Главная / Начальные классы / Бастауыш сыныптарының 2 сыныптар арасында өтілген "Жыл мезгілдері" тақырыбының сабақ жоспары

Бастауыш сыныптарының 2 сыныптар арасында өтілген "Жыл мезгілдері" тақырыбының сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері ( 2-сыныптар арасында)

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың жыл мезгілдері жайында білімдерін кеңейту. Табиғаттағы ерекшеліктер мен өзгерістер жайлы білімдерін дамыту. Табиғаттың маңыздылығы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларды еркін сөйлеуге, ой-өрісін, және ойын толық жеткізе білуге үйрету. Шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу. Сұлулыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа,бірлікке баулу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс: Еңбекке баулу, дүниетану, әдебиет, өзін-өзі тану

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, ұлағатты сөздер, үлестірмелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар.


Сыныптан тыс сабақтың жоспары:



1hello_html_m12f99784.gifhello_html_331789a2.gif.Жыл мезгілдері 2. Даналық ойдан дән ізде 3.Көңілді бояулар (сұрақ-жауап, өлең)

hello_html_m5f96cc0.gif


hello_html_2ebe903a.gif


Сайыс бағдарламасы

hello_html_m48e102b9.gifhello_html_mbec443b.gif


hello_html_m294b5e27.gif



4. Оқу-білім бұлағы, 5. Кім тапқыр? 6. Киім үлгілері

Білім-өмір шырағы



Жыл мезгілдері: (шаттық шеңбер құру)

Біз өнерлі баламыз,

Шырқатып әнге саламыз,

Сурет салып үйреніп,

Тату-тәтті боламыз.

Сұрақ-жауап арқылы топқа бөлу.


  1. Қазір жылдың қай мезгілі ?

  2. Ағаштардың бүршік жаратын қай мезгіл?

  3. Қай мезгілде жапырақтар сарғаяды?

  4. Жылдың қай мезгілінде демаламыз?


Әр топ өз орнына жайғасады. Сайысқа дайындалады.

1-сайыс. Жыл мезгілдеріне байланысты өлең шумақтарын оқу.

1-топ «Қыс» туралы өлең оқу

2-топ «Көктем» туралы өлең оқу

3-топ «Жаз» туралы өлең оқу

4-топ «Күз» туралы өлең оқу


2-сайыс. «Даналық ойдан дән ізде»

1 топ өсу ретімен

Білім қымбат білу қиын

19-б, 30-б, 27-б, 31-і, 23-м, 29-т, 20-і, 37-н, 26-м, 33-у, 24-қ, 35-л, 25-ы, 22-і, 36-ы, 28-а, 21-л, 32-л, 34-қ.

2 топ кему ретімен

Өнерлі бала сүйкімді

37-ө, 24-к, 31-б, 22-м, 25-й, 35-е, 26-ү, 36-н, 30-а, 28-а, 33-л, 20-і, 32-і, 34-р, 27-с, 29-л, 23-і, 21-д.

3 топ өсу ретімен

Талап талмас қанат

20-т, 32-а, 28-м, 31-қ, 25-т, 30-с, 24-п, 35-т, 21-а, 26-а, 33-н, 22-л, 29-а, 34-а, 23-а, 27-л.

4 топ кему ретімен

Қыстың қамын жаз ойла

30-қ, 17-з, 20-н, 13-а, 24-қ, 18-а, 23-а, 15-й, 27-т, 16-о, 29-ы, 14-л, 26-ы, 19-ж, 28-с, 21-ы, 25-ң, 22-м


3-сайыс. Көңілді бояулар. Әр топ жыл мезгілдеріне байланысты суреттер салу.


4-сайыс. Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы (Пән бойынша сұрақтар қойылады).


1-топ Қыс мезгіліне


1. Натюрморт

2.Композиция

3.Акварель


2-топ. Көктем мезгіліне

1. Кескіндеме

2.Мүсін

3.Икебана


3-топ Жаз мезгіліне

1. Пейзаж

2.Портрет

3.Мозайка


4-топ Күз мезгіліне

1.Графика

2.Анималист

3. Мимика

5-сайыс. «Кім тапқыр?» жұмбақтар шешу.

1. Шанамен зырғып желдетіп, Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(қыс)


2.Бұлт айдап желдеткен,

Нөсерлетіп селдеткен,

Жаңбырлатып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(көктем)

3.Қойның тола жеміске,

Көк майсалы егісте,

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(Жаз)

4. Жиын-терін болатын

Қамбаға астық толатын

«Қызыл қырман» ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(Күз)


6-сайыс. «Киім үлгілері» Әр топ жыл мезгіліне байланысты қуыршақты киіндіру


Қортынды: Сайыстың жеңімпаздарын марапаттау.


Жүректен жүрекке

Зеңгір көктен

Нұрын төккен

Ортақ біздің күніміз

Жайдары өскен

Жайнап өсен

Біз өмірдің гүліміз


Бастауыш сыныптарының 2 сыныптар арасында өтілген "Жыл мезгілдері" тақырыбының сабақ жоспары
  • Начальные классы
Описание:

"Жыл мезгілдері" тақырыбының сабақ жоспары  ( 2-сыныптар арасында өтілген )

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жыл мезгілдері жайында білімдерін кеңейту. Табиғаттағы ерекшеліктер мен өзгерістер жайлы білімдерін дамыту.  Табиғаттың маңыздылығы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларды еркін сөйлеуге, ой-өрісін, және ойын толық жеткізе білуге үйрету.

Шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін арттыру.

 

Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу. Сұлулыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке баулу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

 

 

 

Автор Әуезова Сәуле Шаймерденовна
Дата добавления 29.12.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел
Просмотров 584
Номер материала 16934
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓