Инфоурок Начальные классы КонспектыБастауыш сыныптарға арналған дидактикалық ойындар

Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық ойындар

Скачать материал

Бастауыш сынып  оқушыларының өзіндік  танымын ойын

арқылы қалыптастырудың жолдары

 

"Кел танысайық"  ойыны.

      Мақсаты:   Алғаш, жаңадан келген  балаларды бір - бірімен таныстыу, толық мәлімет алу.

      Шарты:   Балалар жұп - жұпқа бөлініп, бір - бірі туралы  мәліметтерді толық жинап, жазып алады. Содан соң  алған мәліметтерімен басқа да балалармен бөліседі.

 

"Ертегі  калейдаскобы".

        Мақсаты:  Оқушыларға өткен ертегілерін еске түіру және оның ерекшеліктерін көре білуге дағдыландыру.

        Шарты:   Оқушыларды топ - топқа бөлеміз, әр топта 2-4 оқушы.Жүргізуші оқушылар жақсы білетін ертегілерден қысқаша ғана үзінді оқиды. Оқушылар болса сол ертегілердің аты мен негізгі кейіпкерлерін  атайды.

         Мысалы:   - Мысығым, мысығым бері кел, мейіз беремін.

    Бірақ мысығы келмейді де Мақта қыз мейізді өзі жеп қояды. Біраз уақыттан кейін мысығы келіп:  - сен мені неге шақырдың?  - деп сұрайды. Ал Мақта қыз айтпайды.  Мысық:  - Мен онда сенің қатығыңды төгемін - деп, Мақтақыздың қатығын төгеді.  ("Мақта қыз бен мысық" ертегісі.  Кейіпкерлері: Мақта қыз, мысық, ағаш, сиыр, қыздар, тышқан, дүкенші.)

 

"Сиам  егіздері"

     Мақсаты:   Оқушыларды бірлікке, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

     Шарты:      Ойыншылар екі - екіден жұп болып тұрады.  Ойынға бауы байланбаған бәтеңке,  пакет сияқты бүктелген газет,  аузы ашық, қақпағы жанында жатқан пластик бөтелке,  бояу қорабымен.

    "Сиам егіздері" бір қолдарымен бір - бірінің белдерінен ұстап жібермей, мынандай талаптарды орындайды:

-         бәтеңкенің бауларын екеуі гүл етіп байлау керек;

-         пакет етіп бүктелген газетті ашу керек;

-         бөтелкенің аузын қатты етіп жабу керек;

-         бояуды қорабына салу керек;

-         барлық заттарды газетке орау керек.

"Зообақ"

      Мақсаты:   Оқушыларды жануарлардың қасиеттерін дұрыс анықтай білуге тәрбиелеу.

      Шарты:   "Бізге зообақ келді"  деген хабарландыру жарияланады.  Әр оқушы жануарлардың аты жазылған  қағаздарды алады да өз бетінше сол жануардың дыбысын шығарып немесе пантомима арқылы көрсетеді.  Ойынды топтардың жарысы ретінде де ұйымдастыруға болады.

 

Ұлттық  ойындар.

Ақсүйек  ойыны.

Ойынға  қатысушы балалар бір қатарға тұрады.   Мұғалім  ақсүйекті қолына алып, балалардың ту сыртына шығады да алсқа лақтырады. Балалар ақсуйектің лақтырған бағытын көмеуі керек.  "Ақсуйек "  жерге түскеннен кейін  мұғалім: "Ал суйекті іздеңдер, кәне, кім тез табар екек?" - дейді. Ойынның шарты:   ақсүйекті тауып алған бала басқаларына білдірмей мұғалімге тез әкеліп беруі керек. Егер балалардыңбірі оны байқап қалса, ақсүйекті тауып алған баланы  куып жетіп, денесіне қолын тигізуі керек. Сонда ақсүйек өзіне беріледі. Сөйтіп ақсүйекті ешкімге жеткізбей  мұғалімге әкеліп табыс еткен бала жеңімпаз атанады, әрі ол өзгелеріне қалауынша өлең, ән айтқызып, би билете алады.

Ал егер, ойыншылардың біреуі ойын ережесін бұзса, ақсүйекті мұғалімге  табыс еткен баланың қойған екі шартын орындайды.

Айгөлек ойыны.

(қысқартылып алынды)

Айгөлек ойыны кең алаңқайда өткізіледі. Мұғалім бүлшіндерді жас шамасына  қарай араластырып, екі топқа бөледі. Олар бір  - бірінен 20 -30  метрдей  қашықтықта ұол ұстасып, қарама - қарсы сап түзеп тұрады. Мұғалім екі топтың біреуіне кезек береді. Кезекті алған топтың балалары барлығы қосылып төмендегі кезек береді. Кезекті алған топтың балалары барлығы қосылып төмендегі өлеңді айтып айтады.

Айгөлек- ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Ақ терек  пен көк терек,

Бізден саған кім керек?

Оларға екінші балалары былай деп жауап береді;

Айгөлек- ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Ақ терек  пен көк терек,

Алма атты қыз керек ( шығатын баланың не қыздың атын атайды)

Қарсы топтап шақырылған  қыз не бала қол ұстап тұрған топтың әлсіз жерінен  үзіп өтуге тиісті. Егер ло өте алмаса, онда сол топта қалады, ал үзіп уақыт мөлшерінде ойын аяқталғаннан кейін мұғалім екі жақтың ойыншыларын санайды, қай жақтың саны көп болса, сол топта  ұтқан болып есептелінеді.

 

Сақина ойыны.

-         Ойынға қатысқан балалар екі - екіден қарама - қарсы отырады. Ортаға қолында сақина ұстаған ойын бастаушы шығады. Ойын жүргізуші  балалардың жұмулы алақандарына сақинаны салғандай қимыл жасап келіп, біреуінің яғни Қанаттың алақанына салады. Қанат алақанындағы сақинаны жанындағы көршісіне, яғни Серікке сездірмеуге тырысады. Бастаушы ортаға шығып; "Бір, екі, үш,сақина ұш!" дегенде орнынан атып тұрып сақинаны ойын бастаушыға беру керек. Егер ол тез тұра алмай, оны көршісі яғни серік ұстап алса, ойын бастаушының айтқан шартын орындайды. Ал, керісінше, Серік оны дер кезінде ұстай алмаса, өзі айыпты болады.Айыбын өлең айтып,   би билеп өтеп,  қайта ойынға араласады.

-          

                                                           "Соқыр теке"  ойыны.

    Бастаушы үлкен шеңбер сызып, балаларды ішіне тұрғызады да, жеребе тастап "оқыр теке"  болатын баланы  ортаға шығарып, көзін орамалмен байлайды.  Ойынның шарты: "Соқыр теке" өзін түрткен баланы ұстап алып, атын атауы керек. Ұстай алмай қалса да, дауыстап атын атауы керек. Ойыншыларға шеңбер ішінен шығуға болмайды. Ұсталған бала  "Соқыр теке"  болады. Бастаушы ескеретін жай,  ойнаған кезде  "Соқыр текенің"  шеңбер сыртына шығып кетпеуін қадағалауы керек, себебі көзі таңулы  болғандықтан, бір нәрселерге  сүрініп, құлап қалуы мүмкін.  Егер  "Соқыр теке"  басқа жаққа шығып кетсе, топтың ортасына  қайта әкелінеді.  Ұсталған бала "Соқыр теке" болады да, ойын жалғаса береді.

 

Түйілген  орамал

Ойын бастаушы балаларды маңайына жинап алып, қолындағы орамалды біреуіне ұстатады.  Ол "бір, екі, үш" деп дауыстағанда, ойыншылар жан - жаққа бытырай қаша  жөнеледі. Бастаушы қолына түйілген орамалы бар баланы  қуалаиды.  Ойын бастаушы бала қуып жтер болса,  ол қолындағысын басқа бір балаға лақтыруы керек. Ұсталған бала ойыншылардың қойған шартын орындайды.  Ол ойын жүргізушіні алмастырады.  Осылайша ойын жалғаса береді.

 

Орамал  тастамақ.

Ойын бастаушы балаларды шеңбер жасатып отырғызады да, бір балаға орамал береді.  Ол балалардың ту сыртынан айналып жүріп орамалды байқатпай  біреуінің артына тастап кетуі керек.  Орамал тастаған бала бір айналып келгенше,  артында орамал жатқанын сезбеген құрбысын ортаға шақырады.  Ол балалардың сұрауы бойынша ән, тақпақ айтып береді.  Егер бала артына  тастағанын біліп қойса,  оны пастап кеткен баланы қуып жетіп,  орамалды беріп, өзі орнына тез келіп отыруға тырысады.  Егер қуып жете алмаса, ойынды әрі қарай жүргізеді.

 

Грамматикалық  ойындар

Тапсырыс  (Заказ)

Ойынға жүргізушінің  тапсырыс қағаздары мен ойыншылардың таратпалы қағаздары керек.  Ойыншылардың әрқайсысы ішіне жауаптар салынған конверттер алады. Жүргізуші өзіндегі тапсырыстарды араластырып, ішінен бір тапсырысты алады.  Егер кімде осы тапсырысқа лайықты жауап болса, сол жауапты береді. Дұрыс болмаса жургізуші жауапты қайтарып береді. Әр конверттегі  жауаптардың түстерін бірдей етіп алған дұрыс.   Ойын өте жылдам өту керек.  Бұл ойынды зат есімді, сын есімді, етістікті өткенде қолдануға болады.

Жүргізушінің карточкасы:

Жазушының аты - жөні

Компазитордың аты - жөні

Суретшінің аты - жөні

Ұшқыштың аты - жөні

Ғалымның аты - жөні

Мемлекеттің аты

Қаланың аты

Өзеннің аты

Журналдың аты

Ертегінің аты

Иттің аты

Таудың аты

Ойыншының карточкасы:

1.           Қазақстан. Қастеев. Құнанбаев. Атырау. "Мақта қыз бен мысық".  Сырттан. Ертіс.Әубәкіров. Іле. Қалдаяқов.

2.           Өзбекстан. Петропавл. Ғалымбаева. Әуезов. "Күншіл үйрек". Мұсабаев. Тарбағатай. Талас. Қырғызстан. Сатпаев. Тілендиев.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық ойындар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік танымын ойынарқылы қалыптастырудың жолдары "Кел танысайық" ойыны. Мақсаты: Алғаш, жаңадан келген балаларды бір - бірімен таныстыу, толық мәлімет алу. Шарты: Балалар жұп - жұпқа бөлініп, бір - бірі туралы мәліметтерді толық жинап, жазып алады. Содан соң алған мәліметтерімен басқа да балалармен бөліседі."Ертегі калейдаскобы". Мақсаты: Оқушыларға өткен ертегілерін еске түіру және оның ерекшеліктерін көре білуге дағдыландыру. Шарты: Оқушыларды топ - топқа бөлеміз, әр топта 2-4 оқушы.Жүргізуші оқушылар жақсы білетін ертегілерден қысқаша ғана үзінді оқиды. Оқушылар болса сол ертегілердің аты мен негізгі кейіпкерлерін атайды. Мысалы: - Мысығым, мысығым бері кел, мейіз беремін. Бірақ мысығы келмейді де Мақта қыз мейізді өзі жеп қояды. Біраз уақыттан кейін мысығы келіп: - сен мені неге шақырдың? - деп сұрайды. Ал Мақта қыз айтпайды. Мысық: - Мен онда сенің қатығыңды төгемін - деп, Мақтақыздың қатығын төгеді. ("Мақта қыз бен мысық" ертегісі. Кейіпкерлері: Мақта қыз, мысық, ағаш, сиыр, қыздар, тышқан, дүкенші.)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 488 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.05.2020 171
    • DOCX 44 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Евлакова Ирина Игоревна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Евлакова Ирина Игоревна
    Евлакова Ирина Игоревна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75194
    • Всего материалов: 208

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе