Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдары Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдары

Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдары Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдары

Скачать материал

Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша

байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдары

 

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілді.

Тұжырымдамада көрсетілгендей, бастауыш сынып оқушыларына тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету – бүгінгі заман талабы. Мұның себебі, біріншіден, тіл – адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін,  тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты.  Бастауыш сынып оқушылары жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрену арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.

Жазбаша байланыстырып сөйлеу әрекетінде оқушы сөйлемнің мәніне, мағынасына көңіл аудара отырып, ойлау әрекеті мен пайымдауы арқылы санасынан өткізеді де, өз ойын байланыстырып, жүйелі жазудың нәтижесінде жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады.

Баланың мектепке келгенге дейінгі өзі игерген ауызша сөйлеуімен салыстырғанда, тілдік қатынастың күрделі түрі жазбаша сөйлеуге үйрету белгілі бір жасанды дағды негізінде қалыптасады. Сондықтан да бұл жұмыс мұғалім мен оқушы тарапынан көп көңіл бөлуді қажет етеді..

Жазбаша байланыстырып сөйлеу тілдік таңбаның мағыналық тұтастығынан тұратын, тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық тұлға мәтін құру арқылы жүргізіледі.

Бастауыш сынып оқушыларының жазба жұмыстарын тексеру барысында   бірқатар олқылықтар бар екені байқалды. Мысалы:

1) оқушылардың көпшілігі өз ойын байланыстырып жүйелі жаза алмай-тындығы;

2) бағдарлама, оқулық, оқу құралдарындағы оқушыны жазбаша байланыстырып сөйлеу әрекетін меңгертуге байланысты берілетін материалдар көлемінің теориялық жағынан да, тәжірибелік жағынан да жеткіліксіздігі;

3) оқушының мәтін құру кезінде тақырып пен мазмұнының байланысын ұғына алмайтындығы;

4)  мәтіндегі негізгі ойды анықтай алмайтындығы;

5)   сөз таңдау қабілетінің төмендігі, бір сөзді ретсіз қайталай беруі;

6) оқушының құрған мәтініндегі сөйлемдерінің бір-бірімен байланыспауы.

Мұның себебі, бастауыш сыныпта балаларға «мәтін» жайлы бірқатар мағлұмат бергенімен, оқушыға оны саналы түрде ұғындыру мәселесіне көп көңіл бөлінбегендіктен деп ойлаймыз, екіншіден бастауыш мектепте баланы белгілі бір дәрежеде жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету дәстүрлі таза жазу, көркем жазу, көшіріп жазуға үйрету деңгейінен асып кете алмай келеді.

Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің лингвистикалық негіздерін анықтауда оқушының мәтін құрастыра алуы үшін, оларда мынадай білім, білік пен дағды қалыптастыру көзделді:  мәтіннің түрлері және олардың құрылымдық ерекшелігі бойынша (сипаттау, хабарлау, пайымдау) мәлімет бере отырып, мәтін құрастыруға үйрету;  мәтіннің мағыналық құрылым ерекшеліктері (тақырып, негізгі ой,   тақырыпша, жоспар) бойынша мәтін құрастыруға дағдыландыру; мәтін құрастыру үшін оны құрайтын элементтердің, тілдік тұлғалардың (мәтін бөліктері, абзац, сөйлемдер байланысы, есімдіктер, синоним сөздер) ерекшелігін таныту; мәтін құрастыру білігі мен дағдысын өз ойын байланыстырып жазу шеберлігімен ұштастыру (жұмбақ құрастыру, өлең құрастыру, ертегі ойлап жазу, өз ойынан эссе, шығарма жазу).

Жеке тұлғаның жазбаша байланыстырып сөйлеуін меңгеруі шындықты танумен тығыз байланысты. Адамның дүниені тану жолы екі деңгейде, теориялық және эмперикалық білім көздері болады. Теориялық таным барысында кез келген құбылыс ақыл-ой арқылы ұғынып түсіндірілсе, эмперикалық таным түйсіну, қабылдау, көріп сезу, елестетуге құрылады. Осымен байланысты мәтіннің ақпараттық мазмұнында да теориялық және эмперикалық таным іздері болады. Теориялық таным бастауыш сынып балаларына мәтін жайлы ұғымды саналы түрде қалыптастыруға, сол арқылы олардың теориялық ойлауын дамытуға негіз болады.

Әдіскер-ғалымдар арасында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігі туралы «шындық болмыстың нақты, яғни сыртқы белгілерін ғана тани алады» деген түсінік қалыптасып, олар эмперикалық таным көздеріне сүйеніп келді. Эмперикалық ойлауда сөз-терминдер қызмет атқарып, бала сол терминдерді саналы түрде түсінбей-ақ қолдана береді. Ал теориялық ойлау оқушының ақыл-ой әрекеті (есі, ойлауы, қиялы) арқылы қалыптасады. Оқушының мәтін белгілерін саналы ұғынуы «зерттеу» әрекеттері арқылы  іске асады.

В.В.Давыдовтың еңбектеріне оқу материалының тек сыртқы белгілерін ғана санамалап оқыту бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой даму қарқынын төмендетіп, өздігінен білім алу қабілетін қалыптастыруға кедергі келтіретіні жайлы пікірі бар [7]. Дамыта оқыту теориясын жасаған В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков т.б бастауыш сынып оқушыларының теориялық ойлауын дамытуға мүмкіндік бар екенін анықтады.

Оқушының мәтінді қабылдап, түсінуі мәтіннің сыртқы белгілерін, сосын  ішкі құрылымын кең түрде талдау арқылы жүргізіледі,  ерекшелігін сараптайды, жалпыдан жекеге немесе жекеден жалпыға жүру жолын таниды. Осындай кең түрдегі талдау барысында оқушының теориялық білімді меңгеруіне мүмкіндік ашылады. 

Қабылдау түйсінулерге негізделеді (көру түйсігі, есту түйсігі, иіс сезу түйсігі т.б). Есту және көру түйсігін жетілдіру үшін вербалдық (көргенін немесе естігенін сөзбен айту), вербалдық емес (сызбалар, диаграммалар, модульдер, суреттер т.б.) тәсілді пайдаланған тиімді. Бейнелік-таңбалық сызбалар оқушының санасында бейнеленген ұғымдарды жүйелеп сыртқа шығаруға, ұғымнан туған ойды сөзбен байланыстырып айтуға мүмкіндік ашады.

Қазіргі кезде оқушының тілдік-қатысымдық дағдысын жетілдіруде оқытудың экрандық, аудио, визуальдық  құралдары маңызды орын алады. Бала танымы жаңа деректер мен хабарлар арқылы қалыптасады. Сабақта түрлі аудиомәтіндерді тыңдату, сол мәтіндер бойынша шығармашылық тапсырмалар беру, интерактивтік тақта арқылы бейнефильмдер көрсету баланың өз ойын байланыстырып, жүйелі жазуға үйренуіне ықпал етеді.

Баланың үйрену механизмінің бастапқы негізі – айналасындағыларға ұқсаудан, өз тәжірбиесінде алған білімін сынап көріп, оны зерттеуден тұрады. Бұл оқу үрдісінде мұғалімнің баланы оқуға үйрету міндеті арқылы жүзеге асырылады.

Оқушыны жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуде теориялық білім беру ұстанымын басшылыққа ала отырып,  тұтас бір ойды білдіретін сөйлемдерді байланыстыру жолдарын теориялық мәліметтерге сүйеніп орындау көзделеді. Мәтіннің сөйлемнен айырмашылығы, оның бөліктерге жіктелуі, негізгі ой мен тақырып байланысы, мәтіндегі сөйлемдер байланысы т.б. теориялық білім беру мәтін құрастыру үрдісіндегі ерекше кезең болып табылады. Мәтінді мағыналық, құрылымдық жағынан теориялық талдау тілдік ерекшеліктерді танып білуге септеседі, мәтіннің ақпараттық бағытын түсінуге, мәтіндегі тұтастықты қамтамасыз ететін элементтердің арасындағы байланысты саналы түрде ұғынуға мүмкіндік ашады.

Ұжымдық рефлексияға құрылу ұстанымы бойынша оқушыға білім беру үрдісі білік пен  дағды қалыптастыруды ғана емес, әр оқушының танымдық мүмкіншілігін ашу және оны қанағаттандыру үшін педагогикалық қолайлы жағдайларды анықтауды көздейді. Бұл сабақ үрдісінде жүзеге асырылады. Оқушының үйренген білімі мен білігі мұғаліммен, балалармен бірігіп орындаған жағдайда оның оқуға деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан да қазақ тілі сабақтарында оқушының өз ойын байланыстырып жазуына толық жағдай жасайтын субъект-субъектілік қарым-қатынас ұстану негізге алынады. Жеке тұлғаның еркіндігі оқу әрекеті жағдайында субъектілер қарым-қатынасын жүзеге асыру арқылы орындалады.

Мұғалімнің ұйымдастырып отырған әдіс-тәсілі оқушының көңіліне қонымды болып, еріксіз баурап алып отырса, онда оқушының сөйлеуге, өз ойын жазуға деген ынтасы артады. Баланың қажеттілігі мен мүмкіншілігіне әдістің сәйкес келуі жақсы эмоциялық көңіл-күй  туғызу ұстанымы бойынша оның көңіл-күйінен көрінеді.

Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» оқулықтарында жеке-жеке сөйлемдерден тұратын мәтінге қарағанда, жазушылардың көркем шығармаларынан алынған үзінділер оқушыға әдеби тілдің көркемдігін, сөз бейнелілігін тануға көмектеседі. Баланың қоршаған ортаны, болмысты дұрыс түсінуі, өмірде ненің жақсы, ненің жаман екенін аңғара білуі, адамгершілік тәрбиенің қалыптасуы  жазушы шығармаларынан алынған үзінділерді талдау  барысында баса назар аударылып отырады.

2-3-4 сыныптар үшін жасалған арнаулы бағдарламада көрсетілген талап бойынша,  тапсырмалар мен жаттығуларды орындау барысындағы тиімді әдістерге талдау жасалынып, үйретудің әдістемелік қырлары талданды. Мұнда қолданылған негізгі әдістер: ұжымдық, алгоритмдік, эссе жазу, желі қолдану, ойын,  тірек-белгі әдістері т.б.

Ұжымдық әдіс (топтық, жұптық) арқылы баланың дербес мүмкіндігі ескеріліп, белсенді іс-әрекет жасауына мүмкіндік туады. Бір мақсатта бірігіп жұмыс істеуіне, қиындықты бірге шешуіне жағдай жасалады. Мұндай жағдайда олар өз ойларын бір-бірімен бөлісе алуға мүмкіндік болады. Балалардың құрастырған мәтіндері мағынасы жағынан да, байланыстылығы жағынан да баланың жеке бір өзі құрастырған мәтінінен анағұрлым тартымды шығатынын байқадық. Мәтін мазмұнын құру, жоспар жасау, мәтін композициясын бірігіп құрастыру, сосын оларды бірігіп талдау, салыстыру оқушының байланыстырып сөйлеу дағдысының қалыптасуына жақсы ықпал етеді. Оқушылардың бір-бірімен селбесіп, бірігіп істеген жұмыстары  оларды өзара тілектестікке, ынтымаққа жақындастырады.

Бастауыш сынып оқушыларының ассоциациялық өрісін кеңейту үшін, сөзді бейнелі түрде қолдануды, жұмбақ құрастыруды, метофора құрастыруды үйретуде алгоритмдік әдісті қолданған тиімді екенін байқадық. Оқушыларға өлең, жұмбақ, теңеу құрастыру үшін бір заттың белгілерін келесі бір заттармен ұқсату дәлдікке, көркемдікті  тануға көмектеседі. Бұл үшін ең алдымен оны құрастырудың алгоритмі (бағдаржолы) үйретіледі. Мысалы, жұмбақ құрастыру үшін алдымен объект анықталады да, осыған ұқсас басқа объектілер анықталып, қатар қойылады. Мысалы, «компьютер» туралы жұмбақ құрастыру үшін оның ерекше белгілеріне қарап (экраны, пернелері бар), «тағы осындай қандай зат бар» екенін  іздейді.

Сабақта эссе жазу әдісін проблемалық сұрақтарға өз ойын  жазуға үйретуде қолданған тиімді. «Эссе» арқылы пайымдау мәтінін құру оқушының өз сөзін тудырып,  пікірін, көзқарасын, ой қорытындысын жазуға төселдіретінін байқадық. Эссені жаздыру ойдың сауатты түрде анық қалыптасуына, ой логикасының жүйелі сақталуына көмектеседі. Эссе белгілі бір проблемалық сұрақ төңірегінде жеке ұғымдар мен анықтамаларды қолдана отырып, оқушыны ойландыруға мүмкіндік береді, балаға өз ойын жазуда ізденіс тудырады.

Үйретудің интерактивті әдісі сабақта техникалық құралдарды тиімді пайдалану арқылы іске асады. Соңғы кездері қатысымның экрандық, аудио, визуальдық құралдары адам танымына жақсы әсер ететіні дәлелденіп отыр. Дыбыстық сезім арқылы, көру сезімі арқылы, тыңдау арқылы қабылдау мәселесіне қазіргі зерттеушілер үлкен мән беріп отыр. Мысалы: бейнефильм үзіндісінен ойға түйгеніңді жаз (эссе жаз);  диктордың оқыған мәтіні бойынша автордың негізгі ойын тауып жаз т.с.с. тапсырмалар оқушының ойды тиянақты етіп, байланыстырып жазуына мүмкіндік ашады.

 Өз ойын байланыстырып жазуда іштей жоспар құрудың (үнсіз сөйлеу) маңызы зор. Алғашқыда мәтін құрастырушы оқушының ішкі ойында сөздер толық бейнеленіп тұрмайды. Ол өзінің сөздік қорынан өзіне таныс сөздерді іріктеп, іштей сөйлейді, іштей жоспарлап, жаза бастайды. Сосын жазғанын тексеріп, іштегі ойымен салыстырады. Егер  айтайын дегені ішкі ойымен сәйкес келмесе, қатесін жөндейді. Мұндай кезде психолог М.Мұқановтың айтуынша «желінің» пайдасы көп. Мұның себебі «желі» (черновик) қағазға түскен сөздерден миға көру түйсігі арқылы хабар жіберіп, сөйлемнің  дұрыс не бұрыс құрастырылғаны жөнінде «қайта оралу» үрдісін  қамтамасыз етеді. «Желі» оқушының өз сөзін өзі бақылау дағдысын жетілдіруге мүмкіндік ашады. Мұны біз «желі әдісі» деп алдық. Желіні қолдану әдісі арқылы мәтін құрастыру барысында жіберген қателерін жөндеуге, редакциялауға мүмкіндік алады.

Мәтінді түзету, қалпына келтіру тапсырмасын «Сырлы сандық», «Шатасқан шумақтар» деп аталатын ойын әдісі арқылы ұйымдастыруға болады. Оқушылар берілген тақырып бойынша мәтін құру, бірінші сөйлем бойынша мәтін құру т.б. осы сияқты тапсырмаларды орындау барысында оқушы белгілі бір тақырыпта сөйлемдерді жинақтап, мәтін тұтастығын қалпына келтіруді үйренеді.

Тірек-белгі әдісі оқушының жазу үстіндегі ішкі ойлауын (сөйлеуін) жетілдіруге әсер ететін әдістердің бірі болып табылады.

Дайын модельдер, символдық белгілер, тірек сызбалар мәтін мағынасын, мазмұнын түсініп, жүйелеп айтуға көмектеседі.

       Түзету жаттығулары жазбаша сөйлеудегі ой байланысын, оқиға желісін  дұрыс құруға, өңдеуге құрылады. Қате құрылған мәтінмен жұмыс істеудің  тиімді жағы, қатені іздеген кезде оқушы оны бірнеше рет оқиды. Мәтінге бірнеше рет қайта айналып келу, қайта оқу ерікті түрде әрі жеңіл орындалады. Егер оқушыға  «мәтінді екі рет оқып шығыңдар» дейтін болсақ, тапсырма қызықсыз әрі еріксіз орындалар еді. Қатені түзету мақсатымен оқитын кезде бала ойланады, ізденеді. Біреудің қатесін жөндеу арқылы бала байқағыштыққа үйренеді, біртіндеп өз сөзін де қадағалауға жаттығады.

Мәтінді түзету, қалпына келтіру тапсырмасын «Сырлы сандық», «Шатасқан шумақтар» деп аталатын ойын әдісі арқылы ұйымдастыруға болады. Мысалы, сандықтың  бір жағына белгілі бір мәтіннен алынған бір сөйлемді, екінші сандыққа екінші сөйлемді жазып, бірнеше сандықты пайдалануға болады. Сандыққа жазылған сөйлемдерден мәтін құрастыруға әртүрлі тапсырма беруге болады. Олар: берілген тақырып бойынша мәтін құру;  бірінші сөйлем бойынша мәтін құру т.б. осы сияқты тапсырмаларды орындау барысында оқушы белгілі бір тақырыпта сөйлемдерді жинақтап, мәтін тұтастығын қалпына келтіруді үйренеді. Мәтіннің ішкі логикасын түсінуге үйрету үшін, ұйқасы бұзылған өлең мәтінін редакциялап, түзету тапсырмасы беріледі. Мұны «Шатасқан шумақтар» ойыны арқылы жүргізуге болады. Екі түрлі өлеңнің тақырыбы беріледі де,  ондағы өлең жолдары  орны ауыстырылып беріледі. Оқушының міндеті осы өлең жолдары қай өлеңнің тақырыбына сәйкес келетінін анықтап, түзетіп жазады. Тапсырма топтық немесе жұптық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Мұндай жаттығуларды орындау кезінде оқушылардың бір-бірімен ақылдасуы арқылы коммуникативтік қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туады.

Шығармашылық ізденіс  жаттығулары мәтінді құрастыруға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін іздестіру жұмыстары арқылы жүргізіледі. Оған мыналар жатады:

1) өлең мәтінін құрастыруды үйрету;

2) теңеуді құрастыруды үйрету;

3) жұмбақ мәтінін құрастыруды үйрету;

4) сурет бойынша өз ойынан мәтін құрастыруға үйрету.

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорында көбінесе зат есім, етістік болады да, сын есім, үстеу, есімдік сияқты сөз таптары сирек кездеседі. Сондықтан да байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысында заттың түр-түсін, пішінін, әр түрлі белгілерін бейнелейтін сөздерді, яғни сын есім сөздерді қолдануға үйретуді теңеу, жұмбақ, сипаттау мәтінін құрастыруға үйрету арқылы жүзеге асырылады.

                          

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі

1.     ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту  тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. -2003. -№ 332-333. -3-7 б.

2.     Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.  – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.

3.     Әбдікәрім Т.М. «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулықтарында мәтін түзудің

4.     ғылыми-әдістемелік негіздері: пед. ғыл. докторы... дисс.: 13.00.02. – Алматы: Абай атындағы Қаз ҰПУ, 2007. -298 б.

5.     Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілін дамытудағы компьютерлік технологияны пайдалану мүмкіндіктері // Хабаршы. «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы. Жас ғалымдардың Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы: ҚазҰПУ, 2007. -№ 3 (14). -57-60-б.

6.     Бастауыш сыныпта мәтін бойынша жұмыс істеу әдістемесі // «Әлемдік рухани құндылықтар және қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы: ҚазМемҚызПИ, 2007. -693-697-б.  

7.     Бастауыш сынып оқушыларын байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістемелік негіздері // «Мектепке дейінгі және бастауыш білім: қазіргі жағдайы, даму тенденциялары және мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы: ҚазМемҚызПИ,  2007. -53-60-б.

8.     Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің педагогикалық ұстанымдары // «Білім берудің инновациялық моделі: бағыттары мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.  – Ақтөбе: МПИ, 2007. -99-102-б.

9.     Кіші жастағы балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің психологиялық негіздері // Ұлт тағылымы. -2008. -№ 1. -38-42-б. Базарбекова Р.Ж.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдары Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілді. Тұжырымдамада көрсетілгендей, бастауыш сынып оқушыларына тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету – бүгінгі заман талабы. Мұның себебі, біріншіден, тіл – адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін, тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Бастауыш сынып оқушылары жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрену арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 574 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2020 2057
    • DOCX 71 кбайт
    • 40 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Звягина Валентина Брониславовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 82719
    • Всего материалов: 243

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 199 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 437 человек

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе