Главная / Начальные классы / Бастауышым балб9лағым

Бастауышым балб9лағым

Атабаева Сулухан Нуралиевна Т. Аубакиров жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі ОҚО. Мақтарал ауданы, Игілік ауылы

«Бастауышым- балбұлағым»

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын,білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын

сезіндіру.Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу.Ақыл,ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбы мен,білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отырып жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып,сәт сапар тілеп табыстау.

Көрнекілігі: Жазылған қанатты сөздер, бүктеме,

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Егемен еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Білім бастауы-бастауыш мектепте

берілетіні айқын.Осыдан да бастауыш мектепте әр түрлі пәндер тоғысып,

оқушы білімін дамытып, келбетін сондауға үлес қосады. Бүгінгі 4-сынып бүлдіршіндері қанаттарын жоғары қомдап,өздері өскен кішкентай мектебінен ұшқалы отыр.

Әр адамның өмірінде қимастықпен еске алатын күндері болса,соның бірі бүгінгі мереке.

Бүгін міне,қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әні менен жырына,тыңдарманым сал құлақ.

Кеше сәби,бүгін міне,жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.-деп бүгінгі ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

«Талаптарыңа нұр жаусын!»

1-жүргізуші: Ассалаума әләйкум халқым менің

Сәлем деймін салтымен алтын елдің

Инабат әдептілікті сақтай тұрып

Иіліп бәріңізге сәлем бердім.

2-жүргізуші: Армысыздар әлеумет,кеш қонағы,

Бүгін бізде мереке аса мәнді

Қуанып зер салайық, ей халайық,

Балғындарды қошеметтеп қарсы алайық.

«Ұстазым әні мен әуені»

1-жүргізуші: Шаттанамын, бүгін міне шаттанамын

Ғылым сырын түсініп мақтанамын.

Осы сырды үйреткен 4-ші сыныбым-ай

Түстей болып, міне,бүгін артта қалды.

2-жүргізуші: Қоштасу тойы басталды,

Ән мен биге бастайық,

Өнерімізді көрсетіп,

Ән мен шашу шашайық.

Ән: «Ұстазым менің»

1-жүргізуші: Армысыздар мұғалімдер әз жандар,инемен құдық қазғандар.Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан асыл жандар! Қош келіпсіздер.

2-жүргізуші: Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ

Әніменен жырына тарландарым салқұлақ

Кеше сәби бүгін міне жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ

1-жүргізуші: Мектебім алтын ұям нұрың жарық

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып-дей келе кезек тақпақтарға. (Нұрсұлтан, Динара, Жасұлан, Эсмира, Ақжол, Сафия)

.2-жүргізуші: Кел билейік үйренейік

Неге отырсың үй ренбей- деп кезек биші қыздарға берейік:

«Күй» биі

1-жүргізуші: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны

Енді міне сағымдай боп өте шықты

4-жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

2-жүргізуші: Үйретіп бізге алғаш әліппені

Ұстазым ғылымға жол салып берді

Адамның ой арманы мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Хормен: Мектеп кеме білім теңіз

Барар жерге тез жетеміз

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда!

1-жүргізуші: Байсалды мінезіңнен бір қалыпты

Менің де көкейімде із қалыпты

Ұстаттың қағаз қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

2-жүргізуші: Қоссаңдар бірді екіге үш болады-

Деуші едің,-біліммен күш толады

Алғыр бол,әдепті бол,сабырлы бол

Ақылмен іс істесең іс болады.-дей келе кезек тақпақтарға

(Мөлдір, Толғанай, Нұрқасым, Қаламқас,)

1-жүргізуші: Алғыс айтса көпшілік мақтанамыз,

Бүгін міне бар әнді ақтарамыз.

Осындай бізге арналған мерекеде

Көңілді боп ән жырды айтып шаттанамыз.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Еңбектеріңіз табысты болсын, шәкірттеріңіз білімді болып өссін!Сіздерге зор денсаулық, үлкен табыс тілейміз деп «Ұстазым» әнін сіздерге арнаймыз.

1-жүргізуші: Бізді болашаққа не жетелейді ?

Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы

Ата-ананың ақылы

Бәрін-бәрін білесін

Оқи берсең кітапты-дей келе кезек «Пәндер айтысы» көрнісіне

2-жүргізуші Балалар барлығыңызды тату, ақылды ынтымақты болуға шақырамыз.

1-жүргізуші: Ақылшым асыл ұстазым

Өзіңе менде ұқсармын

Жеткенше қайрат күш әлім

Биікке самғап ұшармын-дей келе кезек тақпақтарға

(Гүлмира, Жазира, Мейірбек, Перизат,Сүйіндік).

2-жүргізуші: Білім беріп үйрететін

Ән айтқызып билететін

Әр қашанда есімдесің

Ұлағатты ұстазым-дей отыра биге береміз.

«Жентлмен»биі

1-жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда әр қашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

2-жүргізуші: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұлөмірде шуақ боп

Айналайын білім берген ұстазым.

«Кім шапшаң» ойыны

1-жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп асуда да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек

Сен өмірдің ұстазы боласын ғана.

2-жүргізуші: Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз

Тәтті күй асқақ ән мен әсем биді

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз-дей келе алдарыңызда мың бұралған бишілер « Вальс»

1-жүргізуші: Қадіріңді кезінде

Білмепті ғой ұланың

Қазір әрбір сөзіңе,

Елеңдейді құлағым.

Бірдей етіп ұстадың,

Демей бізге бөтенсің.

Кейде ақылын ұстаздың,

Сағынады екенсің.

Сол ұстазға жаны нұр,

Демек үлкен адаммын.

Есейсекте бәрі бір,

Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек те,біз сізді ешқашан ұмытпаймыз.

2-жүргізуші: Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға-деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз жыл бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтып басымызды иеміз!

Ән: «Жарқын жүзді ұстазым»

1-жүргізуші: Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген

Шәкірттерін сүйген таза көңілден

Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда

Өз соқпағын тапқан мынау өмірден

2-жүргізуші: Шәкірттердің тыңдап жауап-сұрағын,

Жас санаға төгіп білім шуағын.

Хат танытып жол сілтеген балаға,

Барша жанға құрметті жан-

Хормен: Мұғалім!

Би:

1-жүргізуші: Бастауышым-бастамам,

Білім жолын бастаған

Білім шыңы биікте

Беліңді бу жас данам!

2-жүргізуші: Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым-балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне

Қимастықпен қол бұлғайық!

Хормен: Қош бол, балғын балалық,

Қош бол, сүйікті бастауышым!

1-жүргізуші: Ақыл қосқан ұстазым

Қалдырып артта қыс-жазын

Шәкірттерін аңсайды

Сағынғандай сырласын-дей келе сөз кезегін ұстазымыз Сұлухан апайға береміз.

1-жүргізуші: Мектебім мәңгі бапкерім,

Қарызбыз саған бәріміз

Өзіңе деген парызды

Ақтаймыз талай әлі біз-дей келе сөз кезегін мектеп басшыларына береміз.

2-жүргізуші: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1-жүргізуші: Қош келіпсіз өр тұлғалы әкелер

Қыран құстай балапанын мәпелер

Бүгін міне бастауышпен қоштасады

Азамат боп кешегі сәби еркелер-деп келесі сөз кезегін аналарымызға береміз!

2-жүргізуші: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сондықтанда кешіміздің соңында

Ақ тілекпен баршаңызғашашу шашпақ аналар.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бастауыш буынымен қоштасу мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі «Бастауышым шамшырақ - балғын бөбек балбұлақ» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Бастауышым балб9лағым
  • Начальные классы
Описание:

Автор Атабаева Сулухан Нуралиевна
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 256
Номер материала MA-065936
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓