Главная / Физика / БАЛҚУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ. МЕНШІКТІ БАЛҚУ

БАЛҚУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ. МЕНШІКТІ БАЛҚУ

Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы, пәні: 8 сынып, физика

Пән мұғалімі: физика пәнінің мұғалімі Нагиева Р.У.

Күні:13 қазан 2014

Сабақтың тақырыбы

Балқу температурасы. Меншiктi балқу жылуы

Жалпы мақсаты

Балқу температурасын білу.

Меншiктi балқу жылуы процесінің мәнін ашады.

Сілтеме

Физика оқулығы 8 сынып. Авторлары Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова. Алматы"Мектеп" 2008ж



Оқу нәтижесі



- Балқу температурасын білу.

- Меншiктi балқу жылуы процесінің мәнін ашады.

- Білімдерін жетілдіреді, ізденеді, көзқарастарын кеңейтеді

Негізгі идеялар

Презентация, флипчарт

Ресурстар және керекті құрал-жабдықтар, реактивтер


Интернет материалын пайдаланады.

Интербелсенді тақта, бағалау парағы, қима қағаздар, рефлексия парағы, тапсырмалар парағы, стикерлер, маркерлер ”Қауіпсіздік техникасының ережелері” кестесі, электронды оқулық 8 сын, стакандар, шыны таяқша, термометр;

Оқыту формасы, технологиясы, әдіс-тәсілдер

Үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары – блум таксономиясы, деңгейлік тапсырмалар.

С а б а қ б а р ы с ы :

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

Психологиялық дайындық

















1.Білу















Ұйымдастыру

- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;

- Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Шаттық шеңберін құру, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлап, тілек айту.

- Топқа бөлу: Оқушыларды физикалық шамалардың (уақыт, жылдамдық, жол, көлем) үлкен, кіші бірліктері арқылы 4 топқа бөлу

Әр оқушыға қима қағаздар таратылады. Әр қағазда Уақыт бірлігі – секунд, минут, сағат, тәулік; Жылдамдық бірлігі – метр/секунд, километр/сағат, метр/минут, сантиметр /секунд; Жол бірлігі – километр, метр, сантиметр, миллиметр өлшем бірліктер жазылған қағаздар,сол жазулар арқылы 4 топқа бөлінеді. Топтасқан физикалық шаманың үлкен – кіші өлшем бірлігін туралы сипаттама береді және не үшін қолданылатынын айтады.


-Үй тапсырмасын тексеру барысында заттың агрегаттық күйлері түрлерін, қатты денелердің балқуы мен қатаюын нақтылау үшін ашық сұрақтар қойылып, тапсырмалар орындалып, тексеріледі.

Тапсырма № 1."Миға шабуыл"

1. Заттың агрегаттық күйлері дегеніміз не? Олардың молекулалық құрылымдарына қандай?

2. Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу процесі, балқу кезіндегі температурасы қалай бақыланады? Процесті сипаттау. Балқу кезінде отынның энергиясы не үшін жұмсалады?

3. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі, қатаю кезіндегі температурасы қалай бақыланады? Процесті толық сипаттау. ҚД мен аморфты денелердің арасындағы негізгі айырмашылық.

Әрі қарай сабақтың міндеті мен мазмұнын айқындап, проблемалық ашық сұрақ қоямын: Кристалл денелердің балқуы және қатаюы кезінде олардың температурасы неліктен өзгермейді? Балқу кезінде отынның энергиясы не үшін жұмсалады?




Мұғаліммен амандасады.




Оқушылар физикалық шаманың үлкен – кіші өлшем бірлігін топтастыру арқылы 4 топқа бөлінеді.

















Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. Флипчартта жазылған тапсырмалар орындалады. Топ басшысы жауап берген оқушыларды жұлдызшалармен бағалап отырады.

Критериалды бағалау.

Оқушы тапсырманы интерактивті тақтада орындайды. Топ басшысы жауап берген оқушыларды жұлдызшалармен бағалап отырады.

2. Түсіну





Оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазады. Бұл сұраққа жауап беру үшін 4 топқа тапсырма беріледі, әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыстанып, өз постерлерін қорғайды.

Тапсырма № 2. "Инсерт"әдісі

І топ: Мұзға берілген энергияның қайда жұмсалатынын қарастыратын тәжірибені сипаттап, баяндау;

ІІ топ: Қатты денелердің балқуы дегеніміз қалай жүреді, не себепті кейбір заттар төменгі температурада, ал басқалары жоғары температурада балқиды?

ІІІ топ: Қатты денелердің қатаюы дегеніміз қалай жүреді, аморфты денелердің қатты денелерден негізгі айырмашылығы? Балқу мен қатаю арасында ұқсастықтары бар ма?

ІV топ: Ас тұзын суда еріткенде ерітіндінің температурасы төмендейді. Оның себебі неде? Оқушылардың берген жауабынан кейін айтылғандарды жинақтап, жаңа тақырып бойынша “ Балқу температурасы. Меншiктi балқу жылуы ”атты электронды оқулықтан бейнебаян көрсетіп, қорытындылаймын.


Әр топ постерлерін қорғайды, өздеріне берілген тапсырмалардың мазмұнын ашады. Тәжірибе көрсетер алдында қауіпсіздік техникасының ережелерін еске түсіреді. Тәжірибе көрсету арқылы “Балқу үдерісінің – физикалық-химиялық процесс” екенін дәлелдейді. Әр топ өз постерлерін қорғау арқылы ойларын ортаға салып, жаңа тақырыпты талқылайды. Менің қойған сұрағымның жауабын шешеді.


Топтар бір-бірін бағалайды. (Смайликтер арқылы) Смайликтерді көп жинаған топ марапатталады (қол шапалақтау).Топ басшылары бағалау парағына жауап берген оқушыларды бағалап отырады.

3. Қолдану
















Кім шапшаң” ойыны

Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай тапсырмалар беріледі. Әр топ тапсырманы бір-бірімен жарыса орындайды.

Тапсырма № 3.

Төмендегі балқу температурасы, меншiктi балқу жылуына есептер берілген, соны физикалық жолменталдап, шығарылу жолын көрсету керек.

Оқулықпен жұмыс, 9 жаттығу (1,2,4,6)

І топ: Температурасы 200С болатын 2000 кг шойын балқыту пешіне салынған. Оны балқытуға қанша жылу мөлшері жұмсалады? Осы жылу мөлшері есебінен 00С – та алынған қанша мұзды ерітуге болады?


ІІ топ: 00С -тағы массасы 2 кг мұзды суға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет?


IIІ топ: Балқу температурасында алынған 100 кг темірді сұйық күйге айналдыру үшін қажетті энергияны анықтаңдар?


ІV топ : 00С – тағы су және онымен массасы бірдей мұздың қайсысы суды көбірек суытады?


Бағалау. Бағалау парағына топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалайды.

Берілген тапсырмаларды оқушылар жеке орындайды, жұптық және топтық талқылайды, бір-бірін топтық бағалайды жұлдызшалармен. Тапсырмалар тақтада орындалады. Тапсырманы бірінші аяқтаған топ марапатталады: Жарайсың, сенің қолыңнан келеді!!! (Вербальді бағалау)



4.Талдау














Тапсырма №4.

"Адасқан сөзді тап" ойыны:

І топ: Кристалдар - атомдары немесе молекулалары реттелiп орналасқан және периодты түрде қайталанып тұратын iшкi структурасын түзетiн қатты денелер

Кристалдық тор - бөлшектердiң орналасуының салыстырмалы түрде орныққан скелетi.

ІІ топ: Бу – буланудың әсерiнен пайда болатын газ

Буға айналу - Заттың сұйық күйден газ күйiне өту процесi

ІІІ топ: Кристалдық торлардың түйiндерi - кристалдық торлардың орналасқан орындары.

Балқу - заттың қатты кристалдық күйден сұйық күйге өтуi.

ІV топ: Деформация - сыртқы күштердiң әсерiнiң нәтижесiнде дененiң сыртқы пiшiнi мен көлемiнiң өзгеруi

Динамикалық тепе-теңдiк - булану процесi мен конденсация процесi бiрiн-бiрi толықтыратын (компенсациялайтын) жағдай(күй).

Оқушылар берілген тапсырмаларды жеке орындап, өзара,жұптық, топтық талдайды. Өз тапсырмаларын қорғайды. Тапсырмалар тақтада орындалады. Тапсырмалар интербелсенді тақтадан сөздердің орындары ауыстырылып көрсетіледі, алдарына да беріледі. Орындарын дұрыс тауып анықтаманы дұрыс айту керек. Топ басшы тапсырманы орындаған оқушыларды бағалау парағына смайликтер арқылы бағалайды.

5.Жинақтау

Тапсырма № 5.

Деңгейлік тест тапсырмасы

A деңгей

1. Берілген заттардың ішінен электролиттер қатарын табыңдар:

a) глюкоза, ас тұзы ерітіндісі, бензин

б) құрғақ қант, NaCI, H2SO4;

с) NaCI ерт, H2SO4 ерт, КCI балқымасы;

2. Берілген заттардың ішінен бейэлектролиттерді табыңдар:

a) глюкоза, қант, бензин

б) құрғақ қант, NaCI ерт, H2SO4;

с) NaCI ерт, H2SO4 ерт, КCI балқымасы;

3. Электролиттік диссоциация теориясын енгізген:

a) И.А.Каблуков

б) В.А. Кистяковский, Д.И.Менделеев

с) С.Аррениус

В деңгей

4. 5H2SO4 молекуласында:

a) 15 ион саны бар

б) 14 ион саны бар

с) 13 ион саны бар

5.AI2(SO4)3 молекуласында :

a) 3 катион саны бар

б) 1 катион саны бар

с) 2 катион саны бар

6. Сa3(PO4)2 молекуласында :

a) 2 анион саны бар

б) 1 анион саны бар

с) 3 анион саны бар

7. Зарядталған бөлшек

a) атом

б) ион

с) нейтрон

С деңгей

8. 220 г 7%-тік күкірт қышқылы ерітіндісімен құрамында 2 моль барий хлориді бар ерітінді әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасы

a)36,2 г

б) 35,25 г

с) 37,28 г


Тест кілті:

1 - с, 2 - а, 3 - с, 4 - а, 5 - с, 6 - а, 7 - б, 8 - с


Тест тапсырмалары әрбір оқушыға жеке парақпен беріледі. Аяқтаған соң көршілерімен алмасып, флипчартқа шыққан тест жауабымен бір-бірін бағалайды. Топ басшысына айтады. Топ басшысы бағалау парағына түсіреді. Қорытынды баға шығарады.

8 жауап дұрыс – “5”

7 – 6 жауап дұрыс – “4”

5 – 4 жауап дұрыс – “3”







6. Бағалау




1)Бекіту сұрақтары:

- « Меншікті балқу жылуы» дегеніміз не? Ол қандай әріппен белгіленеді? Қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

- Массасы m кристалл денені балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін қажетті жылу мөлшерін қандай формуламен есептеуге болады?

- Сұйық күйдегі су молекуласының құрылысы мен қасиеттері қандай?

2)Бағалау: Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.

3)Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, интернет материалдарынан қосымша мәліметтер жинақтап, әкелу.

А.П.Рымкевич Есептер жинағынан

545, 547(610) есептер шығару.

4)Рефлексия:

Бүгін мен сабақтан --------------------------білдім.AG00317_

Бүгін мен сабақтан-----------------------үйрендім.

Бүгінгі сабақтан кейін мен------------------------------------------------------------білуім керек.


(рефлексия парақтарына түсіреді)

- Сабақ аяқталды!

- Сау болыңыздар!



Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.


Оқушылар бағаланады. Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады.








Сабақтан алған әсерін баяндайды. Кей оқушы сыныпқа оқып береді.



БАЛҚУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ. МЕНШІКТІ БАЛҚУ
  • Физика
Описание:

БҰЛ САБАҚ ФИЗИКА ПӘНІНЕН ҚҰРЫЛҒАН. ЖАС ҰСТАЗДАРҒА КӨМЕК РЕТІНДЕ ҰСЫНУҒА БОЛАДЫ. 8 КЛАСҚА АРНАЛҒАН. ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ, ЖАҢА ФОРМАТТА ЖАСАЛҒАН. ОҚУШЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚАРАЙ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛГЕН. ӘР ТҮРЛІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ДА КӨРУГЕ БОЛАДЫ. ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ ДЕ БАР. БҰНДАЙ САБАҚТАР ОҚУШЫНЫҢ ПӘНГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ОЯТАТЫНЫ СӨЗСІЗ. ӨЗІДІК ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖАСАҒАННАН ГӨРІ БІРІГІП ЖҰМЫС ЖАСАҒАН ЖЕҢІЛДІРЕК. оРТАМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ҮЙРЕНЕДІ.

Автор Нагиева Роза Утепбергеновна
Дата добавления 10.05.2016
Раздел Физика
Подраздел Другое
Просмотров 572
Номер материала MA-066786
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓