Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБастауыш сынып оқушыларының денсаулығына кері әсер ететін факторлар- ғылыми жоба

Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығына кері әсер ететін факторлар- ғылыми жоба

Скачать материал

№42 «Ақ ниет» гимназиясы

 

                                            

 

Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығына кері әсер ететін факторлар

 

 

 

Есенгазиева Карина Маратовна

/4 «А» сынып оқушысы/

 

Жетекшісі: Хайдарова Алмагул Касымовна

 

 

                                                

 

 

            Жоспар:

 

І.Кіріспе

 

Бастауыш мектеп оқушыларының стандарттық білімге сай бекітілген жүктемесі.

ІІ. Негізгі бөлім

 

1.     Стандарттық білім жүктемелерінің көптігі, бастауыш сынып оқушыларының денсаулығына кері әсері.

 

2.     Практикалық бөлім

а) Өз сыныптастарыма жүргізілген сауалнамалар;

ә) 1 күндік сабақ кестесіне сай оқулықтың салмағын өлшеу;

б) Тамақтану, оқушылардың табиғатта дем алуы, ақпараттық технологияның әсері;

в) №1 қалалық емхананың бала дәрігерімен сұхбат.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

 

Салауатты өмір салтын берік ұстап, өзінің күнделікті күн тәртібін тиімді құру, әркім өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір

 

      Ежелгі гректер ерте кездің өзінде-ақ денсаулыққа  мән беруді негіз еткен.

«Дені сау адам- табиғаттың қымбат жемісі» дей келе баланың денсаулығына туғаннан бастап көңіл аудару ата-ананың міндеті екенін айтқым келеді.

Оқушының денсаулығын сақтау қай қоғам, қай уақытта да ең өзекті, ең көкейтесті міндет. Және бұл міндет дәрігерлер ғана емес педагогтар, ата-ана, жұртшылық болып жұмылғанда ғана жүзеге асады.

Оқушылардың мектепке алып келетін оқу құралдарының көптігі, спортттық киім, екінші аяқ киім тасудың баланың омыртқасына әсер ететіндігін ескерген жөн.

Бұл ғылыми жобада өзекті мәселелердің барлығы теория және практика жүзінде қарастырылған. Оқушы дәрігермен сұхбаттасу арқылы, өз сыныптастарына зерттеу және сауалнамалар жүргізу арқылы жұмыстанған.

Қазіргі таңда денсаулыққа байланысты оқушының денсаулығына кері әсер ететін факторлар жан-жақты қарастырылған.

Жобаның мақсаты анық және өте өзекті мәселе қозғалып, оқушы тарапынан ұсыныстар берілген.

 

 

Пікір жазушы:   география және биология пәнінің І санатты мұғалімі:

Қуанышева Алтынгүл Қадемқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Менің ғылыми жобамның мақсаты:

 

Бастауыш сыныптағы оқушылардың сабақ жүктемесіндегі артық жүк пен уатылы дұрыс тамақтанбаудың болашақ ұрпақтың денсаулығына кері әсер ететінін дәлелдеу.

 

Міндеттерім:

 

А) өз сыныптастарым арасында зерттеу жұмыстарын жүргізу;

ә) сауалнамалар арқылы 1 күндік күн режимін қадағалау;

б) сабақ кестесіне сай оқу құралдарының салмағын өлшеу;

в) қала баласының табиғатта дем алуы;

г) тамақтану деңгейін, компьютерді пайдалану уақыттарын қадағалау;

д) мектеп партасына бойларына сәйкес отырулары, мектеп дәрігерімен сұхбат.

 

Зерттеу обьектім:

 

Мектептегі өз сыныбым.

 

Күтілетін нәтиже:

 

«Дені сау адам-табиғаттың жемісі» дей отырып, бүгінгі ұрпақтың болашақтағы дені сау ел экономикасына қосар үлесі мол азамат пен азаматша болуы үшін, мектеп жасындағы артық жүктемемен, артық жүк салмағының көптігі және дұрыс демалып, дұрыс тамақтану үшін, бірнеше ұсыныстар ұсынамын және сол ұсыныстар қатерге алынса деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      

                                 

 

 

                                        І.Кіріспе бөлім

 

Халық даналығы «Елім бай болсын десең-денің сау болсын» деп денсаулықтың елдік, халықтық, ұлттық,отандық мағынасына айрықша көңіл аударады.

Денсаулық-бұл біздің тәніміздің табиғи жаратылыс қалыбы. Табиғаттың бар күші осы табиғи қалыбымызды сақтауға негізделген. Салауаттылық-кең ұғым. Адам денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығы. Жалпы адам денсаулығына әсер ететін факторлар көп.

Нақтысын айтқанда адам денсаулығы күнделікті күйбең тіршіліктің, өмірдің, адамдардың кәсібінің тиімді-тиімсіздігіне байланысты.

Оқушылар өмірінде күнделікті сабақ барысындағы жан-жақты, артық ақпараттар, шамадан тыс жүйке жүйесіне салмақ түсіретін тапсырмалар, күні бойы ауасы желдетілмеген оқу бөлмесіндегі ауа тарылып, оқушылардың жұмыс істеу қабілетіне, жалпы денсаулығына кері әсер етеді. Зерттеулер бойынша, ауа алмасу жеткіліксіз оқу бөлмесіндегі оқушылар тыныс алу ауруларымен ауасы таза оқу бөлмесіндегі оқитын оқушыларға қарағанда екі есе жиі ауырады екен. Сондықтан мұғалім оқу бөлмесін желдеткенде сыртқы ауа температурасына байланысты қанша уақыт ауа алмастыру нормасын білуі қажет. Оқушылардың үштен бірінің жұмыс істеу қабілеті әр сабақ сайын төмендейді.

Сабақ барысында оқушылардың шаршауын болдырмау мүмкін емес. Әйтсе де сабақ барысында шаршататын әсерлерді азайту, сабақта денсаулыққа зияны, әсері тимейтін әдістерді пайдалану- мұғалімге де байланысты деп ойлаймын. Мұғалімнің үлгерімі жақсы оқушылармен қарым-қатынаста олардың есімін атап, сөйлесетін жағдай жиі кездеседі. Ал керісінше үлгерімі төмен оқушының сыныпта бар-жоғын елемей, назарын аудармауы да оқушыға жайсыз әсер етеді, білім алуға деген ынтасын төмендетеді. Әр баланың жаратылысы әр түрлі болып келеді. Кей балалар өзін мұғалім елемегендігін ауыр қабылдайды, керісінше екінші бір оқушы мұғалімнің өзіне назар аудармағанын пайдаланып, өз ісімен айналысып, сабақты бос өткізеді.

Жалпы, менің ойымша, оқушының денсаулығына кері әсер ететін факторлар:

-         үзіліс кезінде дене қозғалысының аздығы;

-         мектепке әкелетін құрал-жабдықтардың ауырлығы;

-         партада отыру ережесінің орындалуы;

-         дұрыс тамақтанбау;

-         мектепте спорттық үйірмелердің жүргізілмеуі;

-         компьютердің зияны.

 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім

Ежелгі гректер ерте кездің өзінде-ақ денсаулықтарын дене шынықтырумен айналысу арқылы нығайтқан екен. «Күшті болғың келсе-жүгір, әдемі болғың келсе-жүгір, ақылды болғың келсе-жүгір».

Біз әрине жүгіргіміз, секіргіміз келеді. Себебі 8.30-13.05 дейін сабақ оқимыз.Әр сабақта 45 минут бір орнында отырамыз, есеп шығарамыз, жаттығу жазамыз, оқимыз, сурет саламыз т.б. қысқасы дене қозғалысы аз. Сол себепті үзілісте бір-бірімізді қуып ойнағымыз келеді. Бірақ үйде де, мектепте де еститініміз «жүгірме!» Оның себебі мектептің дәлізі тар,қыркүйек, сәуір, мамыр айларынан басқа уақытта біз үзіліс уақыттарын сынып бөлмесінде өткіземіз.

Енді өзіміздің апталық сабақ кестесіне келетін болсақ, 1 аптада 27 сабақ болады. Ал мынау әр сабаққа берілетін баллдық жүйе. Қиын сабақтарға көп балл, жеңіл сабақтарға аз балл.

Математика-11 балл                        Орыс тілі-10 балл

Ағылшын тілі-10 балл                     Қазақ тілі-7 балл

Әдебиет-7 балл                                 Дүниетану-6 балл

Дене шынықтыру-5 балл                 Бейнелеу-2 балл

Музыка-1 балл                                  Еңбекке баулу-4 балл

Өзін-өзі тану-2 балл

Сабақ кестесі

Дүйсенбі                                         Бейсенбі

Орыс т                                               Матем

Матем                                                Қазақ т

Дене ш.                                             Дене ш.

Қазақ т.                                             Орыс т.

                                                           Әдебиет

Сейсенбі                                          Жұма

Әдебиет                                           Матем

Матем                                              Дене ш.

Ағылшын                                         Қазақ т.

Қазақ т.                                            Еңбекке баулу

                                                          Еңбекке баулу

Сәрсенбі                                          Сенбі

Матем                                                 Өзін-өзі тану

Әдебиет                                              Ағылшын

Музыка                                               Дүниетану

Бейнелеу                                             Әдебиет

Дүниетану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жалпы сабақ кестесі дене қимылдарының белсенділігін арттыратын пәндер, балалардың ойлау және психологиялық жүйелеріне ауыртпашылық түсіретін пәндермен алма-кезектесе және аптаның ортасына, соңына қарай жеңілдетіліп ұйымдастырылғанын көруге болады.

Өздеріңіз көріп отырғандай сейсенбі және бейсенбі күнгі сабақ кестесінің балы жоғарырақ, ең жеңілдетілген күн сәрсенбі мен сенбі.

 

Сарамандық жұмыс

 

Бүгін күн бейсенбі дейік. Мен портфеліме математика+дәптер,қазақ тілі+дәптер, орыс тілі+дәптер, әдебиет+дәптер,күнделік, пенал, дене тәрбиесіне киетін формам+крассовка, ішке киетін екінші аяқ киім.

Бір кітаптың көлемі екі кітаптың көлеміндей. Өлшеймін. Бір оқушының күнделікті үйден мектепке дейінгі және мектептен үйге дейінгі көтеріп апаратын жүгінің салмағы-***. Менің өзімнің салмағым-***. Кем дегенде оқушы мектеп пен үйдің арасына 30-40 минут жүреді. Мен әлі 7 жыл осы жүкті күнде арқалайтын болсам, жасым 16-17 –ге келгенде менің мүсінім қандай болмақ? Мүсін- ең негізінен омыртқаның күйі. Омыртқаға күш түспесе әдемі мүсін беріп, әрі ішкі ағзалардың ауырмайтыны белгілі.

Әдемі емес мүсіннің тағы бір себебі- партаға отырудың дұрыс емес күйі. 4-5 сабақ бойы қисайып отырған оқушылар есейгенде бүкір болып, өзінің дене кемістігіне өзі кінәлі екенін түсінбей де қалады. Өкініштісі кейбір сыныптастарым мұғалім ескерту жасамайынша өзінің отырысына көңіл бөлмейді. Сыныпта 24 оқушы бар.Бір күнде 1-ші сабақта 5 оқушы,  2-ші сабақта-8 оқушы, 3-ші сабақта-12 оқушы, 4-ші сабақта- 11 оқушыға мұғалім дұрыс отыруына ескерту жасады. Партаға дұрыс отырған оқушы мен партаға дұрыс отырмаған оқушының бүкірейген, қисайған, сиықсыз мүсінін алдарына іліп қойса ғана отырыстарына көңіл бөлетін сияқты.

Біздің бойымыз ***, норматив бойынша еденнен партаның биіктігі мен орындық биіктігін өлшедім. Партаның биіктігі- 60 см, орындық- 35 см.

Демек, парта мен орындық біздің бойымызға сәйкес келеді.

 Партаға байланысты тағы да айта кететін жағдай, оқушылардың орнын жиі ауыстырып отыру қажет деп ойлаймын.Ұзақ мерзім бір орнында отыру көзге зиян. Бірде алға, бірде арт жаққа, бірде ортада, бірде оң жақ партаға, кейде сол жақ партаға оқушы ауысып отыру керек.Біздер сыныпта орнымызды тоқсан сайын ауыстырамыз, меніңше ай сайын ауыстырып отыру тиімді. Себебі үнемі бір бағытқа қарап отыру көздің көру қабілетін төмендетеді және омыртқаның қалыпты иілімдері бұзылады.

Бізде әр сабақ сайын оқушылардың дене бітіміне және олардың тез шаршамауы үшін сергіту сәттерін жиі қолданамыз. Сергіту сәті арқылы біздер қолымызға және барлық денеге әсер ететін жаттығулар орындаймыз. Әсіресе жазбаша жаттығулар орындағаннан кейін сергіту сәттері көп көмек береді. Тіпті сабақ тақырыбына қарай ұлттық ойындар ойнаса, балалрдың шаршамауына жол берілмес еді. Біз 1-2 сыныптарда сабақ үстінде жиі ойындар ойнайтынбыз. Қазір ойын ойнауға уақыт жоқ. Қазақ тілінен күніне 5-6 жаттығу беріледі, сурет бойынша әңгіме құрау, өлеңдерді жатқа жазу, жаттығу талдау, сөздерге сөйлем құрастыру, өткен сабақтар бойынша ережелерді қайталау, т.б. 45 минуттың 20-25 минуты жазуға арналады. Ал математика пәніне келсек, күніне 8-9 есеп беріледі, оның 3-4 (а,ә) бөліктеріне бөлінеді. Оның кейбіреуін ауызша, кейбіреуін жазбаша орындаймыз, сонымен 45 минут тек есеп шығарамыз, есептің көптігінен де кейде басымыз ауырады. Сондықтан оқулық шығаратын авторларға есептердің көлемін біз шаршамайтындай ықшамдап беруін сұрар едік.

Туғаннан бастап мектепке барғанға дейін балалар ата-ананың, педиатрлардың, бала-бақшасындағы тәрбиешілердің қалт етпейтін назарында болып өседі. Тамақтану мәселесі бұл кезде толық тексеріліп және біршама жақсы бақыланып отырады. Бала мектепке барғаннан кейін оның тамағын қадағалау нашарлайды. 1-4 сынып оқушыларының тегін, яғни ақысыз тамақтануы балалар денсаулығы үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. Уақытында дұрыс тамақтанып, барлық денсаулық сақтау ережелерін қадағалап отырса балалардың денсаулығы жақсара түсер еді. Таңғы ас ылғи ыстық болу керек. Түсте ылғи көкөністерден жасалған салатты, кеште балауса жемістер, шырындар қабылдау керек. Сыныптастарымды зерттеу барысында 70 пайызы таңертең ыстық тамақ ішпейді. Біз 3-ші сабақтан кейін мектеп асханасынан тамақтанамыз.24 оқушының 13-і берілген тамақты тауысып ішеді, қалғандары дұрыс тамақтанбай, дүкеннен сатып алынған пайдасынан зияны көп тамақтарды жеп отырады. Сондықтан ата-аналар балалрға артық ақша бермей, балаларының кириешки, чипсы, кока-кола, қытайдан шыққан арзан шоколадтар, сағыздар алуына жол бермеу керек.

(Дәрігермен кездесу бейнеклип көрсету)

Су тамақ өніміне жатпайды, бірақ оқушы күніне 1,5-2,0 л су ішуі керек. Балалар сапалы және қауіпсіз суды қалаған уақытында және қажетті мөлшерде қабылдау керек. Оған біздің мектебімізде жағдай жасалып, таза ауыз сумен қамтылған. Таза судың денсаулыққа пайдасы зор. Бұл жөнінде өзім сияқты балалардың атынан мектеп әкімшілігіне деген зор алғысымды білдіремін.

Оқушының денсаулығын сақтауда жеке бас гигиенасын сақтау үлкен роль атқарады.  Асханада да, әжетханада да қол жуатын орынды көбейтіп, қол кептіретін автоматты қондырғылар қондырса жеке бас гигиенасы сақталып, қол жууға көп уақыт кетірмей, тамағымызды ыссылай ішуге мүмкіндік болар еді. 100 оқушы бір мезгілде тамақтануға барамыз, кейбір балалар қолдарын дұрыс жумай, лас қолдарымен тамаққа отырады. Ал аурудың барлығы осыдан болатыны анық. Балалардың арасында асханадан тамақ ішіп едім, ішім ауырып тұр деп тамақтан көріп, өздерінің лас қолмен ішкен тамағымен бірге микроб кеткенін ойламайды да.

Қазір балалардың далада, таза ауада қыдырып, ойнаудан гөрі үйден шықпай компьютердегі атыс-шабыс ойындарды ойнауды ұнатады. Сабақтан бос уақытының бәрін компьютер мониторының алдында өткізуді «өмір салтына» айналдырған. Айналып келгенде тапжылмай бір орнында ұзақ отыру, мүлдем аз қозғалу баланың саулығына үлкен зиян әкеледі. Компьютерде көп отырған бала өзімен-өзі тұйықталып, ешкіммен араласпай, психикасы да елеулі ақауға ұшырайды. Оның кітап оқуға, радио-теледидар қарауға ынтасы жоғалады. Сабақ оқудың өзі артық нәрсе сияқты болып тұрады. Ештеңе оқымайтын, ешкіммен араласпайтын баланың ойлауы да, сөйлеуі де жоғалады.

Бұл айтылғандардың барлығы бала денсаулығын ұрлаушы факторлардың бірі ғана. Мен сыныптастарыма денсаулықтарын анықтауға арналған тест арқылы зерттеу жұмысын жүргіздім.

Тест 15 сұрақтан құралады.

І.Қолыңды жиі жуасың ба?

1. Дәретханадан шыққан сайын, тамақтанудың алдында, даладан келген кезінде, жануарлармен ойнағаннан кейін.(0)

2.Тек тамақтанудың алдында және дәретханадан шыққанда.(5)

3.Бір нәрсеге қатты былғанғанда.(20)

ІІ. Тісіңді қанша рет тазартасың?

1. 2 рет (0)     2. 1 рет. (5)   3. Анда-санда (15)

ІІІ. Аяғыңды жиі жуасың ба?

1. Күнделікті ұйықтар алдында (0)

2. Анам айтқан кезде (10)

3. Тек шомылған кезде (20)

ІҮ. Жаттығуды жиі жасайсың ба?

 1. Күнделікті (0)  2. Ата-анам айтқанда (10) 3. Ешқашан (25)

Ү. Жиі ауырасың ба?

1. 2 жылда 1 рет (5)   2. ж ылына 1 рет (5)  3.бірнеше рет  (15)

ҮІ.Тәтті күлшелер мен кәмпитті көп жейсің бе?

1.Мерекелерде,демалыс күндері (0)

2. күнделікті  (20)    

3.Жегім келгенде көп жеймін (30)

ҮІІ. Жиі жылайсың ба?

1. Өте сирек (0)  2. аптасына 2 рет (15)    3. күнде  (25)

ҮІІІ. Неге жылайсың?

1. ауырғаннан (0)   2. Ренжігеннен (10)    3. Ызаланғаннан (20)

ІХ. Далада жиі серуендейсің бе?

1.     Күніне 1,5-2 сағат (0)

2.     Кніне 1 сағаттан аз (10)

3.     Тек демалыстарда (20)

Х. Ұйқыға қай кезде жатасың?

1.21.30 (0)    2. 22.00 (10)    3.  24.00 (35)

ХІ. Сенің салмағың жасыңа сәйкес пе?

1.Сәйкес (0)  2. аздап үлкен немесе аздау (10)  3.Әлдеқайда артық (25)

ХІІ. Теледидардың, компьютердің алдында қанша уақыт отырасың?

1. 1,5 сағат (0)   2. 3 сағаттан артық  (15)Қанша отырғым келсе, сонша(30)

ХІІІ.Сабақ оқуға қанша уақыт жібересің?

1.    2-2,5 сағат (0)   2.     3 сағат (15)    3.     3 сағаттан артық (30)

ХІҮ. 5-ші қабатқа жүгіріп шыға аласың ба?

1.Өте оңай (0)    2.Шаршап қаламын (15)

3. Қиналып шығамын (25)     4. Шыға алмаймын (35)

ХҮ. Спорт секцияларына қатысасың ба?

1. Иә (0)      2. Жоқ (15)

          0-20 ұпай- сен денсаулыққа қатысты ережелерді бұлжытпай орындайсың, сенің денсаулығың мықты.

20-70 ұпай- сенде денсаулыққа зиянды әрекеттер пайда бола бастаған. Кешіктірмей олармен күресу керек.

70-110 ұпай- сен өз денсаулығыңды бүлдіретін жолда тұрсың! Жедел өз денсаулығың үшін күрес.

110 және одан жоғары- қалайша әлі күнге дейін құлап қалмай жүрсің? Өз денсаулығың өз қолыңда, дәл осы секундтан күресті баста.

Қорытынды: барлығы 21 оқушы қатысты. 0-20 ұпай-0; 20-70 ұпай-7;  70-110 ұпай-3;  110 нан жоғары-11 оқушы.

Біздің мектебіміз бойынша бастауыш сыныпта 161 оқушы болса, оның 20-ы хирургтың есебінде, 6-уы көз дәрігерінің есебінде, 4-уі невропотологтың есебінде, 5-уі эндокринологтың есебінде, 8-і стоматологтың есебінде, 20 оқушы туберкулезге қарсы иммунитеттің әлсіздігінен мектепте күнде дәрі ішетіндігін білдім. Сонда 161 оқушының 63-і дәрігерлердің есебінде тіркелулі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      Қорытынды:

 

Біздің денсаулығымыз- ата-анамыздың бақыты, еліміздің байлығы. Қазақ елінің Ата Заңына сәйкес әр азаматтың саулығы- мемлекетіміздің саулығы. Әр ата-ана өз баласын салауатты өмір салты үшін күресе білуге үйрету керек. Осы жұмысымды жазу барысында денсаулық деген не екенін, оған не зиян келтіретінін, оны қалай сақтауға болатыны түсініп, өзіме күн тәртібін құрдым.

 

 

                            Күн тәртібі

            Ұйқыдан ояну-7.00-7.15

Таңертеңгі жаттығу-7.15-7.45

Ертеңгі тамақ-7.45-8.00

Мектепке дейінгі жол-8.00-8.20

Мектептегі сабақтар уақыты-8.30-13.05

Үйге дейінгі жол-13.05-13.30

Түскі ас-13.30-14.00

Орнын жинастыру-14.00-14.30

Ауада жүру-14.30-15.30

Үй тапсырмасын орындау-15.30-17.30

Кешкі серуен-17.30-19.30

Кешкі ас және бос уақыт-19.30-21.30

Ұйықтауға дайындалу-21.30-22.00

Ұйқы-22.00-7.00.

       Менің денсаулығым тек үлкендер мен дәрігерлерді ғана мазаламауы керек деп ойлаймын. Дәл өзім сияқты ешкім де менің денсаулығымды мұқият қадағалап, сақтай алмайды.

Мен Қазақстандағы барлық балаларға жетістік тілеймін, ақылды болып, теріс қылықтардан аулақ жүр! Әзілді де ұмытпа, себебі күлкі адам өмірін ұзартатынын естен шығармайық дегім келеді. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобам бойынша менің ұсынысым:

    Мұғалімге:

-үзіліс кезінде еркін ойнауымызға рұқсат беру;

-жиі орнымызды ауыстырып тұру;

-сабақ ортасында көңілімізді көтеретін ойын ойнатып, саябақтарға жиі апару;

 

Ата-аналарымызға:

-         химиялық қоспалары бар тамақ жеуге жол бермеу;

-         таңертең ыстық тамақ ішіп кетуін қадағалау;

-         аяқ киімді дұрыс таңдап, майтабандылыққа жол бермеу;

-         демалыс күндері бізді спорттық кешендерге үнемі апару;

 

Мектеп әкімшілігіне:

-         мектепте би үйірмесін ашу;

-         қол жуатын орындарды көбейту;

-         қол кептіретін автомат қондырғыларын қондыру;

 

Білім және ғылым министріне:

-бастауыш сынып оқушыларына оқулықты тоқсан бойынша блоктап шығару.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     « Балалар денсаулығы» энциклопедиясы

2.     « Отбасы және денсаулық» журналы (8,2008;  12,2008;10,2010)

3.     «Жасөспірім шақтың ерекшелік тері» (ата-аналар үшін) брошюра

4.     «Гигиена және денсаулық»  Астана 2007

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығына кері әсер ететін факторлар- ғылыми жоба"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

            Жоспар:

 

І.Кіріспе

 

Бастауыш мектеп оқушыларының стандарттық білімге сай бекітілген жүктемесі.

ІІ. Негізгі бөлім

 

1.     Стандарттық білім жүктемелерінің көптігі, бастауыш сынып оқушыларының денсаулығына кері әсері.

 

2.     Практикалық бөлім

а) Өз сыныптастарыма жүргізілген сауалнамалар;

ә) 1 күндік сабақ кестесіне сай оқулықтың салмағын өлшеу;

б) Тамақтану, оқушылардың табиғатта дем алуы, ақпараттық технологияның әсері;

в) №1 қалалық емхананың бала дәрігерімен сұхбат.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 036 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2015 1004
    • DOCX 372 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаримова Зульфия Ускенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаримова Зульфия Ускенбаевна
    Шаримова Зульфия Ускенбаевна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19643
    • Всего материалов: 29

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 134 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 30 регионов

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе