Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБастауыш сынып оқушыларының субъектілігін дамыту бойынша білім беру үрдісінің технологиясын жетілдіру.

Бастауыш сынып оқушыларының субъектілігін дамыту бойынша білім беру үрдісінің технологиясын жетілдіру.

Скачать материал

Бастауыш сынып оқушыларының субъектілігін дамыту бойынша білім беру үрдісінің технологиясын жетілдіру.

    ХХІ ғасыр мектебінің маңызды бір мақсаты – білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін қалыптастыру. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күніміздің талабы. Осыған байланысты оқушыларды тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай:

1.     Оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау;

2.     Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

3.     Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

4.     Анатикалық ойлау қабілетін дамыту.

  « Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», - деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұрпақ болашағында ең басты еңбек ететін мектеп ұстаздары. Болашағымыз бүгіннен де нұрлы, келешегіміз келбетті болуына ықпал етіп, жас ұрпақты жеке тұлға етіп қалыптастырып, адамзат қоғамына апаратын құдіретті күш – білім ордаларында. Білім ордаларында жас ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп, білім мен тәрбиені сапалы сіңіру үшін мақсат айқындалуы қажет.

   Бүгінгі біз өмір сүріп отырған уақыт кезеңі өткен ұрпақтың заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне,  дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ.

    Бастауыш сынып жасы –бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни  адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, аңғал да ойын баласының қарым-қатынасы дамытылады. Бастауыш сынып жасындағы балалардың бойындағы осы аталған бейімділіктердің әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс табады, ал ол осы жастағы балаларға ғана тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады. Бастауыш сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері жылдар сайын жойылып отырады, кейбір ерекшеліктерінің маңызы өзгереді. Мұндай жағдайдың балалардың бойында көрініс табуы олардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде болатынын атап көрсету қажет. Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне өзіміз қарастырған осы ерекшеліктер зор ықпал етеді және ол баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шарты болып табылады.

   Бастауыш сыныптарға қойылатын талаптарының бірі –  баланың жеке бас дамуымен, өмірге деген дұрыс көзқарасының қалыптасуына деген дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниедегі үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап, бақылай алатын оны терең түсінген оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады. Білім алу іс-әрекеті окушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді.

   Оқу – баланың маңызды әрекеті, бұл оның өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. «Бұған дейін қолымнан келмеді — енді келеді» , «Бұған дейін жасай алмадым — енді жасаймын», «Бұрын қандай болдым – қазір қандаймын», – міне, бұлар қол жеткізілгендер мен өзгерістердің терең рефлекциясы қорытындысына берілген негізгі бағалар. Баланың өзін-өзі үшін өзгеріс мәні және осы өзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субъекті бола алуы өте маңызды.

Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Олар оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті құзыреттерін айқындауға тікелей мұрындық болады.

   Жеке тұлғаға бағыттай оқытудың басты ерекшелігі – ол баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әуелетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға,  қоғамның экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Мұғалімнің басты міндеті – әр баланың жеке қасиетін аша отырып, білімді сапалы меңгерту, азамат етіп тәрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге жағдай жасау.

  Тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының тірек ұғымы «тұлға» болып табылады. Тұлға – әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның мәні индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның өзіндік дүниесін, ерекше өмір жолын белгілейді. Тұлғаның негізгі қызметтерінің бірі – үздіксіз ізденіс, өз өмірлік әрекетінің мәнін негіздеу, оған өзіндік тексеріс жасап тұру. Тұлғалық амал ұжымдық оқытуға балама түрдегі даралап, саралап оқыту идеясының басымдылығын алға шығарады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім беру – адамның әлеуметпен ғана емес, қоршаған ортадағы барлық объективті шындықпен байланысын қалыптастыратын білім беру. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан -2030 »  бағдарламасында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық, құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау»- деп көрсетті. Бұл мақсатқа жету үшін біздің оқу үрдісіміз алдына жаңа маңызды талаптар қояды. Өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға  мейлінше жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті,шығармашыл, барлық  істі сауатты шеше білетін тұлғаны тәрбиелеу- мақсаттың бірі болып отыр.

  Қазақстан Республикасының  Білім туралы заңына сәйкес «әр баланың жеке бас ерекшелігіне қарай интеллектуалды дамуы жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер қарастырылып отыр. Әр оқушының болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына,көлеміне, дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктелді.

Тұлға  мен  мұғалімнің   арасындағы қарым-қатынас

§   Тұлғаның  өзіндік  болмысын  мойындау

§   Тұлғаға құрметпен қарау

§   Тұлғаға ілтипатпен  зейін  аударатындығын  сезіндіру

§   Өз  қателігін  мойындаудың  оптимальды тәсілін   меңгерту

§   Сабақтың  өне  бойында  жағымды ахуалды  жоғалтып алмау

§   Тұлғаға сенімді  сезінуіне мүмкіндіктер тудыру

§   Тепе-теңдік   қатынасты   сақтау

§   Тұлға пікірімен  санасу

§   Тұлғаның  өзіне емес   , кәсібіне  ескерту

§   Ойын дәлелдеуге  мүмкіндіктер   тудыру

§   Тұлғаға  сенімсіздікпен  ,  күмәнмен қарамау

§   Әзілді  ұтымды  пайдаланып  отыру   , тұлғаны да соған үйрету

§   Баланы салыстырмау,  елемегендей  кейіп танытпау

§   Сыныптастардың алдында  беделін  өсіруге тырысу

§   Өзгені   сыйлы,  өзін сыйлата   білетіндей ету

Жеке  тұлғаға  қатысты  білім  беру    әлеуметтік  орта  және  қоршаған  орта  кеңістігі   нәрселердің    ықпалы  арқылы  ұйымдастырылады.  Оқу – танымдық  әрекетте   мына   жоба  бойынша   жұмыстар  жүргізу  тиімді.

  Оқушы   педагогикалық   үрдісте   өзін-өзі    тани    білетін,    өз  бетімен    білім     алып   дамитын   тұлға    ретінде ,  ал    ұстаз    тек   нұсқауларды    іске    асырушы   және    басқарушы    субьект    ретінде    қарастырылады.

Педагогика    ғылымының   кандитаты К.Құдайбергенова   «жеке  тұлғаға   бағытталған    технология   мақсаты    барынша    баланың   өзіндік   тәжірибесін анықтау,    жетелеу,    пайдалану,    баланың  танымдық  қабілетін  дамыту,   алдын-ала  белгіленген    қасиеттерді    қалыптастыру  емес, өзін-өзі  тануға,  анықтауға , жүзеге  асыруға   жағдай  туғызу»  деп  атап    көрсетеді.  Әрине,   бұл келісуге   болатын пікір. Оны  іске   асыратын    жаңа  типте   дамыған,   заманның  өскелең   талабына    сай  ұстаздар.  Яғни,   ол  тар   аядағы    кәсіптік,   бағдарламаны  орындаушы   ғана  емес, сол кәсіптік,  пәндік  бағдарламаны бүкіл    білім   жүйесіндегі    дүниетанымдық    тұлғалық, психологиялық   орнына    сай    жарқырату,    оны    оқушының   сана-сезіміне    бүкіл әлемдік бір тұтастықтың маңызды  бөлшегі  ретінде    жеткізу.

   Ақпараттар   мен   әр  түрлі    мәдени   үрдістің   куәсі   болып    отырған   ХХІ ғасырдың   балалары  - өте ақылды  балалар. Өйткені , олардың   бітім болмысында  адамзат   жүріп    өткен    ұзақ    тарихи    жолдың    құнарлы    дәстүрлері    мен  осы   заманның    озық    технологиялары   өзара    ұштасып, бір-бірімен  терең    қабысқан.   Сондықтан   қазіргі   балалардың    талап-тілегі    жоғары,    талғамы  биік, сол  биік    деңгейдегі тұлғаға берілетін білім де биік болуы қажеттілігі туындайды. Мұндай білімге саралай оқыту арқылы қол жеткізуге болады.

Саралай оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой  деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді

Саралап деңгейлеп оқыту оқушының ой-өрісінің дамуына тигізер пайдасы өте зор, себебі оларды қолдану сабақ нәтижесін, сапасын, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Әсіресе оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру табылады. Әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етуі керек. Деңгейлеп оқыту деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Себебі сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар орындау.  Саралап оқыту арқылы оқушының өз білімін бағалай білуіне жетелеу;

·        Деңгейлік оқытуда сөзжұмбақтар, қызықтыратын тапсырмалар қолдану;

·        Деңгейлеп оқытуда жұптық және топтық форманы да пайдалану;

·        Іскерлік ойындар мен тренингтерді деңгейлеп жүргізу;

·        Сыныптан тыс және үйірме жұмыстарында жүйелі қолдану;

Мұның барлығы оқушылардың жеке физио-психологиялық, биологиялық ерекшеліктері, олардың қабылдау қабілеттері ескеріліп, мүмкіндіктеріне сай жұмыстардың сұрыпталуымен жүзеге асуы бақылаушылар назарында болады.Оқытудың білімдену инновациялық технологияларын пайдалану - оқушылардың тұлғалық болмысын сомдау құралы. Ал осы өрлеу кеңістігінің саралап, даралап оқыту жүйесі аталған үш бағыттағы әдіснамалық ғылыми негіздің құрылымынан тұрады. Сол сүйенер материалды мазмұн ретінде салып, ең басты деген маңызды ойларды жеке даралап, саралап алу деген сөз. Бұл әpi оқыту, әpi ғылыми тұжырым

   XX ғасырдың басындағы ұлттық ойшылдарымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер» - деген екен. Осы мақсаттарды жүзеге асырудың негізінде оқытудың жаңа технологиясын педагог - ғалымдар мен республика мұғалімдері жан - жақты ізденіп, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруда білім берудің тиімді жолдарын қарастырып, оқытудың жаңа көп нұсқалық қағидасын бекітті. Оның өзіне оңтайлысын таңдай білуді ұсынды. Кез - келген технология мұғалімнен терең теориялық білім мен үлкен педагогикалық шеберлік, жан - жақты ізденіс пен баланың жан дүниесін түсіне білетін психолог болуды талап етеді.Солардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының 60 - тан астам стратегиялары бар. Соның ішінде бастауыш сыныптарда оқушыны жеке субъекті ретінде қарастыруға келесідегідей стратегиялар: «Венн диаграммасы», «Семантикалық картаны», «Түртіп алу әдісін», пікірсайысты, салыстырмалы ойлауды, «екі түрлі түсініктеме күнделік», «Ішіне сыртына», «бес жолды өлең»тиімді екендігі іс-тәжірибеде байқалды. Бұл статегияларды қолданған жағдайда, оқушылар не нәрсенің болса да жақсы, жаман жағын салыстыру, ненің сапалы, сапасыз екенін саралап, өзіне, өмірге деген көзқарас қалыптастыра бастайды. Тақырып бойынша сын тұрғысында ойлауды сұрақ қою тәсілдері арқылы дамытылады. Оқушылар өздеріне қойылған сұрақтар арқылы ізденеді, идеяларды жинақтайды, қорытады, талдайды.  Мұғалімнің мақсаты - оқушыларды ойлау салысының ең төменгі деңгейінен жоғарғы, терең ойлау деңгейіне дейін көтермелеп жеткізу. Бұл оқушы деңгейін шығармашылық сатыға көтереді.

Соның нәтижесінде оқушылар кез келген мәселені шешуде сыни ойлау тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қатынас жасауға дағдыланады. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі жетістіктерге жетеді:

ü Еркін ойлауға мүмкіндік береді.

ü Ақыл - ойын дамытады.

ü Шығармашылық белсенділігін арттырады.

ü Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді.

ü  Тіл байлығын жетілдіреді.

ü Жан - жақты ізденушілігін арттырады.

ü Барлық жұмысты өздері атқаруға ынта қояды, белсенділігі жоғары болады.

ü Алға қойған мақсатты орындауға тырысады, пікір айтады.

     Заманауи білім беруде бастауыш сыныптарда АКТ  қолдану өте маңызды. Ақпараттық технологиялар оқушылардың  білімін кеңейтеді және эмоциялық көңіл-күйіне әсер етеді. Соның әсерінен заттар мен құбылыстардың қасиеттерін салыстыра білуге, айырмашылығы мен ұқсастарын көре білуге дағдыланады. Сондықтан мұғалім АКТ қолданғанда сөзбен байланыстырып, толықтырып отыруы керек. Бұл келісідегідей міндеттерді шешуге бағытталады.

1.       Оқитын тақырыпты терең түсінуге, негізгі түйінін ажырата білуге үйретеді.

2.       Тақырыпты жеңіл, тез түсінуге ықпал етеді.

3.       Қайталау кезінде алған білімді жүйелеуге көмектеседі.

4.        Пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Көрнекі оқыту - ақыл - ойын, логикалық ойлауды дамыту. Сабаққа тиімді қолданылған көрнекілік түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатымен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары айналадағы көрген нәрсеге қызыққыш келеді. Тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайды. Ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын көбейтуге, өз ойын жүйелеп байланыстырып баяндай білуге, септігін тигізеді,байқампаздығы артады. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деп, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай қазіргі қоғамымызға білімді, тәрбиелі, саналы ұрпақты тәрбиелеп дайындауда әр ұстаз өз шеберлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс істеуге тиіс.

«Әр бала бір жұлдыз, Жарқырауына жәрдем бер» - деген нақылды ұстанып, әр баланың қалаған ісін таңдауға, өз ойларын ашық айтуға, өзін еркін сезінуге, жалпы ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік беруіміз керек.

 Қорытындылай келгенде, білім беру үрдісінің технологиясын жетілдіру дегеніміз - алған білімге  сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алу. Бұл технологиялардың  тиімділігі – оқушының құзыреттілігін  арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар:  
жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.



 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сынып оқушыларының субъектілігін дамыту бойынша білім беру үрдісінің технологиясын жетілдіру."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

    ХХІ ғасыр мектебінің маңызды бір мақсаты – білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін қалыптастыру. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күніміздің талабы. Осыған байланысты оқушыларды тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай:

1.     Оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау;

2.     Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

3.     Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

4.     Анатикалық ойлау қабілетін дамыту.

 

  « Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұрпақ болашағында ең басты еңбек ететін мектеп ұстаздары. Болашағымыз бүгіннен де нұрлы, келешегіміз келбетті болуына ықпал етіп, жас ұрпақты жеке тұлға етіп қалыптастырып, адамзат қоғамына апаратын құдіреттікүш – білім ордаларында. Білім ордаларында жас ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп, білім мен тәрбиені сапалы сіңіру үшін мақсат айқындалуы қажет.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 730 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.01.2015 417
    • DOCX 71 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нуксарина Альмира Кабдуалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 8
    • Всего просмотров: 11413
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 268 человек из 55 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 16 регионов

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 396 человек из 65 регионов

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе