Главная / Другое / Балабақша қызметкерлері арасындағы сайыс. Тақырыбы: "Қазақшаңыз қалай?"

Балабақша қызметкерлері арасындағы сайыс. Тақырыбы: "Қазақшаңыз қалай?"

hello_html_m71641de4.gif«БӨБЕК» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК











САЙЫС



(БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА)



D:\админ1\Мои документы\Downloads\s96542694.jpg



Дайындаған: қазақ тілі мұғалімі

Г.Түрембет















2016 жыл

«Бөбек» бөбекжай-балабақшасы МКҚК қызметкерлері арасында

«Қазақшаңыз қалай?» сайысы.


Сайыстың мақсаты – қызметкерлердің мемлекеттік тілді оқып-үйрену барысындағы білімдерін, тапқырлықтарын байқау және мемлекеттік тілде дұрыс сөйлей алуы. Сайыс 6 негізгі бөлімдерінен құралады.

1 бөлім – «Полиглот». Яғни берілген орыс тіліндегі сөздердің қазақша баламасын табу;

2 бөлім – «Шешуін тап». Ойыншыларға қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында алфавиттік жұмбақтар ұсыну;

3 бөлім –«Әріптер сөйлейді». Тыңдаушылар алған әріптердің ізін қуып, сұрақтарға жауап беру;

4 бөлім – «Сөз мәйегі». Мақалдың басын оқып, жалғасын қатысушылар жалғастырады;

5 бөлім – «Тапқырлық». Қойылған сұрақтарға жылдам жауап беріледі.

6 бөлім – «Елші». Тыңдаушылар жұмбақтың шешуін тауып 3 тілде баламасын айтады.

Әр дұрыс орындалған тапсырмаға түрлі-түсті қағаздардан қиылған ұпайлар беріліп, жеңімпаздар анықталады.































ПОЛИГЛОТ

1)Тіл – 2) Бас –

3)Ауыз – 4) Кітап –

5)Мереке – 6) Саусақ –

7)Үй – 8) Алыс –

9)Ауыл – 10)Қала –



«ШЕШІМІН ТАП»

Ұлуда бар,

Шыбында жоқ.

Сұлыда бар,

Бидайда жоқ.       (Ұ)

 Үйде бар,

Пәтерде жоқ.

Күйеде бар,

Әтірде жоқ. (Ү)

 Шөлде бар,

Нуда жоқ.

Көлде бар,

Суда жоқ. (Ө)

 Ілмекте бар,

Түймекте жоқ.

Білікте бар,

Бұйрықта жоқ.  (І)

  Әнде бар,

Күйде жоқ.

Сәнде бар,

Биде жоқ. (Ә)

 

«ӘРІПТЕР СӨЙЛЕЙДІ»

А Ә Б В Г Ғ
Д Е Ё Ж З И
Й К Қ Л М Н
Ң О Ө П Р С
Т У Ұ Ү Ф Х
Һ Ц Ч Ш Щ Ъ
Ы І Ь Э Ю Я
А - Еліміздің оңтүстік астанасы /Алматы/
Ә - Абылай ханның шын есімі /Әбілмансұр/
Б - Астана қаласының символы /Бәйтерек/
В - 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға /Валюта енгізілді/
Г - Тарихтың атасы /Герадот/
Ғ - Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ /Ғасыр Адамы/
Д - Алла тарапынан берілген әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы /Дін/
Е - «Алтын адам» қайдан табылды? /Есік қаласының маңынан/
Ё - Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? /1992ж 4 маусым/
Ж - «Мен қазақпын» поэмасын жазған адам. / Ж. Молдағалиев/
З - Сиырдың пірі /Зеңгі баба/
И - Елбасымыздың мамандығы /Инжинер - металлург/
Й - Алаш сыйлығын алған жазушы, қажы. /Халифа Алтай/
К - Қазақтың соңғы ханы /Кенесары/
Қ - Ж. Баласағұнның XI ғ жазған еңбегі /Құтты Білік/
Л - 1959 ж М. Әуезоке «Абай жолы» роман - эпопеясы үшін берілген сыйлық /Лениндік сыйлық/
М - Қ. Р «Мәдениет және ақпарат» министрі /Мұхтар Құл – Мұхамед Абрар ұлы/
Н - Күйші - сазгер, дирижер, домбырашы / Н. Тілендиев/
Ң - 1993 ж белгіленген ҚРҚК әскері құрымының жоғарғы офицерлері, ҰҚК, ІІ, прокуратура т. б органдар басшыларына берілетін орден. /Даңқ ордені/
О - Қазақстанның бұрынғы астанасы /Орынбор/
Ө - Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы /Өскемен/
П - Жоғарғы заң шығарушы орган /Парламент/
Р - 1995 жылы «Әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген адам /Р. Бағланова/
С - Сүтке араластырып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе жатқан тағамы /Сөк/
Т - Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел /Түркия/
У - Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті /Уыз/
Ұ - 1999ж Қазақстанда қандай жыл болып жарияланды /Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жыл/
Ү - Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген /Үркер/
Ф -«Екінші ұстаз» атанған ғұлама /Фараби/
Х - 2009ж 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға /Халық санағы/
Һ - Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден /Халық қаһарманы/
Ц - Астана қаласының бұрынғы атауы /Целиноград/
Ч - Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын /Абай/
Ш - Аса көрнекті сазгер, ән жанрының майталманы./Ш. Қалдаяқов/
Щ - Биыл тәуелсіздікке неше жыл /18жыл/
Ъ -«Семей полигоны» атты кітаптың авторы /К. Бозтаев/
Ы - Қазақтан шыққан кескіндемеші қыз /Г. Ысмаилова/
І - Көшпенділер трилогиясының авторы /І. Есенберлин/
Ь - Қазақстанның ең биік тауы /Тянь - Шань/
Э - Халықтардың әдет - ғұрып, салт - дәстүрін зерттейтін ғылым /Этнография/
Ю - Халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстарының бірі /Ою/
Я - Кеңес Одағы Батыры атағын алған қазақ қызы /Әлия/















«СӨЗ МӘЙЕГІ»

Тіл тас жарады ------------------
Бал тамған тілден -------------
Тауды, тасты жел бұзар,-------------
Жақсы сөз ------------------------
Шебердің қолы - ортақ,---------
Өнер алды - ---------------
Айтылған сөз - ------------
Жылы - жылы сөйлесең,-------------
Басқа пәле - ------------------
Тілге құрмет -----------------------

«ТАПҚЫРЛЫҚ»

  1. ҚР Мемлекеттік тілі - қазақ тілі деп Ата заңның нешінші бабында жазылған?
    2. Төл теңгеміз қашан айналымға енгізілді?
    3. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
    4. Қазақстан Республикасы БҰҰ - на қашан мүше ел болып кірді?
    5. Отан, жер туралы мақал - мәтел айт.
    6. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата.
    7. Жеті атаңды білесің бе?
    8. Жаңылтпаш айт.
    9. Қазақстанда қандай елдер мекендейді?
    10. Көп тілді білетін адам.
    11. Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін қашан алды?
    12. Әнұранның авторларын ата?


«ЕЛШІ»


1. Асқар тауда қара орман.( ШАШ - ВОЛОСЫ - HAIR)
2. Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер. (ҚОЛ - РУКА - HAND )
3. Жүзіне салсаң көзіңді, көрсетеді өзіңді. (АЙНА - ЗЕРКАЛО - TIRROR )
4. Бетін адам ашады, білім нұрын шашады.(КІТАП - КНИГА - BOOK )



Қазыларға сөз беру.

Марапаттау.

Осымен, «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Ат салысып қатсқаныңыз үшін рахмет. Олай болса, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!









Балабақша қызметкерлері арасындағы сайыс. Тақырыбы: "Қазақшаңыз қалай?"
  • Другое
Описание:

Балабақша қызметкерлері арасында қазақ тілін, тарихын жетік білмейтін өзге ұлт өкілдері бар. Қазақстан халықтары тілдері күні қарсаңында өткізілетін сайыс 6 бөлімнен тұрады.

1 бөлім – «Полиглот».Яғни берілген орыс тіліндегі сөздердің қазақша баламасын табу;

2 бөлім – «Шешуін тап».Ойыншыларға қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында алфавиттік жұмбақтар ұсыну;

3 бөлім –«Әріптер сөйлейді».Тыңдаушылар алған әріптердің ізін қуып, сұрақтарға жауап беру;

4 бөлім – «Сөз мәйегі». Мақалдың басын оқып, жалғасын қатысушылар жалғастырады;

5 бөлім – «Тапқырлық».Қойылған сұрақтарға жылдам жауап беріледі.

6 бөлім – «Елші».Тыңдаушылар жұмбақтың шешуін тауып 3 тілде баламасын айтады.

Әр дұрыс орындалған тапсырмаға түрлі-түсті қағаздардан қиылған ұпайлар беріліп, жеңімпаздар анықталады.

Автор Түрембет Гауһар Әбібұллақызы
Дата добавления 02.09.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 138
Номер материала MA-067664
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓