушы жұртшылығымыз осы айтылған ерекшеліктерін ескерер деп сенеміз.

Жігіттердің намысын қыздыруға тырысады: «Дұшпандарды артымыздан ертіп Москваға не бетімізбен барамыз, жігіттер сүйегіміз осы жерде қалсын, бір адым кейін шегінуге жол жоқ», — деп солдат кеудесіндегі патриоттық сезімді оятады «Ана әмірі» әңгімесінде. Ал «Бір түннің оқиғасында» автор былай деп іштей толғанады: «Өлім кімнің денесін түршіктірмейді? Ажал мен азаптан қобалжи қорқу айып емес. Тірі жанға арын ардақтап ұстай білмегендік айып. «Жаным – арымның садағасы» – дейді». Осы ішкі монолог әңгіме желісіне ауысады. Бауыржан Момышұлы әдебиетімізде алғашқылардын бірі болып соғыстағы адам мінезінің алуан құбылыстарын суреттеу міндетін алға қойды және оны ойдағыдай шешіп отырды.

Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя", "Наша семья", "Москва үшін шайқас", "За нами Москва" шығармалары жазушының ең танымал туындылары. Бұл шығармалардың бәрі де алғаш басылым көрген кезінде цензураның қатаң бақылауынан өтіп, біраз жерлері қысқартылған болатын. Өйткені "Наша семья" кітабы 1947 жылы жазылып бітсе де, 1956 жылға дейін ешбір баспа орны қабылдамай келді. Осындай алақұйын заманда XX ғасыр басындағы, яғни қазан төңкерісі алдындағы қазақ отбасы өмірінің бар болмысын сол қалпында суреттеген әрі ешқандай таптық саясаттың көрінісі жоқ "Наша семья" кітабының М.Әуезов эпопеясынан кейін басылым көруі Қазақстанда мүмкін емес еді. Осы жағдайға байланысты бұл кітап цензура тарапынан біраз қысқартулар арқылы Ресейдің шеткері облысы Калининградта жарияланды[10].

Баукең күнделігінде "Жазғандарым көп, басылғандары аз",- деп ескертуінде зор шындық жатыр. Біздер, оқырмандар, бүтігге дейін жарияланған Б.Момышұлы шығармаларынан айсбергтің су бетіндегі бөлігін ғана көрумен қанағаттанып келеміз. Ал айсбергтің су астындағы аумағы зор қат-қабат сырға толы қазыналы болмысын көз алдымызға елестете де алмаймыз. Өйткені онда Баукеңнің бастан кешкен заман шындығы жайлы өтін тіліп айтқан сыншыл да шыншыл жасампаз пікірлері жатыр. Бұл Баукең жазған аталы пікірлердің мән-мағынасы – бірегей тарихшы ғалым профессор Е.Бехмаханов ескерткендей "Қиянаттың үлкені — халықтың өз тарихын өзінен жасыру екен. Бұл — ұлттық сананың төте жолы ғой. Ал, ұлттық санадан айырылған ел ұлт болудан қалады",- деген ой толғанысымен тікелей сабақтасып жатқан құндылықтардың тұнып тұрған рухани қазынасы.

Осы басылымда «Биографическая справкада» берілген «Предлогаемая читателю книга является первой частью автобиографического романа «Наша семья»,[11] — деп ескертуіне қарағанда, автордың «Наша семья» романының екінші кітабын жазу мақсаты айқын көрініп тұр.

«Наша семья» романын жазушы Тұтқабай Иманбеков «Ұшқан ұя» деп қазақ тіліне аудару барысында автормен бірге жұмыс істеп, толықтырулар енгізді. Баукеңнен қалған архив мұрағаттарында «Ұшқан ұяның» екінші кітабын жазуға пайдалану үшін жиған дерек-мағлұматтары мен ол жайлы автордың жанама пікірлері жиі ұшырасады. Мысалы, Баукең балалық шағында әкесі үйреткен «Сұр мерген» қиссасын әпкесі, қарындасы, көкесі Момынкұлдың басшылығымен ауыл аралап айтқаны, тыңдаушылардан алғыс алғаны туралы айтылатын жазба деректер осының айғағы.

Баукеңнен бірде неге «Ұшқан ұяның» екінші кітабын жалғастырмадыңыз деп сұрағанда:

Ол кітапты жалғастыру үшін дерек көздерін жинастырып жүрдім. Бірақ уақыт мүмкіндік бермеді. Әрі бозбалалық дәуір мен әртүрлі мектептерде оқып, сол тұста қатты сапырылыстарға ұшыраған қазақ коғамының қалтарыстарында өткен өмірлік жолының суреттері санамда қарайып ұмыт бола бастауы да кедергі келтірді, — деп отыратын.

 

 Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған әңгімелері

 

Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған әңгімелері мен повестері өз алдына бір сала. Олар: «Бір түннің оқиғасы», «Москва үшін шайқас», «Жонарқа», «Ұстаз», «Офицер жазбалары» (1962), «Артымызда Москва» (1963), «Генерал Панфилов» (1965), т.б. оның осы соғыс жөніндегі мемуарлық шығармалары да, «Біздің семьясы» да әуел баста орыс тілінде жазылғанды[12]. Мұның өзі адам «Соңғы бес күн, бес түн бойы мен осындай қатал да болса әділ үкімді естуге өзімді-өзім дайындап едім. Ал енді болса, генерал менің алдымнан шығып рапорт айтуыма да мұршамды келтірмей, шапшаң басып қасыма келіп, қолымды қос қолдап қазақша алып, сәл қиғаштау қара көзімен маған тебірене, қуанышты жүзі жайдарылана қарап, көпке дейін қолымды өз қолынан босатпай тұрды». Сондай-ақ бөрік кимегенде Чапаевтан айнымайтын капитан Лысенко, бұрынғы педагог, алғашқы кезде әскери киімді қалай киюді білмейтін, адамға жекіріп сөйлей алмайтын татар жігіті Қайым Гарипов, «Россия байтақ ел, шегінетін жер қалған жоқ, артымызда – Москва»,- деген сөздері жүрегімізге мәңгі жазылған политрук Василий Клочков, аю сықылды, мосқал. дөң, бірақ ақкөңіл адам артиллерия капитаны Кирсанов, күні бүгін араласқандай жақын жанды, жарқын образдар, Толстунов, Исламқүлов, Угрюмов, Краев, Бозжанов, Рахимов, Капаров, Курганов, т. б. солар сықылды әр ұлттан шығып, ұлы бір мақсатта достасқан ардақты совет адамдары туралы да осыны айту керек.

Бұларды, оның ішінде Бауыржанның өзін де, совет құрылысы, Коммунистік партия тәрбиелеген. Сондықтан қандай қиын, ауыр кезеңде болсын, олар ерліктің ғажап үлгісін көрсетуге бар. Бұл ерліктің нәр алатын қайнар бұлақ көзі не десек, Отанға деген сүйіспендік пен жеңіске деген шексіз сенім екен. Совет жауынгерінің осы бір құрыштай сезімін ешқандай күш әлсірете алмайды. Өлім екеш өлім де оның алдында дәрменсіз. Бүкіл Армия шегініп келе жатқан жағдайда кейбір бөлімшелер қоршауда қалып, кейбір батальон, роталар тұтасынан апатқа ұшырап жатқан кезде де жауынгерлері жеңіске сенуін қойған жоқ. Бауыржан кітабында осы бір айрықша қасиетті тамаша бейнелеген. Бұл қасиетті толып жатқан түрінде әрбір совет солдаты мен офицерінің басынан табамыз. Олар нанымды фактілерімен алынып, бір жағынан типтік дәрежеге көтерілген, екінші жағынан әр адамның характеріне сыйымды, лайық қалыпта дараланып бейнеленген. Бауыржанның бір ерекшелігі – жеке бір жалқы адамдардың дара ерлігін ғана емес, жалпы кеңес жауынгерлерінің жаппай ерлігін де жақсы бейнелей алуында, ерліктің қайнар бұлақ көзі — социалистік Отанды сүю, жеңіске шексіз сену сезімі екенін айқындай білуінде. Қітаптың үлкен тәрбиелік мәні де осында. Совет Армиясына тән жаппай ерлік туралы жазушы бір жерінде өзі де түйіп айтыпты: «геройдың бәрін бірдей біле бермейміз және ұрыста бәрін бірдей байқай да алмаймыз. Аты әйгілі геройлардан аты белгісіз геройлар ылғи да көп. Алдыңғы айтқандар соңғыларға көптен-көп қарыздар, өйткені қарапайым адамдардың жанқиярлық ерлік қимылдары болмаса устав тілімен айтқанда, өз борыштарына берік берілген қатардағы көп жауынгерлердің ешбір атышулы даңққа таласы жоқ жаппай ерлігі болмаса, аты әйгілі геройлардың ісі мен есімінің қаншалықты құны болар еді.»[13]

Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетінде алатын орны айрықша. Ол бірінші бой көрсеткен әскери жазушы. Оның қызық ерекшелігі – әрі даңқты командир, әрі белгілі жазушы, әрі өз шығармаларының авторы мен кейіпкері, әрі басқа жазушылардың да басты кейіпкері. Бауыржанның екінші ерекшелігі – ол екі тілде жазады, және орыс тілінде жазғанда да өзінің ұлттық ойлау, сезіну, сөйлеу өзгешеліктерін сақтайды. Үшінші ерекшелігі — әдебиетке кеш келгендіктен, жазушының жара­тылысындағы суреткерлік дарын өзінің барлық қаблет мүмкіндіктерін әлі көрсетіп үлгірген жоқ. Бұл ерекшелік әскери жазушының жаңа құнды туындылар беруінің кепілі сияқты.

Бауыржан творчествосын дербес көркем өнер тұрғысынан алып қарасақ, әрине, көп сын айтуға болады.

Мемуардың аты мемуар ғой. Басқа жанрға қоятын талаптың бәрін бірдей бұған қоя берсек, аз кемшілік таппаған болар едік. Эпизодтарының өзара драмалық байланысында тұтастық жоқ, образдар шығарманың өн бойында көрініп отырмайды, жалт етеді де, жоқ болады, сондықтан олар шығарманың негізгі, өзекті образдары болып шықпайды, характерлерінің көп қырларымен ашылуына мүмкіндік бермейді; шығарманың тіл, стиль кемшіліктері де бар.

Ол өзінің соғыс кезінде есте қалған бай материалдарын қопарып, мол пайдаланған. «Простор» атты орысша журналда Бауыржан Момышұлының «Ежова рукавица» деген әңгімесі жарияланған. Жазушының арихивінен делінген бұл әңгіме 1946 жылы Москвада жазылыпты. Көркемдік өрнегінің ерекше әсем, әдемілігінен шығар? Әлде мүмкін, уақиғасының айрықша тартымды қызықтығынан шығар? Жоқ, оның бәрі де емес. Барлық себеп бәзбаяғы шындықта, шындықтың шындығында. Сонау бір кезде, жеке адамға табынушылық кезеңінде шындық туралы айтуға да, жазуға да болмайтын ащы ақиқат болғанды. Жазушы әңгімесінде сол ақиқатты тайсалмай тура айтып жазған. Және қашан жазған? Сталиннің қара басына табынушылықтың нағыз қабындап, жанып тұрған шағында 1946 жылы жазған.

Сол соғыс біткеннен кейінгі бірінші бейбітшілік жылында жазушы шығармасының кейіпкерімен әңгіме құрады. Ол соғыстан бұрын 1936-37 жылдары, Қиыр Шығыста Армия қатарында бірге қызмет еткен жақын жолдасы екен. 1937 жылы белгісіз себептен Армиядан шығарылып ажырасқаннан қайтып көрісіп отырғаны осы болады. Арада тоғыз жыл өтеді. Бір кездегі уыздай жас жігіт, қазір егде тартқан, бетіне әжім түскен, көзінің алды күлтілдеген, барлық бет әлпетінде, қимылында шеккен азаптың ұшыраған рухани күйзелістің ізі байқалады. Неліктен? Міне осы сырды кейіпкердің жолдасына шерткен әңгімесі ашады...

Ұлы Отан соғысында бастан-аяқ және барлық майдандарда дерлік Ленинград, Великие луки, Белоруссия, Украина, Крым, Кавказ, Карпат таумен шайқасып қажығандықтан ба әлде? Жоқ. Одан емес. Баяғы 1937 жылы кездейсоқ басқа түскен бәледен.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМІР ТАРИХЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

№45 Ақ Орда мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Ордабаева Ақмаралдың зерттеу материалдарыБАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМІР ТАРИХЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ Бауыржан Момышұлының өмірбаяныЕжелден ер тірегі — ел тілегі Адал ұл ер боп туса ел тірегі. Бауыржан Момышұлы.Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.Жасында Жамбыл қаласындағы интернатта тәрбиеленіп, сондағы орта мемтепті бітіргеннен кейін бірнеше жыл бойына өз ауданында, Қазақстанның астанасы Алматы қаласында, мекеме қызметінде болады.1936 жылы Бауыржан Момышұлы Совет Армиясының қатарына шақырылады. Содан бергі 15 жыл ішінде ол қатардағы солдаттан гвардия полковнигі дәрежесіне шейін өсті.1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады[2].1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» (1947, 1960, 1962, 1988; қазақ тілінде «Арпалыс» 1948, 1959, 1977, ауддарған Қ. Сағындықов) атты кітабында суреттеліп, жан жақты жазылды. Бауыржан Момышұлының өміріне арналған Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) роман-дилогиясы жарық көрді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды[3].Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді[4].Бауыржан Момышұлы – соңғы панфиловшы. 1941 жылы Мәскеу түбіндегі шайқаста үш мәрте қоршауда қалған. Соғысты Бауыржан полковник лауазымында, 9 гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі ретінде аяқтады. 1990 жылы оған Кеңес Одағының Батыры атағы (қайтыс болғаннан кейін) беріледі. 1073-гвардиялық атқыштар полкінің 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының майоры Бауыржан Момышұлының әскери мінездемесі: «1910 жылы туылған, ұлты қазақ, әлеуметтік жағдайы бойынша – қызметкер. Жалпы білімі – орта, әскери білімі – бір жылдық. Қызыл армияда 1932 жылдан 1934 жыл аралығында және 1936 жылдан күні бүгінге дейін. Майдандағы армияда 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап. Жолдас Б.Момышұлы 8-гвардиялық дивизиясында оның құрылғанынан бастап қызмет атқарады. Ол каһарлы соғыс мектебінен өткен ажал көзіне бірнеше рет қараған, әр ұлт жауынгерін жеңіске жету мақсатында тәрбиелеген ержүрек командир. 1941 жылдың қазанында Мәскеу үшін шайқаста Б.Момышұлы басқарған батальон жаумен аянбай шайқасып, оған елеулі соққы көрсетті. Жеке құрамы батыс майданында орналасқан 1073-полк командирі Момышұлымен бірге жау шабуылы мен нақты пәрменділігіне төтеп беріп отырды. Басқа дивизиялармен бірлесіп, Мәскеу түбінде неміс басқыншыларының талқандалуына жол ашты. 1942 жылдың қыс, көктем мезгілдерінде Калининский майданында қалың қар қыс, қатты аяз, жолсыздық, содан соң көктемгі лайсаң мен батпақты жер жағдайларында гвардиялық атқыштар полкінің қарқынды шабуылдары нәтижесінде мыңдаған неміс солдаттары мен офицерлерін, көптеген танктер мен автомашиналарын және басқа да әскери техниканың көзін жойып, ондаған ауылдар мен қыстақтарды босатты. Дивизияның көпшілікке танымал ерліктері оның гвардиялық атануы, Жауынгерлік Қызыл Ту және Ленин ордендерімен марапатталуы майор Момышұлы басқаратын 1073 атқыштар полкінің жауынгерлік жетістіктерімен байланысты[5]. Майор Момышұлы – қазақ елінің даңқты ұлы, Кеңес одағының тағдыры сынға түскен қиын кезеңде қолындағы қаруымен ел намысын қорғаған. Өз елінің үздік өкілі, айбынды жауынгер үкімет наградасына ұсынылады». Көзі тірісінде–ақ аты аңызға айналған даңқты қолбасшы үлгі тұтар батыр бабаларымыздың бірі болып қала беретіндігі айқын. Бауыржанның ұлы Бақытжан Момышұлы өз сөзін: «Мен үшін әкем басқаларға да сияқты ержүрек жауынгер, танымал жазушы, заманауи адам, ең бастысы жақын адамым болып қалады. Ал, немерелерінің есінде ол гүрілді зор дауысы бар тікенек сақалды қайырымды ата ретіне қала бермек. Әкем халықпен бірге жүрсең жалғыз қалмайсың деуші еді. Мен осы сөзді баршаңызға бағыштаймын, ел аман, жұрт тыныш болсын» деп түйіндеді.1956 жылы отставкаға шыққанға дейін Бауыржанның Совет Армиясы қатарында болғаны белгілі. Ол Ар мия қатарында жүріп, ара-кідік өлеңдер жазған. Сол азын-аулақ өлеңдерінен-ақ Бауыржанның ақын жанды адам екені, туған елін, советтік Отанын, дос-жаран адамдарын ақын жанымен жақсы көретіні, айнала дүниеге, әсіресе туған жер табиғатына ақын көзімен қарайтыны, ақын жүрегімен тебіренетіні анық байқалды. Әйткенмен әдебиет саласында жазушының өндіріп қызмет еткен кезі соғыс біткеннен кейінгі жылдар. Мұнда ол қаруды тастап, қаламды қолына алған болатын.Бауыржан Момышұлының қалдырған құнды мұраларыБауыржан Момышұлы, сөз жоқ, батырлығына қаламгерлігі сай тарихи тұлға. Әрине, көзсіз батыр емес, алды-артын ақылмен, оймен барлай білген бірегей берен. Бірақ Баукең айтыпты дегенді көп естігенімізбен, “Офицер жазбалары”, “Ұшқан ұя”, “Москва үшін шайқас” және сексенінші жылдары жариялана бастаған “Қанмен жазылған кітабымен” таныс оқырмандар батырдың мұрағатында бұлардан басқа да осыншама мол қазына қалғанын естіп, қуанып отыр. Бауыржан Момышұлы – әдеби және әскери өнерде артына қайталанбас ұланғайыр ұлттық рухани мұра қалдырған бірегей қаламгер. Оның қазақ және орыс тілінде жазылған төрт томға жуық шығармалары бүгінде қалың оқырманның игілігіне айналуда. Сондықтан, мен айтып, жазып жүрген 30 томдыққа енетін тың туындылары қайдан және қандай деректер көзінен құралмақ деген сұрағың көкейге қонады[6].Баукеңнің жаңадан шыққалы отырған көптомдығы негізінен ҚР Орталық архивінде, Мәскеудегі арнайы әскери архивте, облыстық, қалалық архивтерде және ұлы Бақытжан Момышұлының үйінде сақталып келе жатқан, бұрын еш жерде жарияланбаған қолжазбаларынан тұрады. Бұған қоса жеке адамдардың қолында және өзімнің архивімде тұрған санқилы жазба деректер де бар. Бұлардың барлығы батырдың тікелей өз қолымен жазылған.Бұл Бауыржан Момышұлының 1928 және 1982 жылдар аралығында хатқа түсірген дүниелері. Яғни, батыр өмірінің 54 жылын қамтиды. Батыр Баукеңнің 1910 жылдың 24 желтоқсанында дүниеге келгенін ескерсек, сонда қолына 18 жасында қалам алып, ой қаузай бастаған екен.Рас, Бауыржан Момышұлының жазушылық таланты ерте оянған. Оның “менің әкімдік карьерім – мансабым ауылдық милиционерден басталды. Бірақ әдебиеттегі жолымды сол кездің өзінде іздей бастадым. Ол заманда біздерде қазақтың сауатты жігіттерін, жаңа өмірді орнатушыларды саусақпен санауға да болатын. Жай жағдайдың ауанына лайық біздердің ағартушы да, баспагер де, әрі жазушы, әрі редактор да болуымыз керек. Бірақ әрқайсысымыз өзімізге әуелден тәңірі тағайындаған істі іздедік”, деп, өзінің маңдайына әскери өмірдің қиындығы мен қызығы бұйырғанын еске алып, тебіренетіні бар. Мысалы, Баукеңнің тырнақалды тұңғыш очеркі 1928 жылы Жуалы ауданының (ол кезде Жуалы, Түлкібас, Сайрам ауданы бір) “Социалистік мал шаруашылығы” деген газетінде “Тау сағыз бен көк сағыз” деген атпен жарияланды. Осы очеркінің өзінде-ақ Баукеңнің қалам сілтесі, сөз саптауы жұп-жұмыр келіп, келешектегі жазушының табиғи болмысы елес беріп тұрады. Бірде інілік ізетпен: “Бауке, баспасөзде тұңғыш жарияланған шығармаңыз қандай еді?” деп сұрағанымда[7], “уақыт талабына үн қосып жазған шығармасымағым осы очерк болатын” деп айтқан екен.“Тау сағыз бен көк сағыз” дегеннің мағынасы. Бұрын елде резіңке деген бұйым тапшы болған. Сол кезде біздің жақтың басшылары еңбекшілерге бір арнайы шөп өсіртіп, содан резіңке айыратын. Небір замандар өтті ғой қазақтың басынан. Бірақ Баукең бір жағынан Кеңес өкіметінің саясатының ықпалы бар, екінші жағынан әскери қызметтің темірдей тәртібі бар, кезінде орыс тілінде өндіре жазған. Иә, бүгінде аса құнды рухани мұраға айналып отырған Баукең жазбаларының басым бөлігі орыс тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Бірақ бұдан ол кісіні тек қана орысша ойлайды екен деген ой туындамауы керек. Айтарының бәрі, сайып келгенде, Алаш пен ұлттың мүддесі, халық рухының еркіндігіне келіп тіреледі. Көркем шығарма болсын, тарихи-деректі дүние болсын, қазақ және орыс тілінде еркін жаза білетін жазушы ол кезде некен саяқ болса, соның бірі Баукең еді.Мысалы, күнделіктер, естеліктер, әлбетте, хат-хабар сияқты эпистолярлық жанрдың да берер азығы мол деген сияқты. Мысалы, Ресей оқырмандары бір ғана Пушкиннің жазған хаттары мен алған хаттарының өзінен оның өмірі мен шығармашылығына байланысты қаншама құнды деректерге қанығады.Біздің бұрынғы-соңғы белгілі ақын-жазушыларымыз эпистолярлық жанрға онша мән бермеген. Әуезов те, қос Ғабең де, кейінгілерден Мұқағали да ұшырасады. Ал мәдениеті биік, ісіне ұсынықты елдің зиялылары эпистолярлық жанрды ұсақ-түйек демейді. Баукеңнің жарияланбаған қолжазбаларын тақырыбы жағынан жүйеге түсіріп, жанры жағынан жіктегенде көптомдықта күнделіктері, естеліктері, замандастары мен ресми орындарға жазған хаттары, өлеңдері, шежіре-әңгімелері, көптеген шашпа пікірлері мен әскери-ғылыми теориялық туындылары хронологиялық жүйемен сұрыпталып берілді. Бүгінде Баукең туралы архив деректері түгелге жуық жинақталды десек те болады. Баукеңнің қара шаңырағында қалған архивіне келіні Зейнеп Ахметова аса ыждағатпен мән беріп, рет-ретімен жүйелеп бізге дер кезінде жеткізіп берді. Бұл біздің жұмысымызға көп жеңілдік туғызды. Қолбайлау болып тұрған нәрсе бар ма деген сауалыңа келсек, ол әскери архивтегі “Өте құпия” деген таңба басылған Баукеңнің қолжазбалары. Мәскеулік архивариустардың бюрократтық әрекеттері мен самарқаулығы игі іске аздап тұсау болып тұр. Бұл істі орнынан жылжыту үшін тек қана жергілікті атқарушы билік емес, сондай-ақ ел Үкіметі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің де көмегі керек сияқты.Архив материалдары негізінде Бауыржан Момышұлының таңдамалы шығармаларының 27 томының алғашқы нұсқасы даяр тұр. Оның қандайлық қиын жолдармен жүзеге асып жатқанын басына түскен пенделер ғана сезініп, бағалай алмақ. Бауыржан Момышұлының өзінің майдандағы қанды көйлек досы Д.Снегинмен өз қолжазбаларының келешек тағдыры туралы әңгімесінде: “Мен саған күллі қағаздарымды қалдырамын. Кейбіреулерінде табу (тыйым) белгісі; бастыруға болмайды. Бірақ мен тиісті кезінде білдіремін – тіпті, ол дүниеден де – “сәті келді, бәрін де жарияла, тіпті “ұмыт” деп әмір еткен нәрселерімнің өзін де жарияла деймін”, депті. Міне, Бауыржан Момышұлының сол аманатын тәуелсіздіктің арқасында еліміздің жас буын, жаңа толқынына ұсынатын кез жеткен сияқты[8].Бауыржан Момышұлы әділет жолында һәм шындық үшін өзін де, өзгені де аяған емес. Ащы да болса шындық артық деген жолды ұстанды. Бауыржан Момышұлы сынына, ой-пікіріне түсіне білген адам оны ақылға салып, қабылдай да біледі деп ойлаймын. Ал ойлана білген әрбір жас Баукең сөзінен рух еркіндігін сезініп, санасындағы бодандық сезімнен құтылып, жандүниесі байып, ой-санасы еркіндікке құлаш ұрып, биікке қанат қағары сөзсіз. Баукеңнің ащы сынға толы өміршең ой-пікірлерінің өзі осындай тәрбиелік тереңдігінде жатыр. Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Жазушылық талант тез ұшталды. Ол шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушының өзекті тақырыбы – Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан жақты суреттеп сомдауға арналған. Осы шығармашылық мақсаттың айғағы ретінде жазушы қаламынан туған «Куба әсерлері» (1969), «Жонарқа» жинағы, екі томдық шығармалар жинағы (1969), «Ұшқан ұя» (1974), «Соғыс психологиясы», «Қанмен жазылған кітап» (1990, 1991) т.б. туындыларын айтуға болады. «Ұшқан ұя» кітабы үшін жазушы 1976 жылы Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанды. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.Оқушы жұртшылығымызға ұсынып отырған «Офицердің күнделігі» атты шағын кітаптың авторы — Совет Армиясының гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері бүкіл совет халқына мәлім. А. Бектің «Арпалыс» атты романын, М. Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым» атты очерктерін, генерал Панфилов атындағы даңқты гвардия дивизиясы туралы жазылған жүздеген әнгіме, мақала, очерктерді оқыған әрбір совет азаматына полковник Б. Момышұлының басынан өткен уақыйғаларды мақала тілімен баяндау орынсыз сыяқты болып көрінетіні де рас. Бірақ, оқушыларымызға бұрын көркем шығармалардың геройы ретінде таныс Бауыржанды, бұл жолы көркем шығарманың авторы ретінде таныстыру үшін, оның өмірбаяны туралы қысқа мәлімет бере кетуді орынды көрдік[9].Бауыржан соңғы жылдары әскери мамандығын арттырумен қатар, қалам қайраткері болу талабына да зер салып жүр. Оның соғыс жылдарында жазған күнделіктері, солдат өмірінен туған мақал-мәтелдерден іріктеп алғандары, майдан өмірінің елеулі уақыйғаларынан жазған көркем очерк, әңгімелері орталық және республиқалық газет, журналдар бетінде басылып жүргені көпшілігімізге мәлім. Бауыржанның қолжазбалары көп. Олардың көпшілігі орыс тілінде жазылған еңбектер. Бірқатар шығармаларында Бауыржан Совет Армиясының қатарында қызмет ететін жастарды батырлық пен батылдыққа, төзімділік пен тәртіптілікке, тапқырлық пен табандылыққа қалай үйрету керек деген мәселелерді көтереді. Бауыржан өзінің «Офицер дәптері» атты қолжазбалары туралы: «Көрген-білгенімді, өмір шындығынан туған ой-пікірімді қағаз бетіне түсіргенде, мен, өзімді қаламы төселген жазушы болдым деп жүргенім жоқ, менің, жазғандарым жазушыларға материал болса да жеткілікті», - дейді. Бірақ бұдан автордың өз еңбектері бөгде кісінің көмегінсіз жариялауға жарамайды деген ұғым тумайды. Оған осы кітап айғақ.Бұл кітапқа кірген әңгімелер мен очерктер қаламы төселген жазушының шығармасы еместігі де даусыз. Сонымен қатар, бұл еңбектердің әрқайсысында өмір шындығы, солдат сыры, отанын сүйген адамның жан сезімі бар. Бұл шығармалар мындаған совет солдатының тағдырына жауапты командирдің демалыс уақытында ғана жазылған, совет командирінін ауыр борышын атқару жолындағы арпалыспен араласа туған, автордың өз сөзімен айтқанда, «аттың, жалында, автоматтың жанында» жазылған еңбектер.Біз Бауыржанның қалың дәптерінің ішінен алынған қолжазбаларын бөлек кітап етіп ұсынғанда, оқушы жұртшылығымыз осы айтылған ерекшеліктерін ескерер деп сенеміз.Жігіттердің намысын қыздыруға тырысады: «Дұшпандарды артымыздан ертіп Москваға не бетімізбен барамыз, жігіттер сүйегіміз осы жерде қалсын, бір адым кейін шегінуге жол жоқ», — деп солдат кеудесіндегі патриоттық сезімді оятады «Ана әмірі» әңгімесінде. Ал «Бір түннің оқиғасында» автор былай деп іштей толғанады: «Өлім кімнің денесін түршіктірмейді? Ажал мен азаптан қобалжи қорқу айып емес. Тірі жанға арын ардақтап ұстай білмегендік айып. «Жаным – арымның садағасы» – дейді». Осы ішкі монолог әңгіме желісіне ауысады. Бауыржан Момышұлы әдебиетімізде алғашқылардын бірі болып соғыстағы адам мінезінің алуан құбылыстарын суреттеу міндетін алға қойды және оны ойдағыдай шешіп отырды.Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя", "Наша семья", "Москва үшін шайқас", "За нами Москва" шығармалары жазушының ең танымал туындылары. Бұл шығармалардың бәрі де алғаш басылым көрген кезінде цензураның қатаң бақылауынан өтіп, біраз жерлері қысқартылған болатын. Өйткені "Наша семья" кітабы 1947 жылы жазылып бітсе де, 1956 жылға дейін ешбір баспа орны қабылдамай келді. Осындай алақұйын заманда XX ғасыр басындағы, яғни қазан төңкерісі алдындағы қазақ отбасы өмірінің бар болмысын сол қалпында суреттеген әрі ешқандай таптық саясаттың көрінісі жоқ "Наша семья" кітабының М.Әуезов эпопеясынан кейін басылым көруі Қазақстанда мүмкін емес еді. Осы жағдайға байланысты бұл кітап цензура тарапынан біраз қысқартулар арқылы Ресейдің шеткері облысы Калининградта жарияланды[10].Баукең күнделігінде "Жазғандарым көп, басылғандары аз",- деп ескертуінде зор шындық жатыр. Біздер, оқырмандар, бүтігге дейін жарияланған Б.Момышұлы шығармаларынан айсбергтің су бетіндегі бөлігін ғана көрумен қанағаттанып келеміз. Ал айсбергтің су астындағы аумағы зор қат-қабат сырға толы қазыналы болмысын көз алдымызға елестете де алмаймыз. Өйткені онда Баукеңнің бастан кешкен заман шындығы жайлы өтін тіліп айтқан сыншыл да шыншыл жасампаз пікірлері жатыр. Бұл Баукең жазған аталы пікірлердің мән-мағынасы – бірегей тарихшы ғалым профессор Е.Бехмаханов ескерткендей "Қиянаттың үлкені — халықтың өз тарихын өзінен жасыру екен. Бұл — ұлттық сананың төте жолы ғой. Ал, ұлттық санадан айырылған ел ұлт болудан қалады",- деген ой толғанысымен тікелей сабақтасып жатқан құндылықтардың тұнып тұрған рухани қазынасы.Осы басылымда «Биографическая справкада» берілген «Предлогаемая читателю книга является первой частью автобиографического романа «Наша семья»,[11] — деп ескертуіне қарағанда, автордың «Наша семья» романының екінші кітабын жазу мақсаты айқын көрініп тұр.«Наша семья» романын жазушы Тұтқабай Иманбеков «Ұшқан ұя» деп қазақ тіліне аудару барысында автормен бірге жұмыс істеп, толықтырулар енгізді. Баукеңнен қалған архив мұрағаттарында «Ұшқан ұяның» екінші кітабын жазуға пайдалану үшін жиған дерек-мағлұматтары мен ол жайлы автордың жанама пікірлері жиі ұшырасады. Мысалы, Баукең балалық шағында әкесі үйреткен «Сұр мерген» қиссасын әпкесі, қарындасы, көкесі Момынкұлдың басшылығымен ауыл аралап айтқаны, тыңдаушылардан алғыс алғаны туралы айтылатын жазба деректер осының айғағы.Баукеңнен бірде неге «Ұшқан ұяның» екінші кітабын жалғастырмадыңыз деп сұрағанда:– Ол кітапты жалғастыру үшін дерек көздерін жинастырып жүрдім. Бірақ уақыт мүмкіндік бермеді. Әрі бозбалалық дәуір мен әртүрлі мектептерде оқып, сол тұста қатты сапырылыстарға ұшыраған қазақ коғамының қалтарыстарында өткен өмірлік жолының суреттері санамда қарайып ұмыт бола бастауы да кедергі келтірді, — деп отыратын. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған әңгімелеріБауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған әңгімелері мен повестері өз алдына бір сала. Олар: «Бір түннің оқиғасы», «Москва үшін шайқас», «Жонарқа», «Ұстаз», «Офицер жазбалары» (1962), «Артымызда Москва» (1963), «Генерал Панфилов» (1965), т.б. оның осы соғыс жөніндегі мемуарлық шығармалары да, «Біздің семьясы» да әуел баста орыс тілінде жазылғанды[12]. Мұның өзі адам «Соңғы бес күн, бес түн бойы мен осындай қатал да болса әділ үкімді естуге өзімді-өзім дайындап едім. Ал енді болса, генерал менің алдымнан шығып рапорт айтуыма да мұршамды келтірмей, шапшаң басып қасыма келіп, қолымды қос қолдап қазақша алып, сәл қиғаштау қара көзімен маған тебірене, қуанышты жүзі жайдарылана қарап, көпке дейін қолымды өз қолынан босатпай тұрды». Сондай-ақ бөрік кимегенде Чапаевтан айнымайтын капитан Лысенко, бұрынғы педагог, алғашқы кезде әскери киімді қалай киюді білмейтін, адамға жекіріп сөйлей алмайтын татар жігіті Қайым Гарипов, «Россия байтақ ел, шегінетін жер қалған жоқ, артымызда – Москва»,- деген сөздері жүрегімізге мәңгі жазылған политрук Василий Клочков, аю сықылды, мосқал. дөң, бірақ ақкөңіл адам артиллерия капитаны Кирсанов, күні бүгін араласқандай жақын жанды, жарқын образдар, Толстунов, Исламқүлов, Угрюмов, Краев, Бозжанов, Рахимов, Капаров, Курганов, т. б. солар сықылды әр ұлттан шығып, ұлы бір мақсатта достасқан ардақты совет адамдары туралы да осыны айту керек.Бұларды, оның ішінде Бауыржанның өзін де, совет құрылысы, Коммунистік партия тәрбиелеген. Сондықтан қандай қиын, ауыр кезеңде болсын, олар ерліктің ғажап үлгісін көрсетуге бар. Бұл ерліктің нәр алатын қайнар бұлақ көзі не десек, Отанға деген сүйіспендік пен жеңіске деген шексіз сенім екен. Совет жауынгерінің осы бір құрыштай сезімін ешқандай күш әлсірете алмайды. Өлім екеш өлім де оның алдында дәрменсіз. Бүкіл Армия шегініп келе жатқан жағдайда кейбір бөлімшелер қоршауда қалып, кейбір батальон, роталар тұтасынан апатқа ұшырап жатқан кезде де жауынгерлері жеңіске сенуін қойған жоқ. Бауыржан кітабында осы бір айрықша қасиетті тамаша бейнелеген. Бұл қасиетті толып жатқан түрінде әрбір совет солдаты мен офицерінің басынан табамыз. Олар нанымды фактілерімен алынып, бір жағынан типтік дәрежеге көтерілген, екінші жағынан әр адамның характеріне сыйымды, лайық қалыпта дараланып бейнеленген. Бауыржанның бір ерекшелігі – жеке бір жалқы адамдардың дара ерлігін ғана емес, жалпы кеңес жауынгерлерінің жаппай ерлігін де жақсы бейнелей алуында, ерліктің қайнар бұлақ көзі — социалистік Отанды сүю, жеңіске шексіз сену сезімі екенін айқындай білуінде. Қітаптың үлкен тәрбиелік мәні де осында. Совет Армиясына тән жаппай ерлік туралы жазушы бір жерінде өзі де түйіп айтыпты: «геройдың бәрін бірдей біле бермейміз және ұрыста бәрін бірдей байқай да алмаймыз. Аты әйгілі геройлардан аты белгісіз геройлар ылғи да көп. Алдыңғы айтқандар соңғыларға көптен-көп қарыздар, өйткені қарапайым адамдардың жанқиярлық ерлік қимылдары болмаса устав тілімен айтқанда, өз борыштарына берік берілген қатардағы көп жауынгерлердің ешбір атышулы даңққа таласы жоқ жаппай ерлігі болмаса, аты әйгілі геройлардың ісі мен есімінің қаншалықты құны болар еді.»[13]Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетінде алатын орны айрықша. Ол бірінші бой көрсеткен әскери жазушы. Оның қызық ерекшелігі – әрі даңқты командир, әрі белгілі жазушы, әрі өз шығармаларының авторы мен кейіпкері, әрі басқа жазушылардың да басты кейіпкері. Бауыржанның екінші ерекшелігі – ол екі тілде жазады, және орыс тілінде жазғанда да өзінің ұлттық ойлау, сезіну, сөйлеу өзгешеліктерін сақтайды. Үшінші ерекшелігі — әдебиетке кеш келгендіктен, жазушының жара тылысындағы суреткерлік дарын өзінің барлық қаблет мүмкіндіктерін әлі көрсетіп үлгірген жоқ. Бұл ерекшелік әскери жазушының жаңа құнды туындылар беруінің кепілі сияқты.Бауыржан творчествосын дербес көркем өнер тұрғысынан алып қарасақ, әрине, көп сын айтуға болады.Мемуардың аты мемуар ғой. Басқа жанрға қоятын талаптың бәрін бірдей бұған қоя берсек, аз кемшілік таппаған болар едік. Эпизодтарының өзара драмалық байланысында тұтастық жоқ, образдар шығарманың өн бойында көрініп отырмайды, жалт етеді де, жоқ болады, сондықтан олар шығарманың негізгі, өзекті образдары болып шықпайды, характерлерінің көп қырларымен ашылуына мүмкіндік бермейді; шығарманың тіл, стиль кемшіліктері де бар. Ол өзінің соғыс кезінде есте қалған бай материалдарын қопарып, мол пайдаланған. «Простор» атты орысша журналда Бауыржан Момышұлының «Ежова рукавица» деген әңгімесі жарияланған. Жазушының арихивінен делінген бұл әңгіме 1946 жылы Москвада жазылыпты. Көркемдік өрнегінің ерекше әсем, әдемілігінен шығар? Әлде мүмкін, уақиғасының айрықша тартымды қызықтығынан шығар? Жоқ, оның бәрі де емес. Барлық себеп бәзбаяғы шындықта, шындықтың шындығында. Сонау бір кезде, жеке адамға табынушылық кезеңінде шындық туралы айтуға да, жазуға да болмайтын ащы ақиқат болғанды. Жазушы әңгімесінде сол ақиқатты тайсалмай тура айтып жазған. Және қашан жазған? Сталиннің қара басына табынушылықтың нағыз қабындап, жанып тұрған шағында 1946 жылы жазған.Сол соғыс біткеннен кейінгі бірінші бейбітшілік жылында жазушы шығармасының кейіпкерімен әңгіме құрады. Ол соғыстан бұрын 1936-37 жылдары, Қиыр Шығыста Армия қатарында бірге қызмет еткен жақын жолдасы екен. 1937 жылы белгісіз себептен Армиядан шығарылып ажырасқаннан қайтып көрісіп отырғаны осы болады. Арада тоғыз жыл өтеді. Бір кездегі уыздай жас жігіт, қазір егде тартқан, бетіне әжім түскен, көзінің алды күлтілдеген, барлық бет әлпетінде, қимылында шеккен азаптың ұшыраған рухани күйзелістің ізі байқалады. Неліктен? Міне осы сырды кейіпкердің жолдасына шерткен әңгімесі ашады...Ұлы Отан соғысында бастан-аяқ және барлық майдандарда дерлік Ленинград, Великие луки, Белоруссия, Украина, Крым, Кавказ, Карпат таумен шайқасып қажығандықтан ба әлде? Жоқ. Одан емес. Баяғы 1937 жылы кездейсоқ басқа түскен бәледен.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 827 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

РАБОЧАЯ ПРОГРАММА УЧЕБНОЙ ДИСЦИПЛИНЫ ОУД. 05 История 23.01.17. Мастер по ремонту и обслуживанию автомобилей
  • Учебник: «История. Профессиональное образования. Часть 1», Артемов В.В. , Лубченков Ю.Н.
  • 30.12.2020
  • 665
  • 8
«История. Профессиональное образования. Часть 1», Артемов В.В. , Лубченков Ю.Н.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2020 2176
    • DOCX 82.5 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Симонова Елена Олеговна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Симонова Елена Олеговна
    Симонова Елена Олеговна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69717
    • Всего материалов: 226

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 19 регионов