Главная / Обществознание / Бағдаршам және оның үш белгісі

Бағдаршам және оның үш белгісі

28.04.2014ж

Технологиялық карта

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімдері: «Айналамен танысу»

Тақырыбы: «Бағдаршамның үш белгісі»

Мақсаты: Балаларды бағдаршам белгілері және жолда жүру ережелерімен таныстыру. Көшедегі көліктердің қозғалысына көңіл аударту. Көргендерін өз сөздерімен әңгімелеп айта білуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілік: Слайд, бағдаршамның макетін киген бала, ойыншық машиналар, мотоцикл, вилосипед, жол белгілері, жерде жаяу жүргіншілер жолы.

Іс-әрект бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімдерін ояту

Шаттық шеңбер!

Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Ал, енді балалар екі топқа бөлініп, отыра қалайық. 1-топ бағдаршам,

2-топ көліктер.

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, қай топ бірінші табады екен:

Үш көзі бар қаз-қатар,

Кезек-кезек ашады.

Үшеуінен байқасам,

Үш түрлі нұр шашады. (Бағдаршам)

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз бүгін осы бағдаршаммен танысатын боламыз. Бағдаршам дегеніміз не? Оның қызметі қандай?

Есік қағылады. (Үстіне бағдаршамның макетін киген бала келеді.)

-Бұл кім болды екен?

-Міне балалар «бағдаршамның» өзі де келіп қалыпты. Қане, біз бағдаршам жайлы өзінен сұрап білейікші.

Бағдаршам:

Менің үш көзім бар:

Бір көзім кідір дейді,

Бір көзім жүгір дейді.

Бір көзім абайла дейді,

Қарап ал маңайға дейді.

Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Балалар жұмбақтың шешуіне «бағдаршам» деп жауап береді.

Балалардың жауабы тыңдалады.

Балалар бағдаршаммен танысады.

Ізденістер

Ұйымдастыру

-Балалар бағдаршамның неше көзі бар екен, қане санайықшы?

-Түстері қандай екен?

-Көздерінің пішіні қандай?

-Балалар, машиналар көп жүретін жерлерге бағдаршам орнатылады. Олардың жыпылықтап жанып тұратын үш көзі болады: қызыл, сары және жасыл. Егер қызыл жарығы жанса – машиналар тоқтап тұрады, егер сары жарығы жанса – дайындала бастайды, ал егер жасылы жанса – машиналар жүріп кетеді. Осылайша бағдаршам жолдан өту тәртібін реттейді екен. Көліктерге кедергі жасамау үшін, жаяу жүргіншілер де көшеде жүру тәртібін сақтау керек.

Сергіту сәті

«Бағдаршам» ойыны:

Ойынның шарты: Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда балалар түп-түзу тұрады, сары көзі жанғанда қол шапалақтайды, жасыл көзі жанғанда билейді.

Жол белгілерімен таныстыру.

Балалар жолда бағдаршаммен қатар жол белгілеріде тұрады. Олардың түрлері көп. Бірақ, біз бүгін солардың негізгі түрлерімен ғана танысайық.

Мына менің қолымдағы белгі қандай геометриялық фигураға ұқсайды.

Дұрыс айтасыңдар, балалар, жолда дәл осындай қып-қызыл шеңбер тұрса, онда ол «қозғалысқа тыйым салынады» дегенді білдіреді.

-Ал, мынау қандай фигураға ұқсайды?

Дұрыс айтасыңдар, жолда осындай қызыл үшбұрыш тұрса «ескерту белгісін» білдіреді.

-Мынау ненің суреті?

Дұрыс, бұл «велосипед жолы» дегенді білдіреді.

-Мынау ненің суреті?

Дұрыс, егер мұндай сурет көрсеңдер «жаяу жүргіншілер жолы» дегенді білдіреді.

-үш көзі бар.

-қызыл, сары, жасыл.

-шеңбер.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Балалар сергіту сәтін жасайды.

-Шеңберге.

-Үшбұрышқа.

-Велосипедтің.

-Адамның.

Қортындылау

Сендерге белгілер түсінікті ме балалар?

Бағдаршамның үш белгісі ше?

Онда біз бір ойын ойнайық. «Жолда жүру ережесін сақта»

Төрт бала төрт белгіні ұстап тұрады, ол қандай белгі екенін айтады.

Айым – тыйым салу белгісі,

Қызылмен боялған шеңбермін,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын,

Мен тұрған жерлерде,

Қақың жоқ жүруге.

Арна – ескерту белгісі.

Қып-қызыл үшбұрыш,

Ескерту белгісі мен болам.

Мен берген белгіні сақтан, қолдан.

Айнұр – жаяу жүргіншілер жолы.

Мен адамдар жаяу жүретін жолмын.

Дәрия – велосипед жолы.

Мен велосипедпен өтетін жолмын.

Нарғыз – бағдаршамның үш түсін жағып тұрады.

Қызыл шамым жанарда,

Тоқтай қал аманда.

Сары түсім – ескерту,

Дайын бол табанда.

Жасыл көзім жарасты

Алдыңнан жол ашты.

Өте бер асықпай,

Жолыңмен қарасты.

Балнұр, Талшын, машинаға отырып бағдаршамның, белгілердің қасынан өтеді. Нұрислам мотоциклмен, Арнұр велосипедпен, Рима жаяу жүреді.

Тәрбиешінің көмекшісі жол полициясының киімін киіп, ала таяқты ұстап жолдың шетінде тұрады.

Өте жақсы балалар, қане орнымызға отырамыз. Сендер сабақты қалай түсінгендеріңді ойын арқылы көрсеттіңдер. Енді екі топ бір-бірлеріңе баға беріңдерші.

Балалар мына сандықшаны көріп тұрсыңдар ма? Бұл жай сандықша емес сиқырлы сандықша қане көрейікші ішінде не бар екен?

Балалар бағаланады.

-Иә, түсінікті

Балалар «Жолда жүру ережесін сақта»

ойынын ойнайды

Балалар бірі машинаға, бірі мотоциклға, енді бірі велосипедке отырып жол белгілерінің қасынан өтеді.

Бір-екі бала жаяу жүргіншілер жолымен жүреді.

Екі топтың балалары бір-біріне баға береді.

Балалар кезек-кезек шығып сандықшаға қолдарын салып жұлдызша алып шығады.

Күтілген нәтиже

Білуі тиіс: Балаларды бағдаршамның белгілерімен таныстыру.

Көрсете білуі: Жол белгілерін көрсету.

Түсінігі: Балалардың көлік туралы білімдерін кеңейту.

Бағдаршам және оның үш белгісі
  • Обществознание
Описание:

Автор Увалиева Макпал Смахановна
Дата добавления 12.02.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Конспекты
Просмотров 1517
Номер материала 56182
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓