Инфоурок Классному руководителю КонспектыБастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Скачать материал

Рудный қаласының «Дм. Карбышев

                   атындағы № 14 орта мектебі» КММ-нің

    бастауыш сынып мұғалімі Исмурзина Р.С


Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.

Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «Қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «Қабілетті» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

Психологтар қабілеттілердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

1.     Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

2.     Шығармашылық  — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден кез - келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы — ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.

Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымда қолданамын:

1.     Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

2.     Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.

3.     Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

4.     Мәтін бойынша мақал құрастыру.

5.     Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.

6.     Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

7.     Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)

8.     Өлең, мақалдар құрастыру.

9.     Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

10. Кейіпкерге мінездеме беру.

11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.

12. Рөлге бөліп оқыту.

13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

14. Диалог-ертегі.

15. Образға кіру.

Баланың  білімді жүйелі меңгеріп,қабілетті деңгейін арттыруда  «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту »технологиясын бастауыш сыныптарда оқытуда маңызы ерекше.

Бұл технологияның кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап,екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға ,сапалы шешім қабылдауға сабақтарда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттырары сөзсіз.

Бағдарлама құроылымы үш деңгейден тұрады.

1.Қызығушылықты ояту.Үйрену процесі-бұрынғы білетін және жаңа білімді үштастырудан түрады.Оқушы жаңа ұғымдарды,түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,кеңейте түседі.Осы кезенде қызмет ететін «Топтау»,«Түртіп алу»,    «Ойлану»,«Болжау»,«Жұпта талқылау», «Әлемді шарлау » т.б әдістері жинақталған.Оқушы бұл кезенде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады.

2.Мағынаны ашу (Түсіне білу). Бұл кезеңде оқушылар жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Соның бірі INSERT.Ол бойынша оқушыға оқу,тақырыпты танысу барысында V-«білемін»,-- - «мен үшін түсініксіз»,+ - «мен үшін жаң ақпарат», ? - «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін  ұтымды құрал.

3.Ой толғаныс. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын,өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру,ой түйістіру,өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған.            «Бес жолды өлең»,»«Венн диаграммасы»,«Еркін жазу»,«Семантикалық карта»,«Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшілігіне,ауыр жеңілдігігіне қарай лайықтала қолданылады.Осы стратегияның 25 бөлімі бар.Бұл стратегияларды қолданғанда-соқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып олардың бір – бірімен пікір таластырып,ашық сөйлеу,еркін сөйлеу дағдылары қалыптасып,өздеріне сенімсіздік білдіріп отырған оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп,еркін айта алады.Сондықтанда әрсабақта оқушының жан дүниесіне еніп бар білімді сан түрлі тәсілдер арқылы оқушы бойына дарытқан жөн деп санаймын.  Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырып салма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.

http://zkoipk.kz/images/stories/conf/v27.jpg

І тапсырма «Образға кіру»

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.

http://zkoipk.kz/images/stories/conf/v28.jpg

ІІ тапсырма «Талдау және қиялдау»

Бастауыш сынып оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 3-сыныптың «Қамқорлық» әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.

— Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)

— Екі бала жайында не айтасыңдар?

Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.

http://zkoipk.kz/images/stories/conf/v29.jpg

Жантас:Мейірімсіз, қатыгез, жаман,
әдепсіз, ешкімді аямайды,
балапанды азаптады

Қожа

Қайырымды, мейірімді,қамқорлы,
жақсы, әдепті, жаны ашитын

Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?

http://zkoipk.kz/images/stories/conf/v30.jpg

— Осыны оқи отыра қандай көңіл-күйді бастан кешірдіңдер? (Жантасқа ызаландық, ренжідік т.б.)

— Балапанды аядық, көмектескіміз келді.

— Қожаның ісіне қуандық.

— Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді?

— Кездескенде не деп айтар едіңдер?

— Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?

— Осы бойынша қандай мақал-мәтелдер айтар едіңдер?

— Қандай сурет салар едіңдер?

— Қалай мүсіндер едіңдер?

Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.

Мынадай түйін түюге болады:Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;оқушылардың білім сапасы көтеріледі;оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артады. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып,   ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттің танымдық қызығушылығы артып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

Қорытынды.Елбасы еліміздің рухын көтеретін ұлы мақсаттарға жеткізетін        «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жариялады.Бұл – тұғырлы  идея. «Қазақстан -2050»-Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы,ең мәртебелі жол.Осы жолдан айнымайық,қадірлі халқым! –деген Елбасымыздың қорытынды сөзімен баяндамамды аяқтаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РУДНЫЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «Дм.КАРБЫШЕВ АТЫНДАҒЫ №14 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

КГУ «СРЕДНЯЯ ШКОЛА №14 ИМЕНИ Дм.КАРБЫШЕВА» АКИМАТА  ГОРОДА РУДНОГО

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

 

      Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Исмурзина Р.С

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «Қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «Қабілетті» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 615 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.05.2020 279
    • DOCX 169.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Чухиль Наталья Григорьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Чухиль Наталья Григорьевна
    Чухиль Наталья Григорьевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 85036
    • Всего материалов: 230

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 799 человек из 74 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 755 человек из 75 регионов

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 23 регионов

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 27 регионов

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 33 регионов
Сейчас в эфире

Как школьному учителю зарабатывать онлайн?

Перейти к трансляции